{Дәріс бейнежазбасына дайындықтың 7 ережесі
Дәрістерге сценарий дайындау.
Яғни өтетін видео дәрістің жоспарын құрып алу керек. Видео дәрісте қандай тақырып өтесіз. Тақырыпты түсіндіру үшін қандай әдістерді қолданасыз. Дәріс сабақта қосымша видео көрсетсеңіз оны да алдын ала дайындап алған жөн.1 лекцияның көлемі (өлшем үлгісі мен қаріптерді (шрифт) өзгертпей алғанда) 4-5 бетке тең (бұл 5-7 минут бейне дәрістер)
Дәріс мәтінін дайындау Егер лекцияны есте сақтай алмасаңыз, компьютер бетінде көрініп тұратындай (сіз көріп отыратындай) оның тезистік жоспарын құрастыруға болады.
Күрделі сөздерді дұрыс айту бойынша жұмыс жасап алу
Егер сіздің лекцияларыңыз айтылуы қиын сөздер, күрделі термин сөздер кездессе мәтінмен алдын ала жұмыс жасаңыз. Күрделі сөздерді дұрыс айтуға жаттығыңыз. Немесе сол күрделі сөздерді экран бетіне шығарып қою керек.
Видео дәрістің дизайны үшін түс комбинацияларын, жарық микрофондарды дұрыс таңдаңыз. Ол түс өзіңіздің де, дәрісті көрушілердің де көңілін блетіндей болмай керек. Сіз таңдаған түстер жалпы фондық бейне, тақырыптар, мәтін, графика және т.б. барлығында пайдаланылады. Ал микрофон сізге ыңғайлы болу керек.
Гардеробыңызды қарап, видео дәріс түсіру үшін киім таңдаңыз. Киетін киіміңізді таңдауда курс дизайнының түс комбинацияларына сәйкестендіріп таңдаңыз. Сіздің киіміңіз ұқыпты және стильді көрінетін, ыңғайлы болуы керек! Қатаң талап – киіміңіздің түсі ақ немесе пастэль тонды емес болуы шарт. (киімде «ұяшық» және «жолақтар» болмау керек.) Сондай-ақ қара түсті киім кимеген дұрыс. Ыңғайлы аяқ киім де маңызды элементтердің бірі болып табылады.
Бет пен дауысты дайындауды ұмытпаңыз.
Психологиялық дайындық – өте МАҢЫЗДЫ!
{Видео-сабақ дайындау алгоритмі
Сабақтың тақырыбы мен түрін анықтау. Бейнесабақтың ұзақтығы тақырыпқа, материалдың күрделілігіне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты 8 минуттан 15 минутқа дейін.
Сабақ сценарийін жазу:
Сабақты тақырыптарға бөлу, оқу материалын құрастыру;
Тапсырмаларды немесе көрнекі элементтерді құру қажет жерлерді белгілеп алу (сабақтың ортасына қарай тақырыпты мүмкіндігінше ашу керек, соңында – түйіндеу және түйінді ойларды белгілеу).
Сабақтың көрнекі компоненті бойынша ой қозғау:
көрнекі материалдар сабақтың тақырыбын түсіндіру мен кеңейтуді жеңілдетеді және оқушылардың назарын аударады;
бейнеклиптерден басқа әртүрлі кадрларды, «PhotoSHOW PRO» редакторында жасалған фотоколлаждарды, сондай-ақ бейне форматта жазылған PowerPoint презентацияларын пайдалануға болады. Оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болатынын ойластыру: монотонды сабақ-дәріс көру зейін мен қызығушылықтың жоғалуына әкеледі; оқушылар қарап отырып дәптерге жазып, сұрақтарға жауап берсе, тапсырмаларды орындаса, материал жақсы игеріледі.
Дыбысты жазу, оны дыбыс редакторында өңдеу. Дыбыс сапасы сабақ үшін өте маңызды, себебі ол ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Таза дыбыс жазу мүмкіндігін барынша пайдалану.
Бейне -сабақты өңдеу:
«Movavi Video Suite» бейне редакторында ауысуларды, эффектілерді және фондарды пайдалана отырып, қорытынды материалды «жинау»; ауыстық трек пен фондық музыка қосуға болады; оны қалаған форматта сақтауға болады. Бейне оқу құралын жасағаннан кейін дыбыс деңгейін азайту үшін оны түрлендіру керек. Бұған түрлендіру опцияларын таңдауға мүмкіндік беретін «MediaHuman Video Converter» бағдарламасы көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |