156
Алынған нәтижені жан-жақты көргеніне байланысты өзінің эмоционалдық
сезімін: «сенің жұмысыңда маған ерекше ұнағаны...», «әсіресе саған сәтті
болды…» деген сөздермен білдіруге болады.
Оқушы тұлғасының дамуын басқару мынадай элементтерді қамтиды:
- тұлғаның дамуын жобалау, қажетті тәрбиелік әсерлерді жоспарлау;
- тәрбиелік әсерлерді ұйымдастыру (оқу
іс-әрекетінде, оқудан тыс іс-
әрекетте және өздік іс-әрекетінде);
- ағымдағы ақпарат жинау негізінде тәрбиелік ықпал ету барысын реттеу
және түзету;
- қорытынды есеп және соңғы тәрбие нәтижелерінің даму жобасына
сәйкестігін бақылау және т.б.
Оқушының дамуын басқару үрдісі
барысында тәрбиеленушінің мінез-
құлқын сырттан басқару ішкі механизмді өзін-өзі реттеу, өзін-өзі басқару және
өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады деген жалпы қабылданған пікір қалыптасқан.
Сыртқы (сыртқы факторлар арқылы жүзеге асырылатын) және ішкі басқару
бөлінеді. Сыртқы тәрбиелік басқаруды өзін-өзі басқарудың және өзін-өзі
тәрбиелеудің ішкі жүйесіне айналдыру тетігін қарастырайық.
Тұлғалық қасиеттің қалыптасуының
бірінші кезеңінде сыртқы басқару
жүзеге асырылады:
-
«педагогикалық үлгі» ретінде таңдалған тәрбиеші, басшы, ұжым;
-
үлгінің ұзақ әрекетін ұйымдастыру арқылы;
- педагогикалық
үлгінің
тасымалдаушысы
есебінен
(ашықтық,
танымалдық, беделділік және т.б. тәрбиеленушінің үлгіні қабылдауына үлкен
әсер етеді).
Бұл кезеңдегі ішкі басқару – үлгіні қабылдау және беру дайындығы. Бұл
жерде өзін-өзі басқару элементі үлгі берудің жеңілдігін
қамтамасыз ететін
қызығушылық болып табылады.
Тұлғалық қасиеттің дамуының
екінші кезеңінде (ынтаны түрткіге
айналдыру) сыртқы басқару жүзеге асырылады.:
-
тәрбиеші педагогикалық үлгіні таңдайды және сол арқылы түрткіні
анықтайды;
-
болған, бірақ қандай да бір себептермен ашылмай қалған түрткіні
көкейкестендіреді;
-
түрткіні түзету жүзеге асырылады;
-
Түрткісынөзін-өзі басқаруы бұрыннан бар уәждерді
таңдаудағы өзін-өзі
реттеуде көрінеді. Ішкі басқару өзін-өзі реттеумен бірдей болады.
-
Үшінші кезеңде түрткінің негізінде мінез-құлық түрін таңдау жүзеге
асырылады. Сыртқы басқаруға мыналар кіреді:
-
оқушы үшін қолайлы мінез-құлық түрін таңдау және ұсыну;
-
іс-әрекетке, мінез-құлыққа уәжді өрістетуді тоқтату.
Өзін-өзі реттеу оқушының мінез-құлқының түрткісі мен формаларының тең
дәрежелігі арақатынасында көрінеді, олар бір-бірімен салыстырылады.
Төртінші кезеңде мінез-құлықты жүзеге асыру және соңғысының әдетке
көшуі жүзеге асырылады. Сыртқы басқару мыналарды құрайды:
157
-
таңдалған мінез-құлықтың сәтті басталуы мен аяқталуы үшін жағдай (оны
тәрбиеші, ұжым жасайды);
-
осы әрекетті бірнеше рет орындау шарттары;
-
басталған әрекетке қатысты оң эмоционалдық көңіл-күй;
-
әрекетті түзету.
Ішкі басқару (өзін-өзі басқару) арқылы оқушы бірнеше рет орындалған
әрекетті бастауға және аяқтауға тырысады.
Бұл кезеңде өзін-өзі басқару бөлімдерге қатысты сыртқы болады (1-5 тұлға
қасиеттерін қалыптастыру кезеңдері).
Бесінші кезеңдемінез-құлықтың әдеттегі түрін
жеке тұлғаның қасиетіне
айналдыру жүреді. Мұнда сыртқы басқару және өзін-өзі басқару деңгейлері
реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: