31
Ғылыми әдебиеттерді талдау барысында біз мұғалімнің «кәсіби
құзыреттілігі» (Б.С.Гершунский, Т.В.Добудько, А.К.Маркова, т.б.) ұғымын
«педагогикалық құзыреттілік» түсінігінің (Л.М.Митина, т.б.) синонимі
екендігін,
сондай-ақ, екі терминнің қатар қолданылатынын байқадық
(Н.Н.Лобанова, т.б.). Бірқатар авторлар осы ұғымдарды біріктіріп «кәсіби-
педагогикалық құзыреттілік» деген ортақ атау береді (Ю.Н.Кулюткин,
Г.С.Сухобская, т.б.). Э.М.Никитинаның пікірінше, педагогтың құзыреттілігі
оның ажырамас
кәсіби және
жеке сипаты ретінде, оның қазіргі уақытта қоғамда
қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес кәсіби және педагогикалық
функцияларды орындау даярлығы мен қабілеттілігін айқындайды.
А.К.Маркова кәсіби педагогикалық құзыреттілікті – «мұғалімнің қызметін
жүзеге
асыруға қажетті білім, дағдылары, психологиялық қасиеттері және
олардың нормативтік стандарттар мен нормаларға сәйкес іс-әрекетінің
жиынтығы» тұрғысынан айқындайды. Оның педагог құзыреттілігі туралы
түсінігіне
үдеріс (педагогикалық қызмет,
педагогикалық қарым-қатынас,
жекелік) және
еңбегінің нәтижесі (оқушыларды оқуы мен тәрбиелілігі) кіреді.
Ол «мұғалімнің білімі мен білігі оның еңбегінің шынайы құрылымынан
тұрады», – деп жазды [51, с. 93]. Ол педагогтың кәсіби құзыреттілігін зерттей
отырып, оқытудың тиімділігін қамтамасыз ететін дағдыларды және педагогтың
жеке қасиеттерін топтастырады және педагогтың кәсіби құзыреттілігі –
«жеткілікті жоғары деңгейде педагогикалық қызмет, педагогикалық қарым-
қатынас, мұғалімнің тұлғасы жүзеге асырылатын, сондай-ақ оқушыларды оқыту
мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізетін ерекше еңбек», – екендігін
көрсетеді [52, с. 57].
Сондай-ақ,
мұғалімнің
кәсіби
құзыретін
Г.М.Коджаспирова
«педагогикалық қызметтің қалыптасуын, педагогикалық
қарым-қатынастарды
және белгілі бір құндылықтарды, идеалдар мен педагогикалық сана-сезімді ұстаз
ретінде қалыптастыруды оқытушының жеке басын анықтайтын қажетті білім»
ретінде түсіндіреді [53, с. 62].
Осы айтылғандардан басқа да бірқатар ғалымдардың педагогтың кәсіби
құзыреттілігіне берген анықтамаларын талдау (кесте 6) мұғалімнің кәсіби
құзыреті оның
жеке мүмкіндіктерін, оған педагогикалық тапсырмаларды
Достарыңызбен бөлісу: