28
Қазіргі заманғы кәсіби мектеп тек жаңа материалды түсіндіруге және өз
жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті
пән мұғалімдеріне ғана емес, сонымен
қатар білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін сауатты басқаруға
қабілетті пән мұғалімдерін қажет етеді. Біз мұғалімнің басқарушылық іс-әрекетін
«басқарылатын кәсіпорын жүзеге асыратын үздіксіз іс-қимыл үдерісі, оның
нәтижесінде басқарылатын объектінің имиджі қалыптасады және өзгереді,
бірлескен қызметтің
мақсаттары анықталады, оларға қол жеткізу жолдары
анықталады, оның қатысушыларының жұмысы бөлінеді және күш біріктіріледі»
делінген тұжырымдарды қолдаймыз [32, с. 75].
Мұғалімнің басқарушылық іс-әректінің теориясының даму кезеңдері 1-
суретте көрсетілген.
Мұғалімнің басқарушылық іс-әрекетіндегі алғашқы көріністердің бірі –
бақылау – білім алушылардың білімдерін, дағдыларын және әдеттерін анықтау,
бағалау. Н.И.Пирогов өз еңбектерінде білімді жүйелі түрде тексеру қажеттілігін,
оларды есепке алуды, оқушылардың өзіндік жұмысының рөлін атап өтті
[34,с.10]. Мұғалімнің басқару қызметін қалыптастыру
мен дамытудың келесі
кезеңі үшін білім беру үдерісіне жоспарлауды енгізу, педагогикалық қызметтегі
еңбекті ғылыми ұйымдастыру принциптерін қолдану тән, бұл әкімшілік
қызметтің саласын кеңейтуді білдіреді. Педагогикалық технологияларды оқыту
практикасына енгізу оқыту іс-шаралары аясында бақылаудың әсерін ендіру
қажеттігін анықтады. Педагогикалық шеберліктің ең жоғары деңгейі –
педагогикалық басқару әдістерін меңгеру, ол дербес ғылыми білім саласы және
тұтас педагогикалық үдерісте адамның психикалық әрі әлеуметтікдаму үдерісін
басқарудың
принциптері, құралдары мен технологияларының жиынтығын
білдіреді. Сонымен, біз
басқару ұғымын өзіміздің зерттеу пәнімізге сәйкес
«оқыту мен тәрбие үдерісінде субъектілердің өзараәрекеттестігінің адами
қарым-қатынаста нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыздандыру» деп
тұжырымдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: