Сабақтың түрлі кезеңдеріне цбр элементтерін енгізу арқылы оқу үрдісінің тиімділігі артады



бет15/45
Дата24.05.2024
өлшемі0.59 Mb.
#501816
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
ББЦТ ЖАҢА

{Контентпен жұмыс

Контентпен жұмыс 
Контент-жоспар құрастырудың жолдары қарапайым. Өзінің жеке сайты бар немесе әлеуметтік желідегі топтарды жүргізетін адамдар уақыт өте келе «Бүгін не жайлы жазсам екен?», «Қай тақырыпта видео түсірсем екен?» деген сұрақтарды қоя бастайды. Көп ойланудың өзі уақытыңызды алуы мүмкін. Нәтижесінде сапасыз өнім шығады. Өйткені сіз күні бойы жүріп, уақытыңыздың тең жартысын ойлануға кетірдіңіз. Енді аз уақыт ішінде асығыс бірдеңе жасап шыққандай боласыз. Бірақ сапасы өте нашар. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін маркетологтар контент-жоспар (контент-план) жасауды ойлап тапқан болатын. 
Сонымен контент-жоспар дегеніміз не? 
Контент – парақшаны ақпаратпен толтыру деген мағынаны білдіреді. Контентке мақалалар, видеолар, суреттер және т.б. жатады. Қазір сіз оқып отырған мақаланың өзі контентке жатады. «Контент» термині мақала үшін аса маңызды. 
Контент-жоспар – бұл контентті ақпараттық көздерде орналастыру жүйесі. 
Ақпараттық көздер әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы: 
Сайт 
Блог 
Әлеуметтік желідегі топ 
Форум 
Youtube арнасы 
Қандай да бір материалдарды дайындаудың жүйелілігі маңызды болған жағдайда, міндетті түрде контент-жоспар қажет. 
Контент-жоспарды қалай құру керек? 
Контент-жоспар жасаудың нұсқаулығы қарапайым болғанымен, өзіңіздің ең алғашқы контент-жоспарыңызды жасаған кезде біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Одан қорықпаңыз, өйткені ол қалыпты жағдай. Контент-жоспар құрастырудың жолдарын үйренгіңіз келсе, төмендегі қадамдар бойынша жүріп отырыңыз.
1-қадам. Мақсатты аудиторияны анықтау. 
2-қадам. Олардың негізгі қызығушылығын табу. 
3-қадам. Бәсекелестерді талдау. 
4-қадам. Алғашқы контент-жоспарымызды жасаймыз. 
5-қадам. Аудиторияның қалай қабылдағанын бақылаңыз. 



  1. {Цифрлық технолоияларды қолдана отырып білім беру саласына геймификация әдісін енгізу

Геймификация - дегеніміз ақпаратты ойын арқылы жеткізу әдісі.

Геймификация - ойын элементтері мен ойын қағидаларын ойын емес контекстерде қолдану.


Ақпараттық технология - қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық, кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар - бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу процесстері мен әдістері.


Ақпараттық технологиялардағы геймификация - компьютерлік ойындарға тән әдістерді қолдану, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушыларды ынталандыру және білім беру үдерісіне қатысуды арттыру, қолданбалы міндеттерді шешуге тұрақты қызығушылықты қалыптастыру мақсатында қолданбалы бағдарламаларды пайдалану.


Геймерлер - ойындарда және мәселелерді шешуде өздерінің шексіз уақыттарын жібереді, ал зерттеушілер мен мұғалімдер сыныптың мотивациясын арттыру мақсатында бейне ойындарды қолданудың тиімділігін және оны ұтымды пайдаланудың жолдарын зерттейді. Ойын - айналадағы дүниені тану тәсілі.


Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым - қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Plickers -- статистикалық жұмыс жасау үрдісін жеңілдететін және сыныптың жауабын лезде бағалап беретін қосымша.


LearningApps.org - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис.


Kahoot - мобильді құрылғыларда дұрыс жауабы бар онлайн викторина құруға мүмкіндік беретін сервис.


Геймификацияға арналған топ сервистер.
Blooket - заманауи сыныптағы шолу ойынының қызықты жаңа нұсқасы. Ол соңғы оқу тәжірибесін жасау үшін әрекетті біліммен сәйкестендіруге бағытталған!
Socrative – бұл көңілді, тиімді сыныпқа қатысуға арналған сынып қолданбасы. Қай жерде немесе қалай оқытсаңыз да, socrative оқу барысында студенттермен лезде байланысуға мүмкіндік береді.
Қашықтықтан оқыту кезіндегі дидактикалық материалдар.
Интерактивті тапсырмалар: Liveworksheets, Logiclike, JOyteka, Activinspire, Meetsocrative.
Пазл, кроссворд ребус құру ресурстары: Onlinepuzzle.ru, Crossmaker.ru, Wordwall.
Топқа бөлу ресурстары: Classtools, Flippity, Classdojo, Nismath.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет