80
басқарушылық қызметте өзінің кәсіби мінез-құлқын модельдеу, оның
технологиялық сипаттамаларын ерекшелеу жүзеге асады. Басқарушылық
қызметті
модельдеуді, студент теорияны талдау құралы ретінде емес,
басқарушылық қызметтің тұжырымдамасын әзірлеу үшін «құрылыс материалы»
ретінде қолданады. Студенттің ұстанымдық бағытын қалыптастыру барысында
болашақ менеджерде себеп-салдарлық қатынастар мен ұстанымдардың
құрылымы қалыптасады. Тәжірибенің теориялық білімі,
оны ғылыми
зерттеулермен салыстыра отырып, оның хабардарлығын арттырады.
Болашақ педагог белсенді кәсіптік ұстанымдық бағытын құру кезінде
студент теориялық материалмен, педагогикалық іс-әрекетті басқарудың
ғылыми негіздерімен және нақты басқару әдістерімен, білім беру
субъектілерімен өзара әрекеттесуі ерекшеліктерін меңгеріп қана қоймайды,
сонымен қатар, құнды пайымдарды қалыптастыру, кәсіби және жеке жүйе
құру мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде «мұғалімнің сәтсіздікке деген
конструктивті реакциясы қалыптасады, қиын жағдайларда қисынсыз және
шынайы жол табу керектігін түсінеді» [179, с.186]. Осылайша,
өзін-өзі
жобалау негізі кәсіби ұстанымды қалыптастырады және оны басқару іс-әрекетін
жүзеге асыру жолдарын мүмкін етеді.
Бұл кезеңде кәсіби өмірдің мағынасын білу, басқарушылық іс-әрекеттегі
мінез-құлық, құндылықтарды қалыптастыру жүзеге асады. Осылайша білім
алушы басқару ісіне дайындық
орталығында пайда болғандықтан, жұмыстың
екінші кезеңінде «білімінің мазмұнын өзгерту: үдерістің орындылығы, логикасы,
оны жүзеге асыру жолдарында белсенді түрде қатысады. Осы арқылы ол өзінің
субъективтілігін көрсетеді, өзінің кәсіби және педагогикалық ұстанымын
өзгертеді» [180, с. 54],
яғни көшбасшы болады, өйткені, басқару қызметі тек
субъективті болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: