70
- күрделі жағдайларда менеджер функциясын өзіне алу тілегінің болуы;
- басқарушылық құзыреттілігін жеке жетілдіруі.
2. Когнитивтік өлшем – Педагог-менеджер, басқарушылық бойынша
танымдық білімінің тереңдігі.
Көрсеткіштері:
- басқарушылық құзыреттілік саласынан теориялық-әдіснамалық, арнайы
кәісби
білімінің болуы; басшы, лидер ұғымдарының ұқсастықтары мен
айырмашылығын білуі;
- басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұнын меңгеруі;
- педагог-менеджердің атқаратын қызметін, рөлін игеруі;
- басқарушылық құндылықтарды (эмпатия,
рефлексия, толеранттылық,
шеберлік және т.б.) мән-мағынасын жете түсінуі және т.б.
3.
Іс-әрекеттік өлшем – Басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы.
Көрсеткіштері:
- топқа
ықпал ете алуы, топты соңынан ерте алуы;
- топтық іс-шараларда басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы;
- сыни жағдаяттарда өздігінен шешім қабылдай алуы;
- өзіне жауапкершілік алып, проблемаларды өздігінен шеше алуы;
- жаңа идеяларды ойлап табуы.
4.Бағалаушылық-нәтижелік өлшем–өзінің басқару іс-әрекеттерін жете
түсінуі
мен өздігінен бағалауы, субъектілермен өзара әреккеттестіккке түсе
алуы.
Көрсеткіштері:
- рефлекцияға, сынға, өзін-өзі сынауға (сыни ойлауы, сыни тұжырымдар
жасай білуі) қабілеттілігі;
- өзінің басқару іс-әрекеттерін өздігінен талдауы;
- сыни жағдаяттарды талдай білуі, бағалай алуы;
- білім беру субъектілерімен өзара әрекеттестікке түсе алуы;
- өзінің стратегиялық қырағылығын көрсете білуі.
Осы проблеманы зерттеудің теориялық және
практикалық нәтижелерін
қорытындылау болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың үш деңгейін (жоғары, орта және төмен) көрсетуге мүмкіндік
берді:
1. Төмен деңгей
Басқарушылыққа, құндылықтарға қызығушылығы жоқ. Педагог-менеджер
болуға ұмтылысы байқалмайды. Оны қажет етпейді. Басқарушылық
құзыреттілігі саласынан білімі төмен. Оның құрылымын, мазмұнын білмейді.
Педагог-менеджердің құндылықтарын (эмпатия, рефлексия, толеранттылық,
шеберлікжәне т.б.) білмейді. Топтық іс-шараларда, сыни жағдаяттарда
басқарушылық таныта алмайды. Өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өзінің
басқарушылық іс-әрекеттерін, амал-тәсілдерін талдауға ұмтылмайды, өздігінен
бағалай алмайды. Басқару іс-әрекетінде білім беру субъектілерімен
өзараәрекеттестікке түсе алмайды.
2. Орта деңгей
71
Басқарушылыққа қызығушылығы бар болғанымен, құндылықтарға мән
бермейді. Педагог-менеджер болуға талпынады, бірақ оның маңызын,
әлеуметтік мәнін түсінуі жеткіліксіз. Басқарушылық құзыреттілік түрлерін,
құрылымын, мазмұнын біледі. Педагог-менеджердің
атқаратын қызметінен
хабары бар. Педагог-менеджердің құндылықтарын (эмпатия, рефлексия,
толеранттылық, шеберлік және т.б.) біледі. Бар түсініктерін күнделікті іс-
әрекетте көрсете алмайды. Осы саладан практикалық іскерліктерді айтарлықтай
біледі, бірақ тұрақты көрсете алмайды. Өзіне сенімділігі аз, сол себепті сыныпқа,
оқу-тәрбие үдерісінің сапасын жақсартуға ықпал ете алмайды. Өздігінен шешім
қабылдауға талпынады. Топта басқарушылық танытады. Топтық іс-әрекеттерде
ішінара жекелік таныта алады. Өзінің басқарушылық іс-әрекеттерін, амал-
тәсілдерін ішінара түсінеді. Бірақ оларды талдау, бағалау барысында өзгелердің
көмегіне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: