82
2
БОЛАШАҚ
ПЕДАГОГТАРДЫҢ
БАСҚАРУШЫЛЫҚ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-
ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ
2.1
Болашақ
педагогтардың
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастырудың диагностикасы
Ғылыми зерттеулердің, соның ішінде педагогикалық зерттеу еңбектерінің
маңызды құрамдас бөлігі – бұл теориялық тұжырымдарды эксперименттік
тексеру. Эксперимент эмпирикалық зерттеудің әдісі ретінде шетелдік және
отандық [182-187] ғалымдар тарапынан жан-жақты қарастырылған.
Эксперимент – зерттеу мақсатына сәйкес келетін жаңа жағдайларға белсенді
түрде әсер ету немесе үдерістің ағынын қажетті бағытта өзгертуде кейбір
құбылыстарды зерттеу [188, с.558].
Ю.К.Бабанский
педагогикалық
экспериментті
педагогикалық
болжамдардың шынайылығын объективті түрде
дәлелдеуге арналған зерттеу
әдістерінің жиынтығы деп түсіндіреді [166,с.100]. Біз де теориялық
тұжырымдарымыздың тиімділігін дәлелдеуде экперименттің маңыздылығын
ескере отырып, Д.Ф.Ильясовтің педагогикалық эксперимент зерттеушіге
«педагогикалық құбылыстар мен үдерістердің мәніне енуге,
олардың қажетті
жағдайда қайталануын қадағалауға, бақылаулардың нәтижесін өлшеуге
мүмкіндік береді», – деген анықтамасын негізге аламыз [189, с.61].
Демек, тексерілетін факторлардың әсерінен орын алатын білім беру
үдерісіндегі өзгерістерді қадағалаудың қажеттілігі туындайды. Біздің
жұмысымыздағы осындай факторлар – педагогикалық
жоғары оқу орындары
студенттерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру моделі және оның
тиімді жұмыс істеуі үшін біз әзірлеген теориялық тұрғыдан негізделген
педагогикалық шарттар жиынтығы. Сондықтан, зерттеудің келесі кезеңі – қазіргі
педагогикалық университеттің нақты оқу үдерісінде болашақ педагогтың
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастыру
моделінің
тиімділігін
эксперименттік тексеру. Яғни, бізге нақты педагогикалық эксперимент
ұйымдастыру қажеттілігі туындайды.
Эксперименттің негізгі процедураларының реттілігі мен мазмұнын анықтау
кезінде педагогика ғылымның дәстүрлі логикасына сүйене отырып,
педагогикалық эксперимент құрамын айқындау, қалыптастыру, қорытындылау
кезеңдеріне бөліп қарастырдық.
Айқындау эксперименті кезеңінің мақсаты – педагогикалық жоғары оқу
орындары студенттерінде қалыптасқан басқарушылық құзыреттілік дәрежесін
бағалау, ал қалыптастырушы эксперимент – авторлық жүйені қолдану және оны
тиімді қалыптастыру үшін жағдайлар жасау. Эксперименттің әр кезеңі белгілі
бір мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді. Осылайша, айқындау кезеңінің
міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
- экспериментті құру (эксперимент жүргізудің
тәжірибелік жоспарын
анықтау, оны іске асырудың негізгі процедураларын жасау, экспериментке
қатысушыларды анықтау, сараптамалық топты анықтау, өлшемдер мен
83
көрсеткіштерді
жүйелеу,
диагностикалық
тапсырмаларды
әзірлеу,
диагностикалық әдістер мен әдістемелерді таңдау және т.б.);
- педагогикалық жоғары оқу орындары
студенттерінің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптасқандығының деңгейін бағалау.
Біз жүргізген
эксперименттегі қалыптастыру кезеңінің міндеттері:
- жоғары кәсіптік білім беру саласындағы педагогикалық мамандықтардың
жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына, типтік оқу жоспарына; базалық
және бейіндеуші пәндердің
типтік оқу бағдарламаларына; оқу-әдістемелік
кешеніне талдау жасалды;
- студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша
педагогикалық мамандықтарда оқытылатын базалық (Педагогика, Білім
берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі), бейіндеуші
пәндердің (Бағалаудың өлшемдік технологиялары) бағдарламарына
қосымшалардың мазмұны жасалды және олар
практикада студенттерге
оқытылды;
- студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың оқудан тыс
іс-шаралар жоспары жасалды, іске асырылды;
- студенттердің басқару іс-әрекетінде білім беру субъектілерінің
өзараәрекеттестігін
жүзеге
асыру
іскерліктерін дамыту
мақсатында
педагогикалық практиканың мүмкіндіктері пайдаланылды;
- модельдің және оның құрамындағы педагогикалық шарттардың
тиімділігін бағалау (болашақ педагогтардың
басқарушылық құзыреттілігі
қалыптасқандығының деңгейін анықтау) жүргізілді, кесінділер алынды.
Достарыңызбен бөлісу: