Садирбекова динара калымбековна



Pdf көрінісі
бет15/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

 
 
 
 
 


25
Кесте 3 - Ғалымдардың «менеджмент» ұғымына берген анықтамалары 
Авторлар 
Анықтамалар 
Н.И. Кабушкин
«адамдардың еңбегін мінез-құлқын және ой-өрісін қолдана отырып 
жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым және өнер»
М.П. Симонов
«кешенді әдістердің, ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен 
технологияларды педагогикалық жүйеде тиімді әрі дамытуға 
бағытталған басқару»
З.М. Садвакасова
«басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами 
ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру»
А.В. Куперина
«Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және 
білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, 
оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары 
мен технологиялық тәсілдерінің кешені»
Л.Ланг
«белгілі міндеттерді орындау үшін адамгершілік, тиімділік және 
үнемділік жолдары арқылы адамдарды басқару»
В. В. Леонтьев
бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, 
әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық 
енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару 
принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы»
Н.И. Кабушкин
«адамдардың еңбегін мінез-құлқын және ой-өрісін қолдана отырып 
жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым және өнер» 
М.П. Симонов
«кешенді әдістердің, ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен 
технологияларды педагогикалық жүйеде тиімді әрі дамытуға 
бағытталған басқару» 
З.М. Садвакасова
«басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами 
ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру» 
Кестелерде берілген басқару, менеджмент анықтамаларын талдау нәтижесі 
бізге ғалымдардың осы ұғымдарды синоним ретінде қарастырғанын көрсетті. 
Дегенмен, «басқару» ұғымы іс-әрекеттің түрлері мен салаларында 
қолданылуына байланысты ауқымы кең. «Менеджмент» кәсіби басқару дегенді 
білдіреді. Ал, біздің зерттеуіміздепедагогтың басқарушылық құзыреттілігін 
қалыптастыру нақты мұғалім мамандығына қатысты болғандықтан, осы 
кәсіп саласындағы басқару қағидаттары, теориялары, ұстанымдары негізгі 
орынға ие. Демек, диссертациялық зерттеуде басқару ұғымы мен менеджмент 
түсінігі синонимдік қатарда қолданылады дегенді білдіреді, бұл – біріншіден. 
Екіншіден, ғалымдар білім берудегі басқаруды, яғни, педагогикалық 
менеджментті іс-әрекет түрі, үдерістехнологиялық жүйе, шартғылым және 
өнер тұрғысынан айқындаған. Мәселен, Б.А.Абилова, К.К.Найманбаева, 
Л.У.Сұлтанбаева сынды ғалымдар басқаруды шешім қабылдау, жоспарлау, 
ұйымдастыру, мотивация, мақсатқа сәйкес объектіні бақылау, реттеу және жаңа 
шешімдер мен нақты ақпарат негізінде қорытынды шығаруға бағытталған іс-
әрекет ретінде түсінсе [28], Ж.Б.Умирбекова өз зерттеуінде «басқару» ұғымына 
төмендегідей анықтама береді – мекеме мақсатына қол жеткізуге және түрткі 
беруді, жоспарлауды, ұйымдастыруды, орындау, бақылау және реттеуді 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс [29]. Сондай-ақ, осы 
ойымыздың дәлелін 4-кестеден де көруге болады.


26
Кесте 4 – Ғалымдардың «педагогикалық менеджменттің» тұжырымдамасын 
анықтаудағы көзқарасы 
Автор. Дереккөз 
Мазмұны 
Тұжырымдық 
көзқарасы 
Ю.В.Васильев Мектептегі 
педагогикалық басқару [28,б. 
47] 
К.Я.Вазина Педагогикалық 
менеджмент [27, с. 5] 
Оның құрылымын сақтауды, оның 
мақсаттарын жүзеге асыруды 
қамтамасыз ететін кіріктірілген 
жүйе функцияларының бірі 
Жүйенің 
функциясы 
М.М.Поташник Мектеп дамуын 
басқару [137, с. 9] 
Ю.А.Конаржевский 
Менеджмент және мектепішілік 
басқару [77, с. 11] 
Мектептің қалыптасуын, 
тұрақтануын, оңтайлы жұмыс 
істеуін және міндетті түрде дамуын 
қамтамасыз етуге бағытталған 
барлық нысандардың мақсатты іс-
әрекеті 
Субъектінің 
іс-әрекеті 
В.И.Симонов Педагогикалық 
менеджмент [155, с.3] 
Педагогикалық жүйелерді 
басқарудың технологиялық әдістері, 
тәсілдері, олардың жұмыс істеуі 
мен дамуының тиімділігін 
арттыруға бағытталған кешенді 
принциптер 
Технологиялық 
педагогикалық 
жүйе 
Т.И.Шамова Мектепті басқару 
менеджменті 
[184, с. 57] Т.Г.Бадешко Білім 
беру менеджерлерін даярлау 
мәселелері[9, с.25] 
Баланың жеке тұлғасын 
қалыптастырудағы педагогикалық 
үдерістің барлық 
қатысушыларының қолайлы 
ынтымақтастығы үшін жағдай 
жасау 
Шарт 
Ж.Б.Умирбекова 
Организационно-педагогические 
основы менеджмента в 
образовании в условиях 
глобализации современного 
общества [30, с.46] 
Мекеме мақсатына қол жеткізуге 
және түрткі беруді, жоспарлауды, 
ұйымдастыруды, орындау, бақылау 
және реттеуді қалыптастыруға 
мүмкіндік беретін жүйелі үдеріс 
Жүйелі үдеріс 
Ағылшын тілінің Оксфорд 
сөздігі [148, с. 241] 
Адамдармен қарым-қатынас тәсілі, 
билік, 
басқару 
өнері, 
арнайы 
дағдылар мен әкімшілік дағдылар 
Өнер 
 
Үшіншіден, білім берудегі менеджмент саласында қарастырылған 
еңбектерге талдау нәтижесі бізге «басқару» ұғымының үш бағытта 
қарастырылатындығын көрсетті:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет