Сабақтың түрлі кезеңдеріне цбр элементтерін енгізу арқылы оқу үрдісінің тиімділігі артады


{Қазіргі цифрлық білім беру ортасы



бет42/45
Дата24.05.2024
өлшемі0.59 Mb.
#501816
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
ББЦТ ЖАҢА

{Қазіргі цифрлық білім беру ортасы

Цифрлық білімдік орта үздіксіз білім берудің барлық деңгейлерін қамти отырып, жоғары оқу орнында болашақ мамандарды онлайн және аралас формада оқытуға мүмкіндік беретін кеңістік. Сонымен қатар, болашақ мамандардың ХХІ ғасырдағы қоғамға қажетті маңызды кәсіби-тұлғалық сапалары мен іскерліктерінің қалыптасуына жағдай жасайды: ақпараттық сауаттылық, цифрлық ресурстарды пайдалана алу іскерлігі, жаһандық деңгейде ойлана алу, үздіксіз түрде білім алу және шығармашылық міндеттерді орындау және т.б.
Бүгінде әлем халқының 86%-ы мобильді байланысты белсенді тұтынушылар қатарына кірсе, шамамен 2 млрд-тай адам интернет желісіне еркін қол жеткізу мүмкіндігіне ие. Киберкеңістік ақпаратты іздеу және тасымалдау құралы, сондай-ақ виртуалды қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл ортасы бола отырып, тұлғаның мінез-құлық стереотиптерінің, сондай-ақ идеалдарының, рухани құндылықтарының, жеке және қоғамдық дүниетанымының қалыптасуына айтарлықтай өз ықпалын тигізеді.
Қазіргі қоғамда жоғары білім беру жүйесі де біршама өзгерістерге ұшырады, атап айтқанда: ізгілендіру, цифрлық трансформация, болашақ маманға қойылатын жаңа талаптар және білім беру үдерісіндегі оқытушының рөлі және т.б. Цифрлық технологиялар жаңа мүмкіндіктер ашып қана қоймай, оқу үдерісін ұйымдастырудың және дамытудың жаңаша әдістемелік жолдарын қарастыруды талап етуде.
Цифрлық орта ұйымдастырушылық, техникалық және әлеуметтік-даму функцияларын іске асыруды қамтамасыз ететін педагогикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде болашақ маманның келесідей бағыттарда қалыптасуына жол ашады:
– әрекеттік бағыт (АКТ арқылы ақпараттық өріс мүмкіндігін пайдалана отырып, ақпаратты іздеу, жинау, талдау, тасымалдау іскерліктері);
– технологиялық (ақпаратты білімге айналдыру, цифрлық ортада жаңа элементтер мен бағдарламаларды құру және жобалау т.б);
– әлеуметтендіру (киберкеңістіктің әлеуметтік үдерістерін ұғыну, өз ұстанымын қалыптастыру, өз идеяларын жауапкершілікпен іске асыру, адекватты өнімді іс-әрекет шешімдерін қабылдау, таным мен қарым-қатынас үдерісінде электрондық құралдарды пайдалану қабілеті т.б).
Цифрлық орта ақпараттық технологиялар мен киберкеңістіктің барлық ерекшелігін біріктіреді және белгілі бір деңгейде инфрақұрылымға (телекоммуникациялық/интернет-желілер және суперкомпьютерлерден смартфондарға дейін әртүрлі есептеу кешендері), құрылымға (интернет, бағдарламалық платформалар мен интерфейс, желілік бағдарламалық хаттамалар) және ультрақұрылымға (инфосфера) ие.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет