Садирбекова динара калымбековна


оқытушы-студент-мұғалім, оқу-кәсіби қоғамдастығын құру



Pdf көрінісі
бет44/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

оқытушы-студент-мұғалім, оқу-кәсіби қоғамдастығын құрумаңызды шарт 
ретінде анықтаймыз. Бұл біздің зерттеуіміздегі үшінші педагогикалық шарт
Педагогикалық практикада жаңа өзара үйлесімділік нысаны – білім берудің 
және кәсіби өзара қарым-қатынастың жаңа жолдарын құру; серіктестердің 
ұстанымдарын біріктіру. Осындай жалпы жағдайда «болашақ мұғалім 
мазмұннан іс-әрекет шындығына көшеді; кәсіби қызметте өзінің субъективтілігі 
болады, студентке жаңа кәсіби қызметтің объективтілігі анықталып, ол әлі 
дайын болмаған дербес іс-әрекетке тап болады. Осы жағдайда оқытушы мен 
студенттің өзара әрекеттесу «нақты міндеттерді» шешуге бағытталады». 
Бірқатар психологтар қоғамдастықтың ортақ құндылықтар мен мағыналар 
негізіндегі адамдардың бірлестігі екендігін атап өтіп, болашақ мұғалімдердің 
білім беру және кәсіби іс-әрекет барысында студенттермен қоғамдастығы 
олармен диалогке түсуге арналған құндылықтарын, басқарушылық қызметтегі 
ұстанымдардың өзара әрекеттесуін дамытатынын негіздейді [175]. 
Басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру – бұл өздігінен жүретін үдеріс 
емес, оның барлық құрамдас бөліктерінің біртіндеп сапалы түрленуін қамтитын 
кезеңдік, жоспарлы қозғалыс. Білім беру үдерісінің кезеңдері оқу жылына сәйкес 
күнтізбелік сандармен және сандық жинақтармен емес, олардың сапалы 


78
түпнұсқалығымен –дайындықтың әр кезеңінде студенттермен жұмыс істеудің 
мазмұнының, нысандары мен әдістерінің ажырамас жүйесін білдіреді.
Зерттеу барысында біз болашақ педагогтың басшылық құзыреттілігін 
қалыптастыруда Н.М.Борытконың оқытушының педагогикалық ұстанымын 
қалыптастыру барысында анықтаған рефлексиялық, құндылықтық және 
жобалаушылық кезеңдерін негізге аламыз [152,с.79]. Және оның көрсеткен 
құндылықтық кезеңімен келісе отырып, оны танымдық кезеңі деп атаймыз. 
Өйткені болашақ педагогтың бойында басқарушылық құзыреттілікке қажетті 
құндылыққа бағдар, құндылыққа қызығушылық, құндылықты бағалаушылық 
т.с.с. танымдық білімдерді меңгеру нәтижесінде қалыптасады. Демек бұл 
кезеңде жаңа білімдерді игеру, бар білімдерін бекіту, пысықтау, жинақтау 
танымдық іс-әрекеттің қатысуымен жүзеге асады.
Сонымен біздің зерттеулеріміздің логикасында педагогикалық университет 
жағдайында студенттің басқару құзыреттілігін қалыптастырудың үш кезеңі 
ерекшеленеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет