Қазақстандық мұнайдың 125 жылдығы аясында



Дата10.04.2024
өлшемі19.04 Kb.
#498258
МГ саласының ардагерлерімен кездесу


БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК


Қазақстандық мұнайдың 125 жылдығы аясында
«Үлкендер жолы ұлылық,
ұрпағы жүрер ұғынып»


тақырыбында мұнай-газ кешенінің ардагерлерімен кездесу

Арнайы мұнай-газ пәндер оқытушысы
Дусетова К.С.

Орал 2024 ж.
Күні: 07.02.2024
Орны: Оқыту залы
Тақырыбы: «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» мұнай-газ кешенінің ардагерлерімен кездесу
Қатысушылар: «Мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері, арнайы пәндер оқытушылары, колледж білім алушылары
Мақсаты: кәсіптік даму мен оқытудың маңыздылығын түсіндіру, кәсіптің мансаптық және өмірлік перспективаларға әсерін баса көрсету, оқушыларда кәсіби мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету, білім алушылармен мұнай өнеркәсібіндегі өз тәжірибелерімен бөлісу.



  1. Саламатсыздар ма , құрметті қонақтар, ұстаздар, білім алушылар!

Бүгінгі «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы мұнай-газ кешенінің ардагерлерімен кездесу шарасы «Мұнай мен газды тасымалдау,сақтау» ПЦК ашық апталығы аясында өткізіліп отыр. Шараның басты мақсаты – кәсіптік даму мен оқытудың маңыздылығын түсіндіру, кәсіптің мансаптық және өмірлік перспективаларға әсерін баса көрсету, оқушыларда кәсіби мақсаттарын қалыптастыруға ықпал ету, білім алушылармен мұнай өнеркәсібіндегі өз тәжірибелерімен бөлісу болп табылады.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз, — деп Әл-Фараби атамыз айтқандай, өз істерінің маманы бола білген бүгінгі шара қонақтары — ардагерлермен таныс болайық. 
1. Мұнай-газ өндіру саласының ардагері, «Мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының директоры - Махуов Балтабек Махуович
2. Мұнай-газ саласының бұрғылау жұмыстарының ардагері - Арыстанбай Сырым Дүйсенбайұлы.
3.Мұнай-газ саласының ардагер геологы - Батыров Әбілқасым Заидович
4. Мұнай-газды өңдеу саласының ардагері - Кабдолдин Кененсары
5. Мұнай-газ өндіру саласының және партия, кеңес ұйымдарының ардагері - Салихов Меңдеш Халелович
6. МГ бөлім меңгерушісі - Кенжигалиева Гулим Амангалиевна,
7. Колледж ардагер ұстазы - Айжарыков Ақылбай Мендыгалиевич

Алғашқы сөз кезегі МГ бөлім меңгерушісі Г.А.Кенжигалиева беріледі.


2024 жылы Республикада - Қазақстандық мұнайдың 125 жылдығы және Тенгиз кен орнының ашылуының 45 жылдығы атап өтілуде. Осы маңызды оқиғалар қарсаңында, тәуелсіз Қазақстанның мұнай саласында көп жылдар бойы еңбек етіп, еліміздің дамыуна үлес қосқан ардагерлерге алғысымызды білдіреміз. Осыған орай сөз кезегін . Мұнай-газ өндіру саласының ардагері , «Мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің директоры Махуов Балтабек Махуовичке ұсынамын. Балтабек Махуович осы мұнай-газ саласына қалай келдіңіз? Не себеп болды? әңгімелеп берсеңіз.





  • Балтабек Махуович:

Білім алушылармен сұрақ-жауап.

Ән. Орындаушы колледж білім алушысы Қанатқали Нурдәурен


Келесі сөз кезегі мұнай-газ саласының бұрғылау жұмыстарының ардагері - Арыстанбай Сырым Дүйсенбайұлына беріледі. Сырым Дүйсенбайұлы Сіздің еңбек қызметіңіздің басында қиындықтар болды ма? әңгімелеп берсеңіз.


- Сырым Дүйсенбайұлы:
Білім алушылармен сұрақ-жауап.

Келесі сөз кезегі мұнай-газ саласының ардагер геологы - Батыров Әбілқасым Заидовичке беріледі. Әбілқасым Заидович мұнай-газ саласының болашағы бар ма?



  • Әбілқасым Заидович

Білім алушылармен сұрақ-жауап.

Би.

Келесі сөз кезегі Мұнай-газды өңдеу саласының ардагері - Кабдолдин Кененсарыға беріледі. Кененсары ағай өмірде «жар таңдау мен мамандық таңдаудан қателеспе» деп жатады. Сіз мамандық таңдаудан қателеспедіңіз ба? Сол туралы әңгімелеп берсеңіз.


- Кабдолдин Кененсары
Білім алушылармен сұрақ-жауап.
Келесі сөз кезегі мұнай-газ өндіру саласының және партия, кеңес ұйымдарының ардагері - Салихов Меңдеш Халеловичке беріледі. Меңдеш Халелович мансаптық өсу туралы не айтасыз?
- Меңдеш Халелович
Білім алушылармен сұрақ-жауап.

Келесі сөз кезегі Айжарыков Ақылбай Мендыгалиевичке беріледі.


Мұнай-газ кешені ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелеріне алғыс хат табысталады.


Сыр сұхбаттың еңбегі жансын


Жас мамандар керегін содан алсын.
Өмірдегі кездескен қиындықты,
Жеңіп тастап, барлығын артқа салсын., — деп өз сезімдерін білдірген, өздерінің ақыл-кеңестерін беріп отырған кездесуге арнайы шақырылған қонақтарымызға алғысымыз шексіз.


Құрметті қонақтар, оықтушылар, білім алушылар бүгінгі «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбындағы кездесу өз мәресіне жетті. Кездесуден оқытушылар мен білім алушылар пайдалы тәжірибе алды деген ойдамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет