Би терапиясы
Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады.Ерте заманда би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған.Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті (Langer,1953).
Бидің көмегімен ауру адамдарды емдеуге тырысты.Биге еліктеушілер өздерін орманның қаһарлы жыртқыштарымен немесе мыстанмен, әруақтармен теңестірді. Кез-келген мәдениеттің өздерінің халық билері болады.Оларды бір жағынан – күнделікті мәселелерден босау,екіншіден - қарапайым халықтың мінез-құлқықтары мен салт-дәстүрлерін көрсетеді деп қарастыруға болады.
Батыс мәдениетінде би қарым-қатынас пен өзін өзі көрсету құралынан өнердің бір түріне айналды және ол көпшілікті үйрету мен көңілдерін көтеру үшін қолданылды.
XXІ ғасырда би формализациясы классикалық балетте өз шыңына жетті.Солтүстік Америкада биге жаңа өмір берген қызу қанды Айседора Дункан болды.Ол би өнерінің негізін салушы болып есептеледі.Айседора үшін би адамның табиғи реакцияларының көрініс беру құралы.
Би психотерапиясында стилистикалық стандарт жоқ,оған бидің барлық формалары жатады.Олар халық билері,сонымен қатар вальс,рок-н-ролл.Бұлардың кез-келгені сезімдерді білдіруге қызмет етеді.
Би терапиясының даму тарихында төрт оқиғаны көрсетуге болады.Біріншісі, Екінші дүниежүзілік соғыс аймағынан оралған ардагерлердің дене және психикалық айығу қажеттілігімен байланысты.Би терапиясы госпитальда жатқан мүгедектерді емдеудің көмекші әдісі болды.
Би терапиясының дамуының ерте кезеңдерінде Вашингтондағы Әулие Елизавета госпиталі маңызды рөл атқарды.Осы госпитальда жаңашыл еңбегі үшін Мэриен Чейс би терапиясының «бірінші ледиі» атағын алды.Әрі биші, әрі би мұғалімі Мэриен Чейс сабақ үстінде өзінің зейінін тек оқушыларына ғана аударды және олардың әрқайсысы сабақтан кейін алған жеңілдеулері мен жан үйлесімділіктері туралы хабарлап отырады.Бұл жергілікті психиатрлардың қызығушылығын тудырды.
Би терапиясына қызығушылық тудырған екінші оқиға 50-ші жылдары ашылған транквилизатормен байланысты болды.Мұндай дәрілердің қолайлылығы психиатырлық емхананың жабық бөлмелерінде жатқан көптеген емделушілерді ашық бөлмеге ауыстыруға,тіпті оларды босатып,оларға жаңа бағдарламалар қолдануға мүмкіндік тудырады.
Үшінші фактор 60-шы жылдарда пайда болған адам қарым-қатынас тренингі,яғни ол психологиялық түзету тобы мен оған қатысушыларды тұлғалық дамыту жұмыстарына қолданылатын жаңа эксперементалды әдістерді өңдеуге себеп болды. Би терапиясының жаңа бағдарламаларына деген қызығушылықты сөзсіз, қарым-қатынас зерттеулері жандандырды.Бұл бағыттың соңғы жетістіктерінің бірі, ол мидың оң жақ жарты қызметін дамыту жолымен интуитивті түрде ойлануға оқыту болды.
Би терапиясының дамуына психоаналитикалық теория да еңбегін сіңірді.Вильгельм Райх - 1942, Карл Юнг-1961 және аз да болса, Гарри Стек Салливан-1953 би терапиясының дамуына өздерінің ерекше әсерлерін тигізді. Би терапиясының дамуында Райхтың тұлғаның эмоционалды дамуындағы дененің рөліне деген қызығушылығы маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда би терапиясы топтарында күш негізінен бұлшық ет қысымын төмендетуге және қимылды дамытуға бағытталған. Би терапиясы мазасыз адамдарды қоғам өміріне қосу мақсатымен қолданылса, онда Салливан ұсынған теория, яғни әлеуметтану мен қарым-қатынастары теориясы қолданылады.
Қазіргі таңда Университеттерде би терапиясын ауруханада, емханада, оңалту орталықтарында, жабық мекемелерде (түрмелерде), пансионаттар мен басқа да қимыл әрекеттерді қажет ететін мекемелерде жүргізу үшін бакалавр және жоғары дәрежелі мамандар дайындалуда.
Би терапиясы топта кем дегенде бес міндетті шеше алады. Біріншісінде,топ мүшелері өз денелерін танып,оны пайдалану мүмкіндіктерін терең сезінеді. Адамның физикалық және эмоциялық жағдайы жақсарады.Бірінші сабақтың басында би терапиясының тобында басқарушы қатысушыларды бақылайды. Мықты жақтарын бағалайды,осыдан кейін түзету керек және қандай әрекеттер қажет екенін анықтайды.
Біздің көпшілігімізге тек бұлшық еттерімізді қатайту үшін ғана көмек керек. Ал психикалық бұзылуы бар және аутизммен ауыратын балаларға бұдан да белсенді көмек керек. Мысалы, жүруге, жүгіруге, иілуге,секіруге қажет дағдыларды игеру үшін.
Би терапиясының екінші міндеті,дененің жағымды бейнесін жасай отырып,топ мүшелерінің өздерінің адамгершілік сезімдерін күшейту.
Бұзылулары бар аурулар өзіндік дене мен қоршаған орта нысандарының арасындағы айырмашылықтарды айыра алмай қиналады.Мұндай топтарда би терапиясы өзінің алдында дененің адекватты бейнесін құру мақсатын қояды.
Үшіншіден би терапиясы әлеуметтік дағдыларды дамыту үшін қолданылады.Психологиялық мәселелері бар адамдардан тұратын топқа қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын оқыту қажет болуы мүмкін.
Өзінің эмоцияларын көрсете алмаушылық көбінесе психотикалық емделушілерде анық көрінеді. Сау адамдардан тұратын топтарда би терапиясы шығармашылық өзара әрекетке жағдай жасайды,сөздік қарым-қатынаста туындаған қиындықтарды жеңуге көмек береді.
Би терапиясының төртінші міндеті –топ мүшелерінің сезімдері мен қимылдарының арасында байланыс орната отырып,өздерінің сезімдерімен байланысқа түсулеріне көмек беру. Шығармашылық қатынаста би психикалық күйзелістердің бастауы болатын жасырын конфликтілерді зерттеуге ие болады. Би қимылдары тек экспрессивті болып қана қоймай, сонымен қатар физикалық күйзелістерді түсіреді.
Би терапиясының бесінші міндеті «логикалық дөңгелек» тудыру ретінде бейнеленеді. Би терапиясының топтарындағы сабақтар қатысушылардың бірлескен жұмыстарын жобалайды. Бұлардың барлығы толығымен қатысушылармен топтық тәжірибелерінің жетілуіне мүмкіндік жасайды. Барлық компоненттер жабық,тұрақты комплекс – «логикалық дөңгелекті құрайды».
Би терапиясының негізі концепциялары бір жағынан дене,анығырақ айтқанда,әрекет пен екінші жағынан - ақыл арасындағы тығыз байланысты бейнелейді.Би терапиясының маңызы мынада,біздің әрекет мәнеріміз жекелік ерекшеліктерімізді бейнелейді. Біздің бала кезіміздегі байланыстарымыз,алғаш қадам жасаған кездегі еркіндігіміз,достарымыздың әсері,атқарған жұмыстарымыз,басымыздан өткен стресс-осылардың барлығы біздің әрекет ету мәнерімізде із қалдырады.
Би терапиясы еркіндікке және әрекеттің мәнерлілігіне талпындырады,күшті физикалық,сонымен қатар психикалық деңгейде күшейтеді.Онда дене мен ақыл біртұтас бүтіндік ретінде қаралады. Би терапиясының мақсатын келесідей ұйымдастыруға болады: «Кез-келген эмоционалды ығысуда біздің рухани,сонымен қатар физикалық жағдайларымыз өзгереді және сәйкесінше , біздің әрекетіміздің сипаты да өзгереді».
Би терапиясының топтарында терапевт топ мүшелері үшін би билеуде әріптес бола отырып, сонымен қатар басқарушы да болады және қатысушылардың әрекет арқылы дамуына көмек береді.Терапевтің басты қызметі – қатысушылар бір-бірімен байланысқа түсу үшін,өздерін танып,қоршаған ортамен қарым-қатынастарын түсіну үшін,жайлы және қауіпсіз жағдай жасау.
Топты басқарушы қатысушылардың вербалды емес қатынастарына зейін аударуы керек және осы қатынастарды терапевтік мағынада тиімді қылу үшін эмпатия таныта білуі керек. Би терапиясында эмпатия тек вербалды түрде ғана емес,сонымен қатар физикалық деңгейде де көрінеді.Эмпатияны би әріптесінің қимылын қайталай отырып көрсетуге болады.Бұл терапевтік үрдісті Мэриен Чейс былай суреттейді:
Терапевт пациентпен билей жүріп былай дейді: «Мен сіздің сезімдеріңізбен бөлісемін.Маған да өшпенділік, мұңаю, жалғыздық сияқты сезімдер таныс,мен сізді өзгелерден оқшауландыратын мұндай жағдайларды түсінемін.
Бұларды мен де сезіне аламын және бұлардың барлығы менде сізге деген теріс түсінікті тудырмайды. Сізбен билей отырып,мен сізді қабыл аламын және аз уақыт болса да біз бір-бірімізді түсіндік». Терапевт пациенттің спонтандық әрекеттерін бейнелейді және оларды дамытады.
Әрекетті талдау
Би терапиясында психотерапевтік ықпалдың басты құралына әрекет жатады.Әрекеттің анализі мен диагностикасын бейнелеуде архитектор және биші Рудольф Лабан құрастырған жүйе кең қолданылады.Ол «күш жүйесі» немесе «күш формасы» ретінде белгілі.Ол әрекеттердің динамикалық және кеңістіктік аспектілерін бейнелеуге,сонымен қатар емделушілердің қажеттіліктерін анықтауға арналған арнайы символдарды қолдануға негізделген.
Лабан бойынша, «күш жүйесінде» әрекет динамикасы төрт көрсеткіш бойынша бейнеленеді: кеңістіктік,күш,уақыт және қуат.Әрбір көрсеткіштің екі полюсі бар:кеңістік – тура және көпфокусты болуы мүмкін;күш – қуаты және шектеулі болуы мүмкін.Әрбір әрекетті осы өлшемдердің кез-келгендерімен сипаттауға болады.
Ал олардың комбинациясы әрекеттерді дамытуда қолданытатын сегіз базалық күшті құрайды. Мысалы, қысымның күші баяу, мықты және тура болуы мүмкін.Би тобындағы әрекеттерді Лабан жүйесіне сүйене отырып талдау қатысушылардың әрекет репертуарларын зерттеу мен кеңейтуді терапевтке үлкен көмек болады.
Психодинамикалық бағыттар
Би терапиясының топтарымен жұмыс істейтін терапевтердің көпшілігі әрекетті психоаналитикалық тұрғысын қарастырады.Әрекеттерді дамытуға жұмсалған күштер әрекеттің астарында жатқан эмоцияны түсінуге мүмкіндік береді.
Джерри Селкин «оның денесі» аты әдістің негізін салған.Бұл күшті психоанализбен бірлікте талдау жүйесіне мысал бола алады.Төрт көрсеткіш белгілі бір мақсатқа жетудің спецификалық әрекеттерін бейнелеу үшін қолданылады.
«Оның денесі» әдісін қолданушы терапевт қозғалыс паттерні эмоциямен қалай байланысатындығын білуі керек.Мысалы,эмоциялық бұзылулары бар адам көбінесе табиғи емес дене қалпын ұстайды. Мазасыз субъект жүйкелік байланысты қолын қытырлатып,дірілдеу мүмкін.
Топ басшысы олармен байланыс орнатып,біріншіден оның қимылдарын қайталап,содан кейін өз қимылы арқылы пациент қимылын өзгеріске әкелуі керек. Сэлкиннің әдістемесі барлық жастағы балаларға,оның ішінде ақыл-ойында кемістігі бар емделушілерге,эмоциялық бұзылулары бар емделушілерге,сонымен қатар «дені сау» ересек адамдарға және кәсіби бишілерге қолданылады.Әрбір топтың қызметтері әр түрлі болғандықтан
Сэлкин клиенттерді жасы билеу икемділігіне байланысты топтастырды.Би - қозғалыс терапиясының келесі психодинамикалық тәсілін Бернштейн ұсынады.
Ол психотерапияны дамудың аяқталмаған үрдістерін түзетудің құралы ретінде қарастырады. Топтың басшысы хореограф және көмекші қызметін атқарып,дағдарыстық жағдаяттардың дамуын тежейді.
Бұл үрдіс барысында қатысушылар топ жағынан қолдаусыз әрекет етуге және тұлғаарлық қатынаста пайда болған мәселелермен күресу икемділігіне ие болады.Сабақты бірінші баяу әуеннің сосын секіріп,итеруге дейін апаратын әуендерден бастауға болады.Топ мүшелері өзара әрекетке түсіп және бір-бірімен қимылдай бастауы олардың жасырын сезімдерін тудырады.
Ритуалдық үрдістердің символизмі әсіресе Альберт Пессо жүйесінде айқындала түсті.Ол психомоторлық тренинг деп аталады.Психомоторлық тренингтерде зейін би техникасына емес,қимыл арқылы аффективті сезімдерді шығара білуге бөлінді.
«Бейнелеу» би терапиясы
Мақсаты: бейнелеу өзіндік денені сезінуге,әрекет репертуарын кеңейтіп, тұлғааралық қатынаста эмпатияны тереңдетуге мүмкіндік беретін жаттығу болып табылады. Ол бағынушы және басқарушы тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.
Тиісті уақыт: 15 минут.
Материал: талап етілмейді.
Барысы: топ жұпқа бөлінеді. Әрбір жұпта біреуі басқарушы, біреуі бағынышты рөлін ойнайды. Әрбір жұпта қатысушылар қарама-қарсы тұрып, көз байланысын орнатады. Басқарушы баяу, қолымен, аяғымен, басымен, кеудесімен сәнді қимылдар жасай бастайды.
Бұл жерде оған өзінің денесін, эмоциясын сезініп,өзінің денесіне сенуі керек. Жаттығу кезінде өзінің серіктесімен көздік байланысты сақтап,оның қимылдарын сезінуі керек.Бағынушы айна сияқты бірге,бір мезгілде әрекеттерін жасап, оның барлық қимылдарын қайталайды.
Мысалы,егер басқарушы оң қолын созса,бағынушы сол қолын созады. Бағынушы басқарушының қайда және қалай қимылдайтынын бақылап отырады. Осы сәтте еш нәрсе туралы ойланбағаныңыз жөн.
Денеңіз өзі қимылдасын,ал сана өзгенің қимылын қайталау тәжірибесін басынан өткізсін.5мин. кейін бағынушы мен басқарушы рөлдерін ауыстырады. Тағы 5 мин. Кейін олар өздерінің алған әсерлерімен бөліседі.
«Басқарушының соңынан ер» би терапиясы
Мақсаты: осы жаттығудың арқасында кішігірім топтағы қатысушылар басқарушы және бағынышты болуға мүмкіндік алады.
Қажетті уақыт: 30 мин.
Материалдар: талап етпейді.
Барысы: Үлкен топ 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді.Әрбір топ бір сызық болып тұрады. Кез-келген қатардың бірінші адамы жетекші рөлін атқарады.
Жетекші өзінің қиялына байланысты кеңістікте кез-келген жолмен жүре береді,сонымен қатар әр түрлі қимылдар жасайды.Қалғандары оның соңынан еріп отырып,оның қимылдарын қайталайды.
Бірнеше минуттан кейін жетекші ең соңына барып тұрады да, келесі адам жетекші рөлін атқарады.Бұл жаттығуды қатысушылардың барлығы жетекші рөлін атқарып болғанша қайталана береді. Жаттығу ерекше және көңілді болуы мүмкін.
Психологиялық коррекциялау жұмысының мазмұны жасөспірімдердің мінез–құлық ауытқуларын, өзiн-өзi бағалау, талаптану деңгейi мен мазасыздану деңгейін сипатын ескертетін, көп жобалы және көп деңгейлі құрылымнан тұрады.Психокоррекция - деп жасөспірімдердің ортамен әрекеттестік жасауы кезінде әлеуметтік бейімделуін бұзатын психикалық механизмдерге бағытталған, тәрбиеленушіге психологиялық ықпал ету тәсілдерін түсінеміз.
Психокоррекцияның мақсаты психика дамуының ауытқуларын түзету, қалыптасып келе жатқан тұлғаның үйлесімділігін және жүйкелік-психикалық ауытқулардын алдын алуын ұйымдастыру.
Жүргізілген әдістемелердің қорытындысы бойынша жасөспірімдерде.ауытқушы мінез-құлықтардың айқын көрінуін бәсеңдету үшін психокоррекциялық жұмыстар жүргізілді.
«Сезімдер» атауы тренингі.
Мақсаты: Эмоциональдық сферамен байланысты тәжірибелер мен білімдерді молайту, эмоциональдық күйін басқара білуге үйрету.
Қорытынды: Қатысушы жасөспірімдер тренингке белсенді қатысып, тапсырмаларды орындады. Барлық эмоциялар мен сезімдердің тізімін класс болып жасап, ең көп аталған сезімдер таңдап алынып, кестеге түсірілді.
Олардың көріну аймақтары анықталды. Барлық сынып бойынша кесте жинап алынып, орташа көрсеткіштері анықталды.
5-кесте. Жасөспірімдердің сезімдері мен эмоцияларының басқара білу нәтижесі
«Сезім» атаулары
|
Бұл сезімдерді сезінетін орындар
|
үйде
|
көшеде
|
мектепте
|
жаңа ортада
|
достардың арасында
|
басқа жерлер-
де
|
Әркезде
|
Ашу
|
17
|
16
|
10
|
9
|
14
|
3
|
Қуаныш
|
22
|
11
|
20
|
13
|
22
|
12
|
Көңілсіздік
|
12
|
5
|
7
|
19
|
4
|
5
|
Бүгін
|
Жалғыздық
|
5
|
10
|
12
|
6
|
6
|
8
|
Қорқыныш
|
8
|
20
|
15
|
14
|
8
|
18
|
Таңқалу
|
5
|
15
|
18
|
20
|
14
|
10
|
Жасөспірімдер өздерінің сезімдері мен эмоциялары туралы тереңірек ойланып, талдап, көрінетін аймақтарын анықтады. Өздеріндегі жағымсыз сезімдерді біліп, олардың келесі жағдайларда басқарып отыратындықтарын айтты. Өздері тізім жасап, өздері анықтағаннан кейін қызығушылықтары оянып, талдау тиімді жүзеге асты. Жасөспірімдер өздерінің сезімдерін басқара білуге үйренді.
«Менің өмірім» тренингі.
Мақсаты: Жеке тұлғаны өзінің күшті және әлсіз жақтары туралы айта білуге, жағымды және жағымсыз қасиеттері мен жеке ерекшеліктері туралы саналы ойқорытынды жасай білуге үйрету.
Қорытынды: Жасөспірімдер ортаға шығып, айналасындағы құрдастарының сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар оның өмірі туралы, жағымды және жағымсыз қасиеттері туралы және т.б. мәселелерді қамтыды. Жасөспірімдер сұрақтарға шын ниетпен жауап беріп, өз мінез-құлықтарына өздері талдау жасады, өздерінің әлсіз жақтарын анықтады.
Мынадай сұрақтар бойынша әңгіме қозғалды: «Сенің қандай жағымсыз және жағымды қасиеттерің бар?», «Сен не үшін ашуланасың?», «Қандай мәселелер сені толғандырады?», т.б. Жасөспірімдер қызығушылықпен қатынасып, өздерінің ғана емес, жолдастарының да жағымды және жағымсыз қасиеттерін біліп, салыстырып, олардан құтылу жолдарын бірігіп шешті.
«Медитация» тренингі
Мақсаты: Жасөспірімдердің шектен тыс эмоциональдық күйін, қозғыштықтығы және белсенділігін бәсеңдету, шаршау деңгейін басу.
Қорытынды: Жасөспірімдер медитация кезінде өздерін демалғандай, жағымды көңіл-күй сезінгендей болғандарын айтты. Басқа әлемде жүргендерін, онда барлық қоршаған ортаның әсемдігін, әдемі өсімдіктер мен әртүрлі жануарлардың түрлерін елестеткенін айтып, қасындағы оқушылармен бөлісті. Өздерінің күштері мен мүмкіндіктеріне деген сенімділігі күшейді.
« Мақтаулар» жатығуы
Мақсаты: Жаттығу баланы өзін-өзі бағалауын және ұжымда беделін жоғарылатуға көмектеседі.
Нұсқау: Балалар дөңгеленіп отырады. Әрбір балаға карточка таратылады. Карточкаға бала «Бірде мен ...» деген сөзден басталатын жақсы іс-әрекеттер жазады.Мысалы: «Бірде мен мектептегі құрбыма көмек бердім», немесе «Бірде мен үй тапсырмасын тез орындадым» т.с.с. Ойлануға 2-3 минут беріледі, содан кейін әрбір бала кезекпен өзінің жазған позитивтік әрекетін дауыстап оқиды. Әрбір бала өзінің жазғандарын оқып болғаннан кейін, жүргізуші (ересек адам) осы айтылғандардың бәрінен ортақ бір пікірге келуге талпыгады. Ал егерде балалардың өздері ортақ пікірге келуге талпынса, онда оларға міндетті түрде мүмкіндік беру керек. Қорытынды ретінде балалармен «әрбір адам қандайда бір талантқа ие болады, ал оны байқау үшін айналамыздағы адамдарға зейінмен, қамқорлықпен және мейірімділікпен қарауымыз қажет» деген сияқты әңгімелер жүргізуге болады.
Зерттеу мәселесінің шеңберіне байланысты жүргізілген коррекциялық жұмыстарының эксперименталдық нәтижелерін ұсынамыз.
3-сурет.Зерттеу нәтижесінің көрсеткіші
Сонымен, әр түрлі тұрғыда жүргізілген түзету жұмыстарының бағытары мінез–құлықтарында ауытқылары бар жасөспірімдердің өзін–өзі бағалауы, деңгейі тепе-тең түрде болуына мүмкіндік берді. Яғни бірінші кестеде көрсетілгендей арнаулы түзету мектеп интернатының және жалпыға бірдей мектеп оқушыларының 75 % өзін–өзі бағалау өз деңгейіне сәйкес түрде болып қалыптаса бастады.
Бұл олардың қоршаған ортаға деген көзқарастары, білім саласына қызығушылығы, өз–өзіне және басқа адамдарға байланысты ізгі ниетті қарым–қатынастарының болуынан байқалды. Ал сыналушылардың 15 % өзін–өзі бағалаулары жоғары болды. Бұл олардың тұлғасының толық кемелденбегенің, өздерінің іс–әрекеттерінің нәтижелерін дұрыс бағалай алмау, өздерін басқалармен салыстыра алмау көрсетеді.
Өзін–өзі бағалаудың мұндай көрсеткіші тұлғаның қалыптасуында бұрмаланулардың болуын, яғни қоршаған ортанын бағалауына, ескертулеріне, өздерінің қателіктеріне, сәтсіздіктеріне немқұрайлым қарауы байқалды. Сыналушылардың 10 % өзін–өзі төмен бағалағандары көрсетілді.
Бұл өз кезегінде өз–өздеріне сенімсіз болуына түйінделеді. Экперименттің басында алынған нәтижелер Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатыныоқушыларының әлеуметтік жағдайлардың себептеріне, яғни педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалу, отбасының ажырасуы, дұрыс тәрбие алмай теріс жолға түсу және т.б. түйінделеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалытастыруға жоғарланған талап қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен білім беру үрдісінде оқушылардың тұлғалық сана-сезімдерінің дамыту болды.
Білім беру поцесінде жасөспірімдердің тұлғалық сана-сезімдерінің қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу — қазіргі таңда ауқымды мәселе болып отыр. Өйткені, тұлғалық сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет.
Ұрпақ - өміріміздің жалғасы, болашақтағы әр мамандықтың иесі, қоғамның арқа сүйер тірегі екні белгілі. Республикамыздың жастарына ең сапалы білім берумен қатар еліміз егеменді, тіліміз мемлекеттік болуына байланысты жастардың жағымды мінез-құлқын дамытып, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, тәртіпке, қоғамның лайықты азаматтары ретінде тәрбиелеу – бүгінгі күнгі басты мәселелердің бірі. Біздің қоғамымызда жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа тәрбиелеуге баса назар аударылуда.
Елдің экономикалық жағдайы, бұрынғы дүниетанымның құлдырауы мен бәсекелі және жоғары өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау іскерлігі мен дағдысының жоқтығы – қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі. Жастар арасында ересектермен күрделі және қиын қарым-қатынастар көрінеді.
Сонымен қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып, қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты – мінез - құлықтарында ауытқушылықтарына байланысты мәселелердің қаншалықты зерттелгендігін анықтап, түрлі әдістерді пайдалана отырып, оған талдау жасай отырып , мінез-құлықтарында ауытқушылықтары бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін айқындау болды. Сонымен қатар олардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу болды.
Жасөспірімдерді тәрбиелеудің қазіргі қалыптасқан жүйесі психологиялық ғылымның қиыншылықтары мен мәселелерін айнадағыдай көрсетеді. Бала бақшасы білім беруді бірінші кезекке қоятын мекемеге айналды.
Бала бақшасындағы сабақтар әдетте интеллектуалдық бағытта жүргізіледі. Мәдениетті және иманды адамды, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру екінші кезекке ығыстырылды.
Жасөспірімдердің эмоционалдық дамуы, балаға маңызды жеке мәселелердің шешілуі, оның өміріндегі оқиғаларды және жақын адамдармен қары-қатынасын ойдан өткізуі ұйымдастырылған педагогикалық үрдістен тысқары қалды. Бала тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикаға өтуді - тереңдете білім беру мәселесі ретінде шешу мүмкін емес. Бұл – біздің бүкіл өмірімізді қайта құру және ұрпақтар арасындағы байланысты қайта қалыпқа келтіру мәселесі болып табылады.
Балалар психологиясы бойынша зерттеудің өзінде талдай келсе, оның мінезі ересектермен қарым –қатынасы, жеке тұлғаның өзін -өзі бағалауының әр сатысында маңызды екендігін көрсетті.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мінез – құлқында ауытқушы бар балалардың мінезін, қарым – қатынасы, өзін -өзі бағалауы сонымен қатар жеке тұлғасын зерттеуге, баланың ары – қарай дамуына тигізетін әсерімен міндеттеледі. Және соған психологиялық көмек көрсетіп, күресу.
Осы жолға қойған мақсаттарды орындағанда ғана оқушылар мен жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін түзету оқу – тәрбие жұмыстарын педагогикалық дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді. Қандай да бір оқушыны бағалап пікір айтпаған жөн (нашар,артта қалған, бетімен кеткен, ауытқушы, мінез-құлқы бұзылған, қарым – қатынасы жоқ және т.б.).
Жоғарыда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда жасөспірімдерге көрсетілетін көмектің жиынтығы, баса назар аударғымыз келетіні, этнофункционалдық негіздің сақталуына, ұлттық құндылықтарға баса ден қойылуы балаланың психикалық және физикалық денсаулығының бірқалыпты үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.
Балалар өмірі бақытты болуы үшін, ал әрбір баланың жан-жақты дамуына қажетті жас мүмкіншіліктері барынша пайдаланылуы үшін қазір не істеу керек екендігін бүкіл қоғам түсінуі қажет.
Мектептегі психологтың жұмысын қамтамасыз ететін жүйе түрінде мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру және оны дамыту – қазіргі таңдағы осындай мәселелердің бірі болып табылады.
Э.Эриксонның ой–пікіріне сәйкес, тұлғаның қалыптасу үрдісінің әрбір кезеңі дамудың өзіндік мәселелерін көтереді, белгілі бір қабілеттердің қалыптасуын және белгілі бір бағытта алға басуын талап етеді; мұндай алға басудың болмауы, қандай да бір құрылымдардың қалыптаспауы келесі кезеңдегі тұлғалық даму үрдісінің құлдырауына және ары қарай қажетті қасиеттерге ие болу мүмкіншілігінен айырылуына әкеліп соғады.
Өмір бір орында тұрмайды. Минут, сағат, күн,ай,жыл жылжумен бір сәтте тоқтатпайды. Біздің елімізде бала болашағының дұрыс қалыптасуының жан – жақты жағдай жасалған.
Тек талап - тілек, жалықпай іздену, ынта болса болғаны. Десек те осынау қызығы мен қиындығы қатар алмасқан тірлікте кез – келген бала арманының орындалғанына не жетсін.
Баланың барлығы бақытты болуға тиіс. Қазақ халқы баланы ананың бауыр еті. Баланы бес жасқа дейін патшадай көрген. Бірақ қазіргі өмір талабына, әр-түрлі ауруларға түрлі зиянды заттарға атап айтсақ маскүнемдік, нашақорлық, отбасы ішінде ұрыс –керістер т.б. бала психикасына әсір етіп, баланың мінезіне, қарым –қатынасы,өзін -өзі бағалауы төмендеп, өмірге деген бейімдері жоғалуда.
Белгілі педагог А.С.Макаренконың өзі балаға көп көңіл бөліп, бала тәрбиесіне, қарым –қатынасына, өзін -өзі бағалауына, мінезіне ерекше мән берген. Және ата – аналарға ақыл – кеңес беріп өткен.
Дәлелденген тәжірибелердің нәтижесінде өз жасына, ақыл –ойына сай баланың өзіне дұрыс тәрбие бермей, ата –ана көз жанарынан жіберсе,соның өзі өзімшіл, өркөкірек, менменшіл, енжар жан болып қалыптасады. Мұндай балалар алдауға тез түседі. Сөйтіп жүріп ауытқушы мінез –құлқы бұзылған балалар санатына қосылады.
Біз талқыланып отырған мәселені басқаша – мектептегі психолог қызметінің бағдары ретінде жас шамасының мәселелерін пайдалану мүмкіншілігі туралы болжам сынақтан өткен арнайы зерттеулерді жүзеге асыру арқылы – зерттедік. Зерттеу мәселесі былайша қойылды: мектептегі қазіргі оқу-тәрбие жағдайындағы өмірлік, шынайы мәселелерді анықтау және оларды тұлғаның даму мәселелері ретінде, психологиялық мәселелер ретінде түсіндіру.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасаудың сан алуан жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып, сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған мұғалімнің жеке өнегесі қандай оқушыға болса да күшті әсер етеді.
Көмек көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан көріп білуі шарт. Мінез-құлқы ауытқыған жасөспірімдерді ешқандай ұжым өмірінен, қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызға жол салады.
Қазіргі кезде жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылықтарынан әртүрлі қылмыстық әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Осы жағдайлардың алдын алып, түзету үшін әрбір пеагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен мінез құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес жұмыстар жүргізу керек.
Мектепке қолдау көрсетуші мамандарды сұрастыра келе, жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлықтарының алдын алу шараларына қатысты жұмыстың мазмұнының өзгеріске ұшырағандығын анықтадық. Әдетте қолдаушы топ мамандарына ауытқушы мінез-құлық пайда болған кезде ғана жүгінеміз, енді бұл ұстанымның өзгергендігі байқадық.
Білім беру мекемелері басшыларын сұрастырған кезде жоғары сынып оқушыларының ауытқушы мінез-құлықтарының алдын шараларына аса көңіл бөлгендігін көрдік. Алдын алу шаралрын ұйымдастыруға қатысты көзқарастары өзгерді: кадрлармен қамтамсыз ету, мекмедегі педагогикалық кадрларды дайындау, алдын алу жұмыстарының әдістемелік қамтылуы сияқты ұстанымдар пайда болды.
Мектептердің жасөспірімдерге жәрдем беруші әр түрлі ұйымдармен байланысы үдей түсті. Басшылардың алдын алу шараларына қатысты өзіндік қатынасы да өзгерді. Бастапқы зерттеу барысында жастар арасындағы девианттық қылықтардың себебі деп қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қалыпсыздық пен көпшілік ақпарат құралдарын айтқан мекме басшылары алдын алу шараларына теріс көзқараспен қарады.
Жүргізіліп жатқан зерттеуге қатынасуы барысында өз пікірлерін өзгертті. Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлқын ғылыми тұрғыдан түсіну орын алды: ауқымды сипаттағы себептермен қатар жекелеген тұлғалық себептер де ескеріле бастады, сонымен қатар оқушылардың ауытқушы мінез-құлықтарының алдын алу шараларын ұйымдастыруда қажет болатын ресурстардың мектепте бар екеніне көз жетті.
Ата-аналарға жүргізілген сауалнамалар барысында төмендегідей өзгерістер байқалды: ата-аналардың көпшілігі мектептегі алдын алу шараларына қатынасуға деген қызығушылығы артты, педагогтарға кінә артатын ата-аналардың пікірі өзгеріп, балаларының девианттық мінез-құлқының негізгі себептеріне талдау жасай бастады. Ата-аналар балаларының сабағы, қызығушылығы мен мәселелері жайлы хабардар болды.
Мектептегі алдын алу шараларының бағдарламалары нәтижесін бағалаған кезде М.Скрайвер ұсынған бағалау түрлерін қолдандық, онда үрдіс пен зерттеуді бағалау әр түрлі жүргізіледі.
Үрдісті зерттеу әрекеттері жоғары сынып оқушыларын сұрау және олармен әңгімелесу түрінде жүргізілді, бұл олардың нені ұнататыны, нені қаламайтыны, сабақтың қандай болғанын қалайтынын анықтау мақсатында жүзеге асырылды. Алынған ақпараттар арқылы алдын алу шаралары бағдарламасына түзетулер енгізілді.
Мысалы, жоғары сынып оқушылары мынадай пікірлер айтты: « Көп сөйлесіп кеттік, талдай береміз, біз өзіміздің не істей алатынымызды, нені ұнататынымызды көрсеткіміз келеді». Осы ұсыныстан соң эмоциялық жігер алу тренингі деп аталатын қосымша тренинг сабағын жүргіздік. Бұл сабақтың мақсаты: оқушылардың эмоциялық ашылуы, жинақталған эмоциялық күш қуатын шығару.
Қорытынды зерттеулер жоғары сынып оқушылары тұлғасында пайда болған өзгерістерге сүйене отырып жүзеге асырылып жатқан бағдарламалдың тиімділігі жайлы ақпарат алуды мақсат етеді. Бағалаудың субъективтік көрсеткіші ретінде мыналарды таңдадық:
1) жағдайға байланысты алаңдаушылық дәрежесі;
2) агрессия деңгейі;
3) тұлғаның жалпы психикалық күйі.
Сонымен қатар, сипатталған эксперименттің нәтижелері бойынша жалпыға бірдей мектеп және Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатының жасөспірім тұлғасының дамуы, өзіндік сана-сезімі, яғни өзін-өзі бағалау деңгейінің ерекшеліктері көрсетілді. Бұл айырмашылықтар олардың біріншіден жас ерекшелігі мен биологиялық ықпалдарға түйінделсе, екінші кезекте әлеуметтік жағдайға тәуелді болып келеді. Осы ықпалдарды ескере отырып, білім беру процесінде оқушылар тұлғасының жан-жақты шығармашылық қасиеттері мен қабілеттілікттерін, дағдылары мен іскерліктерін, білім деңгейлері қалыптасуын арттыру қажет.
Сонымен қатар, адамгершіліктік-өнегелі қасиеттері, рухани көзқарастары, біліктіліктері толығымен қамтылуы керек. Бірақ, бұл үнемі жүзеге асуы үшін әр оқытушы, тәрбиеші білім беру үрдісінде тұлғаның даму көрсеткiштерiн ескеру қажет. Яғни тұлғаның өзіндік сана-сезiмін: өзiн-өзi бағалау, талаптану деңгейiн, ұжымдағы өзiнiң жағдайын, орнын жете түсiну, тұлғаның әлеуметтiк жағдайын.
Өйткенi осы мәселе оның тұлғасының толық даму дәрежесi, өзiндiк сана-сезiмi, еңбекке даярлығы, адамдармен қарым-қатынасы, өзара байланысты дұрыс орнату, ұжымда өзiнiң орнын анықтау көрсеткiшi болып табылады. Сонымен қатар, қоғамымызда болашақ ұрпақты дайындауда әр мұғалім, тәрбиеші өз шеберлігін оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық технологияны жетік меңгерумен қатар, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс.
Ал бұл қазірігі кезеңдегі әлемдік-мәдени білім беру кеңістігіне шығу, ғылым мен білім беру жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын арттыруға жас ұрпақты білікті, мәдениетті, білімді және дүние танымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына мүмкіндік береді. Эксперименттің нәтижесінде алынған мәліметер бойынша Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп интернатынының жасөспірімдеріне жүргізілген коррекциялық жұмыстар өзінің жағымды нәтижесін көрсеткенін айтуға болады.
Жоғарыда аталып дәріптелген, яғни жасөспірімдер тұлғасының даму бойынша теориялық сараптамалар білім беру үрдісіндегі ерекше бағыттардың бірі болып көздледі. Білім беру процесінде оқушылар тұлғасының жана-жақты шығармашылық қасиеттері мен қабілеттілікттері, дағдылары мен іскерліктері, білім деңгейлері қалыптасып, артта түседі. Сонымен қатар, адамгершіліктік-өнегелі қасиеттері, рухани көзқарастары, біліктіліктері толығымен қамтылады.
Бірақ, бұл үнемі жүзеге асуы үшін әр оқытушы, тәрбиеші білім беру үрдісінде тұлғаның даму көрсеткiштерiн ескеру қажет. Яғни тұлғаның өзіндік сана-сезiмін: өзiн-өзi бағалау, талаптану деңгейiн, ұжымдағы өзiнiң жағдайын, орнын жете түсiну, тұлғаның әлеуметтiк жағдайын. Өйткенi осы мәселе оның тұлғасының толық даму дәрежесi, өзiндiк сана-сезiмi, еңбекке даярлығы, адамдармен қарым-қатынасы, өзара байланысты дұрыс орнату, ұжымда өзiнiң орнын анықтау көрсеткiшi болып табылады.
Сонымен қатар, қоғамымызда болашақ ұрпақты дайындауда әр мұғалім, тәрбиеші өз шеберлігін оқу-тәрбие процесінде жаңа инновациялық технологияны жетік меңгерумен қатар, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс. Ал бұл қазірігі кезеңдегі әлемдік-мәдени білім беру кеңістігіне шығу, ғылым мен білім беру жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын арттыруға жас ұрпақты білікті, мәдениетті, білімді және дүние танымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы болуына мүмкіндік береді
Енді зерттеу жұмысының басында айтып өткендей мінез-құлқында, қарым – қатынасында, өзін -өзі бағалау кезінде ауытқушы болған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеуге, ортақ өмірге қосуға бола ма деген мәселе төңірегінде ойымызды ортаға салған да жөн шығар.
Отбасында қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жасөспірім өзінің өмір тәжіибесінің аздығына, білімнің әлі таяздығына қарамай өзін ерекше көрсеткісі келеді. Әке ұлының, шеш қызының жан дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың үлкенге деген сенімі күшейеді. Зор сенім мен құрметке ие болған ата - ана мен педагог баланы жан – жақты дамытуға мүмкіндік табады.
Сол сияқты әр баланың өзінің ерекшелігі бар, оны байқай білу де, соны орайына қарай дұрыс бағытқа бағдарлай білуде шеберлікті қажет етеді. Қандай қиын бала болса да оның ар – ожданына тимей, жеке өзіндік психологиялық ерекшелігін ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу, қоғамдық пайдалы істерге икемдеу, тындырған ісіне баға беруде де қырағылық таныту, оның алдында айқын мақсат қойдыра білу және оған жетуге көмектесу сияқты сан – саналы, тынымсыз тәрбие жұмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады.
«Баланы бастан» демекші, әуел бастан – ақ балаға дұрыс ықпал, түзу бағдар беру, тәрбие жұмысының бір минут та ұмыт қалдырмау баршамыздың борышымыз болып келеді.
«Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді» демекші бала қандай жағдайда болсын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап әр сағат сайын оның өсіп – дамуына көп көңіл бөліп, жас ата - аналарға психологиялық, медициналық ақыл кеңес беріп, баланың дамуындағы олқылықтарды жойып, мінезін түзеп, қарым – қатынасқа қосып, өзін - өзі бағалауын сіз біз болып жоғарлатуымыз керек, бұл біздің келешек ұрпақ алдындағы міндетіміз.
«Жақсылық етсең, жетерсің мұратқа,жаманға ерсең қаларсың ұятқа» т.б –осындай нақылды сөздерді оқи отырып, мінез –құлықтың үлгі нормасы ретінде қабылданады. Отбасы жағдайында мұндай ізгі өмірлік мәні зор кез келген мәселені шешуде өзара түсінушілігі мен бірлігін нығайтады. Қолайлы психологиялық ахуал нәтижесінде ата –аналар мен жасөспірімдер арасындағы мейірімді қарым - қатынас жоғалмаса екен.
Достарыңызбен бөлісу: |