ЕКІНШІ БӨЛІМ
ТАҚЫР ҚОЯН. ПАТША
ТҰЯҒЫ
"Петербордан шафхатты сенат келсе,
Патшадан жарлық алып, Құдай қалап
Қазақ үшін қайғырып жылар еді,
Ол мейірбан ер болса, ұялмай-ақ,
"Қойдан қоңыр не қылған халық ед "деп,
Көз жасын қайтар еді тыя алмай-ақ "
Ақан сері
1
– Алла, алла, атама, Ақан! Мынауың сұмдық қой. Ел естімесін
мұныңды, – Мұхамметтің көзі шарасынан шыққанда, Рамазан да
жағасын ұстады:
– Қойыңыз, Ақан аға! Мұныңызды мен де құптамаймын.
– Масқара-ай, енді Қараталдың маңынан тірі мұсылман жүрмесін
дегенің бе?!
– Жұртты былай да бездіріп болғанымыз аз ба еді!
– Суəл айтып əке-шешенің басын қайта көтерем дегеніңе қарсылық
жоқ, ал мынадан соң... алла, алла!
– Иə, мынадан соң əке-шешеңнің бейітіне келіп аят оқудан қаламыз
ғой, – деп, тілі күрмелгендей аллалап отырып қалған ағасымен
Рамазан қосыла сарнады. – Қайдағы жоқ ырымды бастай беретінің
не?..
– Жарайды, жетті! – деп Ақан екі інісін тиып тастады. - Сендер-ақ
ырымшыл бола қалады екенсіңдер жоқ жерде. Шебердің қолы ортақ,
шешеннің тілі ортақ.
– Сонда қазақ шебері құрып қалып па? Орыс мəскүрі деген не
сұмдық!
– Сенің қай қазағың, қай шеберің бар жұлқынып шығар?
– Не көп, шебер көп елде, өзім-ақ тауып берейін қиналсаң. Ақысын
берсең, боқысын шығарады.
– Асар салсақ та болмай ма?
– Білем сендердің шеберлерің мен асарларыңды. Қазақ шебері
ырғалып-жырғалып, бір күн істеп, он күн қыдырып, қайда той, қайда
жаназа, соны сағалап жүргенде, етегінен қуып ұстай алмасын
дейсіндер ғой. Асарыңды да білем, бір күн ет пен қымызға тойып,
қиқитып-шиқитып Қожанасырдың бейітінше қалқитып кететінін де
білем. Орыс халқы ісмер халық, оның үстіне жұмысқа тындырымды.
Қашан аяқтағанша тыйым таппайтын шаруақор халық. Маған істің тез
біткені керек.
– Жарайды онда. Ертең əке-шешеміздің жылы жеткенде ас
бермейтін шығармыз, – деп Мұхаммет Ақанға көзін сығырайта
кекесінмен қарады.
– Неге бермейміз, береміз. Керек десе, сауын айтамыз елге.
Мұхаммет ызамен тарқылдап күлді. Рамазан да зығырланып
қосыла күлді.
– Кəпірлер зират салады, оған мұсылмандар келіп аят оқиды,
табылған ақыл! – Мұхаммет сөзін қостап, Рамазан да бас изеді. Екеуі
тағы да қосыла күлді.
– Орыс қолынан жұғып қалатын ештеме жоқ. Аят оқимын
дейтіндер оқиды, оқымаса сол дүмше моллаларға зар емеспін.
Өлгеннің атын шығаратын төгіп-шашар ас емес, басына қояр белгі.
Маған белгі болар жібі түзу зират керек, шадыр-шатпақ аят емес!
– Алла, алла, – деп Ақанның қайтпасына көзі жеткен Мұхаммет
орнынан тұра берді. – Енді өмірбақи ата-анамыздың басына келе
алмайтын болдық қой. Сыртынан бата қайырып жүрерміз. Алла, алла,
мына ісіңе біздің араласымыз жоқ. Айтпады деме. Ақан, аруақтар
бұған риза емес, мұның арты жақсылық болса жарар еді, Құдай-ай
бала-шағадан, мал бастан аулақ!
– Ендігі жетпегені аруақтарды мазақ ету еді, – десіп, екі іні үйден
тұлданып шыға берді...
Үш ағайынды адамдардың арасындағы сөз Қорамса мен
Жаңылдың зираты жөнінде еді, Өткен қыста бір-бірінің арасына он үш
күннен салып, екеуі о дүниеге мəңгі сапар шеккен. Мұсылман
рəсімімен жиналған азашылар қақаған суықта қатты жерден көр қазып,
екеуін де қатар жерлеп, ағаш шарбақпен қоршап, бастарын бекіткен.
Көктем шыға Ақан қазақша Пышнай, орысша Пышный деген
шағын хутордан сақалдары қауғадай торт мұжықты əкеліп,
Сұлтанмұраттың əкесі Бойбосынды бас қылып, бейіт салуға жалдады.
Қазақ ауылдарына əлі үйренісіп, сіңісе қоймаған переселендер алғаш
тайқақсып, сырдақтап еді, Ақан сері əкесінен қалған көп ақшаның
ұшығын көрсеткен соң, қуана тұрып келіскен. Өздері де ісмер екен.
Қараталдың оқтай түзу қалың қарағайынан құлатып бір үйге жетерлік
ағаш дайындады. Биылғы жылдың басы ыстықпен басталған.
Шыжыған күнде тез кепкен қарағайды орын-орнында дайындап,
əрқайсысының қиын келтіре белгілеп, арасында өз өгіз арбаларымен
Айыртаудан қайрақ тас тасыды. Тастың да түр-түрін танитын көзі
қарақты адамдар екен. Екі құлыптасты мəрмəрдан қашап, бейіт
тұғырын бір жарым кез тастан қалады. Зират жобасы Байбосынның
түсіндіруімен тұрды. Сүмбідей қарағайларды қарамаймен майлап,
байластырып, сыртын өрнекті тақтайшалармен оюлап, қаптап, қашан
күмбезін көтеріп, қызыл-жасыл сырмен сырлап бітіргенше бүкіл ел де
құлақтанып болған. Суəл айтып көтертем деп, ескі шарбақтың орнына
қондырған жаңа бейіт біткенде аят оқыр молла да шықпады. Он жеті
кез зиратты сонадайдан көрген, алыстан көзі шалған бөтен елдің
адамдары қарауға сескеніп, алақанын жайып аят оқу орнына, бетін
басып өтетін халге душар болған.
Бұл кезде Көкшетау уезінің адамдары ұлы дүрбелең үстінде ауыл-
ауыл бір-біріне шапқыншылап, өзді-өзі əбігер болып, сапырылысып
жатқан. Биыл күзде болады деген сайлау жазда өтпекші. Екі ай бойы
болыстар мен олардың ағайындарында, болыстықтан дəмелі
атқамінерлер мен билік айтар жас, кəрі билерде, тіпті ауылнайларда
маза жоқ. Ел ішінде неше түрлі өсек-аяңды аңыздай сапырып,
сабылып жүр. Бірді-бір мақтап, бірді-бір даттап жүрген кез.
Ел құлағы елу: "Мезгілге Сүтемгеннің тұқымы Шанабай болыс
болады екен. Онымен шар таласына түсетін кісі Зікірия дейді. Ол
əшейін қулық көрінеді. Ояз Қанабал Шалабайдан параны өкіртіп алса
керек. Оның болыс боларына шəк жоқ деседі. Ең қызығы Мезгілдің
біраз жерін Шалқар болысына кесіп береді. Ақан елі соған қарайды
екен. Нұртаза осы шалқарға болыстыққа Беғалының Жанботасымен
шар таласына түседі. Ол екеуінің қайсы жеңері мəлімсіз. Екеуінің де
соңына ерткен елі, аузын алған ұлықтары көп деседі".
Сайлауға екі-үш күн қалған.
Көптен ел-жұрттан қол үзіп, əке-шешесінің өлімімен қара
жамылып жүрген Ақан сері енді осы тұста үйде жата алмады. Кеше
ғана жұртты зар жылатқан Нұртаза тағы да болыс болса, ел үстіне кемі
төрт жыл қамшы ойнатар жуандығын ойлағанда аласұрып атқа қонған.
Қасына Байбосын қартты ертіп, күмбезіндегі айы күн сəулесімен
шағылысқан төрт құлақты биік зиратты, Қараталды артқа тастап
Айыраудың қос өркешіне қарай ұзай берді...
Қолмен жиған жүктей десте-десте қаланған сұлу тастарының
арасымен бүлкілдеп бұлақ аққан Айыраудың етегіндегі Шалқар көлі
басқа көлдерден ерекше. Шалқар десең шалқардай шалқая көсілген
кең, терең көл көгілдір тауды алыстан орап, қолтығына қысып жатқан
ақ жойқын дария. Осы көлдің терістік жақ жайпақ жағалауына иық
түйістіре киіз үйлер тігілгелі он шақты күн болған.
Қазіргі ақ, қоңыр үйлер жайлауға жаңа шыққан іргелі ауылдардан
кем емес. Күні-түні əр үйдің алдындағы жер ошақтан от кетпей, тымық
ауада ширатылған көк түтін бар жұрттың ұлы жабдығын əйгілегендей
алыстан қол бұлғап, қонақжай елдің ниетін сездіргендей.
Сапырылысып сабылған атты, жаяулы ауыл адамдары, күнде сойылған
мал.
Бұдан екі күн бұрын қасында урядник, землемер, жандармдары бар
ояз келіп, Коновалов Шалабай тіктірген үйде жатыр. Енді екі күннен
соң осы арада үш болыстың сайлауы басталмақ. Бұрынғы би,
ауылнайлардың көбінде зəре жоқ. Ұйқы-күлкіден қалып, көрінгеннің
аузына, аужайына қарасып, əр ел, əр ауылдың бетке ұстар ақсақал,
қарасақалдарының аузын ашып, қонақ күтіп зыр қағады. Болыстар
ішінде қылкөпірде тұрған Нұртаза.
Күнде əр үйде бөлек-бөлек бас қосып, əр ру, əр ағайын кімге шар
салудың əңгімесін жасырын сөз етіп, гуілдесіп жатқан кез.
Осылардан бөлек оқшауырақ бір топ адам күнде жаңа ауыл
сыртындағы "Ақ балақ" атанған қалың қайың ортасындағы кең отауға
жиналып, өзінше көп тартатын. Күнде адам қарасы қалыңдап, аз топ
үлкен топқа, аз жиын үлкен жиынға айнала бастаған. Алдында бір
рудың аз шоғыры келе-келе көп рудың мол шоғырына қосылған. Бұлар
Есембай руының кедей-кепшік жатақтары еді, кейінде атығай-
қарауылдың бүкіл жатақтары осы тұста бас қосып, бар елдің назарын
өздеріне аударғандай еді. Енді бұлардың ішіне əр болыстың
атқамінерлері де ұрлана кіріп, қалың елге араласып, жұрт сөзі бəтуалы
сөзден даулы, даурықпалы айғайға ауыса бастаған.
Бүгін де күн ыстығы қайта, көлеңкелі қайың ортасына жиналған
адам қара-құрым тартады. Бəрі де иін тіресе молдасоқынып, отау құра
айнала отырған. Ортадағы алаңға сыймағандар ағаш бауырында
ұйлығып, сырттан келер адам болса ішке сыналап өте алмайтындай
бекітіп тастаған. Күреске шығатындай білектерін түре, ортаға шыққан
сөзуар шешендер бірінен соң бірі сөз жарыстырып, тіл безесіп
жатқанда Ақан сері мен Байбосын қарт та жетіп еді.
Ортада Көбен би сөйлеп тұр. Бұл – Нұртазаның жақтасы. Шешен
тілімен ұзақ майдалап, болысты ұзақ мақтаған Көбен би ақыры өзінің
əпербақан мінезіне ауысты:
– Ей, атығай-қарауылдың баласы! Бар таластарың шар таласы екен.
Бұған да жиналу, топталу керек пе екен. Əркім өз қалауын, өз
жүрегінің əмірін орындаса керек. Осылай бөлініп, осылай жарылуды
кім бастады. Ел ішін бүлдіріп, жоқ жерде айтыс, дау туғызып жүрген
қайсың барсың? Кəне, көрінші көзімізге, – деп қалың топты айнала
сүзгенде, жұрт төмен қарап, ешкім лəм демеді. – Солай ма, мен бар деп
жұлынып шығар жігерің, қарсы тұрар жүрегің болмаса, несіне осынша
топ құрасыңдар. Ана ояз бұларыңды құп алмаса керек, егер қалған аз
күнде бұлай жиналатын болсаңдар, айтпады демеңдер, ендігі керді ақ
патшаның заңынан тартасыңдар. Сайлайтындарың атығай-қарауылдың
баласы екен. Оның бір-бірінен не айырмасы, не алалығы бар. Ертең
болар болыс хүкіметтің істе деген ісін, ақ патшаның бұйрығын
орындайды. Жанынан шығарар тəртіп, заң, салық бар деп
отырмысыңдар. Нұртазаның болыстығынан не кемістігін көріп, не азап
шектіңдер. Қатықтай ұйып отырған елді тағы да партияшылыққа
жетелеп, тағы да елді жік-жікке бөліп жамандық еккен адам өз зауалын
тартар. Мына əдетті қайдан бастадыңдар? Бүлдіріп жүрген адам болса
көрінсін көзімізге. Əйтпесе, тараңдар.
– Иə, сөздің жөні осы!
– Бұлай бас қосқан деген не сұмдық!
– Кім екен өзі? Бір бүлдіруші бар ғой, – дескен əдейі сайланып
келген адамдардың даусы тұс-тұстан естіліп, қалды.
Көбен би бастаған біраз адамдар орындарынан қопаңдай тұра
бастағанда жатақтар жағы қозғала қоймады. Қарсы айтар сөздері де
таусылғандай өзді-өзі күбірлесіп кетті.
Сөз сыңайын бірден ұққан Ақан сері ортадағылардың сөзіне қарап
үнсіз ұйыған ағаш тасасындағы адамдарды қолымен қағып ортаға
ұмтыла беріп, тоқталып қалды.
– Оу, ағайын, менің айтар бір сөзім бар, – деп, қалың адамның
ішінен Мұхаммет тұрып, жолындағылардың аяғынан, иығынан аттай-
маттай ортаға беттеген. Ақан інісінің мына қимылына таңырқап тұр.
"Бұл не айтар екен, кімді жақтап сөйлейін деп барады. Əлде əкейге
тұрғызған зират жайын айтып, көп алдында мені масқараламақ па?
Япырым-ай, бірдемені бүлдірмесе игі етті!" Мұндайда сөзге араласып,
топқа түспеген Мұхаметтің аяқ астынан бұлайша көтерілгеніне Ақан
шынымен қайран. Көбен би мен бір-екі ауылнайдың сес көрсеткен
сөзінен жасқанып, салы суға кеткендей төменшік тартып үнсіз отырып
қалған шоқпыт киімді жатақтар да бастарын көтерісіп, Мұхаметке
қарасты. Мұхаметтің үні тура Ақан үніндей қуатты еді. Ортаға шыға
саңқ етті. Жұрт сілтідей тынды.
– Ағайындар, жұртым, бəріңнің басың бұлай қосыла бермес. Осы
арада екі болыстың біраз адамдары отырсыңдар. Мен сайлау жайын
айтайын деп тұрғам жоқ. Кімді ертең болыс сайлайсыңдар, оның маған
келіп-кетері шамалы. Менің айтарым басқа.
Жаңа бұл арадан кетуге қозғалғандар орындарына қайтадан
жайғасып бір-бірімен күбірлескендер Мұхаметтің не айтарына
таңданып, құлақтарын түрді. Тек біраз адамдар ғана өз-өздерінен
қуыстанып, жер шұқып отыр еді.
– Өздеріңе мағлұм, ата-анамыз дүние салғалы біраз уақыт өтті. Тірі
адам тіршілігін жасайды. Биыл сауын айтып, жылын бермекпіз! – деді
Мұхаммет қалың жұртқа айнала қарап.
– Е, басын дұрыстап көтертіпсіңдер, қайырлы болсын, – деп
алыстан біреу мысқылмен айғайлап еді.
– Енді құран көтертпей інжіл аудартатын шығарсыңдар, – деп сол
тұстан біреу қақпақылдап, біраз адам қосыла күлді.
Ақан қанша зығыры қайнаса да, сөздің артын бақты.
– Оу, ағайын, кейін қалжақтаса жатармыз, – деп ашулы сөйлеген
Мұхаммет бешпентінің қалтасына қолын салды. – Əкей көзінің
тірісінде, елдің қажетіне жарап, керек-жарақпен жұрттың көңілінен
шыққаны бəріңе мəлім. Бар дүниесін қарызға таратып, соны кейін
жинай алмай жүретін сопы адам еді. Соңғы өлер алдында беріп кеткен
қағазы мынау. Осында бəрі қатталған. Алды бес жыл, соңы екі жылға
дейін қарызын өтемеген берешектер бар екен. Олар енді көрде жатқан
марқұм алдында да, Құдай алдында да күнəһар!
Жұрт қозғалып, жөткірініп, сыбырласа бастады.
– Биыл ас бергенде сол адамдар марқұм алдында күнəдан
арылғысы келсе, ертең өлгенде ақыретімнен жыртып алсын демесе,
тезірек қарыздарын Қараталға жеткізсін. Бас-бастарыңның соңынан
салпақтап, тентірер жайым жоқ. Ұяттарың, мұсылманшылықтарың
болса тез жеткізіңдер. Ал, тыңдаңдар, танып кетпессіңдер, – деп
Мұхаммет қолындағы бір топ қағаздағы көп тізімді ежелеп оқи
бастады. Осы арада Ақан шыдай алмай, алға ұмтылған. – Жетпісұлы
Қасиман үш кез барқыт, үш кез сəтен, бір тарақ алған, Оспанханұлы
Байтері бір қадақ мейіз, шақпақ қант, торт кез сиса. Жантілеуұлы Омар
екі қой, бір ешкі берешек, Сасықұлы Садық үш кез ши барқыт, екі
ұлтан, бір кірпіш шай алған, Жаппарұлы Айжан үш қадақ жүн, бір қой
берешек, Жайлауұлы Сандыбай екі кір сабын, бір иіс сабын, үш кез
лəстік, бір тарақ, Жарасқанұлы...
Қағаздан көзін алмай ежелеген Мұхаметтің дауысы осы арада
үзілді. Отырған жұртты баса-көктей өтіп ту сыртынан келген Ақан
інісінің қолынан будыраған қағазды жұлып алды.
– Өй, – деп жалт қараған Мұхаммет қызарақтап, ағасына не дерін
білмей сасқалақтады.
– Бар, қалғанын мен естіртемін, – деп зекірген сері өзіне тіке қарап,
оқты көзін қадағанда:
– Жарайды, жарайды, – дегеннен бөтен жауап қайырмай, топ
арасына жылыстап, шетке шыға берді.
Ойда жоқ жерден бір шек қасқырша тұтқиылдан тап болған
Ақаннан Нұртазаның жансыздары секем алып қалды. Қыстай үнсіз
жатып, тап мына сайлау тұсында көбік қарды күткен сонаршыдай жарқ
еткен Ақанның келісін жақсылыққа жорымады. Егер Ақан сөйлесе, ел
сүйіктісі ақын сөйлесе, қанша көңілдері суыды десе де мына көп
тобыр көп жатақтың тең жарымы оның соңынан атойлап еріп,
далақтап кете барары хақ. Онда қыс бойы əзірлеп, соңғы күндері аузы,
басына параны аямай тықпалаған қайсыбір атқамінерлер де айнып
шыға келуі ықтимал, үйтпеген күнде де, əйтеуір есіл еңбектің далаға
кетер қаупі тап қыл кеңірдекке тақағандай. Осыны сезген Көбей би
қасындағы қожа, моллаларға, Нұртазаның алыс-жұрағаттарына қарап,
көзімен ұғысқандай болды да, өрттей айтпай жеткен мына жаудың
алдына қарғаша салып, мұсылман қауымын одан бездіріп алмақ ниетке
басты.
– Ау, Ақан, – деп Көбей би алыстан айғай салды, – Бүгін ағайынды
екеуің түстеріңнен шошығаннан саумысыңдар? Қалың қауым ұлы сыяз
алдында, мереке күтіп отырғанда, қайдағы қарызды айтатындарың не?
Жаналғышпысыңдар, немене? Елге сенбейтіндерің бар... ел бетіне
топырақ шашпаңдар. Кəпірлерді жалдап зират салдырып жатыр деген,
қаражатты ел үстінен жинағыларың келген екен.
– Иə, жамиғат, Қараталдың маңы енді харам, Қорамса зиратына
барар адам да харамданбақ, Ақан, сенің іс тұлабойың харам! – деп
Шəмбіл қожа зіркілдеп еді.
– Өзің де, сөзің де харам! – деп Ғұбайдолла молла да қостады.
Ақан сері əрқайсысының сөзіне зейін қойғандай тыңдап, тісі ақсия
күліп тұр. Жаңағы Мұхаммет айтқан қарыздар мойындарынан
басқандай иықтары салбыраған көп жатақтар, аяқ астынан бөрінің
артынша шулаған Нұртаза тобына бір, серіге бір жалтақтап қарай
береді.
– Енді Ақан сөйлесін, өзі берсін жауабын, – деп Байбосын тұрған
қайың бауырынан əлдекімнің өктем үні шыққанда барып, жұрт гуілдей
жөнелді.
– Иə, айтсын!
– Қорекеңнің моласын неге қорлаған екен?
– Шуламаңдар!
– Сөйлесін!
– Қақпандар, сөйлесін! – деп, есембайлықтар мен Барақбай
жігіттері орындарынан тұрып кете жаздады.
Ақан қағаз ұстаған қолын көтерді:
– Тағы қояр сауалдарың бар ма?
Ешкім үндемеді.
– Ендеше мен сауал қояйын. Даурықпаңдар. Осында көл қорыған
қызғышша менің келуімді ұнатпай шар еткен ана бір топтың ниетін де
білем. Белін күдірейтіп, сес көрсетіп шарылдайтын ондай сасық
мысықтар əр ауылда бар.
– Олай жалтарма, Ақан, – деді тағы да Ғұбайдолла.
Ақан тісі ақсиып қайта күлді де, оның өзіне сауал қойды.
– Моллеке, осыдан екі жыл бұрын-ау деймін ұмытпасам, сіз
Қараталға келіп, əкеймен бірге қарамоншаға түстіңіз.
– Иə, онда тұрған не бар, тазалық һəм таһарат...
– Сонда да не дегеніңіз есіңізде ме... Ұмытып қалсаңыз, мен
есіңізге салайын: "Шіркін-ай, мынау - бұ дүниенің жұмағы екен,
осындай рахат дүниені салып, елге жаңалық əкелген адамға Құдайдың
рахметі жаусын, нұрына бөленсін" деп кете-кеткенше біздің əкейге
бата беруден танбап едіңіз.
– Иə, ол рас! Əкең марқұм...
– Ендеше сіз де сол моншадан бусанып, харам болып шыққансыз.
– Астағфиралла, не дейді, Жаппар ием!
– Иə, иə. Ол моншаны Пышнайдың орыс мұжықтары салған. Енді
сіз де кəпір қауымының буымен бусанған адамсыз! Алланың нұрын
соларға төккенсіз аямай!
Жұрт ду күлді.
– Ол монша ғой, мола емес қой. Оның дінге не қатысы бар? – деп,
Көбен жақтан тағы біреу айғайлап еді, Ақан жымиған, күлген жүзін
өзгертіп, байсалды жауап берді:
– Сонау жылдары Ақ патшаның құзырына ілігіп, алдын көріп
қайтқан қазақтың игі жақсылары Петербордағы зəулім мешітке күнде
барып, намаз оқып, дəрет алғандарын жыр ғып келіп еді. Бүкіл
шығыстан барған керуенші мұсылмандар да сол ғажайып ғимаратқа
барып маңдайларымен тас еденіне жығылып, сəждеге бас ұрады екен.
Оны да салған орыстар.
Жұрт тағы да гуілдесіп кетті:
– Рас-ау!
– Солай екен-ау!
– Мына қара!
– Жөн-ау, жөн сөз!..
Ақан енді Көбен жаққа түйіле қарап түйдектей жөнелді.
– Егер харам болса, от басым, алтын ұям деп отырған ана
Нұртазаның, Сүтемген балаларының, Жанботаның, Азынабайдың,
Тастанның қарағай үйлерін қай мұсылман салыпты. Айыртау,
Сандықтау, Қотыркөл, Зерендінің қазақ-орыстары мен əрісі Ақмола,
берісі Пышнайдың мұжық переселендері емес пе еді жалданған. Іргеңе
қонған бөтен елдің өнері мен іскернііінен үйренем десе, қараңғы елдің
етегінен басып жібермей, өлімді жерде семіріп, иығынан баса
бергенше неге бір желпінбейсіңдер. Орыс қамыты мен шлиясын атыңа
салып, траншпенкесіне мініп шіренгенде сондайсыңдар, енді
Қорамсаның зиратынан харамдық көре қалған екенсіңдер. Сендерге
салса, ас ішіп, аяқ босатып жыртыс-жырым мен қалта томпитып, өлген
адаммен жер томпайта саласыңдар. Жо-оқ, сендердей арам ауыз
моллаларға адал асымды малшылатып рəсуалағанша, адал еңбегімен
ақшасын алар орыс мұжығына күнім түссе болмай ма.
Көбен мен екі-үш молла жібек шапандарының салақтаған жеңдерін
сілтесіп, "бұған дауа жоқ, жөпшендіге көніп, сөзге тоқтар Ақан бола
ма? "Тіл өзімдікі деп безей береді", "тіл мен жақ" десіп, серіге сырттай
кіжініп, беттерін бура берген.
Ақан сері көптен бүкіл Көкшетау еліне тарап, бетіне шіркеу болып
жүрген зират жайын мына жиынға түсіндіріп, арылғанына іштей қуана
тұрып, оларға тағы да айғай салды:
– Оу, Көбеке, қайда асығасыз? Оу, молдалар, жаңа мына қарыз
жайын сұрап едіңіздер ғой. Тоқтаңыздар, айтайын, – дегенде, аналар
бөгеліп, көздері шарасынан шықты, қалың жұрт та селк етісіп, бір
сұмдық көргендей дауыстары шығып кетті. Ақан қолындағы
қарызшылардың есімі, есебі жазылған қалың, көп қағазды дар-дар
айырып, екі уысымен жұмарлап, домалақтап лақтырып жіберді. Жұрт
тағы да сілтідей тынған.
– Қалтаңда шақпағың болса, андағы қағаздарды жағып жібер, –
деді Ақан домалақ қағаз тізесіне түскен бір жігітке қарап.
Жұрт Ақанның бұл қимылына түк түсінбеді. Тек Көбен би ғана
арамы сұмдығына басып, маңындағыларға күбір етті.
– Ə-ə, Ақан енді тілмен ғана емес, пұлмен де мына қара қауымды
сатып алмаққа тұр. Қара да тұр, қазір енді найзасын кімге жұмсарын.
Кетпейік, күтейік сөз артын.
Ақан сері де Көбен бидің көлденең ойын дəл түсінгендей
жатақтарға айнала шола қарап алды да:
– Ал, ағайын, кім де кім əкейден дүние-зат, ол-пұл алып қарыздар
болса, кешірімді! – деп, Мұхаммет кеткен жаққа қарады. Мұхамметтің
қасында Рамазан да тұр екен. Екеуінің де өңі келмей, долырып, күйіп
тұр еді. Ағалары қарағанда ұнатпай, сырт айналып, ағаш арасына
қарай сүңги беріп еді, Ақан Рамазанды тоқтатып алды. – Əй, Рамазан,
тұра тұр. Сіздерге бұл қарызды кешіруші мен емес. Мен бар болғаны
əке аманатын орындаушымын. Əлгі Мұхаммет жоқ еді. (Ақан оны
ұялтпайын деп, əдейі арашалады.) Рамазан болатын. Солай емес пе,
Рамазан! (Рамазан салғырт қана бас изеп, жыларманға келіп бұрылып
кетті). Əкем марқұм өлерінен бір ай бұрын бізге енші бөліп, əлгі
қарыздарды ешкімнен алмаңдар, өздеріне айтыңдар, бəрін кештім деп
еді.
Жұрт тағы да гу ете қалды. Қолы қысқа жандар қуанысып,
кейбірінің көзіне жас үйірілді.
– Жарықтық-ай!
– Топырағы торқа болсын!
– Апырым-ай, қаншама пұлды кешкені-ау!
– Туһ, мынау бір арқаны кеңітер жақсылық болды-ау! Жатқан жерің
кең болғыр!
– Ой, жарықтық о дүниеде жұмақтың төрінен кетпе!
– Қашан өтегенше бетімнен отым шығып жүруші ем.
– Оу, мен үш рет қарыз алдым-ау.
– Не деген кең адам еді, топырағың торқа болғыр!
– Құдай да жақсыны қоя ма, – дескен Қорамса атына жаудырған
алғыстар қалың нөпірдің əр тұсынан естіле беріп араның ұясынша
гуілдеп, ұзақ уақытқа дейін бір-бірімен бас шұлғыса сөйлесіп кетті.
Жұрт алдында табалағандай ағасының қылығына намыстанып,
өлердей ренжіп, əрі қаншама байлықтың табан астында қалғандай
болғанына іштері күйген Мұхаммет пен Рамазан аттарына қонып,
сайлауды тастап, сол кеште Қараталға бет бұрды.
– Ойпырым-ой, мына Ақан серің зымияндықты да үйрене бастаған
екен. Болыстардың қыстай шапкылап шашқан дүниесін, дəл дер
кезінде, көзімізді бақырайтып тұрып шаша салды-ау. Енді қара да тұр,
Нұртазадан ала алмай жүрген өшін осы арада қайтармаса маған туһ
бетіңе дендер, айтпады демеңдер, – деп Көбен би өз тобына қарап,
аузын жиғанша болған жоқ, Ақан даусы тағы да саңқ етті.
– Ал, жараңдар, сабыр, сабыр, – дегенде жұрт бір адамдай тына
қалды. Күн еңкейіп көлеңке басын ұзарта бастаған. Ағаш
көлеңкесіндегілер мойындарын соза қайсыбірі жүгіне отырып, ақын
даусына құлақ түрді. Күнге қараған беттегілер маңдайларына
алақандарын қойып, əлдебір жақсы сөз айтыларын сезгендей үпсіз
жұтына түсті. Маңайдағы тұсаулы, өрелі аттардың мысқырған үніне
дейін анық естіледі. – Мен осында зират жайын баяндайын, не марқұм
əкенің аманатын айтайын деп келген жоқпын. Болыс сайлауында
орталарында болуға келдім. Жаңа Нұртаза болыстың төңірегінде
қаншама дау айтылды. Шет жағасын ғана естіп қалдым. Көбен би
Нұртазаға шаң жұқтырмай сөйледі. Əрине, қарға қарғаның көзін шұқи
ма. Егер əңгімелерің ертең шар таласына кімді сайламаққа тірелсе,
менің бір-ақ сауалым бар. Нұртазаның тағы да болыс болуын
қалайсыңдар ма?
Ақан жан-жағына қарады. Отырғандар ойланып қалды.
—Оны əркім өзі шешпей ме, талқыға салатын не бар, – деп Көбен
би алыстан тыныштықты бұзып еді, орта тұстан біреу:
– Бізге кімнің болыс болғанынан келер-кетер бар ма,- деп сүлесоқ
жауап беріп еді, əр тұстан болжыр дауыстар естілді.
– Қай болыс жетістіріпті.
– Кім болса, о болсын.
– Нұртазадан басқа біреу сайланса, айдарымыздан жел есер
деймісің.
– Өзі сайлауы не де болса тез бітсе екен.
– Естіген шығарсың, Ақан, ел үшін бəрібір, дұрыс айтады.
Жүріңдер, кеттік, енді не тұрыс, – деп Көбен би қасындағы өз тобымен
дүрілдей бұрылып, ауыл беттеді.
Ақан əлі үнсіз тұр. Көптің ара-арасынан қадау-қадау бірлі-жарым
адам орнынан тұрып, жүрмекке айналды. Көпшілігі əлі отыр.
Көбендер ұзай бергенде, сері қайта бастады сөзді.
– Оу, қашанғы осынша ынжық боласың, жұртым! Сендерді
ұлықтардың көзіне ілетін күні бүгін. Ертең сайлау біткен соң адам
қатарына қосар ма. Ендеше өздеріңді бір мезгіл ойламайсыңдар ма,
сендер де ұрпақ жайып, ел болып, күн көріп отырған азамат
емессіңдер ме? Қашанғы бұға бересіңдер? Бұрынғысын айтпағанда,
күні кеше керей мен атығай-қарауыл арасына ой тастап, екі елді
араздастырып, жауластырып қойған Нұртаза емес пе?! Керейдің
қыруар малын айдатып алып, ақыры бəріңе төлетіп, айып-айбана
салған Нұртаза емес пе? Əй, мына жақта Қантай ауылының
Есембайлары отырсыңдар. Кеше қыс ішінде тыржалаңаш дірдектетіп
жігіттеріңе дүре салып, соғымдарыңа дейін тартып əкеткен,
Қанабалдың стражниктері мен Нұртазаның ауылнай, поштабайлары
емес пе?! Ана Көктеректің жандары, Бəтжанның жаназасын да шығара
алмай, қазан-ошақтарың тебіліп, алдың соққыға жығылып, ауылың
ойрандалып еді, мына Барақбайдың жігіттері, сендер де ұры ауыл, ұр
да жық ауыл дегенге кеуделеріңе нан пісіп ширатылғаннан басқа не
істедіңдер Нұртазаға, міне шоқтыбайлар, əне жаулыбайлар, Ананай,
Қарашадан тараған ұрпақ, қане осы арада қайсың барсыңдар болыстың
қаһарына ілікпеген? Сендердің жасықтықтарыңнан, сендердің момын,
қараңғылықтарыңнан арыстай-арыстай азаматтар Шəкей, Ожымбай,
Байбатырлар тексеру, тергеусіз ит жеккенге айдалып, сібір айналып
кетті. Егер бұлай басындыра берсеңдер ертең талайыңның көзіңнен
қанды жас ағады. Мейілдерің, тағы да сайлаңдар Нұртазаны. Бірақ,
шын еркек болсаңдар неге ақ пен қараға көздеріңді жеткізбейсіңдер.
Қашанғы өсек пен өтірікті бойға құт санап, қашанғы болыс пен
байдың аяқ-табағын жалап күн кешесіңдер!
Жұрт бір-біріне қарасып, орындарынан ыңғайсыз қопаңдап,
сұрлана бастады.
– Кеше "Керей малын Ақан айдатып алыпты, барымташылар да
соның үзеңгілес серіктері екен, бүгінде орысқа зират соқтырып жатыр,
ертең бар мұсылманды көпір қауымына енгізеді" дегенде қарғаша бас
шұлғып, сауысқанша шықылықтайсыңдар келіп.
– Ақан шырақ, біз əлі де дүдамалда жүр едік.
– Шын ба өзі Нұртазаның қиянаты?!
– Расында да басын неге ашып алмаймыз, – деген үндер шықты.
Жұрт үнінде ашына бастаған сарын байқалады.
– Əлі де кездерің жетпесе, сұраңдар Нұртазадан барып. Əлде
қашан сайлау өткенше түлкіше бұлаңдап, жылмыңдаған болыстың
бұлаң құйрығына қарап отырсыңдар ма?
– Дұрыс сөз. Сұрау керек. Қашанғы басынады? Біз де жұртпыз, –
деп Қантай ауылынан Сатай қарт тұрып еді, айғайлап, ұрандап, көздері
қанталап Барақбайдың ұры жігіттері өре түрегелді.
– Жүріңдер, қазір барамыз!
– Қане еркек белгісі барларың еріндер!
– Қатындарың қалыңдар!
Аяқ астында мынадай дүрбелең болар деп ешкім де ойламап еді.
Қалың жұрт топалаң тигендей орындарынан бірі қалмай өре тұрып,
ағаш арасынан шығып, тура алыстағы ақ үйлерге қарай өңмеңдей
тартты. Қолдарынан тастамай жүретін қамшыларын білемдей ұстап,
жұбын жазбай қатты аяндап, түнерген сұсты топтың қазіргі түрі
шытынап тұрып, қатты жарылған Есілдің көк сеңіндей еді. Арнасынан
шыққан тасқындай лақ еткен дүлей күш қара көпір жіксіз тұтасып,
жылдам жылжып барады. Тыстағы өрелеп, тұсап жіберген аттарына
мініп-мініп алған салт аттылар да əп-сəтте соңдарынан жеткен.
Шеттеу тігілген ақ шаңқан үйдегі Нұртазаға хабар бұрындау тиді.
"Ақ балақтың" алаңына жиналып, жиын құрған жатақтар тобын болыс
естіген. "Стражниктер қосып, ауылнайларды жіберіп таратсақ қайтеді"
деп ақылдасқанда, ояз Коновалов: "Сайлауға дейін кімнің қайда жүріп,
не сөйлесем десе еркі, мүмкін қырғыздардың əдеттегі ет жеп, қымыз
ішіп өткізер сауығы шығар, оның соңынан жүретін жандармерия жоқ"
деп салғырт жауап берген. Ояздың кейінгі кездегі сыңайынан Нұртаза
сезіктенеді. Бойын аулақ ұстаған Коновалов пара алудан да қашатын
сияқты. Тегі Нұртазадан құтылғысы да келетін тəрізді. Осы жолы
Шалабай мен Жанболаттардың сый-құрметінен аспай жүр. Солай
қарай жүгі ауғанға ұқсайды. Азынабай, Жанботалар да, тіпті басқа
билер де іргесін аулақ сала бастапты.
Нұртаза
алдындағы
қымызын
тастай
бере
Сүлеймен,
Жəнібектерден бұрын үйден шығып, зытып берді.
Жақын жердегі тоғай арасына жаяу барып, серуендеп қайтқан ояз
Коновалов бұл уақытта қонақ үйінен жырақтау болыс, билермен
əңгімелесіп, батар күннің алдындағы тымық, таза ауада дем алып
тұрған. Көзі алақтап, еңкеңдей басып жеткен Нұртаза қырғидан
қашқан торғайдай араларына қойып кетті.
– Əне, келе жатыр! Ойлары жаман, – деп ентіге сөйлеп, тоғай
бауырына үрейлене қарағанда, ояздар да бұрылып, ағаш арасынан
шыққан қалың топқа көз тастады. Шынында да, осылай қарай
аршындай басқан топтың түрі бөлек еді. Бірақ, қазақ арасында
пəлендей бөтен қимылды көрмеген ояз онша саса қоймады. Содан
болар, Нұртазаның үрейлі сөзін де ұқпады. Болыс алдында мылтық,
қылыш асынған адамдары бар, ояз жатқан үйге барып паналағанда да
ештеме түсінбей, бейғам тұра берді.
Сұрланып, тістеніп алған кедей ауыл – жатақтар Нұртазаның ояз
үйіне кіргенін сонадайдан көріп келе жатқан. Тура ояздардың алдына
жеткенде де бөгелген жоқ, өңмендеп, итермелей өте берді.
– Ə, жасырынғың келген екен.
– Бізге Нұртаза керек.
– Нұртаза!
– Қанішер Нұртаза!.. – деп талай балағат сөздерді қоса айтып,
қызып, лепіріп алған ашулы жандарға ақсақ ояз таяғын көтеріп,
ақырды:
– Қайда барасыңдар, бұл не бассыздық?!
– Бізге Нұртаза керек.
– Құйрығыңа тығып отыра алмайсың! – деп, алдыңғы лек сəл
бөгеліп қалып еді, басқа болыстар да оязға қосыла зекіре бастаған.
Арттан итерген Барақбайдың ұрылары:
– Не мəймөңке керек!
– Ояздың өзін қоса тергеу керек, – десіп, алға лықсыта итергенде
Коновалов көптің ортасында қалды.
Бəрі ойламаған жерде болғаны сонша көп адам ештемені түсінбей
əлгі болыс, билердің шоғырын басқа, көзге төпелей жөнелді. Кімді-кім
ұрып жатқаны белгісіз. Болыстар қалбаң ойнап, сыртқа қашты. Қатты
жұдырық тиген ояз етпеттей құлап, таяғы ұшып кетті.
Басып-жаншып жетіп қалған мына есірік жұрттың қимылынан
алғаш түк түсінбей қалған стражниктер, екі-үш атты казак-орыс
мəңгіріп тұрды да, басын қолымен көлегейлеп, қорғаштап топтан шыға
алмай шырқ айналған оязды көргенде сарт-сұрт еткізіп мылтықтарын
оқтап екі-үш рет көкке атты.
Сонда барып, есін жиғандай қалың нөпір лықсып келіп, кейін
серпілді. Сытылып шыққан Коновалов алды-артына қарамай, бетінен
басып ұялған жандай киіз үйге қойып кетті.
Қаз-қатар
мылтықтарын
оқтанып
тұра
қалған
қарулы
стражниктерден сескенген асау топ кейінірек ығысып, алыстан сес
көрсетеді.
– Бізге Нұртаза керек.
– Сөйлесетін сөзіміз бар.
– Адал болса шықсын бері! – десіп, қызулары сəл тарқай
бастағанда, күн де қызарып бата берген, бəрі Көкшетау жақтан келер
қара жолға жалт қарасты. Доғасында қоңырау дыңғырлаған пар атты
салдыртып келеді. Соңында мылтықтары шошайып, шоқаң-шоқаң
еткен əскери салтаттылар.
Енді ғана етқызумен қалай шатақ шығарып, əкімдерге қалай қол
жұмсағандарынан зəрелері ұша бастаған жұрт баяу шегіне-шегіне
қалың тоғайдың бауырына дейін жетті. Көкшетау жақтан келгендер
бұлардың тұрысынан бейхабар, тура салдыртып отырып, жолсызбен
бұрылып, алдында стражниктері бар киіз үйдің алдына тоқтады.
Шу шығарған жатақтар тегіс аттарына қонып, ағаш бауырында
шоғырланып, енді не істерлерін білмей дағдарып тұр. Араларында
Ақан сері бар. Өзді-өзі күбірлесіп, күңкілдескендері болмаса, бірде-бір
жазғырып, не масаттанған ешқайсысы жоқ. Ояздар жатқан киіз үй
жаққа шошына қарап, істің соңын күтті. Жарылып, бөлініп кетуге де
арланатын сияқты. Не де болса, бұрын-сонды болмаған қимылдан
келер керді күтіп алмақ. Қалай күтіп алмақ, ол арасы да бимағлұм.
Əйтеуір жұбы жазылмаған қарағайдай қалың жұрт бір-біріне ес.
Мынау қара халықтың ессіз де болса, есте қалар қатты, тұтас
қимылынан ə дегенде қатты шошынғанмен ашынып жүрген жұрттың
ащы-ащы сөздеріне, ниетіне риза Ақан енді мойындарынан су
кеткендей ұнжырғасы түскен еліне қуат бергісі келіп, күле тұрып, түнгі
тоғайды жаңғырықтыра:
– Ау, жұртым, қалай екен, батырға да жан керек, төңірегінде
тайраңдаған Нұртазадай жаман болысты ғанa емес, төбеңде
ойнақтаған ақсақ оязыңды да омақа астырмадық па? – деп айғайлап
еді.
– Е, көп түкірсе көл емес пе.
Аюға намаз үйреткен таяқ, – десіп, қайсыбір жігіттер қорқақтай
тұрса да, бойына қайтадан жан кіргендей тілге келді.
Ақан енді бағанадан ойына оралған өлең шумақтарын тақпақтата
жөнелді.
"Коновалов, ақсай бастың аяғыңды,
Түсірдің барымтаға таяғыңды.
Кедейлерге Есембай салдың дүре,
Əзер болса істерсің баяғыңды.
Параны Шалабайдан ондап алдың,
Басынды бос мойыннан қорғап қалдың,
Жігіттер бет-аузыңды көгерткенде,
Ақсаңдап, шолақ иттей жолда қалдың!
Қарашы, жаратқанның бұйрығына,
Бөрігін баса киіп милығына,
Нұртаза таяқ жемей аман қалды-ау,
Ояздың еніп кетіп құйрығына".
Жұрт қарқылдап тұрып күлді.
– Тағы да, тағы да! – дескен жұрт елеңді қақпақылдап, жаттап
жатыр...
Ай көтеріліп, үрейден айыға бастаған қалың топ бір уақытта шу ете
қалды. Ел жақтан əлдекім күтпеген хабар жеткізді:
"Ояздар аттарын жектіріп, кетейін деп жатыр. Сияз кейінге
қалдырылыпты. Патша келе жатыр дейді".
Бұл хабар түн ортасында анық болды. Бүкіл ауыл дүрлігіп, "Патша
келеді, патша келеді" деп үйлерін шыға бастады.
Келесі күні қазақ даласына тараған хабар да сол:
– Патша келеді!
– Патша келе жатыр.
– Қайда, осында ма?
– Кім білсін.
– Патша келеді
– Патша...
– Патша...
– Ақ патша!..
2
Сырымбет бауырындағы Шыңғыс ауылы. Кешеден бері сұлтан
тұқымының тайлы-таяғына дейін таң қараңғысынан тұрып, абыр-
сабыр жүгірісіп, қадірлі қонақтарды қарсы алу қамында. Бұрын
қотанынан келімді-кетімді қонақ арылмайтын құтты ауыл қалың
нөпірді көрмегелі не заман – жиырма жылдан асып барады. Ел билігі
жаңа заң бойынша сұлтан қолынан уездік басқармаға ауысқалы бұрын
Шыңғысқа бағынышты дуанның қазіргі болыстары күн өткен сайын ат
ізін салмайтын болып алған. "Қайран дүние, бəрі қолында барында
екен ғой, оң жағында орыстан қос заседатель, сол жағында қазақтан
екі би – шалқып отырған шағында алдыңда құрдай жорғалап,
табаныңды жалауға арланбайтын болыстар енді ту сыртын берді. Көп
жиналған жерге анда-санда қарттығын сыйлап шақырғаны болмаса
күні кетіп, бағы тайған аға сұлтанға бұрынғы ілтипат жоқ. Алты күн
атан болғанша, бір күн бура бол деген осы екен-ау!" деп, жатқа сырын
бермесе де, іштей күйінетін Шыңғыстың кейінгі жылдары мүлдем
сағы сынғандай еді. Оның үстіне кəрілік те иектеп, бұрынғыдай емес,
тамақтан да қалып шөге бастаған ол, ен байлық, еркін тіршілігі көзінен
бір-бір ұшқандай болып, қатты қайғыға түсіп, арманы ұлғайған соң,
"қой қарттыққа берілмейін, бұл сұм дүние басыла берсең, албастыдай
баса береді, одан да əзір тырнағым мүжілмей тұрғанда өлімге
бойсұнбан, бетінен бір тырнап қалайын" деп бір серпіліп, қанатын
қайта қомдап, бүрісе бастаған шеңгелін қайта ашқан: биыл көктемде
жайлауға шыға, сексен жасында бүлдір жас тоқал алды. Ескі жабағы
жүні төгіліп, түлеген бүркіттей құлпырып шыға келген сұлтан кешелі
бері ерекше көңілді. Қабағы ашылмайтын қайғылы қарт тəубесіне
келгендей: "Поу шіркін, бəрі де көңілге байланысты екен-ау, бəсе,
бəсе" деп көпірте салған қалың құс төсекте көмілген ақ сазандай жас
тоқалының тамағынан мейірлене иіскеп, тысқа жадырай шыққан да
бүкіл ауылды аяғынан тік тұрғызған.
– Жақып, Махмет, Қоқыш, – деп балаларын жылы сөзбен айналып,
мылқау Мақыға дейін жайдары ымдап келер қонақтарды қалай қарсы
алудың жай-жапсарын ұғындырды.
– Малдың да қайбір күйі бар, өзі қыстан зорға іш шыққан
сілімтіктердің мына аптап пен сона, бөгелектер мүлдем титықтарына
жетті-ау. Əйтсе де табылар, жібі түзу дөнен қой болса, еті жеуге келер
құлын болса сойыңдар, қыстан шыққан сүрлеріңді молырақ салыңдар,
– деп аз төлеңгіттері мен келін-кепшік, малайларына зілсіз бұйрық
берді. – Үй ішіндегі түскиіз, кілемдерді, төсек орын, бар жиһазды
далаға шығарып қағып, сілкіңдер!
Шыңғыстың бұлайша шала бүлінуінде себеп бар. Осыдан екі-үш
күн бұрын ояз Коноваловтан арнаулы депеша келген. Онда, июнь
айында Омбыға патша мұрагері Августейший атаман Николай
Алексеевичтің келетіні, қырғыз даласындағы зиялы, басшы
адамдармен жүздесетіні, бүкіл қырғыз депутациясын генерал-
губернатордың ұйғарымы бойынша полковник Шыңғыс Валиханов
басқарып баратыны, бұл жөнінде сегіз болыстың адамы жиналып,
Сырымбет бауырында кеңес құратындары айтылған.
Аға сұлтан балаша қуанды, Ресей империясына мейлінше адал
қызмет еткен адам тұғырдан түскен соң ұмытыла бастағанына,
Омбыдағы əскери қызметтегі бұрынғы Гутковский, Капустиндей
жандарал, чиновиик достарының азайып, бүгінгі басшылардың
көзінен қалыс қалғанына күйінген еді, енді исі қазақты, қазақ болғанда
да бар атқамінер, шонжарларды өзі бастап баратынына іштей
мардымсып, дала генерал-губернаторының мұны елегенін тегін емес
деп түйген.
Патша мұрагерімен жүздескенде тым құрмаса екі түрлі
жағдайының түзелетініне көзі жеткен сияқты. Бірі – əкесі Уəли қайтыс
болған соң, жесір Айғаным ханшаның иелігіне Сырымбет маңындағы
тоғай, көлі бар ұланғайыр жерді Николай патшаның жарлығымен кесіп
берген. Кенесары тобындағы басбұзарлар өртеп жіберетін мешіт,
желдиірмен, моншаларды да қайтадан салдыртып еді. Келе-келе заман,
заң өзгерген сайын сол əкеден мұраға қалған Аққан-бұрлық өзені
бойындағы, Бабық төңірегіндегі жайлаулық, күземдік, шабындық
жерлерге іші тар казак-орыс офицерлері көз алартып, қайсыбір
Нұртаза секілді болыстар анда-санда қоқан-лоқы жасап та қояды.
Патша мұрагеріне осыны айтып, мұның аты да Николай көрінеді,
иелігіндегі жерді мəңгіге қалдырмақ. Ертең өзі көз жұмғанда да ана
балаларына ешкімнің тісі батпас еді.
Екіншісі – оқыған зерек ұлы Шоқанның тірі кезінде қанша əрекет
еткенмен, кейбір дұшпан саналатын Фридрихе сияқты əскери шені,
лауазымы жоғары адамдардың бөгесінімен, Ерден сияқты ел
сұмдарының арыз-шағымының кесірінен ала алмай қалған князьдік
титул. Егер осы жолда оны да орнына келтірсе, Шыңғыс əулетіне
орнар бақ мəңгі-бақи қалып, ел тізгіні тағы да төрелерге тиер ме еді.
Жұрт тегін айтпаған ғой: "Бір төре таққа мінсе, қырық төре атқа
мінеді".
Бүгін ояздардың келетін күні.
Ақ шаңқан сегіз қанат дөдегелі киіз үйді Қылды көлінің жиегіне,
қалың балауса қайыңның бауырына тіктірген Шыңғыс, шөбі
тапталмаған көлеңкеге төселген түрікмен кілемінің үстінде қымыз
ішіп, əңгіме құрып отыр. Қасында Сердалының оқыған ұлы
Мəмбетəлі, балалары Жақып пен Махмет. Мəмбетəліге кісі жіберіп,
түнделетіп əдейі алдырған.
Жайлаудан мезгілсіз уақытта қыстауына келген Шыңғыстың мына
əбігерлігіне, үй мүліктерін жайнатып, мал сойып той қамына кіріскен
салтанаттарына Мəмбетəлі алғашқыда түсіне алмай қайран қалды.
Жақып пен Махмет те егіз қозыдай бірдей киініпті. Күн ыстық болса
да үстерінде ақ көйлектің жағасын сыртына шығарған қара пенжек,
тар панталон, бастарында күрең қызыл, төбесі биік, шашақты түрік
төбетейі – феска.
– Мəмбетəлі шырақ, патша мұрагерінің келе жатқанын естіген
шығарсың, – деді көңілді отырған Шыңғыс, қымыз іше отырып біраз
амандық-саулық сұрастырып болған соң.
– Естідік қой, Шың-аға. Бүкіл ел боп дүрлігіп жүрген жоқ па?!
– Баяғыда кнəз Владимир келгенде де ұлан-асыр той жасап, ел бір
сабылып еді. Оның келісіне қарай жаңа заң, ережелер шығып, біраз
аударыспақ дүниелер болып еді-ау. Əйтеуір арты қайырлы... əр ханның
тұсында бір сұрқылтай – бұл мұрагердің жүрісінде де бір гəп бар
шығар-ау. Бізден гөрі құлағың түріктеу ғой, не естіп, не білгенің бар?
Мына Махметтер бұрынғыдай қазет, жорналдар алдыруды да қойған.
– Алдырғанда оны сонау жайлауға кім жеткізіп береді, соны
оқымаған қазақ та тірі жүр ғой, – деп, бағанадан Мəмбетəліні ұнатпай
шытынған тəкаппар Жақып теріс қарап, сыздықтата түкіріп, мұртын
сылады.
Байсалды Мəмбетəлі Жақыптың ұшқалақ сөзіне мəн бермегенсіп,
сырлы тостағандағы қымызын шайқай отырып, Шыңғысқа жауап
берді.
– Мұрагердің бұл жүрісінде айрықша мақсат болмаса керек.
Былтыр бүкіл нөкерлерімен шығыс елдерін аралауға шыққан. Грек,
Мысыр, Үнді, Қытай, тағы да көп елді-мекенді саяхаттап, Жапон
жерінен Россияға оралмақшы да. Бұл – сол келе жатқан беті болса
керек.
Енді жол бойы патша империясы қол астындағы жұрттың сау-
саламаттылығын білу шығар ниеті.
– Бір жыл болған екен-ау, не деген ұзақ жүріс. Шаршаған да
шығар-ау.
– Неғылған шаршаған. Қызық емес пе. Жаяу жүрді деймісіз. Оған
біреу жүк артып па, – деп Жақып тағы да қыстырылып еді:
– Тек! Аузыңа қайдағы бір "құнды" сөз қайдан түседі, – деп қызыл
көзін қадай қараған Шыңғыс Жақыпқа зекіп тастады. – Атасақалың
аузыңа біткенше қыңыр сөйлеуді қоймадың-ау. Одан да ана
шаруашылық жағын бір қарап келші. Ояздар да келіп қалар.
Жақып үнсіз тұрып, ағаш үйге беттеді.
– Патша мұрагерін қарсы алуға бүкіл қазақ атаулыдан депутация
бармақ. Мұрагер əдейі жүздесуді ниет етсе керек. Соған басшылық
етуге Омбы генерал-губернаторствосы мені қалапты.
– О, Шың-еке, қайырлы болсын! Бұл бір үлкен міндет қой.
– Сені де соған ала барғым келіп отыр.
– Мені ме? – деп Мəмбетəлі басын көтеріп алды. – Рахмет,
Шыңаға, бірақ... əлгі, болыстар, оязыңыз рұқсат етсе? Ондай жерге
шақырусыз адам бара алмаса керек.
– Шақыру бас-басына болмайды. Кімді апарам десем, билік
қолымда... Жарайды, оны ақылдаса көрерміз. Ал, сен осы мұрагердің
жағдайын айтшы. Өзі нешедегі адам, əкесі Александр ақсақал нешеде
еді? Бəрін біліп алғаным жон ғой. Ұмытыңқырап қалыппын. Бұрын
Петербордың бар санаттары мен белгілі чиновниктермен араласқан
кездерде бəрін білетін ек... А-ай, талай заман өтіп кеткен екен-ау...
Уақыт не деген жүрдек десеңші, – деп, Шыңғыс қолдың саласындай ақ
қайыңдардың саңылауынан көрінген Қылды көлінің айдынына мұңая
қарап еді, көзі аяқты адалбақанға іліп қойған мундиріне түсті. Көптен
абдырада жатқан көнетоз əскери киім уқаланып, полковник эполетінің
оқалары ыдырап, сарғыш тартыпты. Ат үстінде жүрген аға сұлтан
кезіндегі, бір қауым елді ашса алақанында, жұмса жұдырығында
ұстаған билікті, қуатты кезіндегі ескі көз ғой. Ұзақ жолға қамданған
Шыңғыс бұрынғы "бес қаруы" – қылыш, черкес белбеуін далаға
шығартып, полковниктік бөркі мен кеңдеу тігілген панталонына дейін
тазалатып, абдыра түбінде дымданған дүниелерін жел қақтырып
қойыпты.
Мəмбетəлі сұлтанның сұрағына жауап бергелі оқтала беріп,
орнынан атып тұрды. Үй сыртынан қол арба көрінді. Ел арасындағы
шеберлер жасаған алдыңғы қалдайшасы жоқ темір доңғалақты кең
арбаның шабақтарын шертіп жіберердей зорға сиып, денесі ірк-ірк
еткен мес кемпір отыр. Бұл – Шыңғыстың бəйбішесі Зейнеп. Арбаның
артынан итерген жас əйелді де таныды. Ол – атақты Тезек төренің
қызы, Шоқанның əйелі Айсары, əмеңгері Жақып Жетісудан əкелген.
Мəмбетəлі ізет етіп, Зейнептің баржия ісінген қолын алды.
– Бұл қай бала, – деді екі жағынан таянған жігіттерге мешел
балаша қолын жайып. Мəмбетəлі мен Махмет қолтығынан демеп
арбадан зорға түсірген зілдей Зейнеп күйеуінің қасына барып
отырарда иліге алмай, майдан мамырлаған семіз қаздай əрең жайғасты.
– Сердəлінің Мəмбетəлісі, – деді Шыңғыс бəйбішесіне шытына
қарап. Қасындағы барқытпен тысталған жұмсақ көпшіктерді əйелінің
алды-артына сырғыта тастады.
– Е-е, пақый-ай, Шоқаным секілді оқымысты баласы бай деуші еді,
сол шығайсың-ау. Уһ, Шоқаным- ай, Шоқаным, – деп кемпірдің түсі
өзгеріп, кемсендегендей болды. Айсараның да көзіне жас оралып,
шегіне бұрылып, арбаны жетектеп кетіп барады. Арқасы бір уыс
болып бүрісіп, жылап барады.
Ентіге басып бір төлеңгіт шал келді. Қол қусырып Шыңғысқа күбір
етті:
– Төрем, Сырымбеттің бауырынан көп арбалы, салт аттылар
көрінді, қонақтар болар...
Қарасы жүз шақты адам – бірнеше пəуеске, тарантасты ояз
арбалары, жан-жағында арқасында шошайған мылтық, күнге
жарқылдаған қылыш асынған жандарал, казак əскерлері бар, түс ауа
сау етіп Шыңғыс ауылына келіп түсті. Тегі жолда тосып алса керек, би,
болыстар да бірге жетті. Іштеріне омырауларына саусылдаған медалі,
знактарын таққан станица атамандары да бар.
Үсті-басының шандарын қағып, шара-шара балдай салқын
қымызбен шөлдерін басқан жолаушылар Қылдының мөлдір айдынына
шомылып, көл жағасында аунап-қунап дем алғанша ыстық та қайтып,
күн етекке жақындаған.
Депутация мəжілісі кешке Шыңғыстың он екі бөлмелі ағаш үйінің
шамдары самаладай жанған қонақ күтетін кең, зəулім сарайында өтті.
Қашан мəжіліс басталғанша бұрын бұл мекенді көрмеген станица
басшылары-өңкей ширатылған мұртты казактар сарай ішіндегі
жиһаздарға таң қалып, бір-бірімен бастарын түйістіре сыбырласады.
Аға сұлтан үйінің жиырма-отыз сажындай ұзын, енді еденіне жаппай
төселген көздің жауын алғандай шығыс өрнектерімен əшекейленген,
он-он бес малай зорға көтерерлік тұтас қалы кілем, хрусталь
салпыншақтары бар шырақ ілген канделябрлер мен бралар, əр
қабырғаға жабыстыра орналастырған айналар, бетіне жолбарыс, аю,
барыс терілерін жапқан өздері жайғасқан диван жұмсақ орындықтар,
есік, терезелерге ұстаған кестелі, шашақты жібек шымылдықтар,
əсіресе орған, қытай вазаларын көргенде, сырттағы мешіт, қора-
қопсыларға қарап тамашалаған урядник, приставтардың енді естері
шықты. Бар дүние тозығы жеткен көне көрінгенмен Петроград,
Москва қалаларындағы дворян, не помещиктердің бай тіршілігін
елестетеді. Баяғыда күні өткен дала сұлтанын аса менсінбей келген
казак-орыстар да енді мына əсерден соң, іштей Шыңғыс дəулетіне,
бұрынғы хан тұқымына аса бір ілтипат, сый-құрметпен қарайтын сезім
пайда
болғандай.
Омбыдағы
кадет
корпусындағы,
дала
губернаторствосындағы кейбір офицерлер мен қала чиновниктері
анда-санда ауызға алып, мақтап отыратын аса дарынды, шексіз білімді
Шоқан Уəлихановтың да тегін адам еместігіне енді иланғандай.
Ортадағы емен столдың қақ басында отырған Коновалов қалың
папканы ашып сөз бастады.
– Мырзалар, офицерлер, урядниктер, болыс басқармалары его
Императорское высочество государь наследник Цесаревичпен кездесер
салтанатты, қуанышты, бақытты күн алыс емес. Сол кездесуге
дайындық жөніндегі кеңесу мəжілісімізді бастауды құп алыңдар!
Жұрт ду қол соқты.
– Арамызда шақырылмаған бөтен адамдар жоқ деп сенемін!
– Бөтен адамның жоқтығына кəміл сеніңіз, Ваше благородие! – деп
Шыңғыс Нұртазаға айбарлы, əрі мысқылды жүзін бұрды.
Болыс Нұртаза жөткірініп, Мəмбетəліге алақ етіп қарап еді:
– Олай болса əуелі сіздерді бұл сапардың мəн-жайымен
таныстыруға тура келеді. Бүкіл казак əскерінің Августейший атаманы,
ұлы мəртебелі мұрагердің дала генерал-губернаторствасына келетін
мерзімі бұрынғы күтуіміз бойынша кейінгі айлар болатын. Бірақ
Япония жерінде зұлымдықпен жасалған қастандық... – Коновалов
қайғыланғандай қабағын түйіп сəл кідірді. Мына сұмдықты естімеген
мəжілістегілердің көздері шарасынан шығып, демдерін іштерінен
алды. – Егер Императорское высочесто Цесаревичтің сапарын
мерзімінен бұрын жеделдетуге себепкер болды. Біздің қуатты Россия
империясының бақытына қарай бүкіл казак əскерінің Августейший
атаманы сұрқия самурайдың қылышынан аман қалды.
Отырғандар ду қол соқты. Мəмбетəлі, жұрт қатарлы алақанын соға
беріп, жүрегі мүздап отырып қалды. Бірақ ояздың аузына қарап мына
сұмдық хабарды алғаш естігендердің ешқайсысы оның өңіндегі
қобалжуды аңғарған жоқ. Орысша түсінбейтін бірлі-жарым болыстың
көздері жыпылықтап, тілмаштарына құлақ тосады.
– Сол себепті, мырзалар, сыбырды қойыңдар, түсінбегендерің кейін
тілмаштарың арқылы ұғасыңдар, қазір тынышталыңыздар! Иə, сол
себепті ұлы мəртебелі Цесаревичті салтанатпен қарсы алу жабдығына
жедел түрде дала генерал-губернаторствосында төтенше комиссия
құрылған. – Коновалов қағаздағы тізімді оқи бастады. – Дала генерал-
губернаторствосы атынан канцелярия бастығы Лосевский, Сибирлік
казак əскері тарапынан губернаторство басқармасының шаруашылық
бастығы полковник Катанаев, Омск қаласынан бұрынғы қала басшысы
Эзет, почта-телеграф ведомствосынан Омск округінің бастығы Павлов,
қалалық діни орыннан протойрей Недосеков, полиция тарапынан Омск
қаласының полицмейстері Шмонин, комиссияның ісін жүргізуші
есауыл Путинцев, комиссия дайындық жұмысына жүргізуде ақылдасу
үшін уездік начальниктерді алдын ала шақырады. – Коновалов басын
көтерді. – Байқап отырған шығарсыздар, бұл жүздесу – біздер үшін əрі
бақытты, салтанатты мереке, əрі өлшеусіз сын! Əсіресе барлық дала
генерал-губернаторствосына қарасты уездердің ішінде Көкшетау
уезіне ардақты комиссия баса назар аударып, ерекше үмітпен қарап
отыр. Бұл – бізге екі-үш есе салмақ артады, жауапкершілік жүктейді.
– Біз əзірміз!
– Бəріне де дайынбыз! – деген əпербақан урядниктер, атамандар
орындарынан атып-атып тұрып, мұрттарын ширатып қайта отырды.
Ояз Коновалов тағы бір қағазды қолына алды.
– Міне, мынаған көңіл аударыңыздар: əскери парадка Сібір казак
əскерінің үш полкы. Омбының резервтегі батальоны, сібірлік кадет
корпусының үш ротасы, жас казактар полкі қатысады. Сонымен қоса
біздің Арықбалық, Ақан бұрлық, Қотыркөл, Шортанды, Лобанов
станицаларынан казак əскерлер шақырылып отыр. Басқа Ақмола,
Пресногорков, Атбасардан шақырылмаған. Ең қуаныштысы, государь
Цесаревичтің арнайы конвойына Ақмола, Батинск, Өскемен, Көкпекті,
Пресногорков, Алтай, Көкшетау станицаларынан тоғыз урядник
іріктелген. Соның үшеуі бізден - Арықбалық станицасының станица
атаманы, старший урядник Федор Тютин, Ақан бұрлық станицасының
станица атаманы, старший урядник Ефим Колесниченко, Лобанов
станицасының станица атаманы, вахмистр Василий Воронкин. Бул –
Көкшетау уезінің дала генерал-губернаторствосы алдындағы үлкен
беделі барлығын, сонымен бірге біздің əскери кадрларымыздың басқа
жерлерден гөрі иықтырақ екенін дəлелдейді. Біздің атаман,
урядниктер, конвой начальнигі есауыл Новоселовпен бір жұма бұрын
Томскіге барып, государь Цесаревича сол арада қарсы алмақ. Бұл -
үлкен құрмет, бақыт емес пе, мырзалар. Бұл қызметте біздің
станицалық атамандарымыз Тютин, Колесниченко, Воронкиндер Его
Императорское высочество Цесаревичке жан аямай ықыласты
көңілмен еңбек етіп, бүкіл Россия империясындағы қажырлы казак
əскерінің атағына кір келтірмейді деп сенеміз!
Атамандар орындарынан ұшып-ұшып тұрды:
– Рады стараться служить его императорскому Высочеству!
Жұрт дуылдасып қол соқты.
– Мырзалар, – деді қолын көтеріп жұртты тоқтатқан Коновалов, –
тағы бір үлкен абырой – бүкіл қырғыз даласынан баратын
депутацияны, алдын-ала дайындық жұмыстарын, бұрын да улы князь
Владимир Алексеевич Омбыға келгенде мүрсіндей атқарған, ұлы
патшалық империяға ұзақ жылдар бойы жан-тəнімен қызмет еткен аға
сұлтан Чингис Валиевич Валиханов басқарады.
Көкшетаулықтар ду етіп қол соқты, Күшенұлы, Ердендер бастарын
изесіп, жымиған болды.
– Жəне де Его императорского Высочество Цесаревичке қырғыздар
атынан құттықтау сөз сөйлеп, нан-тұз ұсынатын да сұлтан Валиханов.
Комиссияның ұйғарымы осылай! Сіздер қырғыз жерінен апаратын
экспонаттарыңызды ертеңнен қалдырмай тізімге тізулеріңіз керек.
Государь Цесаревичтің қырғыз жылқыларын, түйелерін, шаруашылық
саймандарын, соғыс құралдарын, аңшы, өнер адамдарын – яғни, əнші
күйшілерін, яғни қырғыз халқының ұлттық дəстүрлерін көруі
белгіленген. Бұл жөнінен полковник Валиханов өткерілген адам деп
білемін.
Шыңғыс "түсінемін, қолдағы шаруа ғой" дегендей жай ғана бас
шұлғыды. Алжудың аз-ақ алдында отырған Шыңғыстың мынадай
дəрежеге аяқ астынан ие болғанына іші күйіп, тіпті балаша
жыларманға келген Ерден қасындағы Нұртазаларға естірте
Тұрлыбекке сыбырлады: "мына төрелер тағы құтырайын деді, Құдай
тағала тағы осыларға күнімізді салатын болды-ау". Іштей ызалы
отырған Күшенұлы ештеңе демеді. Мұрнын бір шүйірді де қойды.
– Мырзалар, сіздерге соңғы бір айтарым, өздеріңізге белгілі
биылғы жыл – ауыр жыл. Станица егінінің бет алысы жаман, биыл
астықтан тарығу қаупі бар, жауын жаумай, дала шөбіне дейін күйіп
бара жатқандай көріп жүрсіздер. Бүкіл Россия империясының кең
байтақ даласының сыңайы осындай. Қырғыз болыстарының
шаруашылығының да күйзелуі ықтимал. Жыл ауыр. Бірақ, жыл
ауыртпалығы государь Цесаревичтің келуіне, салтанатпен қарсы алып
жүздесуімізге ешбір əсерін тигізуі мүмкін емес. Тіпті, депутаттарының
жүзінен ондай нышан, көңілсіздік байқалмауы тиіс. Салтанатты жиын
кезінде, ойын көрсету, шығарып салу кездерінде бір де бір артық, бос
сөз, тəртіпсіздік деген болмауы керек. Бұл жағы қатал ескерілсін. Мал,
экспонаттар апаратын, тағы басқа сол сияқты адамдардың жиыннан
аулағырақ жүргені жөн. Бұл тарапынан белгілі ережелер кейін де, сөз
жоқ, айтылады. Əйтсе де алдын-ала естеріңізге салғанның артықтығы
жоқ. Его Императорское Высочество Цесаревичтің келуіне аз-ақ күн
қалды. Он төртінші июльде купец Гадаловтың "Николай" пароходымен
Ом бойымен келмекші. Уақыт тығыз. Бірақ, соған қарамастан, бұл ұлы
тойды ұлы салтанатты триумфпен өткізуге бар күшімізді, жігерімізді
аямаймыз деп сенемін!
Отырғандар қол соқты.
– Түсінбей қалған сұрақтарыңыз бар ма? Сұраңыздар.
Жұрт жамырасып кетті. Нұртаза сияқты орысшаға əлі шала-
сауатты болыстар тілмаштарына қарап, Азнабай сияқты кезінде сауда
үстінде орыстармен көп араласқан жүйрік болыстардан ояз сөзінің ұға
алмаған көп тұстарын сұрап, тəптіштеп жатыр еді, Күшенұлы сауал
қойды:
– Сіз бəрімізді Валиханов ақсақалға бағындырып қойдыңыз, сонда
Ақмола, Атбасар уездерінің өз депутациясы болмай ма, бəрі де мына
полковник мырзаның шешімімен бола ма. Біздің өз алдымызға
жекелей уездік хұқымыз жойылғаны ма, бұл қалай? – деп əдейі қыңыр
сұрақ берді.
– Олай деген ешкім жоқ, советник мырза. Сіздер өз
депутацияларыңызды сайлауға қақыларыңыз бар. Бірақ, дайындық ісі,
Омбыға барғандағы басқару ісі Валихановтың қолында. Əрине, бəрі
ақылдасу арқылы шешілетін іс. Сіздерді генерал-губернатордың,
арнаулы комиссияның бұйрығымен осы араға кеңесу үшін Ақмола,
Атбасар уездерінен өкіл ретінде шақырғанымыздың жөні осы.
Əйтпесе, – деп Коновалов иығын көтеріп күлді, – бəріміз де Ақмола
болыстық генерал-губернаторына бағынышты уездерміз.
– Тағы бір сұрақ? Его Императорское Величество Цесаревичті
қарсы алудағы қырғыз-қайсақ болыстарынан шығатын шығын, əрине,
жол шығыны, сойылатын мал, тағы басқа толып жатқан шығындар
болуы сөзсіз, соның өтемін кім өтейді? Бұл шығындардың заңдылық
жағы, иə, кейбір тəртіп мəселесі дедіңіз, оған жауап беру, міндетіне алу
сияқты юриспруденциялық жолы қалай болмақшы? – Күшенұлы мұны
да əрі есеппен, əрі қыңырлықпен қойды.
Қырғыздар мұндай есепті айта қоймас деген Коновалов бұл
сұраққа аса дайын емес еді жəне Омбы комиссиясы да бұл тарапынан
ештеме айтпапты. Сəл ойланып қалған ояз тосыннан кезіккен
қысылшаңнан құтылар саңылау тапқан сияқты.
– Үкімет тарапынан бұл церемониалға төлейтін шығын есебі
көрсетілмеген. Станица казактары өз күштерімен барады. Мінетін ат,
киетін киім, ішетін ас əркімнің өз жанынан шығады. Казак əскерлері
мұндай төтенше істерге, тіпті Империяға қауіп-қатер төне қалған
күнде де соғыс аттарын, ер-тұрмандарын ешкімге міндет етпейді. Оны
сіз тарихтан жақсы білесіз. Ал, киргиздарға айтарымыз, егер бүкіл
казак
əскерлерінің
Августейший
атаманын
қарсы
алуға
шығындалмаймыз деген адам болса, ондайға зорлық жоқ. Менімше,
сіздер тарапынан ондай сөлекеттік болар деп ойламаймын! Ал, тəртіп
мəселесі!.. тəртіп үшін заң біреу-ақ!
– Əй, Тұрлыбек, сен де бір бүйректен сирақ шығармай отыра
алмайсың-ау! – деп бағанадан түстері келмей, іштеріне пышақ
айналмай отырған қызғаншақтарды Шыңғыс қазақшылап бір түйреп
алды да, енді Коноваловқа да түсінікті етіп, сөзін орысша жалғады. –
Қай атаң, қай қазағың ойын-тойға, мерекеге барғанда үкіметтен ақша,
салық сұрап еді. Күні кеше Сағынай аталарыңа ас бергенде, үш жүзге
сауын айтып, бар шығынын бар əлеумет көп боп көтеріп алмап па еді.
Соның басында керейдің туын көтеріп өзің жүрмеп пе едің? Его
Императорское Высочество мұрагер
Николай Алексеевич сенің сол сасық шалың құрлы болмағаны ма.
Сөз емес сөзді көңірсітесің. көп болып көтерген жүк жеңіл. Ақ
патшаның баласынан мал түгілі жан садаға, барымызды аямаймыз
оның жолында. Мың келген қонақтан тартынбайтын қазақ, бір келген
мұрагерге тарылды деген не сұмдық. Аузың қалай жаман еді. Мейлің
сен бармай-ақ қой, шығын малын ауырсынсаң!
– Оу, ақсақал, тым алысқа кеттіңіз ғой. Сөзді олай бұрмаламаңыз.
Ақ патшаны сізден артық көрмесем, кем көрмеймін. Олай құлаққағыс
қылмай-ақ қойыңыз. Сіз патшаның отставной полковнигі болсаңыз,
мен əлі де еңбек сіңіріп жүрген советнигімен. Қалай-қалай
аршындайсыз!
– Жетті, мырзалар! Бұл арада кімнің еңбегі қанша екенін
салыстыруға келгеміз жоқ. Еңбектеріңіздің зор екенін ешкім жоққа
шығарып отырған жоқ. Əлі де еңбектенуге міндеттісіздер. Ендігіні
ертеңгі күн көрсетер! Егер Омбыға барғанда да бұлай шайқассаңыздар
залалдан басқа, титімдей де пайда жоқ. Бос сөздің не керегі бар. Шет
жерден қажып келе жатқан государь Цесаревичтің көңіліне дық
келтірсеңіздер оның арты неге соғатынын өздеріңіз білесіздер. Жəне де
киргиз даласына бірінші келіп, бірінші жүздесуі екенін ұмытпаңыздар.
Алғашқы көрудегі əсер, қашанда кейінгіден күштірек болатынын
ескеріңіздер. Тағы қандай нəрселерді анықтағыларыңыз келеді? – деп
Коновалов екі шонжардың шарпысуын ушықтырмай баса салды.
– Ендігі əңгімені тамақ үстінде жалғастыруға болады, негізгісі
айтылған жоқ па, қарындарыңыз да ашқан шығар, – деп Шыңғыс дін
өкілі указ молла Науан хазіретке қарады. Ақшам намазы да өтіп кетті-
ау деймін, қаза болмаса игі еді.
– Қайдағы ақшам, бисмила иррахман иррахим! – деп жұртпен бірге
Науан да орнынан тұра берді...
Таң бозара бере Сырымбет бауырындағы Шыңғыс мешітінде
қазақтар жайнамазға жығылып, "құлқуаллаға" басып күңірене
сарнағанда, ет пен араққа тойып алған казак-орыстар ағаш үйді
селкілдеткендей "Послужите, братцы казачонки, честью славой своею"
өлеңін қосыла айтып, айғайға басып жатты.
3
Биылғы жыл тақыр қоян десе, дегендей. Көкжиектен көтеріле жер-
дүниені қыздыра бастайтын күн түске тармаса мұнартып, ұста
көрігінен шашыраған темір ұшқындарындай көзге көрінгісіз ыстық
ұнтақтарды бүркіп тұрғандай. Сəскеге дейін алыста бұлдырап,
толқындай ойнайтын сағым да талмау түсте жерге сіңгендей жоғалып,
бар алқап шаңытып кетеді. Бұл кезде түстіктен соққан ыстық жел
біресе шығысқа, біресе құбылаға бұрылып, жүз құбылып, пеш аузынан
үрлеген жалындай аңызақты аптапқа айналады.
Жауыны мол, салқын самалды Көкшетау, Қызылжар өңірінің
көкорай шалғынды даласы жаз ортасы болмай жатып сары белді
қуаңға айналған. Жапырақтары жаңа көгере бере бүріскен сидам
тоғайлар мен жылда маңындағы белден келер шөбі биыл сүттенбей
жатып семген жалаңаш көлдерде көрік жоқ. Жайылмалар мен
томарлар ерте тартылып, қар суына қанбаған тайыз көлдер мезгілсіз
қорыстанып, шалшықтар ерте суалыпты.
Таң салқынымен қозғалып, күн қыза өзен, көлге, сайлы, тоғайлы
көлеңкеге тоқтап, аттарын шалдырып, кешке, күн қайта қара жолдың
табанына шығатын қырық шақты арбалы жолаушылар үшінші тəулікте
Қызылжар мен Омбы арасындағы "Горькая линияға" іліккен. Əркім
байлығына, барлығына қарай фаэтон, пəуеске, тарантас, траншпенкеге
пар-парлап ат жеккен шұбатылған мол керуен – Мұрагерді қарсы алуға
бара жатқан қырғыз-қайсақ өкілдері. Жаз шыққалы жауын тамбаған
кең жолдың борпылдақ шаңынан қашып, бір-бірінен алшақ отырған
арбалар шамасы үш-төрт шақырымға созылып, ыстыққа барлыққан
көліктерін аса қыспай мимырт бүлкілмен келеді. Бір-бірінен үзіліп
қалуға да, мына ащылы жерден бұрылып, басқа жақпен жеке-жеке өз
беттерімен баруға да қақылары жоқ, земство жолында жіпсіз
тізбектелген жолаушылардың ең алдында Шыңғыс мінген пəуеске.
Көптен ұзақ жолға шықпаған сұлтан ұлы тойға аттанғанына қанша
қуанышты болса да, үш күндік жолда арба соғып, көзі кіртиіп, мүлдем
титықтап қалды. Қызылжарға дейін кез келген шыңырау құдықтан
мұздай су тартқызып, аузын жиі шайып алушы еді, ащы жолға
шыққалы кенезесі кеуіп ерні кезеріп, таңдайы кеберси береді. Арба
артына таңулы сабада ақырған түнемел ашқылтым қымыз да жол бойы
шайқалып, қанша қымтағанмен күн тиіп, шулығып жылымшы татып
кеткен.
Сегіз болысқа қарасты елдің ұлықтарының басын қосып, той
əзірлігін қамдау жасы жеткен қартқа қияметқайыммен тең болды.
Əсіресе Омбыға баратын адамдардың саны мен атына келгенде нағыз
текетірес басталып, бір жұма бойы миы суға айналғандай есеңгіреп,
қалжырап қалған.
Шыңғыс күркелі пəуеске ішінде ыстықтан маужырап қалғып
отырып, Нұртаза болыстың қажытқан қылығын еске алды.
Сегіз болыстың басын қосып келіскен іске, көбінесе Нұртаза
қитығып қарсы тұра келеді. көп айтыс, ұзақ тартыстың соңы Ақан сері
мен Мəмбетəлінің төңірегінде өткен еді.
– Шыңеке, сіздің өзіңіз қосқан адамдарыңызға, туыс-
жұрағаттарыңызға қарсылық жоқ, барсын, ұлы тойды көрсін, олар да
пенде ғой. Ал, Ақан мен Мəмбетəліні аузыңызға алмаңыз. Олардың
баруына лұқсат жоқ, – деп Нұртаза ежіреңдеп, басқа болыстарға
мақұлдатқандай болды. – Айтыңдаршы, өр болыс өз иелігіндегі елдің
адамына қожа емес пе?
– Солай ғой?.. Мен де түсінбеймін Шыңекеңнің оларға осынша
құты түскеніне, – деп Шоғырмақ құптап еді, Азынабай, Жанбота
болыстар бейтараптық көрсетіп:
– Өздеріңіз біліңіздер.
– Өздеріңіз шешіңіздер, – десті.
Бұдан бұрын да Омбыда сойылар мал, сауын жайы, тігілер киіз үй,
апарар жиһаз, сый-құрмет сияқты көп жабдық төңірегінде ылғи
шарпысумен болған Шыңғыс бұл жолы да Нұртазаға тізгінді бергісі
келмеді.
– Білем, Нұртаза, Ақан серіге əу бастан сенің жұлдызың қарсы.
Бір-біріңмен алысып-жұлысып, араздықпен күн кешіп келесіңдер –
деген Шыңғыс. – Мейілдерің айтыса бер, тартыса бер. Бірақ сен
қырқысады екен деп, ел ардағы Ақанды неге бұл жолдан қағамыз. Ол
ұлық боп бармайды, ақын, əнші болып бармай ма. Кеше ояз ел
əншілерін, жыршыларын көрсетіңіз деді. Ақаннан асқан қай
өнерпазың бар?
– Өнерпаздығынан оңбағандығы басым болса қайтесіз. Бұзақы
емес пе ол?!
– Бұзақы болып кімнің төбесін ояр дейсің.
– Ол барған жерінде понт шығармай жүрмейді. Егер ертең тойдың
шырқын бұзса қайтеміз.
– Шырқын бұзатын бұл қазағымның тойы ма екен. Оған қиналмай-
ақ қой.
– Сонда болысымдағы адамға олай-бұлай боп кетсе, жауап берер
мен бе, əлде...
– Сен жауап бермей-ақ қой, жауапты мен беремін. Отқа түсер
көбелек емес, несіне шыжалақтайсың, сенен ақылсыз болып па, жетер,
жарқыным, барады...
– Жар-р-айды! Мəмбетəліні де сіз апарасыз, оған да жауап беретін
сіз боларсыз.
– Нұртаза шырағым, ол сенсіз де талай елді, тəмам жерді шарлап,
ез аяғымен жүрген, жеті жұрттың тілін білер оқыған азамат. Қайсың
барсың – онымен барабар түсер. Ертең орыс елі туралы, патша
жөнінде білімді сөз керек болса, шешіліп сөйлеп, жауап берерің де сол.
Ол білер орысшаны, ол білер жөн-жобаны қайсың білесің?!
– Ал, ол патша үкіметіне қарсы, қауіпті адам болса қайтесіз?
– Қарсысы қалай? Қауіптісі қалай?
– Оқудан қуылып, аңдуда жүрген адам екенін білмесеңіз, несіне
араласасыз?!
– Ол рас, елден жырақ адам көп нəрседен мақрұм болатыны рас, –
деп Шоғырмақ та шалды. – Биліктен кеткен адам тосаңсыған жылқы
сияқты-ау!
Шыңғыс осы арада сəл тосылып, ұзақ түнеріп отырып, қысқа
қайырған:
– Ештемені обып кетпес. Бұл жолда оған да жауапкер мен.
Барады!..
Бұл айтыстан Ақан да, Мəмбетəлі де бейхабар еді. Шыңғыс та
ештеме демеген.
Өткенді ойлап, арбамен бірге ырғалған Шыңғыс қасындағы
надзиратель Ковзоловқа сезіктене қарады. Қызылжарда алдарынан
шығып қосылған патша үкіметінің адамы шыққалы үнсіз. Қазір де
пəуеске жақтауына иығын тіреп, басы бұлғаң-бұлғаң етіп, ұйықтап
келеді. Басқаларға, тіпті бір-екі фаэтонды орыс көпестеріне де
жанаспай Шыңғысқа жабысуында не гəп бар екен?
Өңкей болыстар, байлар, атқамінер билер əдеттегідей алдыңғы
лекке ұмтылып, алғашқы қарқынды жолға таласардай мінез
көрсеткенмен, кейін күн ыстығында езіліп, бірінің соңынан бірі тізіліп,
бастыққан асаудай жуасыған. Ақандар шыққаннан кейінгі жақта.
Соңдарында əнші-күйшілер мінген қорапты қос жадағай арба ғана.
Тарантаста үшеу -Ақан, Мəмбетəлі, көзледе делбе ұстаған жас əнші,
ақын Ыбырай.
Көкше жерінен Қызылжарға жеткенше алдын-ала құлақтанған ел
Ақ патшаның Мұрагерімен жүздесуге бара жатқан жолаушыларды
малын сойып, сабасын пісіп қарсы алып, аттанар сəтте жолдарына
шашу шашып, той-думанмен шығарып салатын. Ондайда арқалы əнші
Ыбырайдың делебесі қозып, ыстық болса да сəнге киген үкілі бөркін
бұлғап, артта қалып бара жатқан қыз-қырқынға шырқата өлең айтып,
даусы жетер жерге дейін əн тиегін ағытатын.
Қызылжар қаласынан шығып Омбыға беттегелі бүкіл көш сəн-
салтанатынан айырылып бұрқыраған шаң астында үнсіз келеді. Бұл
жақтағы ауылдар мен станицалардың ұсқыны бөлек. Алдарынан қарсы
алып, шашу шашпақ түгілі, суы кермек, көбінесе ащы келетін
құдығына жолатпайтын адам шошырлық кісі киік жандар.
Ыбырай əннен, Ақан мен Мəмбетəлі əңгімеден қалып тарантаспен
бірге ырғалып үнсіз отырған.
– Апыр-ай, мына жақтың ұсқыны бөлек екен. Бұл жолмен түңғыш
жүруім еді, жеріне қарай елі де бір жосын. Мына арада қалай тіршілік
етеді, ана қараңдаршы, мынау көл емес, сор ғой.
Ақ шаңның ішінде доңғалақ шабақтары мен күпшегіне дейін
көрінбей ауыр жылжыған арбалардың алды бұл кезде Лебяженский
көліне жетіп, соңы Қамысты көлге іліккен.
Көл жиегінде қылтанақтай шөп жоқ, тұзды ақ балшығы шыққан
сор шыжыған күн астында қарт адамның тілім-тілім əжімді, ақжем
алақанындай жарылып-жарылып жатыр. Жолға таяу жерде ғана
қауқиған-қауқиған сасырлар көрінеді. Көл бетінде тірі құс жоқ. Қыбыр
етпей мүлгіген өлі судың үстін қабыршық-қабыршық тұз басқан.
– Ақан аға, бұл жолды "Горькая линия", яғни "Сор торап" деп тегін
атамаған ғой, бұл арадан тұщы суы бар құдық та таба алмайсыз. Ащы
шекше шұбатылған осы жолдағы Плоский, Токуши, Питном көлінің
жағасындағы Полуденный, Кожехов, Лебяжья поселкелерінде, əсіресе
жаңа өткен Ганькинде тұратын казак-орыстардың тұрмысы мен біздің
Көкше жеріндегі Айыртау, Арықбалық, Сандықтау, Қотыркөл,
Қолтықкөл, Шортанды сияқты жер жаннатын мекендеген казак-
орыстардың тұрмысының ширегіне келмейді, бəрі жерге байланысты
ғой. Жері байдың елі бай деп тегін айтқан ба? Мына Қамышловка
деген көлдің арғы қабағында тұратын Степной, Мельничый деген
поселкелердің күнін итке берсін, – деп Мəмбетəлі көл бетіне қарады. –
Тым құрмаса мына көлдің тұзы асқа салуға келсе бір сəрі. Не ішуге, не
тұзы астыққа жарамайтын сорлы көлдер, сор татыған жерлер. Осы
жолмен кісендеулі талай сорлы бейбақтар Сібірге айдалды-ау!
– Біздегі казак-орыстар ғой, қазақтардың ең шұрайлы əрі əдемі,
сұлу жерлерін алып, мұрттарын ширатып, ширатылып отыр. Ал мына
араның казак-орыстарын кім қыстаған, осынша ащы жерге
тығылатындай? – деп көзледе отырған Ыбырай да делбені тізесіне бос
тастап, артқа бұрылып отырды.
– Е, Ыбырай, оларда қайбір билік бар. Қайбір жетіскенінен отыр
дейсің. Патша үкіметі қайда қақса, сонда тұратын қазық емес пе казак-
орыстар.
– Мəмбетəлі, казак-орыстарынды патша қазығы деп дəл айттың-ау.
Осылар шынында да əр жерге бекініс етіп, қағып қойған мықты қазық
екен-ау.
– Əрине, Ақан аға!
– Е, жол қысқарсын, Мəмбетəлі, сонда осы казак-орыстарың
шынында да кім өзі! Қазақ па, орыс па? Əлде екеуінің қосынды шата
баласы ма?- деп Ыбырай гүжілдеді.
– Ой-бо-ой, Ыбырай, бұлардың түп-тамырын қозғап айтып беру
үшін бір күн, бір түн керек. Казактардың түрі көп. Біздің үш жүзге
бөлінген қазақтарымызды дұрыс тарата алмай жүргенде, шым-
шытырық казактарды тарату оңай шаруа емес. Терек казактары, Еділ,
Дон, Сібір казактары дегендері, тіпті қалмақ-казактар, мордва-
казактар, татар, башқұрт-казактар – толып жатыр. Қайсы малый русь,
қайсы велико русьпен аралас – айыру қиын. Мəселен, чуваш, пермяк,
черемис, вотяк, зыряндар келе-келе ұлы орыстармен қаны араласып,
мүлде айырғысыз болып кеткен.
– Əйтсе де, жалпы жобасын айтшы, шынында бұларға мен де
шорқақтаумын, ана, орыс шаруаларындай емес, – бұлардың көбі
кекжиіп, менсінбейді, бізді кісі ғұрлы көрмейді, – деп Ақан да казактар
жайын білгісі келді. – Сүйте тұра қазақтың кейбір салтын, рəсімін тез
қағып алатындарына не берерсің.
– Біздің орыс деп жүргеніміз ұлы орыс, кіші орыс болып бөлінеді, –
деп, арба үстінде қайта-қайта ырғалып, құрысқан денесін жазып алған
тоқпақтай Мəмбетəлі енді ұзақ сонарға түсті. Ресей жерін мекендеген
халықты ұлттық жағынан біраз таратып, олардың да байлары мен
кедейлерге бөлінетінін түсіндіріп, алым-салық, қуғындау, түрме
ауыртпалықтарынан бой тасалап, Еділ, Жайық, Дон бойларына кеткен
голытьбалардың, қазақтың кең жайылым далаларына, Есіл, Ертіс, Қара
Ертіс бойларына, Алтай орман-тауларына босқан "беловодцылар" мен
Бұқтырма жақта талай жылдар бойы қашып-пысып, қарақшылықпен
күн көрген селезневтықтардың, жыңғыл-жыңғылдың, шатқал-
шатқалдың арасына, адам аяғы баспайтын тау-тасты мекендеген
"каменщиктер" мен өздерінің дініне, салтына түскен қысымнан
қашқан "двоедандықтар" өмірін, тұрмысын ұзақ əңгімелеп берді. –
Бірақ, қанаудан, қысымнан қашқанмен, қайда барса Қорқыттың көрі
дегендей, ен даланы өзінің екі басты самұрық құсындай қалтарыс-
бұлтарысына дейін көрер патшаның қырағы көзінен, болат тегеурінді
тұяқтай тырнағынан қайда құтылсын. Көпшілігі, əр кезде, Мəскеу,
Литва Русі тұсында еркін өмірден айырылып, бірақ көп алым-
салықтан құтылып, Ресей патшалығынан қорыққанынан казактар
қатарына жазылып, соған көшкен. Патша құрығы ұзын емес пе?! –
Оқымысты Мəмбетəлі, енді Иван Грозныйдың голытьбаларға,
Екатерина екіншінің "каменщиктерге" біраз жеңілдік жасап, өз
қажетіне пайдаланғанын, сонау Еділ бойында қарақшылықпен жүрген
Ермакты жасауылдарымен қаруландырып, Строгановтың Сібірге,
Ертіс бойына жөнелтіп, аң терілері, бағалы бұйымдармен баю, жер
иемдену саясаттарын мақсат тұтқанын ұзақ жыр етіп баяндады.
Міне, бұлардың бəрінің аты казактар болған. Тек мекеніне, ұлтына,
кəсібіне қарай ғана оларды ерекше атаған. Мəселен, Жайық өзенінің
өткен ғасырдың жетпіс бесінші жылы Орал аталуына байланысты
бұрынғы Жайық казактарын Орал казактары деп өзгерткен. Пошта
тартатын Земский жолдардағы казактарды "Ямские", яғни Ямщик
казактар дейді. Ал, ертедегі көне Танайыс, қазіргі Дон өзені
бойындағыларды бір кезде татар-казактары деп атайтын еді. Өйткені
оларда
да
Сарайшық
қаласын
жаулап
алатын
Жайық
казактарындағылардай мұсылмандар көп болатын. Тіпті алғашқы
атаманы Сары Азбан деген татар еді. Пугачев деген атақты көтеріліс
басшысын Жайыққа дейін атпен қуып барып, қолға түсіргені үшін,
наказной атаман атағын, полковник шенін алған Алексей
Илебайскийдің өзі не казак, не татар, башқұрмен қандас шата, шала
орыс па деймін. Міне, Ақан аға, казактардың белгілі ұлт емес жалпы
ат, есім екенін байқаған шығарсыз...
Мəмбетəлінің мына əңгімесін ертегідей тыңдаған Ақан мен
Ыбырай қазақ жерін мекен еткен басқа жұрттың тарихынан көп
мағлұмат алып, терең ойға қалды. Делбесін бос тастап, оқыған жігіттің
аузына қарап, ұйыған Ыбырай аттардың аяңға түскенін де аңғармапты.
– Сонда, əлгі суына дейін аппақ бал екен деп, алыстан арып-
шаршап келіп жатқан беливотшыларың кұдды біздің Жерұйықты
іздеген Асан қайғылар ғой, – деп еді Ыбырай.
– Шынында, өзіміз аса бағаламаймыз, əйтпесе, нағыз Жерұйық
деген осы біздің қазақ жері шығар, – деп Ақан да қостады.
– Бұл əлі жердің үсті – шөбі, топырағы, суының құнарлығы ғана.
Ал, жер астының байлығы, қазір орыс оқымыстылары, ағылшын
сұғанақтары тексеріп жатыр, керемет қой. Тұнып тұрған кен. Ұшан-
теңіз байлық!..
– Сонда казактарыңның өзі бір ұлттан емес, əр ұлттан жиналған
қоспа екен-ау? – деп алғашқы əңгімеге қайта оралған Ақан көңілінде
жүрген күдікті ойды шешкендей қуанды. -Бізді қырғыз деп, қайсақ деп
неше құбылтып жүргендері мына казактарға ұқсамасын дегендері ме
екен, əлде екеуінің атын шатыстырып аламыз дегендері ме екен? Бұл
өзі қайдан шыққан ат. Өз ұлтыңның атын шатыстырғаннан өткен
қорлық бар ма!
– Рас,- деді Мəмбетəлі. – Ақан аға, адамның тегін бас бітім, дене
пішіміне
қарай
айыратын
қайсыбір
антрополог
дейтін
оқымыстылардың бізді əр рудан жиналған, əр ұлттың қосындысынан
құралған конгломерат халық дейтіндері де бар. Əлгі казактардың негізі
Великорусьтан болғанмен, жаңа айттым ғой, онда көп қосынды бар.
Міне, конгломерат деген ат осыларға дəйт.
"Конгломераттың" əр түрлі тастардан біріккен тұтас қосынды
жабайы тас екенін ұғынған Ақан:
– "Құм жиылып тас болмас" дейді. Əйтеуір қазақ халқын құмға
баламай, тасқа балағандарына да шүкіршілік,- деп, енді ойында
жүрген тағы да бір түйткілінің үстінен түскендей Мəмбетəліге сауал
қойды, – Сонда, осы казак деген сөздің төркінін білемісің? Біздің
"қазақ" деген сөзімізден алған жоқ па екен?
– Иə, мүмкін, казактар біздің не арғы, не бергі жамағайындарымыз
шығар. Осы, əлі, туысқандарымызды тауып алып, ертең казак-
орыстармен қосылып той жасап жүрмелік, – деп, Ыбырай да
қауқылдап күліп, мəз болды.
– Бір-бірімізбен алыс-жақындығымызды қайдам?.. Ал, енді казак
деген сөздің анық-танығына орыс оқымысты шежірешілерінің өзі жете
алмай жүр. Əйтсе де, əрқайсысының тұспалдауында жан бар: Грабинка
деген шежіреші казакты бұрынғы скиф халықтарының аты Хазардан
шығарады. Голубовский деген адам бұл – түріктің сөзі, "қолдың
томында тұратын күндізгі, түнгі күзеттегі қарауылдар" дегенге тірейді.
Енді біреулер моңғолша "қо" – сауыт, қорғаныш қалқан, темір жейде",
"зах"—шек, шегара, яғни "шегараны қорғайтындар" деген сез, тағы
біреулер, "қарақшы, кезбе, қаңғыбас" деген сөз деп дəлелдейді.
Əйтеуір, бəрінің де тұспалы бір-бірінен онша алшақ емес, бəрі де бір
арнаға саятын сықылды...
– Ау, мына сөздердің расында да жаны бар, біздің қазақ атымыз ақ
қаздан шығыпты деп жүрген ертегімізден гөрі, мына орыс
оқығандарының шежіресі шындыққа жақын, үйлесімді екен, – деп
Ақан кəдімгідей таңырқады...
Бұлар əңгіме қызығымен отырып, алдыңғы арбалардан көп
кейіндеп қалған екен. Ащы тораптан бұрылып, кең өзекті бойлап, қиыс
тартқан Шыңғыстар қара үзіп кетіпті. Бұрын табанында күзге дейін
жылап ағатын мөлдір суы тартылмайтын қалың шалғынды өзектің түбі
құрғап, өлі жабағысы түспеген арық қойдың жүніндей жидіген шөбі
сарыбалақтанып, қуаң тарта бастапты. Осы бір тұста қазақ ауылдары
болатын. Тегі, жолаушылардың алды солай қарай бұрылған-ау.
Əлден уақытта қуаң даладағы тіршілік белгісіндей шоқ-шоқ
қызылдар көрінді. Жер түгі де өзгере қалды. Қалың қау басқан
құйқалы жер де, анда-санда енжар шырылдаған бозторғайлар да бөлек.
Сонадайдан ұзынтұрқы ат шаптырым атжал қайыңның бауыры
құжынаған адам. Оқасы тозған сары тақиядай төңкерілген жатаған
төбенің басынан төмен қарай шашылған адам қыбыр етпейді. Ағаш
бауырында бір-бірін тақаса, қатарласа ұйлыққан атты арбалар.
Жалағаш түгелдей бықсып жанып жатыр ма, қалай? Ара-арасынан
булығып, сыздықтап шыққан көк ала түтін.
Ақандар арба үстінде мойындарын соза алға қарайды. Ыбырай да
аттарды қамшылап қойды. Бір жақ жетектегі серінің көкбестісі де
шылбырын үзіп жіберердей тартып, ойқастап желеді.
Қара жолдан шығып, сары қауданның үстімен арбалары селкілдеп,
аттарын аяңға түсірген жолаушылар ағашқа бұрылғанда барып бір-ақ
көрді. Кішкене дөң үстінде төбесіне дейін жерге бір жығылып, бір
тұрып намазға ұйығандар – құбылаға қарап, батып бара жатқан күнге
жалбарынған жандар. Көкшетау, Қызылжар жолаушылары да
соңдарынан келіп намазға тұрыпты.
Бұлар – осы маңдағы бір-біріне көршілес, аралас-құралас казак-
орыс станицалары мен орыс селоларының, қазақ ауылының адамдары
екен. Бəрі Құдайға жалбарынып, тасаттық беруге келгендер.
Икондарын көтерген қауға сақалды шалдар мен салбыратып тасбиғын
тартқан моллалар қарындары жалтыраған балаларын жетектеген,
алдына өңгерген əйелдер, кемпірлер. Бəрі де ыстық леп үрлеген
аптапта түтігіп, барлығын кеткен.
Ағаштың көлеңке жақ ығында түтіндеген жиырма шақты жер ошақ
екен, Тасаттыққа шалған құрбан малдардың еті де қазанда бүлкілдеп,
қайнап жатыр.
Мына жолаушылардың патша мұрагерін қарсы алуға шыққан
арнаулы адамдар екенін білген тасатшылар, етектеріне жабысқандай
боп, арбаларынан түсіріп алған. "Тілеуіміз бір екен, жасағанның жаны
ашып, көз жасымызға иер, осы арада тынығып, бірге болыңыздар" деп
қолқалаған соң, өзі таңертеңнен əрі шөлден кеуіп, əрі нəр татпай
ашыққандар, кеш түсе осы араға арнайы жеткендей, əр тұсқа
арбаларынан алып алаша жайғызып, қотандана отыра-отыра қалысқан.
Шыжыған күн астында борша-боршасы шыға терлеген ақ сəлделі
қара молла мен үстіне етегі жер сызған ақ мантья киген күйек сақал
поп қана үнсіз томсырайған. Тегі Құдайларына жалбарынып,
таңертеңнен кешке дейін жағы сембей көз жастарын төге зарлаған дін
басыларының тілдері таңдайларына жабысып қалған-ау. Басқа жұрт əр
жерде құрбан етін жеп, у-шу.
Іңірде Ақандардың да алдына үйеме табақ ет келген. Бұлармен
табақтас орыс, қазағы бар оншақты адамның ортасындағы бет-аузын
сақал, шаш жауып, екі көзі ғана жылтыраған казак-орыстың аузында
дамыл жоқ. Ет жеп те, сөйлеп те үлгеріп отыр. Ара-арасында қазақша
да араластырып қояды:
– Биыл аштық болады. Егін қылтиып шығып еді, бойы бір қарыс
болмай жатып бастанып, семіп қалды. Енді жауын жаумаса, бір
үрлеген қара дауылдан қалмайды. Қалғанын жылдағы қонағымыз –
шегірткелер-ақ тып-типыл етер. Мына қазақтардың малы да күзгі
маса, соналар шыққанша қоңдану орнына, мына аңызақта не оттасын,
көлеңке-көлеңкеге тығылып əлек. Бұл Құдайда да көз жоқ-ау деймін,
біздей пақырларын аяса болмай ма!
Осыған дейін үнсіз тыңдаған Ыбырай күжілдеді:
– Сендердің мына түрлеріңді көрген Құдайдың рахымы қайдан
түседі. Мыналарың не? Не мұсылман емес, не крыстиан емес! Осылай
да тасаттық бере ме екен?!
– Оу, тума, биыл жазда əрқайсымыз өзімізше жеке-жеке беріп те
көргенбіз. Көз жасымызды имей түр ғой, енді қайтейік... Ана Семей
жағына тасаттық берісімен жаңбыр нөсерлеп тұрып құя салады деседі,
– деп, аузына ет толтырған жалтыр бас шал аспанға бір қарап қойды.
– Сен христианыңды айтасың. Мұнда хуторлардан келген неміс
баптистері де бар, – деп бір мұжық күлді.
– Мəс-саған! Баптас дегендері де бар ма еді, тағы?! – деп оған
Ыбырай қосыла күлді.
– Несі бар? Дін бөлек болғанмен Құдай бір емес пе? Патшамыз да
бір. Тілек те бір. Əншейінде араласпайтын казактар да жүр міне, – деп
тағы да əлгі мұжық жымиып, казак шалын көзімен нұсқады.
– Сонда өзі сендер қайсыған сиынасыңдар: Құдайға ма, патшаға
ма? – Мəмбетəлі казак-орыс шалына қарап күлді.
– Екеуіне де əрине. Ай, бірақ, екеуінің де рахымы түспей тұр. Тап
мына Мұрагердің жерімізге келуіне қарай көрмейсің бе?.. Биылғы
жылдың əлпеті жаман. Оның үстіне, жаңа жол бойы көрген
шығарсыңдар, ен дала жетпейтіндей, неше жыл өтті, Горькая линиядан
бір адым қия бастырмайды. Əбден өлер болдық, – деп казак шалы
Шыңғыстармен отырған Ковзолов жаққа жасқана қарады, – Ендігі бар
ұрпағымыз ащы қорыстан шықпайтын шығар. Маңдайымызға мықтап
жазған ғой.
"Бағана Мəмбетəлінің айтқан қазықтары осы шалдың ұрпақтары-
ау? Бұларда да тұрмысын айтып шағыну, жетімсіздігін айтып
жетімсіреу болады екен-ау?"
Казак шалы – атасының, əкесінің, өзінің, баласының – не керек бар
ұрпағының осы Сібір жолының бойында пошта тарататын, Сібірге жер
ауған саяси тұтқындарды əрлі-берлі тасымалдайтын "Ямские казаки"
дейтін казактар екенін айтып, енді осы жолмен Мұрагер бір өтіп,
халімізді көрсе екен деп, жалғыз бұлар ғана емес, осы төңіректі
мекендеген бар орыс, қазақ шын тілеп, армандап отырғандарын сөз
етіп еді, оның бағанадан бергі ұзақ сонар əңгімесіне Мəмбетəлі бір-ақ
ауыз сөзбен жауап берді:
– Е, Мұрагер келсе, көрсе, не жарылқар дейсіз? Рақмет айтар!
Сіздерде қалай еді, əлгі... патша алғысы туралы бір өлең бар еді ғой?
– Иə, иə! – Казак шалы енді қарқынынан жаңылғандай тосаңсып,
күмілжіп қалды да, естілер-естілмес ыңылдап; Патша баласын қарсы
алуға бара жатқандардың ішінде жүздері де, сөздері де жылы көрінген,
чиновникше киінген Мəмбетəлі сұраған өлеңнің басын бастап, өз-
өзінен күлді: – "Что не сделает казак за царское спасибо"...
Казак шалының орысша айтқан сөздерінің нобайын ұққан қазақтар
да осы араға шынтақтаса, жүгіне отырып "ұлық" Мəмбетəлінің
аужайын аңдиды.
Əлден уақытта сөз кезегі тиді-ау деген сəтте, ымырт
қараңғылығында қасыңдағылардан иығы биіктеу бір қазақ қариясы
тілге келді:
– Карақтарым-ай, сапарларың оң болсын! Патшаның өзімен
тілдесуге барады екенсіңдер. Ел атынан, қазақ атынан бара жатқан
айдарлы азамат болармысыңдар?! Ақ патшаның құлағына салар біздің
де көп өтінер тілегіміз бар. Сөз арасында, онымызды да айтып
қалсаңдар екен, – Қарт шешен екен, ойлы екен. Көп мұң, көп тауқымет
айтқанда аса желпінбей, шытынамай, зарламай, ақылшы кемеңгер
адамның сабырлы мақамымен, əр сөзінен "осы да əділдік пе, бұл
қиянат емес пе, пендеге бұдан асқан қорлық бар ма?" деген ащы
сөздерінің ұшығын ғана сездіре айтты. Бəрі де Ақан көкейіндегі ой.
Бəрі де осынау кең даланың еншісіне тиген ауыртпалық. Бəрі де
қаналған, тоналған дəрменсіз жандардың басындағы бір-біріне егіздей
ұқсас бүгінгі қасірет. Жалшы-жақыбай сөзі.
Бұл жолы Ақан берді жауапты:
– Ақсақал, ақ батаңызға рахмет? Өзіміз де ел тілегін, жұрт сөзін
арқалап бара жатқан жандармыз. Сəті түсіп тілдесе қалсақ, бəрін
айтамыз, бəрін жеткіземіз патша ағзамына! Одан қам жемеңіз.
Отырғандар тегіс селк еткендей, бастарын көтерісіп, Мəмбетəлінің
ту сыртынан қараңғыда ербие қалған адамның үніне құлақ түрді:
– Господин Сердалин!.. У Вас, наверное, есть поручение по сбору
обед? Жаль, что не брали с собой мешочек!
Бұл – бағанадан бері сырттан құлақ түріп, Шыңғыстармен отырған
жерінен əдейі келген Ковзолов еді. Мəмбетəлі желкесінен төнген
адамға мойын бұрмастан, жай ғана қалжыңдасқандай күліп, мысқыл
сөзге мысқылмен жауап берді:
– Менің қабым толды, енді артылғанын сіз қойны-қоншыңызға
толтырып алсаңыз екен, Ваше благородие поручик Ковзолов!..
Апаратын жеріміз бір ғой...
Таңғы салқынмен орындарынан қозғалмаққа уағдаласқан
жолаушылар, доғарған көліктерін шалдырып, өздері аздап мызғып
алмақшы болған. Қалың шұбардың арасына тоқтап, əркім əр жерге
төсеніштерін жайып жатқан кезде, Мəмбетəлілердің қасына тағы да
сумаң етіп Ковзолов келді.
– Сердалин мырза, сізді арақ ішеді деуші еді жұрт. Ғапу етіңіз,
мына күннің ыстығында, əлгіндей далада шыбын-шіркейдің ортасында
жеген қолайсыздау дəмнен кейін ол таптырмайтын дизенфекциялық
дəрі ғой. Сізде қалған-құтқан бірдеме жоқ па екен? – деп, бағанағы
сөзді мүлдем ұмытқандай, сыбырлай сөйледі.
– А, бар еді, бірақ өкінішке қарай əлгінде тамақ алдында ішіп
қойып едім, ертерек келмегеніңізді караты, тіпті серіктікке жақсы
болатын едіңіз. Жалпы, арақты ас соңынан ішкеннің еш пайдасы жоқ
деседі.
– Иə, иə, солай болар, тегінде. Жарайды онда, жоққа сот жоқ, деп өз
фаэтонына қарай жүре берген Ковзолов, есіне əлде не түскендей қайта
бұрылды. – Да, айтқандай, Сердалин мырза, сіз осы депутацияда
барсыз ба, əлде өз бетіңізбен еріп келемісіз?
Мəмбетəлі оның қыңыр сұрағына, басқаша қыңырлықпен жауап
берді:
– Сіз не, Ваше благородие, маған алғыс айтпақшымысыз? Иə
айтуыңызға болады: Егер мен келмесем, сіз де бұл жаққа келе алмаған
болар едіңіз.
– Иə, тап солай, поручик Ковзолов-Судейкин!
– А, солай деңіз.
Шілденің сүт пісірім ақтаңдақ түнінде екі иығы құнысып, əлде
ызадан, əлде əжуалы сөзден жеңіліп булығып бара жатқан
Ковзоловтың ту сыртынан қараған Ақан сері:
– Осы бір адамды қайдан көрдім. Бір көрген адамым. Кешеден бері
таба алмай қойдым, – деп тағы да ойлағанша болмады. Мəмбетəлінің
сөзінен соң бірден есіне сап ете қалды.
– бұл Ковзолов дейтін надзиратель-тыңшы!
– Е-е бəсе, бəсе! Мұны Ақмоладан көрген екем ғой. Новиков деген
бір жігіт айтып еді-ау... Батыр-ау, бұл қайдан жүр мұнда?!
– Қайдан жүр деріңіз бар ма, Ақан аға... Мені ана жылы оқудан
шығартқан осы болатын. Əлі де соңымнан қалмай қойды,- деп
Мəмбетəлі жатқаннан кейін де, Ковзолов жазған рапорттан соң,
Омбының техникалық училищесінің педсоветі өзін оқудан шығарып,
дала губернаторы тарапынан іс қозғалып, соңынан жасырын тыңшы
салып қойғанын ұзақ ойлаумен болды.
Көпке дейін ұйықтай алмаған Ақан да Ковзолов жайын ойлап
жатса керек:
– Мəмбетəлі, ұйықтаған жоқпысың, – деп аспандағы жұлдыздарға
қарап жатып тіл қатты, – Əлгі Ковзоловыңның екі аты бар ма, немене?
Судейкин деп қосарлап айтқаның қалай!
– Ол, əншейін, өзімнің қосқан жамау атым ғой, Ақан аға, – деп
күлді Мəмбетəлі, – Орыс қауымында Народовольцы деген одақтасқан,
ұйымдасқан адамдар болған. Солардың соңына түскен Судейкин деген
сұмырай тыңшы болыпты. Ковзолов сол сияқты...
Мəмбетəлі енді өзінің Петербургта университетте оқыған кездерін
есіне алды. Александр Екіншіні өлтірген, Александр Үшіншіні
өлтірмекке бомба лақтырған бірінші мартшылардың уақиғасын,
патшаға жасалған соңғы "қастандықтан" соң өзінің тазарту тізіміне
ілігіп қуылғанын, мына Жапониядағы Мұрагерге жасалған
қастандықтың тегін емес екенін Ақанға əңгімелеп бергісі келіп,
оқталды да, бірақ райынан тез қайтты. Патшаға үміткер Серінің
көңілін бұзғысы келмеді.
– Ақыры Судейкин Дегаева деген адамның қолынан қаза тапты, –
деді əлден уақытта Мəмбетəлі, – Ковзоловқа да бір Дегаева керек...
Біраз үнсіз жатып айтқан Ақан серінің сөзіне Мəмбетəлі қайран
қалды; Соңғы кездерде саяси тұтқындар арасында айтыла бастаған
сөздерге ұқсайтынына таң қалды:
– Е, оны өлтіргенмен тағы бір Ковзолов, тағы бір зұлым бас
көтермей ме?.. Біреуінің басын құртқанмен жылан ордасы бұзылмайды
ғой!..
4
Омбы қаласынан он екі шақырым жерде, Ертіс бойындағы кең
жазыққа тігілген киіз үйлердің көптігінде қисап жоқ. Жетісудан,
Семей, Ақмола облыстарының əр уездерінен келген қазақтар бір-біріне
жақын тіркесе ауыл-ауыл болып, шоғырлана қонған. Сойылар мал,
сауылар жылқы, кəдімгі жайлауға шыққандай мыңғырып жатыр. Есеп
жоқ.
Осы ауылдардан жеке-дара, өзеннің тура қабағына жақын тігілген
он шақты киіз үй – ең құрметті ауыл – "жаңа ауыл" – Ақ патшаның
мұрагерін қарсы алатын, жүздесетін жер. Бұл араға игі жақсылар –
болыс, билер, атақты байлар мен ежелден ел билеп, қазір бағы тайса
да, көне атағымен шонжарлық қалпын сақтаған төре, сұлтан
тұқымдарының жұрнақтары, қажы, моллалар жиналып, ұлы
қонақтарын қалай қарсы алу тəртібіне, рəсіміне дайындалып, бес
уақыт намаздарын қаза қылмайтын дінге берік мұсылмандар салтымен
күнде салпақтайды. Бұларды сапқа тұрғызған əскерлердей қаз-қатар
қойып, мұрагер алдында қалай қошамет көрсету керек екенін үйретіп,
жөнге салып, айтылар сөз, көрсетер құрметтің жөн-жобасын
ұғындырушылар – арнаулы комиссия адамдары, шені "үлкен, дəрежесі
биік қала чиновниктері"...
Ақан мен Мəмбетəлі дəл Мұрагер Омбыға келе күні қыбын тауып
қалаға жеткен. Басқа қазақтар бұл қызықтан бейхабар.
Июльдің он төрті күні екінді кезінде қала шетіндегі биік, ескі
қорғаннан атылған зеңбірек үні біразға дейін құлақ тұндырды. Бұл –
Мұрагердің Ертіс бойымен жеткеніне қошеметпен атылған зеңбірек.
Қала халқы құжынаған құмырсқаның илеуіндей. Полк-полкімен,
жүз-жүзбен иін тірескен аттылы казактардың, тарантас, пəуеске,
ресорлардың ара-арасымен сыналай өту киямет-қайым. Бұрын
Петербург сияқты ірі қаланы, мұндай салтанатты жиындарды көп
көрген Мəмбетəліге бұл аса таңсық болмаса да, Ақан үшін бұл –
ғажайып көрініс.
Кемеден түсіп, қара арғымаққа мінген Мұрагерді бір қиырдан көзі
шалған сері, ол арада не болып жатқанын анық көре алмай əлек.
Мұрагерді жақын тұрып көрмекке құмартқан жүрек дүрсіліндей жер-
дүниені дүрсілдеткен музыка. Ақан бұрын естімеген қуатты үн, əсерлі
əн. Марш! Марш! Гүрс-гүрс ойналған оркестр, Цесаревич алдынан
өткен мыңдықтар мен жүздіктердің "Уралаған" үндері, қошамет
дауыстар Омбы аспанын дірілдетіп, қалықтап тұр.
Бұл думан күн батқанша аяқталмады. Шыжғырған күн астында,
Омбының сəл жауын жауса миы шығып жататын қара балшықты
жерінен көтерілген борпылдақ қою шаңның ішінде жөңкілген жұрт,
көше-көшені, алаң-алаңды бойлай шеру тартқан салтанатты топтың екі
қапталында шұбырып, қолы жеткендері Мұрагердің табанының
астына гүл шоқтарын лақтырып, арнасынан шыққан тасқын судай
ағыла берді, ағыла берді. Никольск шіркеуінде тұратын Ермактың туын
көтерген казак атты əскерлері жан-жағынан қоршаған Мұрагер бар
нөкерлерімен қозғалып, Ильинский шіркеуінде қасиетті креске ернін
тигізіп, шоқынып шыққан соң, генерал-губернатор үйіне дейін талай
жерлерге тоқтап, қала мещандары мен дворян, чиновниктерінің
қошаметіне бөленді.
Қаладағы ең таңдаулы орындар Дворцовая көшесіндегі Зайцевтің
"Столичные", "Коммерческие номера" аталатын, қыр еліне əйгілі
Шепановскийдің қонақ үйіндей шет елдіктер, оның ішінде қазақ
сұлтандары мен басқа шонжарлары жататын қонақ үйлерінің алдымен,
су сепкен тап-таза мұнтаздай, неше түрлі гүл егілген жұпар атқан
бақты басып, Омбының үстіндегі аспалы темір көпірден асып, ең тəуір
көшелердің бірі Любинский проспектісіндегі Терехов, Волков, Шанин
деген ірі купецтердің тас магазиндерін көктей өтіп, генерал-
губернатордың сарайына қайта бұрылғанша, күн де батқан...
Омбының түнгі көрінісі қандай əсем. Жыпырлаған сансыз
жұлдызды айсыз аспан қазір кері төңкеріліп, жерге аунап түскендей.
Қала шетіндегі жермай шамдарын былай қойғанда, орталық
көшелердегі, Никольск шіркеуінің алдындағы Сібір казактарының
Мұрагерге арнайы көтерген аркасында, бақтарда түрлі-түсті
шамдардан көз тұнады. Семей, Түмен жағынан арнайы келген
"Верный", "Фортуна", "Сарапулец", "Александр Невский" кемелерінде
тізіле жайнаған неше түрлі қызылды-жасылды жарықтар Ертіс суына
түсіп, дірілдеп, бүкіл өзеннің ұзына бойы сəуле шашып, жымың
қағады. Оттар!
Көз алдында самаладай жайнаған жер бетіндегі мұндай жарықты,
сезіміңді оятар мұндай эсерлі сəуле шашқан оттарды тумысында
бірінші көрген Ақан сері таң қалып, іштегі бір арманын қасындағы
Мəмбетəліге ақындық шабытпен айтты:
- Апырм-ай, Мəмбетəлі, біз осы күнге дейін Жасағанның жалғыз
күнінің астында күнелтіп, ғұмыры, түн баласы, көрдей қараңғы
қапаста ұйқымен тіршілік етіп келеміз-ау! Мына орыс жерінің жарығы,
сəулесі біздің түнектегі елге де жетер күн болар ма екен!..
Көп шуыл, көп дабырдың ішімен ұзақ жүріп əбден титықтап
шаршаса да, Ақан сергек. Тек бағанағы əзірде, қайдан сап ете қалғаны
белгісіз, бұлардың желке тұсынан қадалған Ковзоловтың өткір көзінен
тітіркеніп кеткен. Ол болса, бұлардың соңынан қалмай, анадайдан
бақылап, жындарына тиген. Ақыры екеуі оны жиі адастырып отырып,
Мəмбетəлі оқыған техникалық училищенің сыртындағы ағаш үйге
келіп кірген. Бұл – қалада бұрын "подлые люди" деп аталатын топқа
жататын переселен шаруаның үйі екен.
Төргі бөлмеде бір бүйірінде көп патшалардың суреті ойылған сары
самауырдан шай ішіп, гуілдесіп отырғандар бұлар кіргенде тына
қалды. Босаға жақтан ұшып тұрған қауға сақал еңгезердей қарт
тығыршықтай төртбақ Мəмбетəліні бас салып құшақтап аймаласа да,
қала тəртібімен сəнді киінген, сұлу қазақты жақтырмағандай, Ақанның
сəлемін салғырт алып еді, столды айнала отырған сақалды екі орыс
жігіті мен жас келіншек те бөтен адамға əрі тосырқай, əрі күдіктене
қарады. Мұны бірден сезген Мəмбетəлі:
– Бұл адам – бүкіл қазақ жеріне атышулы Ахансэрэ деген əнші,
композитор ағамыз. Өзіміздің адам, – дегенде барып, жігіттер орнынан
тұрып, орыс рəсімімен к,ол алысып танысты:
– Горбунов.
– Иваницкий.
– Чернышева...
Техникалық училищеден қуылғалы Омбыға келмек тұрсын, өзінің
достарымен жазысқан хаттары үшін Ковзоловтардың аңдуына
ұшырап, ояз алдында жазықты болып қуғындалып, қағажу көрген
Мəмбетəлі, алыс түкпірдегі меңіреу ауылда жатып, Ресейдегі көп
жағдайлардан, жаңалықтардан хабарсыз, мақрұм қалған еді. Енді мына
жолдастарын əдейі іздеп келген жігіт, шай үстіне Ақан біле бермейтін,
ұғымсыздау көп жайларды құмарта сұрап, көп кеңесті. Сөздерінің
жалпы нобайын, бағытын ұғынғанмен, жетесіне жете түсінбеген зерек
ақынның жадында жаңа бір сөздер қалып қойған еді. Бірақ тосыннан
естіген "Монархия", "репрессия", "Қаракөзовцы", "террор", "социал-
демократы" деген сөздердің түпкі астарын, негізін түсінбеді. Əшейінде
білмекке, үйренбекке құмар Ақан, бұл сөздердің төркінінде құпия сыр
жатқанын отырғандардың аңысынан байқап, қазбалап сұрап,
діңкелеуді ұят санады.
Əйтсе де, əңгіме, кеңестен сырт қалған сері, енді, ұзақ ішкен шай
жиналар кезде жұрттың назарын өзіне аударып алған еді.
Бүгінгі көп қызық, салтанатты тойдың əсерімен əлі де көңілді
отырған Ақан, Көкшеден шыққалы ойына оралған арманын кеше
Мəмбетəліге айтқанындай, бүгінгі ағалық арызын тағы да қайталаған:
– Мəмбетəлі, мына жолдастарыңмен сөйлесіп, мауқыңды бассаң,
бағанағы айтқанымды бүгін ұйықтамасақ та түні бойы қағаз бетіне
түсірейікші.
– Жарайды, Ақан аға, сіздің айтқаныңыздан қалай бас тартпақпын,
– деген Мəмбетəлі, қазақшаны түсінбеген жолдастарына күле отырып
жеткізген: – Біз Августейший Атаманға – болашақ Императорға
петиция жазбақпыз.
– Петиция?
– Петиция! – деп бірі таңырқап, бірі қулана күлген қонақтар
Ақанның Патша Мұрагерінің алдында сөйлемекші екенін, айта алмай
қалар арыз-шағымдарын "петиция" арқылы жолдамақ екенін естігенде,
дала ақынына əрі қызықтап, əрі оның бала мінезіне зілсіз
жымыңдасты.
– Мəмбетəлі Сердалиныч, бұл кісіден не арыз еткісі келетінін
білуге бола ма? – келгелі сөзге араласпай бой сақтаған Ақанның
жүзіне сабырмен, ыждаһатпен ұзақ қарай қалған Горбунов түз
адамдарының ой-пікірін, оқымаған адамның қоғамға деген көзқарасын
шын білгісі келіп еді, басқалары да қосылды.
– Өздеріңіз неге сұрамайсыздар, егер Ақан аға құп алса, – деп,
олардың бұлай қазымырлана қалғанын ұнатпай сұрланған серіге
қарады Мəмбетəлі.
– Ғапу етіңіз, сіз орысша біледі екенсіз ғой, біз... – деп қызарақтап,
əрі бағанадан бергі құпия сөздерін ақынның түсініп отырғанына
ыңғайсызданған Иваницкий Ақанға бұрылып ақтала сөйледі, – Сіз,
бізді шын ұғыныңыз. Біздің ойымызда титтей де сынау, не күдік жоқ.
Шын иланыңыз, қырғыз-қайсақ жеріндегі хал-ахуалды тереңірек
білгіміз келеді. Мүмкін біздің де қосар ойымыз болар. Цесаревичке не
айтпақсыз? Ғапу өтінемін!
Ақан сері сəл ойланып отырып, өзінің көкейінде сайрап, ұзақ
уақыттан бері жатталып қалған сөздерін орысша тізбектей жөнелді.
Алғашқыда даусы зілдей шықты.
– Мен Патша мұрагеріне, болашақ патшамызға, қазақ елінің
мұңын, мұқтажын, көрген тəуқыметін, шеккен зəбірін, тартқан азабын
жазбақпын.
Отырғандар қозғалақтап, түстері өзгеріп, жүздерінен күлкі табы
тарап, байсалдана қалды.
– Сіз қазақ елінің дейсіз, бұл айтып отырғаныңыз барлық елге,
Россия халқына да ортақ тағдыр емес не, – деді Горбунов, – Мұны қай
ұлттың болмасын тағдырынан бөліп қарау – жарамайды. Бұл – жалпы
қасірет... Ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлдім бе?
– Жоқ, сіз түсінбедіңіз, жалпы қасірет өз алдына, менің айтпағым
сол – орыс халқының тағдырынан бөлектеу қазақ тағдыры!
– Қызық екен, иə айтыңыз.
– Да, интерес-сно! – деп, басқалары да орысша жатық сөйлеген
ақынға, енді, үлкен үмітпен қарап, тұз тағдырының сырын ұқпаққа
құштарлана құлақ түрді.
Ақан бұлардың құштарлығын басқаша ұқты. Сынаудан, мінеуден
аулақпыз деп қанша ақталғанмен, түз елінің қараңғы надандары не
білуші еді, нендей терең ой болушы еді дегендей көрініп, сері əрі
зығыры қайнап, əрі назаланып, бұлармен ашық айтысқа түсуді ойлады.
– Жəрəйді, ендеше, – деп Ақан иығын қомдай түсті де,
отырғандарды өткір көзімен айнала бір шолып өтті, – Мəмбетəлі, сен
айтылар сөзді зердеңе тоқи отыр. Жазылмақ сөз де осы төңіректе
болар... – бұл арасын қазақша айтқан Ақан, қайтадан орысшаға
ауысты, – Бүгін Омбы қаласын еркін аралап, түсінбегенімді,
білмегенімді мына Мəмбетəліден сұрай жүріп, көп нəрсеге қандым,
көп нəрсеге қызықтым. Шіркін-ай, қазақ елінде осындайлар неге жоқ,
казактың маңдайына неге мұндайларды жазбаған деп, жасыратыны
жоқ, қызғана қарадым... Өздеріңіз ойлаңыздаршы, мына түнгі
Омбының келбеті қандай, қазақ ауылының, бүкіл сахараның түнгі
келбеті қандай? Мұндағы самаладай жайнаған жарықтың, сəуленің бір
ұшығы ол араға түсті ме? Ғасырлар бойы қараңғы түнекті бүркеніп,
тым-тырыс жатқан қайран қазақ елі. Əйтеуір күн ортақ, ай ортақ.
Иваницкий мырс етіп:
– Сіз Омбы қаласы мəңгі осы жарықтың, вензельдер мен
фейерверктердің, – иллюминация оттарының астында тұрады деп
ойлаймысыз. Бұл əншейін Цесаревичке жасалып жатқан уақытша
құрмет қой. Əйтпесе кейін келіңіз, орталық көшелердегі бес-алты
галка фонарынан түскен жарықтан батпаққа батқан калошыңызды таба
алмай қаласыз, – деп қалжыңдап күлгенде, басқалары оның орынсыз
қалжыңын жақтырмай қабақ шытысты.
– Николай Александрович, сондай сөздің қажеті қанша, несіне
бұрмалайсыз! – Бəденді келген орыс келіншегі, дала ақынының, ойлы
ақынның астарлы сөзін көпе-көрнеу қақпақылдағанына қызарақтап
қалды.
– Жоқ, əншейін, сөз ретімен... Əйтпесе түсініп отырмын, ғапу
етіңіз, өте образно, образно!..
– Ондай аяғын ала алмай жүрген адамдар батпақта галошы түгілі,
құрғақта басының қайда қалғанын білмес, – деп Ақан да жұтқыншағы
сорайған Иваницкийге ұнатпай қарады да, енді шын айтысқа
түскендей ашынып сөйледі, – Жарайды, онда панарларыңды,
лампыларыңды базар шығып келген қазақтар ақшасына алып келіп
жатыр. Ауылда да шам көбейді. Ал, білім шырағын, білім жарығын,
жүрек отын ақшаға ала аласың ба? Бүгін Мұрагерді қарсы алған
қыздар гимназиясының, Тобыл көшесіндегі жетім-жесір, кедей
балаларының Убежищесінен бір кісідей əн салып шыққан кілең
сүйріктей-сүйріктей шəкірттерді көргенде, сонау алыстағы ауылда кір-
қоңның, күл-қоңырдың арасында жүрген бейбақтар есіңе түсіп, жаның
ашып, көзіңе жас келеді. Неге олар оқымайды, неге оларға мектеп
ашпайды? Олардың жазығы не?! – Ақан қайсыбір орыстың қиын
сөздерін, ұмытып қалған кісі есімдерін, ғимарат, оқу орындарының
атауларын Мəмбетəліден сұрап алып, аудартып алып отыр, – Жəне де
соның бастығы генерал-губернатордың əйелі барон Таубе екен.
– Баронесса деңіз. Омбының Благотворитель қоғамының алдамшы
қуыршағы ғой.
– Император Алексейдің əйелі, бүгінгі Мұрагердің шешесі
императрица Мария Федоровна да Ведомстнодағы əйелдер оқу орнын
басқарады. Баронесса Таубе мен Дмитриева-Мамоновалардікі де
əншейін еліктегенге – солықтаған ғой, – деді Мəмбетəлі де.
– Ал, Мұрагер кемеден түскенде ана қосылып əнге салған казактар,
ана таяқшамен бəрін басқарып тұрған есаул, қалай деп едің?!.
– Ə, Сібір казак əскерінің капельмейстр Гровесь басқарған хоры
мен есаул Новоселов басқарған оркестрі, – деді Мəмбетəлі.
– Иə, иə... Кейін біз сол оркестр дегенін таяу барып қарадық. Не
деген ғажап, ғажайып нəрсе, – деп Ақан басын шайқады, – Ғұмырымда
бірінші көруім еді, мұндай таң қалмаспын. Жаңағы оркестрдегілердің
бəрінде бір-бір қағаз. Тура хадымша жазылған құран бетіндегі əліптің
таяқшаларындай сызулар. Бəрі соған қарап тартып тұр. Не деген
ғаламат! Мен көңілдегі ойды қағазға сөз етіп түсіруді білсем де,
көкірегіндегі енді қағазға түсіру дегенді көрмеп едім. Ертеде Фараби
шаһарының бір үлкен ғұламасы енді қағазға түсіріпті дегенді
естігенде, сенерімді, не сенбесімді білмей, қайран қалғам. Шіркін-ай,
қазақ даласында тұнып тұрған əрісі, берісі бар неше бір тамылжыған
əн мен құйқылжыған күйдің талайы ұмытылады-ау, мынадай боп
сақталып қалар ма? Неге ғана осыны қазақ балаларына үйретпеске,
неге ғана оқытпасқа?! Шіркін-ай!..
– Сонда киргиз... то есть казак балаларын алалап ұстайды демексіз
бе? – деп Горбунов бұл жолы шын білмеске, шын сынап сұрады.
– Сіздіңше қалай? Мен сіздерге бір мысал айтайын: Ішкі Ресей
жерінен ғой, жылда қанша переселендер келіп жатыр. Жер алып
жатыр, олардың үй-жай салып алуына, сиыр сатып алуына, менің бір
Новиков деген досымның айтуынша, ақшалай қарыз – ыссуда береді
екен. Кейде ұсақ-түйекке қайтармайтын тегін ақша да береді. Ал,
сонда жері де, сиыры да жоқ қазақ кедей-кепшігіне, мүсəпір
жетімдеріне,
қайыршыларына,
жалшы-малайларына
неге
қарайласпайды?
– Олар өз жерінде ғой, – деді де, Иваницкий өзінің ағат сөйлегенін
аңғарып, басқаша, бұлдыр ғана айта салды. – Переселение мəселесі,
жер мəселесі – өте қиын шаруа, Патша өкіметінің құпия саясаты, бұл –
үлкен мəселе!
– Жоқ, бұл алалау, сенбеу деген сөз, – Жұрт алдында насыбай
атпайтын Ақан осы тұста қалтасынан қалай шақшасын алғанын білмей
қалды. Ерніне бір шөкім насыбай салып, қайта сөйледі. – Тағы да бүгін
мынадай жағдай маған көп ой салды. Əрине, бұрын да аз-маз
ойланатынбыз. Казак-орыс əскерлері, полк деді ме, не деген қаһарлы
күш? Əсіресе, казактардың қылқандай жастарының, қаршадай
балаларының полкі қандай сəнді, қандай керемет. Бəрі де өз қару-
жарақтарымен, өз аттарымен келген. Ал, осындай қазақ əскері, қазақ
полкі неге жоқ? Қазақ жастарына да мылтық атуды, зеңбірек атуды
неге үйретпейді?!
– Шынында да казактар əскерге өз аттарымен келеді. Сіздерде
ондай əскер болған ба, казактарда, ну, казак-қайсақтарда? Монғолдар
белгілі ғой, – деп қазақ пен казакты қалай шатастырып алмаудың
шарасымен Чернышева сəл қызарақтап, тұтығып қалды.
– Неге болмасын. Егер болмаса, осынша ұшан-теңіз жерді қалай
ғасырлар бойы иемденіп отыр дейсіз! Əрине, ойсырай жеңіліп, жаппай
қырғыншылыққа ұшыраған күндері де көп болған... Иə-иə, əлгі
казактар өз атымен шығады дедіңіз, – деп, Ақан енді келіншекке
күлімсірей, қуақылана қарады, – Сізден, ұятырақ болса да айтайын,
өзіңіз сұрадыңыз ғой. Қазақта, қалай деуге келеді, сүндетке отырғызу
бар. Мұсылман парызы. Сүндетке отырғызар баладан, бір жағы
көңілін аулап, алдау үшін, атың кім? Атың қандай? – деп сұрайды. Бұл
– ерте кезде, өз есімін сұраумен бірге мінетін атын сұраудың жөні.
Бала сонда өз атымен бірге, мінетін құлын, не тайының атын атайтын.
– Бұл – енді, бəйгеге мінер, көкпарға түсер, сауықта жүрер атың бар
жігітсің, еліңді жаудан қорғайтын атың бар азаматсың деп, елін, жерін
қорғауға кішкентайынан баулудың, санасына жүгіртудің бір түрі,
тəрбиенің бір қыры еді. Яғни жаугершілік уақытта əр жігіттің аты,
тіпті кермеде, түн баласына байлаулы тұратын кездері болған... Ал
Ресей қарамағына кіргелі жайбарақат жатқан босбелбеу жұрт. Бұл, бір
жағы, – жау күтпеген жағасы жайлау тіршілік, – рахат та шығар. Бірақ,
елін қорғауды ойламаған, күтінбеген азаматтың жүрегі отынан
айрылған шала, қоламта! Жүрек отын қалай сатып алады дегенім осы
еді... Менімше қазақ жері нысанаға іліккенде, қазақ халқы елеусіз
қалып барады: Жерің нысанаға ілігіп, елің елеусіз қалғаннан асқан
қорлық жоқ!..
– Сонда осынша тағдыр тауқыметіне кім кінəлі деп ойлайсыз?
– Ең алдымен Ресей патшалығының қазақ елін басқарып отырған
үлкен орыс ұлықтары: генерал-губернатор, ояздар, чиновниктер. Қала
берді бүгінгі қазақ ұлықтары: болыстар, билер, байлар, атқамінер
озбырлар.
– Ал, сонда, киргиз-кайсак ішінен шыққан өз оқыған азаматтары
қайда? – деп Горбунов Мəмбетəліге қарап екі-ұшты жымиып қойды. –
Олардың неге өз халқына жаны ашымайды?
– Ол оқығандарының бірі - өзіңіз мезгеп отырған Мəмбетəлі.
Көрінген оқудан шығып, қуғында жүрген Мəмбетəлі. Шідерлі аттай
ауыл маңынан ұзай алмай жүрген мұның қолынан қазір не келеді?
Қазақтың көп үміт артқан оқыған азаматы Шоқан еді, білетін
шығарсыздар?
– Білгенде қандай!
– Білеміз, əрине!
– Сол Атбасар дуанына аға сұлтан боламын, қараңғы қазақтың
көзін ашамын деп осыншама талпынып еді. Не керек, ақшасы көп
надан Ерден Сандыбайұлы жеңіп алды. Орыс ұлығына, əрине,
Шоқаннан Ерден пайдалы. Қазір ел басқарған болыс, ауылнайлардан
не үміт, не қайыр? Өңшең қара танымайтын, жері бар, байлығы бар
топастар. Олар ел үстінен салық жинауға, бермесе тартып алуға шебер.
Сол аты-жөні көп салықтардың қайда кетіп, неге жұмсалатынын ел
түгілі, сол болыстарының өзі білсе бір сəрі. Қараңғы ел Сібірге жер
аударылса да, себебін білмей кете барады. Оған жөн-жоба түсіндірер
кім бар? Орыс империясына бағынып, қарамағына кіргелі жүз жылдан
асқан екен, содан бері қазақ елінде не өзгеріс бар? Алғашында елді хан
биледі, келе-келе екі жағында екі орыс заседателі бар сұлтан биледі,
енді бүгінде оның орнына орыс оязы шықты, қазақ ел басқарудан, өз
еркі, билігі бар ел болудан сырылып келеді, қағылып келеді. Ертең
болысың да, ауылнайың да стражниктер болса, тіл түсінбейтін қараңғы
халықтың қой болмағанда несі қалды?! Ең арты өзіміздің қазақ деген
ұлттық атымыздан айырылып барамыз... Ештеме түсінбесең де, қазақ
бол, мейлі шүршіт бол, əйтеуір пара берсең, ұлықтардың қалтасын
толтырсаң, қалқақтап аман жүресің. Сол да күн көріс пе, сол да
тіршілік пе?!. Бирондар қаптап келеді, Бирондар!
Отырғандар бір-біріне таңырқаса қарасты.
– Пара – бүкіл Россия жеріне жайылған індет! – деп, Горбунов енді
орыс еліндегі параның неше атасын ұзақ жыр ғып, қызына-қызына
айтты да, қайтадан Ақанға бұрылды.
– Сонда сіз осы арыз, шағымды Цесаревичке айтпақшысыз, то
есть, жолдамақпысыз.
– Əрине! Аузым жетсе, түгелдей айтамыз. Жетпесе, арыз-шағым
жазылған қағазымды беремін.
– Патша бұл сұмдықтарды білмейді деп ойлайсыз ба?
– Шет жағасын білетін шығар. Бірақ түгелдей білсе, өз иелігіндегі
елді осынша қан қақсатудан оған түсер пайда қанша?
– Сіздің айтып отырған сөздеріңіздің бəрі орынды, екі-ақ қатеңіз
бар, ғапу етесіз!
– Айтыңыз, айтыңыз, мен сіздермен, білімді азаматтар деп
ақылдасып, кеңесіп отырмын.
– Ендеше, бірінші қателігіңіз – орыс халқының тағдырын түгелдей
білмейсіз, жаңағы айтқан қасіреттің көбі - орыстың қарапайым
адамының басындағы қасірет.
– Алексей патша өте орысшыл... қалай еді... шовенис деуші ме еді,
ол қалайша орыс жұртына қатыгез болмақ... Иə, Мəмбетəлі, олардың
орысшылдығының жалғандығын айтып едің-ау!
– Иə, – деді Горбунов, – Алексей Үшінші патша басқа орысты емес,
өзінің орыстығын жақсы көреді, орыстың дəрежесінен гөрі орыстың
дінін, православияны бəрінен жоғары бағалайды!
– Екінші қателігімді айтыңыз.
– Екінші қателігіңіз – Патшаға сенесіз. Сіз, үлкен адамсыз, бір
елдің үлкен ақынысыз, композиторсыз, ақылды адамсыз, бірақ балаша
сенгішсіз. Сіз бұл тарапынан... он жеті жасар Любовь Коведяеваның
ісін қайталағыңыз келеді. Не деген сенгішсіз,- деп Горбунов басын
шайқап-шайқап назаланды. – Ғапу етіңіз, сізді жас қызбен
салыстырғаныма. Мен бұл арада, сəбилік мінездеріңіздің ұқсастығын
айтып отырмын. Əрине, сіз ол қыздың жайын білмейтін боларсыз.
– Ол қыз кім еді?!
– Чернышевский деген орыстың ұлы жазушысын Алексеев
равелинасына қамағанда, түрме десек те болады, əйелдер
гимназиясының шəкірті Коведяева Екінші Александр патшаға,
"Чернышевскийді босатып, оның орнына мені қамаңыз" деп хат
жолдаған, – деп қысқаша түсіндірді Мəмбетəлі.
– Бірақ оған таң қалатын ештемесі жоқ, – Сөзге тағы да Чернышева
араласты. – Сол Екінші патшаның тұсында, "Жас жеткіншектерге"
атты прокламация өлеңінің авторы ақын Михайлов бастаған бір топ
жазушының министрге жазған хатын қайда қоясыздар?..
– Иə, патшаға əлі де сенетіндер аз емес...
– Сонда, сіздіңізше, не істеу керек, қол қусырып отыру керек пе?
Горбунов Ақанға ашумен жалт қарады да, өз қатарындағы құпия
адамдардың бірі емес екенін жаңа сезгендей, сəл тосылып қалды.
Аздан соң барып, алғашқы ойын жұмсарта, қалжыңға аударып, сауал
ретінде айтты:
– Мүмкін, патшаға сену емес, орнына сыру керек шығар?..
Ақан да сəл ойланып, үнсіз отырды да, Сандық тау станицасы
казак-орыстарының кебеже қарын, төртбақ, былшиған сап-сары жүз
басындай өңірінде медаль сыңсыған бүйірлі жез самауырға қарап
мұртын сипап, əлдеқалай миығынан күлді:
– Ана самауырдың сыртындағының бəрі патшалардың басы-ау
деймін. Егер сонау соңғы патшаны орнынан жұлып тастасақ, жаңа
самауыр тағы бір знакқа жаритын болды ғой!
Отырғандар ду күліп, бір-біріне қарасты. Олардың көздерінде "Осы
біз тым алысқа кетпедік пе?" деген қауіп те бар еді. Енді, бұлар əңгіме
бетін қалжыңға, əзілге бұрды.
– Ендеше шай құюшыны ауыстыру керек.
– Мүмкін осы самауырдың оттығын, шүмегін өзгерту керек болар.
Ақан да қалжыңға қалжыңмен жауап беріп, қатты күлді:
– Олай болса. Сіздер қашан торт аяғымен тең басып, төрт аяқты
столға өзі келетін, төрт жағында төрт шүмегі, төрт құлағы бар самауыр
жасап шығарғанша, шайқор қазақтар ішімізді кептірер өлі суды іше
тұратын шығармыз!..
Түн ортасына дейін көңіл көтеріп, əн айтып, басқа көр-жер
кеңеспен уақыт өткізген. Мəмбетəлінің Омбылық достары, тағы да
жолығармыз десіп, қош айтысып тарасқан. Тысқа шығып, үйден ұзай
бергендегі əңгімелері мынау болды:
– Жаңағы қырғыз-қайсақ ақынының алдында тым ашық сөйлеп
кетпедік пе?
– Мəмбетəлі өзіміздің адам демеді ме? Жəне бұл халық – сырға
берік халық.
– Дегенмен өзі үлкен философ.
– Наивная философия.
– Наивно? Потому и реально..
Мəмбетəлі болса, сері ағасының сөзіне қарсы дау айта алмай, ол
айтқан сөздердің бəрін, көтерем ел тағдырының бəрін тізіп жатқа
түсіре берді. Ғаделетсіз сотталып, Сібір айдалған Шəкей, Ожымбай,
Байбатырдың тағдырына ара түсіп, оларға кешірім жасауды өтінумен,
Мұрагерге жолданар шағым хат соңы таң алдында тəмамдалған.
5
Шілде. Жұма күні Ертіс жағасындағы қазақ ауылдары таңсəріден
оянды. Бүгін патша Мұрагері келетін күн.
Түні бойы қазан-ошақ маңында ет пісірумен көз шырымдарын
алмаған малайлар да сергек. Орындарынан тұра жау қуып келе
жатқандай тамақтарын апыл-ғұпыл ішіп алған қазақтар қашан хабар
келер екен деп мазасызданып, Жаңа ауыл тұсындағы Ертіс суына
қарайды.
Мұрагер хабарсыз келіп, ессіз үйлерді жалғыз аралап кетіп
қалатындай тықыршып, көрші ауылдар бір-біріне шапқыншылап,
"сендерге хабар тиген жоқ па?" "ойпырмай, зарықтырды-ау, қашан
келер екен", "көре алмай қалмасақ жарар еді" деп, сабырсызданып,
сабылып жүр.
Күн көтеріліп қыза түсті. Алыста қазақ даласының қыраттарында
сағым ойнады. Патша келер жақтағы Ертіс суы баяу ағып жатыр, кей
иірім тұстары ғана шымырлап, қыз бетіндегі сұлу шұқыршақтай
сақиналана дөңгелеп, бір иірім бір иірімді қуып ойнайды. Кемерге
əлсіз соққан толқын да, су бетіне шолп етіп шығып, қайта сүңги
жөнелетін шабақтардың да өз тіршілігі əзінде, бүгінгі қызықтан
бейхабар. Жазық дала бетіндегі теңіздей мұнартып, дірілдеген шексіз
сағым да, қуаң шөп арасында ыршыған шегірткелер, ентіге дем алып,
жапырағы қуарып түскен гүл, сыбызғы сабақтарына дамылсыз ұшып-
қонып жүрген көбелектер, іннен-інге кіріп сыпың еткен тышқан,
кесірткелер де ештемеден бейхабар.
Күн шыға өзен бойлап кеткен екі адам ғана осы айдалада мазасыз
күйге түскен. Бірі Шыңғыс, екіншісі Ақан. Екеуі де бірін-бірі көрген
жоқ. Екеуі Ертістің екі тұсында. Ел дабырынан жырақ кеткен Шыңғыс
қолындағы етектей қағазынан көз алмай, кəрі көзі сығырайып, қайта-
қайта күбірлеп, дауыстап оқиды. Қағазда Мұрагер алдында оқылатын
құттықтау сөз жазылған. Келгелі орысшаға жетік қазақ оқығандары
жиналып алып ұдықтаса жазған сөз он өшіріліп, он көшірілген. Ақыры
бір тоқтамға келіп сөз жүйесін аяқтаған соң, полковник Катанаев, ояз
Коновалов, комиссия мүшелері оқып, жарамды деп тапқан. Талай
жылдардан бері орыс қауымынан қол үзіп, орысша сөйлеуге де
əжептеуір тосаңсып қалған Шыңғыс өрі жазуды көзі көріңкіремей, əрі
қиын сөздерге тұтыға берген соң, Мұрагер алдында мүдірмей шығуға
жаттығып, жападан-жалғыз пысықтап жүр.
Ақан да толқу үстінде. Ертіске келгелі ауыл-ауылдағы жиналған
жұрт кешқұрым ет жеп, қымыз ішіп дуылдасып, мəре-сəре болып
жатқанда сері кейде Мəмбетəлімен, кейде жалғыз өзен бойын бойлап,
жаяу серуендеп кетеді. Өткен өміріндегі талай белестер, думанды
қызықтар есіне түсіп өз-өзінен шырқата əнге басып, кейде үрім-
бұтағын аз жыл ішінде отап кеткен зауалды күндері, алыста темір
құрсауда жүрген достары есіне түсіп, қайғыдан айдалада езіліп,
мұңмен оралады. Осындай күндердің бірінде жарқабақтың тұсынан
асып, бір дөңестеу жердің ылдиына келгенде алыстан құлпытасқа
ұқсаған қазық тас көрген. Қасына келіп қараса, бұл арада мола да,
зират та жоқ, жел өтінен, жауын тамшыларынан талай заманнан бері
мүжіліп тозған сарғыш тас қара жерге тереңдей қағылған. Тас адам
мүсініне келеді, екі иығы, ебедейсіз қашалған басы, айшықты қасы,
мұрны, көзі, аузы бар. Екі қолының да орны қашалған. Белуарынан
жерге кірген жауынгер қияпаты. Арқа тұсында қадымша, жəдітшеге
де, орыс қарпіне де келмейтін бөтен, жат жазу. Кім білсін, атам
замандағы қарақорымдық моңғол, не жоңғарлармен болған қырғын
соғыстағы жаугершілік кездегі əлдекімдердің қалдырған белгісі ме?
Ақан қазір сол тас мүсіннің алдында сөйлеп отыр. Қолында
Шыңғысқа жазып бергендей қағаз жоқ. Өз ойынан патша Мұрагеріне
айтар шағымын пысықтап отыр. Тас мүсін сөйлемесе де домбыраның
бұрауын келтіргендей ой салып, сөйлер сөздің тиегін тапқан. Ақанның
көз алдында сонау бағы заманда қазақ жерін ойрандап, баласын құл,
əйелін күң еткен заман – моңғолдар басқыншылығы, одан Қытай
иелігіндегі жоңғарлар жорығы тізбектеліп өте берді.
Ақан мəнерлі сөздерді ойлана тербеп, асықпай сөйлеп отыр, сөйлеп
отыр. Мұрагердің алдында отырғандай сөз тиегін ағытып, ел тарихын
əріден қозғап, беріге қарай ширатып келеді.
Тас мүсін үндемейді, көзі бақырайып, бедірейген қалпы түк
сезбейді.
Əлден уақытта алыстағы ауыл үдере кешкендей шу ете қалды.
Ақан да елең етіп, басын көтерді. Ел дүрлігіп жатыр. Тегі жаңа ауылға
шақырған-ау. Мұрагердің келетін мерзімі таянған ғой.
Ақан ентелей басып, киіз үйлерге қарай ұшты.
Бұл кезде Ертістің жағасы қарақұртша қаптаған халық. Бірді бір
ажыратып болмайды. Жұрттың бəрі өзеннің арғы қабағына өтуге
паром күткендей иін тіресіп, өңмендеп, суға қойып кеткелі тұрған ессіз
бір күйде. Неше күннен бері қаншама əуре болып дайындалса да əркім
өзіне тиесілі орынға түру орнына, бірін-бірі жаншып, таптап кететін
мүйізсіз қойлар сияқты. көп аттылы казактар есірік жұртты омыраулай
қағып тəртіпке келтіре алмай дауыстары қарлыққанша айғайлайды.
Атын шыркөбелек айналдырып, аппақ биялайлы қолын қайта-қайта
көтерген Катанаевтың да бетінен тері сорғалай бастапты.
Ақан мына ойран-топалаңға кірмей, сырттай барлап Мəмбетəліні
таба алмаған соң, жыршыларға бөлген киіз үйге беттеді...
Мұрагер Николай Алексеевичтің белгілеген уақытында келмей,
бөгелуінде себеп бар. Кеше күні бойы дала генерал-губернаторының
алдынан əскери лагерьге дейін сап түзеп созылған Сібір жəне Жетісу
əскерлерін аралап шыққанша, тап төбеден қадалған күн ыстық
табадағы балықтай шыжғырды. мұндай желсіз аптапты бүкіл Шығыс
елдерін аралағанда көрмеп еді. Əйтсе де бүкіл казак əскерлерінің
ішінде бейбіт шақта да, соғыс кезінде де ең көп атты əскер полктарын
дайындайтын сібірлік наказной атаманның көз қызығарлық сайлы
жауынгерлерін тек сүзіп өтуді мұрагер ыңғайсыз көрді. Əсіресе Россия
империясының болашақ қорғаны жас казактар полкінде сап құрған
бүлдіршіндер мен Түрік, Балкан соғыстарында, кавказдықтарды,
Хиваны жаулауда, Қоқан жорықтарында негізгі тірек болған қарт
казактар полкына шын пейілмен ерекше мəн берген еді.
Омырауларына əр дəрежедегі ордендер мен медальдар, ең арты
атқыштық өнеріне алған ерекше белгілерге дейін саусылдата таққан
казактардың ат үстінде отырыстары нағыз жауынгер халықтың
келбетін танытады. Сақал-мұрттарын ширата төгілткен қарт казактар
қандай тегеурінді жау болса да қайтпайтын қажырлы жігерлерін
сұстарымен-ақ аңғартқандай. Кеуделерінде күнге шағылысқан үштен,
төрттен Георгий, румын крестері бар, өңкей ақалтеке аттарын мінген
депутат-казактардың бас-басына жеке тоқтап, қай соғыстарға
қатысқанын, бала-шаға жайын, тұрмыс халдерін, Россия империясын
сыртқы, ішкі жаулардан қорғауға дайындықтарын сұраған мұрагер түс
ауғанша күн астында жүрген. Түскі астан соң мұрагер көрме залын
аралап, Сібір казак əскерлерінің төрт түрге бөлінген жер иелігімен,
карталар бойынша Ертіс бойындағы Долон жынысы, Қытаймен
шекаралас Іле жазығы, Биійс тораптарының жай-күйімен мұқият
танысты. Күн түспейтін салқын залдың ішінде бүкіл нөкерлерімен
соңынан шұбыра ерген қала чиновниктерімен бірге өткізген үш-төрт
сағат уақытта сырттағы тыныс тарылтар қапырақ пен оған кереғар
мұндағы дымқыл ауа, сыз иісі қосылып Цесаревичтің басы ауырды.
Кеше Сібір атты əскерінің қолбасшыларымен ұзақ отырып, бірінші
тосты көтергенде-ақ екі шекесі солқылдап, жүрегі лоблыған. Бірақ оны
үлкен қошамет, салтанатты кеште сездірмеуге тырысты. "Даңқты Сібір
казак əскері мен оған туыстас жетісулық өкілдер үшін көтеремін, –
Ура!" деп зорлана тұрып ішкенде, күркіреген күндей уралап
айғайлаған жұрттың үні қайта-қайта жаңғырығып, мұрагердің миын
шаққандай болды.
Түнде демалыс бөлмесіне келгенде де өзінің жайсыз күйін
сездірмеуге тырысқан. Қала халқы бұл түні таң атқанша Цесаревичтің
денсаулығына тост көтеріп, жаппай ішуде еді. "Его Императорское
Высочество Государь Цесаревич "Жалует казаков почарки водки
каждому" дегенін естіп алған казак əскерлері мен офицерлер естері
шыға ішіп, Омбы бұл түні уралаған үндер мен "славься, славься, наигь
Рускій Царь", "Как со вчера нашъ атаманушка" өндеріне, "Боже, тебя
храни" намазына есірік айғай-шуға көміліп тұрды.
Мұрагер төсекте де тыныс ала алмады. Басына күн өткендікі ме,
əлде анық айығып кетпеген Тсудо Санцо жауыздың қылыш жарасы ма,
басы зеңгіп, тынысы тарыла береді. Түнгі ваннадан соң, теңіз əскери
дəрігері фон-Ромбах пен лейб-егерь кіріп, денсаулығын біліп, шаш
арасындағы беті қотырланып түсе бастаған сызат жараға дəрі жағып
кеткен. Олар ауыз бөлмеде түні бойы көз шырымын алмай,
Цесаревичтің шақыруын күтіп, басына барып отыруға бата алмай
əлсін-əлсін есіктен сығалап, дəрі-дəрмек əзірлеп, шприцтерді
қайнатумен болды.
Цесаревич таң атқанша ұйқылы-ояу дөңбекшіп, ара-тұра
сандырақтап жатты. Көз алдында Үнді даласындағы неше түрлі адам
сенгісіз ғаламат зират, діни ғимараттар, Акрополь үйінділері, Ніл
бойындағы храмдар, Филе аралындағы қазандай қайнап, буырқана
тасып жатқан терең толқындарда балықша шоршып сүңгіген жалаңаш
жабайы адамдар. Осылардың ортасында қолына қылыш ұстаған Тсудо
Санцо. Көзі жаңа ілініп бара жатыр еді, Япониядағы осы бір естен
кетпес уақиға, тағы да көз алдына келді. Түсі емес, өңіндегідей
елестеді: Николай Алексеевич ғажайып бақ, мəуелі ағаш, гүлге
оранған, жібектей самал желі жанға жайлы Япония жерінде рикшада
отыр, артында принц Георгий Греческий, одан соң принц Арисуғава,
лейб-егерь, ең соңындағы рикшада князь Барятинский. Японияда тура
осылай болған. Бұлар салтанатпен жылжып келеді. Ат орнына адам
жеккен қандай қызық, бірінші рет отырған адамға əрі ерсі, əрі таңсық.
Екі жағында қылыштарын маңдайына көтеріп кірпік қақпай қатып
қалған жандарм самурайлар сапы. Бір кезде, оң жақ саптан жүгіре
ұмтылған самурай Тсудо қылышын көтере берді. Жан дəрменде екінші
жаққа рикшадан секірген Мұрагер басына тиген соққыдан құлады. Бұл
екі арада алда келе жатқан рикшаны сүйреткен адам əлгі жандармның
аяғына етпелей құлап, ұшырып түсірді де, Георгийдің рикшашысы оны
қолынан түскен қылышымен ұрып, есінен тандырды.
Мұрагер көзін ашып алды. Енді ояу Цесаревичтің көз алдына
жандармды көріп келген Шевичъ, Тсудо Санцоның ұстамалы аурумен
науқас екендігін, Япония халқының Цесаревичке ешқандай қасастығы
жоқтығын, Тсудоның бұрын да осындай өрескелдік жасағанын
баяндап тұр. Бұдан соң Японияның жер-жерінен Цесаревичтің
денсаулығын сұраған, оның жауыз Тсудоның қолынан аман қалғанына
қуанышты екендіктерінен, тез айығын кетуіне тілектес екендіктерін
білдірген жиырма торт мың телеграмма қарша борады.
Өлімнен қалған Япониядағы кездейсоқ оқиғаны есінен шығарып,
ертең қырғыз-қайсақтарға баратынын, олардың да жапондықтарға
ұқсайтындықтарын ойлап, тағы да көзі ілініп бара жатыр еді,
Цесаревичке енді Мемфистегі ұлы фараон Рамзес жерленген храм
елестеді. Эллораның бірде ыстық леп, бірде салқын жел ескен жер
астындағы қуыс-қуыс үңгірлерімен жүріп, ондағы ғасырлар бойы ен
жайлаған жыландар ордасына кезікті. Құж-құж қайнаған əулие
жыландар бір-бірімен айқасып, байланысып, жауыннан кейінгі жер
құрттары шуалшандардай дымқыл жабысқақ денелерімен ирелеңдеп,
айыр тілдерін сумаңдатып ерттей ысылдайды. Бұлардан жеркеніп, əрі
үрейленіп алыстан айнала өтіп бара жатыр еді, əлде бірі сұп-суық
денесімен шап беріп, білегіне орала түсті. Цесаревичтің даусы шығып,
оянып кетті. Қасында фон-Ромбах. Төсекте аласұрған Мұрагердің
жерге салбыраған білегінен жайлап көтерген дəрігердің салқын қолы
екен...
Цесаревич
Николай
Алексеевичтің
бұлай
болмашы
сырқаттанғанынан Ертіс даласындағы қазақтар да, олардың патша
мұрагерін қарсы алудағы тəртіп, шаруашылық жағын басқарып жүрген
комиссия адамдары да бейхабар...
Талмау түсте күн мейлінше күйіп, қырбық қаудың арасындағы
топырақ қоламташа қызды. Түс ауа күн батыстан бір ыстық жел тұрып,
енді бара-бара тыныс тарылтқан қапырық дала аңызғаққа айналды.
Таң сəріден сайрайтын бозторғай атаулы қанаттары отқа күйгендей
жерге сорғалап құлап қайда қалың кəде, шоқ-шоқ тобылғы болса содан
пана іздеп, екі бүйірі солқылдап, ауыздарын ашып, жатып алған.
Бейсауат қыбырлаған тірі жəндік көзге ұшырамайды. Патша гербіндегі
екі басты самұрықша буалдыр аспанда жалғыз қыран ғана қалықтап
жүр. Көптен көрмеген мына құжынаған адамдарға таңырқап, біресе
аспан төріне-салқынға сіңіп, біресе қайтадан төмендеп шыр айналып
кетпейді.
Таңертеңгі астан соң нəр татпаған қалың жұрттың қазіргі халі де
қос бүйірін соғып, алқынған торғайлардың мүшкіл халіндей.
Торсықпен қымыз алдырып ішкен некен-саясақтары болмаса,
көпшілігі тас төбеден ми қайнатқан күн астында қайда тығыларын
білмей, бір-бірінен көлеңке іздейді. Ертеңгіліктей емес, бəрі де енді
жөнге келіп, өз реттерімен сап түзіп, жағадан бастап киіз үйлерге
қарай шұбатыла дамылдап, тықыр шөптесінге молдасоқына отырыпты.
Патша мұрагері алдында барын көрсетіп қалғысы келген шонжарлар
знак, медальдарын таққан кең қолтық, ұзын шапандарын таң атпай
үстеріне іліп, мұздай киініп алған еді. Енді, қойны-қоныштарына тер
саулап, пысынап, мойындары салбырап амалсыз отыр. Алғашқы
салтанат қарқыны, алғашқы мерекелік екпін жоқ. Бəрінің ұнжырғасы
түскен, біреу ұрып-ұрып тастағандай тұлабойлары ез-ез.
Түс ауа жыршылар отырған киіз үйден шығып, қалың жұрттың шет
жағына тізе бүккен Ақан мен Мəмбетəлі, əншейінде көлеңкелі сай
қуалап, қамысты көлдердің терең суында белуардан шыбындап
тұратын жылқы баласындай салқын киіз үйлерінің туырлық етектерін
көтеріп, керегеден соғар самалда шыңырау құдықтан алдырған балдай
қымызды сапырта ішіп, қарындарын сипап бейғам жататын мына бай,
болыстардың шыжыған күн астында езіліп, тырп етпей отырған
мүлəйім күйлерін көргенде миықтарынан күлді.
– Осылар ғой, патшаны көрдік деген бір ауыз мақтан сөз үшін
келді-ау, көрерсіз ертең осылардың көбі қаратышқақпен ауырады, –
деп Мəмбетəлі Ақанға сыбыр еткенде:
– Не деген мақтан сүйгіш, бос кеуде едік. Рас, рас, не ел жайын
айтар сөзі, не еліне апарар жаңалығы жоқ. Жат жұртта қойша
шұбырған момын, өз жұртында қасқырша ырылдаған келеңсіз
жандар!- деп, Ақан сері де самайларынан тер сорғалап үнсіз мүлгіген
жұртына қарады.
– Патша келеді!
– Патша келеді!
– Цесаревич!
– Ұлы мəртебелі Мұрагер!- деген дауыстар өзен жақтан басталып,
орындарынан өре түрегелген жұрттың ортасынан құйындай жүріп өтті.
Өзен бойында аттарын суарып, екі-үшеуден əңгіме дүкенін құрған
күзетші казактар, городовойлар тырақайлап шауып келеді.
Халықтың кезі Омбы жақта. Екі иіні түскен казактар, дұнған
тараншылар қайтадан серпіліп, қол орамалдарымен бет, көздері
шырадай жайнап, сағына күткен асыл туысы алыстан оралғандай
немесе, Хақтағаланың қасынан ұлы пайғамбар, сахабалардың бірі келе
жатқандай қуанысты.
Алыста Ертіс бойында қылт етіп пароход көрінді.
– Көрінді, көрінді!
– Пой, пой, көз ұшынан шалынатын альт кеме ғой.
– Өзі үй сияқты ғой көшіп келе жатқан.
– Үйің не, кіші-гірім таудай, шіркін-ай, Еслампордан шыға
қызығын көріп едік-ау! – десіп, қайсыбір қажылар бір көтеріліп қалды.
– Ана қара, боздап келеді.
– Өзі шынында түйедей боздайды екен.
– Əлі қасыңа таяп келгенде көресің, үні құлағыңды жарады.
– Не дейді?
Турбасынан түтіні будақтаған қара кеме Ертіс суын таспаша тіліп
жақындай түсті.
– Оу, өзінің түтіні не деген ғаламат!
– Е, отпен жүреді дейтін.
– Пармен жүреді дейтіндері қайда?
– Тас көмір жағатын көрінеді.
Бұрын кеме көрмегендер алақандарымен маңдайын көлегейлеп,
өзен бетінен көз алмай тамсанады.
– Ана қара, алыстан тағы біреуі көрінді.
– Өзі екеу болды ғой!
– Қайсысында екен Мекелай?
Полковник Катанаев тағы да өзенге қарай лап қойғалы тұрған мына
есірік жұрттың қимылынан үрейленіп, аузына апарған қаңылтыр
рупормен сөйлеп тұр:
– Мырзалар, депутаттар, тынышталыңыздар! Təртіп, рет
сақтаңыздар! Его Императорское Высочество келесі пароходта. Тəртіп
сақтаңыздар. Орындарыңыздан жылжымаңыздар! Тапжылмаңыздар
орындарыңыздан!
Жағаға таяй бергенде екі-үш рет ішін тарта өкіріп-өкіріп қалған
қара кеме, тұмсығымен терең суды қақ жарып, өзен бетін
толқындандырып келіп тоқтады. Қара кеме үстінде жыпырлаған ақ
шағалалардай өңкей ақ көйлек, ақ шляпалы əйелдер. Алдымен
генерал-губернатордың жұбайы баронесса Таубе бастаған бір топ əйел
жағаға төселген арнайы баспалдақпен түсіп, қақ жарылған
депутаттардың ортасымен кең, ұзын көйлектері судырлап, қаз
мойындарын тəкаппар иіп, веерлерімен беттерін желпіп өте берді.
Көбінің қолында ақ шатыр.
– Оу, мыналардың бəрі қатындар ғой?
– Иə десейші, біз де қатындарымызды ала келмеген екенбіз, олар да
қызық көретін еді-ау.
– Мына аққулардың қасына қараша қаздар сияқты мамырлап келіп
отырар еді.
– Мұның қатын жандысына не берерсің. Қатыныңды салпақтатып
ертіп жүретін кəпірістанбысың, – деп қазақтар бірін-бірі қақпақылдап
жатыр.
Бұл уақытта аппақ "Николай" кемесі де жақындап қалды. Оның
үстінде де жартаста қонақтаған құстардай палубада тік тұрған өңшең
ақ киімділер.
Екі езуіне нақ көбік толқын атқан ақ кеме Ертіс суын жағаға лық
еткізе шығарып, шайқала тоқтағанда, жер қайысқан адамның ыстыққа
барлығып, қарлыға шыққан үні де даланы шайқалтып жіберді:
– Ур-ра! Ур-р-а-а-а!
– Мах-раба! Мах-ра-ба-а-а!
– Ур-ра-а!
– Мах-ра-ба-а!
Кемедегілер тобымен түсіп келе жатқанда:
– Патша қайсысы?
– Мұрагер қайсы?- деп жұрт бір-бірден күңкілдесіп, сыбырласып
қалды.
– Сонау ортада келе жатқан Мұрагер, – деп шет жағынан ала
тұрған Мəмбетəлі иегімен нұсқады.
Цесаревич əскери киімін тастап, бүгін ақ костюм, ақ қалпақ киіпті.
Қолында балдағы алтын трост. Маңындағылар да Мұрагер сияқты
киінген Омбының генерал, офицерлері ғана жалтыраған оқалы əскери
мундирлерімен жүр. Қару асынғандар – казак əскери атамандары,
мұрагердің конвойы ғана.
Бұл кезде оң қанаттағы Нұрмағанбет үйінің табалдырығынан Ертіс
жағасына дейін су жаңа кілемдер төселіп қалған орта бойлы, сұлу
мұртты, қою дөңгелек сақалы, самай шашымен тұтасқан бəденді
Цесаревич нөкерлерімен кілем шетіне келіп тоқтаған. Оң жағында
сақалы кеудесін жапқан князь Барятинский, сол жағында дала генерал-
губернаторы Таубе, соңында флигель-адъютант князь Обелинский,
князь Кочубей, "Махраба, махраба!" деп бір мақаммен қосыла құрмет
еткен делегация су сепкендей басылып, бəрі жапырыла бастарын иіп,
көш жерден мұрагерге тəжім етті. Қазақтың қоғаша жапырылды дегені
осындайдан шыққан-ау.
Екі жағында Семей, Жетісу делегаттарын ерткен полковник
Шыңғыс қарттығын сездірмеуге барынша тырысып, сымдай тартылған
əскерлерше денесін тік ұстап Цесаревичтің алдына тоқтады. Уысына
қысқан шиыршықталған қағазды жазып, даусы дірілдеп, сол
барлыққан үнмен оқи бастады. Белін жазған жұрт сілтідей тынған.
"Ваше
императорское
высочество,
Мы
осчастливлены
посьещеньемъ Вашего императорского высочество, первородного сына
нашего Великаго и возлюблен- наго Государя. Темь болъе мы
счастливы, что имъеемъ возможность лично выразить несказанную
радость, по поводу избавленія Васъ, чуднымъ Промысломъ Божіимъ,
отъ опастности, угрожавшей Вамъ, вь далекой Японіи. Въеръте, Ваше
императорское высочество, что настоящий день никогда не изгладится
изъ памяти киргизовь, и что посещеніе Вами нашей степи послужить
звеномъ, еще крепче связывающимъ насъ съ нашимъ старшимъ
братомъ, вь духовномъ единеніи съ которымъ мы желаемъ жить,
умереть, одушевляемые общими намъ чувствами безпредъльной
любви и неизмънной вьрноподданической преданности къ нашему
Монарху и Отцу – Александру III и къ нашему общему отечеству.
Въ ознаменованіе такихъ, не откажите, Ваше Императорское
Величество, нашъ дорогой и желанный гость, милостиво принять
нашу хлъеб-солъ – степной кумыс".
– Əй, қасқырың-ай, сол, орысшаңның түбін түсіреді-ау!
– Е, ақ сүйектің аты ақ сүйек емес пе, ол сенің жай қара қазағың ба,
– деп төрелер жағы сөз нобайына түсінбесе де, алдын-ала əзірленген
құттықтау сөзді мүдірмей оқып шыққан Шыңғысты мадақтаса.
– Какой-такой ақсүйек, қарасүйек! Ол құсап Омбыда орысша
оқысақ, біз де көрер ек, – деп болыстар жағынан біреу сұлтанды
мадақтаған сөзді ұнатпай қалды.
– Жабырламай тұра тұрыңдаршы, "қымыз ішер ме екен", ана қара.
Шыңғыс семейлік өкіл ұстаған күміс кесені алып, мұрагерге
ұсынды. Сұлтандардың соңында Жетісу өлкесінен келген депутаттар
тараншылар мен дүнгендер тұр. Қолдарындағы бетін үнді парчасымен
жапқан қытай форфорында жүзім.
Цесаревич күміс кесені алды да, ернін тигізіп қайтып берді.
– Ішті, ішті.
– Ішкен жоқ.
– О несі-й-ей ішпегені.
– Қап, мына ыстықта сіміріп салса ғой, арақтан жаман деп тур ма
екен.
– Оның арақ ішетінін қайдан білдің?
– Əй, орыс баласы арақ ішпеуші ме еді.
– Тек, қайдағыны айтпай.
– Кім біледі у қосып берді деп тұрған шығар, запыс болып қалған,
кəйтсін.
– Патша баласы сенің қымызыңа зар деп пе ең, рəсімін жасады, сол
да жетеді, – деп Мұрагердің əр қимылына зер салған жұрт күбір-күбір
ете қалды.
Тағы да жұрт шу етті:
– Махраба.
– Мах-ра-ба!
Мұрагер қақ жарылып, тағы да тағзым етіп иілген қошаметшіл
қалың жұрттың ұзын көшесімен күн сəулесімен неше құбылған су
жаңа шығыс кілемдерінің үстімен жүріп Паң Нұрмағанбеттің үйіне
беттеді.
Taп қасына таяй бергенде, басы жерге жеткенше иілген
ұлықтардың тілерсектері дірілдеп, күбір-күбір етеді. Тілдері сөл
икемге келетіндері "Вəш імпрəтрски! Вəш бишөтштуə!" деп
міңгірлесе, тілдері бұрауға көнбейтіндері қазақшалап "Құзырыңызға
құлдық, – Алдияр Ақ патша!" десіп, жығыла тағзым етіседі...
Көшпелі елдің киіз үйін алғаш керген Цесаревич уық, керегелеріне
дейін алтын түсті сары, ақ бронзалар жалатқан кең отауды көзімен бір
барлап етті де, астарын сыртына келтіре ілген қасқыр, түлкі, күзен,
бұлғын, жанат, сусар, ішіктер мен қой, құлын терілерінен тіккен тон,
тұлып, күпілерді аса зер сала қарады. Шығыс елін бір жылдай асықпай
аралап, ғажайып өнер өрнегімен шебер салынған мавзолей, храм,
ғимараттарды көрген Мұрагерге киіз үйдің құрылысы аса таң
қалдырмаса да, қазақ даласының ешбір қоспасы жоқ бағалы аң
терілерінен киетін киімдері əжептəуір ой салды. Жылына бір ғана
Ақмола облысы миллион сом бағасына аң терілерін, үш миллион сом
бағасына мал терілерін, қыл, мүйіз өткізеді деп еді дала генерал-
губернаторы қазақ жері туралы айтқанда. Əлі цивилизация жартылай
да енбеген ен дала байлығының бұл өшейін бір болар-болмас
қиындысы екенін болжау қиын емес еді. Мұны Цесаревич дала
байлығының көрсеткіші етіп экспонаттар қойған үшінші киіз үйге
кіргенде анық байқады. Мұнда құндыз, ақ тышқанның терілерінен
бастап, суыр, саршұнақ, зорман, аламан сияқты ұсақ жыртқыштар мен
үй хайуандары – жылқы, қара мал, қой, ешкі терілері, жүн-жұрқа, қыл-
қыбырға дейін көрсетілген. Қазақ даласындағы қасқыр, сілеусін, түлкі,
қарсақ, қоян, жайран, арқар, марал, киік, еліктің ішіне шоп тыққан
тұлыптарымен қатар томағалы тірі бүркіт, қаршыға, лашын, қызыл қаз,
аққу, тырна, қоңыр қаз, итала, үйректерді көріп, əрқайсысының
жанында қазақ даласында қаншама мол екенін жазған цифрларды
оқып тамашалады. Бұлардың əрқайсысынан əлі мылтық дəрісі сіңбеген
дала жұпары мен тегін жатқан байлық, мол қордың исі сезілгендей еді.
Мұрагер қасындағы губернаторға бұрылмастан аң тұлыптарына
қараған күйі:
– Осыншама көп аң мен құс киргиз даласында бұрын болған ба,
əлде қазір де бар ма? – деді.
Барон Таубе Цесаревич сөзінің аяғына дейін мұқият тыңдап алып,
бар білгенінше толық жауап берді.
– Бұл далада, аңның бар түрі кездеседі дейді. Кейінгі кезде
жолбарыс, аю, қаблан сияқты андар сирей бастаса керек. Əйтсе де,
Балхаш көлі маңында жолбарыстар, Бурабай тауында аю, сілеусіндер
əлі де бар. Құлан дейтін жабайы жылқыны уақыт тығыздығынан ұстай
алмадық, қызық жануар, ол туралы киргиз елінде көп аңыздар
айтылады. Ал, мына киік деген дала ешкісі Ақмола облысының
оңтүстік бетінде мың-мыңдап, өсіріп айтушылар миллиондап көшіп
жүреді деседі.
– Киргиздарда аңшылар көп пе?
– Өте көп.
– Оларға ешқандай шек қойылмаған ба? – деді князь Барятинский.
– Өкінішке қарай ондай заң жоқ. Аңшыларға деген салық мəселесі
де өлі іске асырылмаған... Ваше Императорское Высочество, киргиздар
сібірліктер сияқты а ц терілерін сатумен шұғылданбаған. Анды
кəсіпшілік үшін емес, көбінесе спорттық əуесқойшылықпен қызық
көріп аулайды. Əрі кеткенде аң терілерінен əлгі өзіңіз көргендей киім-
кешек тігуден аспайды. Киргиздардың аңшылық өнерін өзіңізге
көрсетеміз, өте қызық көрініс.
– Сонда қалай, тым құрмаса ор аңшының жылына орта есеппен
қанша аң аулайтынын да білмейсіздер ме? – деп, князь Обелинский
Мұрагер білгісі келген сұрақты қайтадан тірілтті.
– Əрқалай, – дей салды губернатор бұл сұрақты аяқсыз
қалдырғысы келіп.
– Мəселен?
– Мəселен, былтыр бір адам, Атбасар уезінен Танабаев дейтін
фельдшер екі айда елу екі қасқыр аулапты.
– Елу екі?! – Мұрагер губернаторға бұрылды. – Мылтықпен бе,
əлде итпен аулаған ба?
– Мылтықпен де, итпен де емес, азотқышқылды... стрихнинмен.
Ұлықтар Таубенің жүзіне таңырқай қарасты.
Атбасардың атақты байы Жанайдардың үйінен Цесаревич қазақ
халқының соғыс, аңшылық құралдары – көне сауыт-сайман – найза,
қалқан, қылыш, жебелі садақ, шиті мылтық, шоқпар, сойыл, қанжар,
селебе, қақпан, тұзақ, дабыл, зырылдауық, тағы толып жатқан
дүниелермен танысты. Солардың ішінде қазақ шонжарлары аса
бағалы, құнды белгі ретінде қойған, нешетүрлі бағалы тастармен
зерлеген қылышты ұлы мəртебелі Мұрагер қолына алып, сабына
жазылған алтын жазуды оқыды: "Пожалована 24 мая 1782 году
Императрицей Екатериной Великому киргизскому сұлтану Валию по
случаю утверждения его в этот день ханом Средней Орды". Осы бір
ұрымтал жерді андып, босаға жақта тұрған Шыңғыс ұмтыла түсіп
Цесаревичтің қасына таянды:
– "Ваше Императорское Высочество! Вали хан біздің əкеміз
болады.
Қылышты аударып-төңкеріп қарап тұрған Мұрагер Николай
Алексеевич күлімдеген үлкен шегірлеу көзін Шыңғысқа бұрды:
– Онда Ғабайдулла сіздің туысқаныңыз болды гой! Ол хан ғана
емес, қытай грамотасын алып Ван сайланған жоқ па?
– Дұрыс айтасыз, Ваше Императорское Высочество! Оның
хандығын да, Вандығын да ешкім, ұлы Россия империясы да қолдаған
жоқ. Ол Березовкаға айдалып, тиісті жазасын тартып, қазасы сонда
жеткен.
– Сізге мятежник Кенесары да туысқан ба?
– Бір ұрпақ қой, Ваше Императорское Высочество! Қазақта бір
биеден ала да, құла да туады деген мақал бар. Кенесары көтерілісін
басудағы еңбегіміз үшін Его Императорское Величество атынан
грамота, кейін полковник чинін алғанмын. Тек князь титулы ғана...
– Чокан Валиханов сіздің балаңыз ба?
– Тура айтасыз, Ваше Императорское Высочество! Ұлы Россия
империясының адал қызмет еткені үшін Его Императорское
Величество государь Александр Екінші патшаның хүзырына ілігіп,
арнайы қабылдауында да болған.
– Да, естуім бар. Ұлы Россия Империясына адал қызмет ете
беруіңізге тілектеспін.
– Рад стараться, Ваше Императорское Высочество! Бүкіл хан
ұрпағы тал май қызмет етуді өздеріне бақыт деп санайды.
Шыңғыс тағы да бірдеме деуге оқтала түсіп еді, Цесаревич есікке
қарай бұрыла берді.
Үйге кіре алмай сыртта ошарылған қазақ шонжарлары Мұрагер
мен Шыңғыс арасындағы сөзді толық естімесе де, екеуінің біраз
сөйлесіп қалғанын кулактары шалып, кейінгі топқа жеткізген.
– Патша мұрагері мен Шыңғыс ұзақ сөйлесіпті.
– Уəлидің қылышын көрген Мұрагердің хан тұқымына құты
түсіпті.
– Хан дəуірі болмаса да, сұлтандық дəуір қайта орнайтын шығар.
– Апырай, мына Шыңғыс тұқымының, төрелердің тасы тағы да
өрге домаламаса игі еді, – дескен əңгімелер гу ете қалды.
Цесаревич бұдан соң төртінші киіз үйдегі Семей облыстық
статистикалық комитеті жинаған этнографиялық коллекциялармен,
тас, қола ғасырларындағы көне заттармен, сырт, аяқ киім тігетін қол
өнерімен, патша сарайының советнигі фон Герннің, статский советник
Пантусовтың қырғыз өмірі жайлы шығармаларының түп нұсқасымен,
сол кездегі тау-кен өндіpic кəсібі иелері Деров пен Поповтың мыс,
қорғасын, жез, күмісті қалай өндіретінімен танысты. Павлодар, Зайсан,
Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Қапал, Прежевальск
ауылшаруашылык техникумдарының жай-күйімен арнаулы макеттер,
чертеждер арқылы танысты.
Ендігі бір киіз үйдің іші сықалған дүние. Өткен кигіз үйлерде
көрген ішік, тон, тұлыптардың неше түрі, иленген ақ терілері, қазақ
шеберлері соққан жүзік, сырға, алқа, қапсырмалар, қымбат асыл
тастармен безендірілген қамытсайман, ер-тұрман, қамшы, ойып
жасаған қасық, ожауға дейін бар.
Мұның бəрі Цесаревичке əр уезден жиналған тарту еді. Шыңғыс
осы кезде тағы да Мұрагерге жақындай келіп:
– Ваше Императорское Высочество, бұл заттар дала байлары мен
болыстарының сізге арнайы əкелген тартуы, – деді.
– Рахмет!
– Ваше Императорское Высочество, киргиздар сыйлы қонағына
қашан да шапан жауып, ат мінгізеді, бұл – сол дəстүрі деп, барон Таубе
қосылып еді, Шыңғыс енді еркіндеу сөйлеп, жақындай түсті:
– Ваше Высокопревосходительство, ат-шапан – өз алдына бөлек
тарту. Бұл тартулардың оған қатысы жоқ.
– Солай ма? Бəсе ат мінгізу дəстүрі жеке болушы еді, оны
ойлағандарыңызға күмəнім жоқ, – деп Таубе мұрагерге қарап күлді. –
Ваше Императорское Высочество, киргиз-кайсак жерінде жақсы аттар
көп. Атбасар уезінде жаңағы Джилкайдаровтың жылқы заводы да бар.
Кешке ипподромда сол заводтың аттары да бəйгеге қосылады.
– Ваше Императорское Высочество, кешкі бəйгеде озып келген ең
таңдаулы атты өзіңізге тарту етпекпіз, – деп бұрын келісілмесе де,
Шыңғыс осы арада сөз ретіне қарай тауып кетті.
– Вот что. Бəсе, бəсе, – деп губернатор да мəз болып қалды.
Шыңғыс патша мұрагерінің жас та болса, қазақ жерінің өткені мен
кеткенін жақсы білетін сұңғылалығына таң қалды. Ғұбайдолла мен
Кенесарының "бір қарын майды шірітер құмалақтай" хан тұқымына
өшпес таңба боп қалған өткен істеріне күйінді. Ə дегенде аузына
ыңғайлы сөз түспей, абдырап, өзі білетін Романовтар тұқымында да
неше түрлі жақ-жақ оқиғалардың болғанын айтып, өз білгірлігін де
ретті жерінде таныта алмағанына өкінді. Бірақ олай сөз таластырудың
керегі бар ма?! Шыңғыс енді, тағы бір сөйлесіп қалар түс болса, не
айтып, не қоюдың қамымен жүз түрлі ойға шомды.
Еш жерде қысылыс тауып, сөзге, əнге мүдіріп көрмеген топжарған
Ақан сері де патша мұрагері жыршылар үйіне таянған сайын
тынышсызданып, біртүрлі жүрегі өрекпіп, буын-буыны дірілдейтін
сияқты.
Ақан кеште Мəмбетəліге Шыңғыс қойған сауалды қойған:
– Мəмбетəлі, қалай ойлайсың, осы мұрагердің қазақ даласын əдейі
аралауында мəн бар-ау. Ертеңдер Торғай жері арқылы жүрмекші. Осы
көргенінің бəрін ақ патшаға айтып барады-ау. Көп нəрсеге септігі тиері
хақ қой.
– Əрине, – деген Мəмбетəлі. – Бұл, көрерсіз, көп ұзамай таққа
отырады. Əкесі Алексей кейінгі жылдары жиі науқастанады. Тегінде,
мұны Шығыс елдерін аралатып, жер көрсетуінде үлкен гəп бар. Өз
иелігіндегі қазақ тіршілігімен танысуы да тегіннен-тегін емес. Осы
жолы ақ патша Сібір темір жолының алғашқы топырағын салуды да
баласына жүктеді. Білесіз бе, темір жол салу деген мемлекеттік іс, ол
арба доңғалағымен жол салу емес. Ал Орта Азияны билеу бүкіл
Шығыс еліне ашылар қақпа, жердің үсті мен астында жатқан байлық
қолында болу деген сөз. Россияның бұл иелігі басқа ұлы
мемлекеттерге де, əсіресе ағылшынға, əрине, ұнамайды. Бұл үлкен
саясаттың басы, Ақан аға!
– Бұл жапа шеккен кəріп жандарға, есесі кетіп езілген адамдарға
жақсылық етер ме. Мұның айтқаны Алланың сөзімен бірдей ғой онда.
Өзі жүрген жолында бір жаңалық белгісін қалдырып кету ежелгі
хандардан келе жатқан ишарат емес пе.
– Қайдам, Ақан аға. Мұрагер жүрген жолында, Енесей, Тобыл
газеттерінің жазуы бойынша, кейбір жетім-жесірге, айдаудағы
бақытсыз мүсəпірлерге біраз жақсылық жасаса керек. Ол жақсылық
кімге тығын болмақ. Сібірде жүрген бақытсыздарды аралап, орыстар
итжеккенге айдалған түрмедегілерді "несчастные", яғни "бейбақтар"
дейді, Ақан аға, біраз сорлылардың қамалу уақытын азайтыпты,
аяқтарындағы бұғауларын алдырыпты, бір крестьяндарға қытайдан
əкеле жатқан "жемчужный чай" дейтін шайдың үш фунтын сыйлапты.
Орыс халқының "Конек Горбунок" деген ертегі-дастанын жазған
ақынының жесір əйелін шақыртып алып, марқұмның балаларына екі
жүз сом ақша беріпті. Мұның бəрі, орыстар айтатындай, "теңізге
тамған бір тамшы ғой". Ол да бір ел айта жүрсін деп жасалған, таққа
отырар кездегі алдамшы дүниелер. Онымен кімді қарық қылады...
Соңғы алтыншы сегіз қанат киіз үйге Мұрагерлер келіп кірді.
Мұнда да алақандай жер ашық қалдырмай кілем, алаша төселген.
Жыршы-күйшілер оң жақта қатар-қатар жүгініп отыр. Төрге Омбыдан
арнайы əкелген бірнеше жұмсақ орындықтар қойылыпты. Бағанадан
бері аяғымен тік жүрген Мұрагер орындықтардың біріне келіп
жайғасты. Патша баласының нөкерлері мен генерал Таубе де
отырды.Босаға жақта Шыңғыс, полицмейстер Шмонин, Ақмола,
Көкшетау ояздары, Семей, Жетісу депутаттары, Күшенұлы мен Омбы
генерал-губернаторствосында істейтін бір-екі оқыған қазақ тілмашы,
конвой сыртта торуылдап жүр.
Былтыр дүние салған атақты Орынбай ақыннан көп тəлім алған ел
арасындағы қарт жыршы Сапақ патша атына ұзақ мадақтау жыр
толғап, Мұрагерге қошеметтеу сөздермен мақтау өлеңін айтты.
Цесаревичтің ірге жағына қыстырылып алған екі тілмаш қолма-қол
аударып, бірінен соң бірі кезекпен сөз жүйесін орысша тəржімелеп
тұр. Ел ақындары бірі өлеңін біте бергенде екіншісі қағып алып
шырқата жөнеледі. Ара-арасында қобызшыға, скрипкашы, домбырашы
күйшіге де жол тиіп, бірі ыңырсыта сыңсытып, бірі боз інгендей
боздата, енді бірі Сарыарқаға кең жайылған Байжігіт, Тəттімбет, Тоқа
күйлерін безілдетіп, жүрек қылын тербегендей жорғалатып, домбыра
ішегін бір күлдіріп, бір жылатады.
Көп əншілердің ішінен Мұрагерге ұнағаны Сандыбайдың
Ыбырайы болды. Гүрілдеген жуан дауысты, кең үнділігі жағынан
атбасарлық Қапашқа, шырқата салатын ашық шырқау даусы Біржанға
ұқсас Ыбырайдың бойында əншіге тəн, əншіге құт қасиеттердің бəрі
бар. Біржан салдың бір жиында жас Ыбырайдың əнін тыңдап отырып:
"Əлі көрерсің, түбінде бəрімізден асатын осы жас пері Ыбырай
болады" дегені үлкен өнер иесі берген шын баға еді. Келгелі бабында
жүрген Ыбырай мұрагер алдында аянған жоқ. Қазақ даласының əні
осындай болады деп біреумен егескендей құлшына түсіп, қарышты
дауысқа басты. Цесаревич "Толқын" əніне риза болғаны ма, бір емес,
екі айтқызды.
"Əуелі, бұл толқынды бастау қиын,-
Екінші, патша сөзін тастау қиын",—
деп екінші айтқанда, "көптің сөзін" дегенді "патша сөзімен" қолма-
қол алмастырып, қызып, желігіп алған ақын ақпандағы бураша
буырқанды. "Толқын", толқын десе, толқындай. Əн ырғағы нажағайлы,
дауылды күнгі шалқар көлдің ортасынан бірін бірі қуа жүгірген
жалжалдың толқындарындай жарысып, əнші көмейінің тереңінен
күмбірлеп келе жатады да, гүмп етіп жағадағы меңіреу тасқа
соғылғандай ақ көбіктерін аспанға атады. Шашудай шашылған толқын
суынан үркіп, шаңқ етіп көкке көтерілген шағаладай қанатты үн енді
тіке шырқап, ең шырқау биігіне жеткенде біраз уақыт жемін аңдыған
əлгі шағаладай ауада ілініп тұрады да, енді бірде күрт құлап, шабақ
ілгендей қайта қалықтай жөнеледі. Əн соңында күмбірлеген үн ел
аңызында айтылатын бұлтты күнгі шайтан қуған періште арбасының
доңғалағындай күркіреп, енді бір кеште періште қамшысындай сарт
етіп бітеді. Əнші жүзі де "Толқын" үстінде неше өзгеріп, біресе
түйілген, біресе жадыраған қабақ, шоқтай жайнаған көз, аруақтана
қозған қимыл, бар дене, бар бітімімен неше құбылады. Əсіресе,
атышулы ұста əкесі Сандыбайдың бір басылып, бір көтерілген мес
көрігіндей əнші Ыбырайдың алқымы бірде ісіп, бірде басылғаны-ақ
көрер көзге ғаламат. "Толқын" əнін толқытқанда патша мұрагерінің
көзіне қазір не көрінгенін, сезіміне не оралғанын кім білсін, əйтеуір,
осы əнді Ыбырай айтқан сайын, Ақан сері көзіне Бурабай,
Шалқардағы дауылды күн, толқынды көл, ақ шағалалар елестейді.
Əншілер əнін айтып, күйшілер күйін тартып болған соң, кезек
өнерпаздар ұстазы Ақан серіге тиді.
– Ваше Императорское Высочество! Мырзалар, қадірлі қонақтар,
бұл қазақ елінің, қалың жұрттың мақтанышы, атақты ақын, əнші, əрі...
– Шыңғыс тілмашқа қарады.
– Композитор, – деді тілмаш.
– Иə, композитор əрі аңшы, саятшы, ел ішіне сері, яғни рыцарь
деген лақап аты жайылған ардагер азаматымыз Ақан. Ақан сері, – деп
аға сұлтан нəшіне келтіре таныстырды.
Маңындағы əнші-күйшілерден бар тұлға бітімі ерекше, көркі де
өзгеше, қалаша сəнді киінген, сұңғақ бой, отты көз, сұлу мұртты Ақан
орнынан тұрып, қонақтар алдында тəртіпті, инабаттылықпен кеудесіне
алақанын басып тəжім етті де:
– Ұлы мəртебелі тақсыр, мырзалар, сіздер лұқсат етсеңіздер, қазақ
халқының өткен, кеткен шежіресінен біреp сөз қозғасам, – деп,
жыршылардың орта тұсында отырған беті қатпар-қатпар терең əжімді,
кемиек шалға иек қақты.
Шыңғыс та, босаға жақта тұрған орыс ұлықтары да, "бұл не
айтпақшы" дегендей, түк түсінбей, бір-біріне үнсіз қарасты. Ақанның
ел тарихы жөнінен сөз сөйлеуі туралы комиссия мүшелерімен
ақылдасқан келісім жоқ еді.
Цесаревич Николай Алексеевич құптағандай, маңғаздана бас
изеген соң, олар да демдерін іштерінен алып тына қалды.
Кемиек шал серіден белгі болған соң, қурай сыбызғысын аузына
апарды. Қияқ мұрт басқан көрі езуін бip жағына ерсілеу қисайтып,
сылқылдаған азу тістерінің біріне сыбызғыны зорға қондырды. Азу
тістерінің бір-екеуі-ақ қалған қызыл иек карт ертеректе Көкше өңіріне
белгілі айтулы сыбызғышы Қабдеш. Бұрын отыз екі тісі сау, қуатты
жастық шағында ел аралап, сыбызғы өнерімен күн көрген Қабдеш,
бертін қартая келе, ол кəсіптен мүлдем қол үзіп, азын-аулақ малымен
шаруабасты болып, үйден шықпай отырып қалған. Балалары əкеден
жұққан өнерді аздап ермек етіп жүрген де, аса дарынды сыбызғышы
болмаған соң, тастап кеткен. Осы жолы Қабдешті Шыңғысқа айтып
таптырып алған Ақан еді.
Ертіс бойына келгелі ескі, ұмыт өнерін қайта бастаған Қабдеш
күнде тартып дағдыланып, əжептəуір төселіпті. Кетік тіске доп түсе
қоймаған сыбызғы ə легенде ысылдап, гуілдеп тұрды да, бір кезде үні
түзеліп, сайрай жөнелді. Қабдештің де кəрі саусақтары қу қурайдың
оймыштарын бойлап, баяу жорғалай берді. Əуелі бір-екі желпіндіріп,
ысқыртып алған сыбызғыны сиді асықпай бозторғайдың үніндей
шырылдата басып, жан-сезімді қытықтағандай əдемі бұлбұл үніне
ауысты. Қалың көделі шексіз, шетсіз көсіле жатқан иен дала, жұпар
иісті масатыдай жайнаған гүлді түздің еркіндік, шаттығын
жырлағандай көгілдір аспан төрінде нəзік қанаттары жыбырлап əн
салған бозторғай, мəуелі ағаштың саялы бұтағында отырып мың
құбылта сайраған жез таңдай əнші құсқа кезек бергендей. Тəтті жырда
тəтті сыр бар.
Осы тұста күмбірлеген қоңыр үнмен Ақан сөйлеп қоя берді:
– Қазақ қазақ болғалы жасыл бақты, таулы-тасты, өзенді-көлді,
құмдауыт шөлді жалпақ түзді мекендеген, еркін өскен ерке халық еді.
Аузынан шырқалған əн, тілінен мəнерлі сөз, астынан сəйгүлік ат
түспеген сері, жаны жайлау, көңілі ояу сергек халық еді. Құс əншісі
бұлбұл мен сандуғаштан əн үйреніп, көл еркесі аққу, қазға даусын
қосқан, жазира жасыл дала, көк аспандай кең, қара жердей жомарт,
бұлақтай таза, таудай асқар, күміс көлдей тұнық халық еді. Сырттан
бейсауат адам келсе, қол қусырып қарсы алар, досының басына күн
туса, қайғысын бөлісіп, барын беріп, байлығын жұмсар кең пейілді,
жүрегі таза халық еді, – деп, Ақан қазақ елінің шежіресін əріден тарата
бастады. Қанатын кең жайған қазақ үш жүзге бөлініп, қырық ру, мың-
мың үйлі, ұлы қауымға айналған елге көз аларта бастаған сыртқы
жауына қарсы аттанған аяулы ұлдары, көк сауыт асынған батырлары
ұзақ-ұзақ сөз болып, ерліктің жырын паш етті. Ел бірлігін, жер бірлігін
ұстап, тұтастықты сақтаған ерлерді, жұртына кеңес, дуалы сөз,
қонымды ақыл үйреткен жолбасшы шешендерді мадақтап өтті.
Мұрагер ұтқыр тілмен сөйлеген дəмді сөзді тілмаштары арқылы
ұғып, ара-тұра бас шұлғиды. Бұрын шет жағасын естісе де, ақын
аузынан шыққан халық тарихын тереңдеп біліп, үңги түскісі келетін
сияқты. Бұрын-сонды қазақ жерінде дəріптелмеген, мынадай жаңа
өнермен сыбызғы сарынында сөйлеген қарышты сөзге, Ақан серінің
ойда жоқта тауып кеткен тапқырлық шеберлігіне риза болып, патша
баласының жайдары жүзіне қараған Шыңғыстар да мəз.
Ақан қазақ даласындағы хандық дəуірді, аласапыран кездерді, əр
ханның тұсындағы неше бір сұрқылтайды айтып, ел бірлігін тоздырған
хандарды даттап, үш жүздің басын қосып, жұмған жұдырықтай бір
қауым, тұтас ел етпекші болған Тəуке, Абылай жайында ұзақ-ұзақ
сөйледі де, тыныш жатқан бейбіт елге ертеден тырнағын батырған
жауларды, өртенген дала, жайраған қала, үй орнына күл қалған ауылды
айтып, ең соңында жоңғарлықтармен болған аяусыз қырғынға жетті...
Осы тұста сыңсыған сыбызғы сарынына ботасынан айрылған
інгендей боздаған қобыз зары қосылды. Бабына келген ақын үні де
саңқылдап, дауылдатып кетті:
– Сонау ертеде ата-бабамыз ұрпақтан ұрпаққа, баланың баласына
зар илеп айтып кеткен, құлағына құйып, ұғындырып кеткен өсиеті бар
еді: "Батысында орыс тұр, шығысында қытай тұр, мына сөзге көңіл
бұр; қалың орыс қаптаса, қонысқа кеп қонғаны, қара қытай қаптаса,
ақыр заман болғаны"деп кетіп еді. Қазақ қашанда үшке жарылып,
шашылған тарыдай басы бірікпей, айтыса қалса, жақ-жақ руға, рудан
атаға бөлініп, ұсақтап кететін кесепаты мол, жау тисе, қашан ырғалып-
жырғалып қосылғанша күнін өткізер керенау емес пе, сол
жаратылысын жанының жарасындай түсінген жоңғарлар атой салып,
қара құртша қаптап, қыздай толықсыған қазақ жерін қара күлге
айналдырып өртеп келеді. Артында істігін тақаған қытай жұрты, тапап
тастауға ол дайын тұр. "Қаратаудың басынан көш келеді" деп тізе
шудасы желкілдеген түйе үстінде жұлым-жұлым теңмен бірге
теңселіп, көзінен сорасы аға зарлаған қазақ елі, өртеніп, өшіп жатқан
қазақ жұрты. Оңынан жар, солынан құз кездесіп, қайда барарын
білмей, пана іздеп басы айналған, жерінің кеңдігінен, елінің
кеңпейілінен зардап шегіп, үргін-сүргінді көп көрген бақытсыз халық.
Соңынан кезқұйрық, құладындар қуып, жан-жағынан қамалаған өңшең
жыртқыштардан сасқанда самұрықтың бауырына паналаған бұлбұлдай
Ресей елінің қолтығына кірген қазақ миллəті, қазақ ұлысы еді.
Даусы ашылып, өзі ашынып қызып алған арқалы ақын бұдан əрі
Ресейге бағынған алғашқы кездегі жаудан да, даудан да құтылған
мейірлі, жайбарақат бейбіт күндерді ұзақ айтып, енді тыныштығы
бұзылған күндерге келгенде қайта дауылдатты:
– Арқаны қысқандай аязды күндер келді. Момын қойдай жуас елге,
жылқы мінездес тыныш елге есірген көп ит, бөріккен көп қасқыр
тиді...
Осы тұста бағанадан тыныш отырған ұлықтар ыңғайсыз қимылдап,
қозғалақтап қалды. Ақан сөзінің жалпы нобайын жеткізіп, тез аударып
тұрған қазақ тілмашы енді сасқалақтап, Мұрагерге орысшалауға бата
алмай, қибыжықтай бастады. Ақан бөгелмеді. Қазақтың надан
болыстары іштен шалса, орыстың əкіреңдеген ұлықтары сырттан
шалып, берекесі кеткен, түсініксіз көп заң, көп тəртіп, көп салық,
парамен, жаламен есі шыққан есіл елдің бүгінгі аянышты тұрмысын,
хал-ақуалын баяндап, самғай берді...
Сөз сыңайын ұғып, ақын түтінінің қалай бұрылғанын сезген
Мұрагер бұдан əрі тыңдағысы келмей, салқын киіз үй іші енді
қапырық тартқандай беймаза күймен маңындағыларға қарады.
Тілмашқа "түсінікті, аудармай-ақ қой" дегендей қолын сілтеп белгі
жасап, орнынан жайбарақат тұрды да, полковник Катанаевқа иек
қақты. Ұлықтардың бəрі орнынан өре тұрды. Ақан үні кілт үзілді.
Осы бір сəтті күткен Катанаев та ширақ басып, Ақан серінің
мойнына Станислав ленталы медаль тағып:
– Қырғыз даласының ақын-əншілеріне Его Императорское
Высочество Цесаревич атынан награда! – деп, есікке бұрылған
Мұрагер соңынан ере бергенде, Ақан даусы саңқ етті:
– Ұлы Мəртебелі ұлығымыз, сөзімді түгел тыңдасаңыз екен, мен өз
мұңымды айтып тұрғам жоқ, өзіңізге бағынышты қара халықтың
мұңын шағып тұрмын!
Сəл жымиып қайта бұрылған патша баласы, Ақанның сөзін
тілмаштан естіп алды да, оның тап алдына келіп тоқтап, ақын жүзіне
мысқылмен қарады. Жап-жас жігіттің көзін сығырайта тесіліп,
кекесінмен миығынан күлгенін ұнатпаған намысты сері де кірпік
қақпай қасқая қарады.
– Сіз киргиз халқының жақсы ақыны...
Ақан орысшалап қоя берді...
– Ваше Императорское Высочество, сіз қатты жаңылып тұрсыз,
мен қазақ халқының ақынымын. Қырғыздар басқа халық.
Мұрагер сəл ыңғайсызданғанын сездіргісі келмей, жымиып қана
күлді:
– Иə, жақсы ақын, жақсы оратор. Бірақ есіңізде болсын, ақынға
өлең керек, саясат керек емес. Халық қамын ойлау – ақын үшін артық.
Уақытыңыз текке зая кетеді. Сіздің бір басыңызға өлең шығару да
жетеді. – Мұрагер "енді түсінген шығарсың" дегендей көзі күлімдеп,
нөкерлеріне қарап: – Хороший панегирист и хороший паникер! – деп
бұрыла беріп еді, Ақан да орысшалап кекесінмен мырс етті:
– Ваше Императорское Высочество! Ақын қарғы бау тағатын ит
емес, тілі, ойы бар азамат!
– Охо! – Мұрагер желкесімен естіген ақынның орысша айтқан
сөзіне таңырқағандай, көзі бақырая бүкіл денесімен тұтас бұрылды да,
енді қалжыңдағандай күліп тұрып, қатты айтты. Ұлы Россия
Империясының алтын медаліне місе тұтпай, оны қарғыбауға теңеп
ділмарсыған тоңмойын, қараңғы түземдікке ызамен айтты: – Орысша
жақсы сөйлейсіз. Жақсы түсінетін де шығарсыз: Ақынға қарғыбау ғана
емес, кейде тұзақ та жарасады.
Ұлықтар мырс-мырс күліп жіберді.
Патша баласымен ыңғайсыз сөзге келіп шарпысқан Ақанды
Шыңғыс жеп жіберердей қараса да, араласуға бата алмай, дымы
құрып, сұрланып тұр. Қазақ шонжарларының бірі "жетті ғой енді" деп
міңгір ете қалып еді, Ақан оған тосылып, жасымады:
– Ваше Императорское Высочество! Өзіңізге бағынышты
жандарды дарсыз-ақ, өз қолыңызбен буындырып өлтірсеңіз де, асып
жесеңіз де еріктісіз. Бірақ көрінген жандарал, ояздарыңыз,
болыстарыңыз сізден бұрын жеп қоя ма деп қорқам. Егер қазір
тыңдауға уақытыңыз болмаса, – деп, бешпентінің ішкі қалтасына қол
сала берді.
Цесаревичтің өңі құп-қу болып, сілейіп тұрып қалды. Бір сəтте
қарсы алдында тұрған дала ақыны емес, Жапония самурайы Тсудо
Санцо сияқты елестеп кетті. Қойнынан селебесін жарқ еткізіп, тура
жүрек тұсына қадайтындай Мұрагердің маңдайынан суық тер шықты.
Қас қағым уақытта Николайдың басында шым-шытырық ойлар
жүгіріп өтті: Бірінші марттағы екі оқиға – император екінші
Алексейдің өлімі, əкесі – үшінші Алексейге жасалған қастандық есіне
түсіп, алдында тұрған адам да қойнына бомба не қанжар тыққан
жауыздай көрінді. Буын-буынын зорға ұстап, теңселіп кеткен Мұрагер
Ақан сері ішкі қалтасынан қатталған қалың қағазды алып ұсынғанда
барып есін жиды. Артындағы свиталарына, офицерлерге сыр
білдірмей, мұрт астынан күлген болып:
– Жалпы, поэт атаулы... көргенсіз!.. Тəрбиесіз! – деп зорға
бұрылып, киіз үй ішінде көзі бұлдырап, есіктен түскен күн сəулесіне
қарай тəлтіректей басып жүріп кетті.
Ақан сері көп күндер-түндер бойы іштей толғап, Мəмбетəлімен
қосылып ой қорытқан ел мұңы, жұрт тілегі жазылған қалың қағазын
ұсынған қолын түсіре алмай, осы қалпында тамыры тартылған
адамдай сілейіп тұр. Мұрагер бар нөкерлерімен есіктен шығып
кетісімен, соңында қалған Шмонин жолбарысша ырылдап келіп,
Ақанның мойнындағы медальды жұлып алмаққа қолы бүркіт
тұяғынша бүрісіп, жақындай берді де, бата алмай, ақын қолындағы
қағазды бас салды. Полицмейстер мұрты, жағы дірілдеп, аузына сөз
түспей, тісін шықырлатып, шағым қағазды ұп-ұсақ қылып жыртып,
ұнтақтап турай берді, турай берді. Тек қос уысы толғанда барып
намыстан не үрейден өңі қуарып, есеңгіреген Ақан серінің бетіне,
əуелі сол қолымен ұнтақ қағазды ұрып, мұрагер сөзін қайталады:
– Көргенсіз!
Оң қолымен қалған қағазды ұрды:
– Тəрбиесіз!
Қарша бораған қағаз астында бетіне қамшы тигендей намыстан
өлердей булыққан Ақан сері есіктен қарап, көздерімен атқан Нұртаза,
Тұрлыбектерді көрмеді. Кеуде тұсында жалтыраған медальды бау-
мауымен жұлып алғысы келіп, тарбиған ірі, түкті саусақтарын
тамағына қарай жақындатып, қолы қалтырап, бата алмай, өзін зорға
тежеген Шмониннің тысқа шығып бара жатып "туземцы, бараны,
басурманы" дегенін де естімеді, – құлағы шулап, басы айналғандай
мəңгіріп, киіз үй ортасында қимылсыз тұра берді.
Жерді ойып жібере жаздағандай нығарлай басып Ертіске ентелеген
полицмейстердің екі жағына алма кезек шығып домалаңдай
жорғалаған Нұртаза шала орысшасымен тынымсыз сөйлеп келеді:
– Ваша благорода! Жаман болы, жаман! Мұрагер алдында
ұяттымыз. Бүкіл қазақ ұятты... Ол ақынды əкелген мен емес, қарсы
болғанмын оған. Оны əкелген Шыңғыс... Жақында ол ояз
Коноваловтың да басын жарғызған. Сол, сол... жаман өлеңдер айтады...
Нағыз понт шығаратын понтар. Оны енді қамап тастау керек... Абақты,
абақты... – деп Нұртаза саусақтарын керегелей көрсетті.
Шмонин Ертіс маңындағы қайнаған жұртқа жете бере тоқтады да,
Нұртазаға ежірейе қарап, қол орамалымен сорғалаған терін сүртті.
– Сен, волостной управитель, ондай сөз айтпа. Қашан Цесаревич
бұл арадан кеткенше мұнда ешкімді қамауға алуға болмайды: Указания
бар, указания, – деп сұқ саусағын шошайтты. - Түсіндің бе? Содан соң,
бүгін ипподромда болатын ат жарысқа, ертеңгі салтанатты
цероманияларға əлгі ақымақ ақын бармайтын болсын. Түсіндің бе? Вот
солай!..
Əнші-күйшілер Ақанды қалай жұбатарын білмей, дауыл соғып
аударып əкеткен қараша үйлердің жұртында шошайған мүсəпірлердей
мойындарына су кетіп, үнсіз отыр. Бəрі де қайғы жұтқан кінəлі
жандардай орындарынан тырп етер емес. Əлден уақытта "Николай"
кемесі Ертіс жиегінен жылжи бере өкіріп қалғанда барып селк етісіп,
бастарын көтерді.
Ақан сері Станислав ленталы медалін мойнынан сыпырып алып,
жерге ұрды.
Бағанағы бүркіт жападан-жалғыз əлі қалықтап жүр. Көне Грек
елінен ауысып, Ресей империясының гербінен орын алған самұрық
аспанға көтеріліп, қазақтың кең даласының асты-үстін тінте қарап,
болат тегеурінді темір тұяқтарын қай бүйірден қадауды бағдарлап
жүрген сияқты.
6
Ақан жыршыларға тіккен киіз үйде жападан-жалғыз. Қиялданып
жатыр. Түндігі ашық шаңырақ күлдіреуіші арасынан көрінген зеңгір
аспанда кешегі жалғыз бүркіттен бөтен көзге ілінер қара-құра жоқ.
Құлазыған кең аспанда шырқ айналып қалықтаған құс қана жалғыз
жатқан серіге таңырқап, мүсіркегендей сонау түпсіз аспан төрінен
көзін алмай қарап, біресе төмен, біресе жоғары айнала берді, айнала
берді.
Бағана əр киіз үй алдында шоғырланып, мəре-сəре, у-ду болып,
қаладағы ат жарысқа жұрт аяқтарынан тік көтеріле дайындалып
жатқанда, Ақан да Көкбестісін ерттеп, өз тобымен жүру қамында еді.
Бүгін, ыстық қайта, Омбыдағы жарыс қоғамының вице-президенті
Дмитриев – Мамоновтың ипподромында ат жарыс өтпек. Бұл бір
қызық бəйге болмақ: жарысқа қазақтың тойға баптап жаратқан
сəйгүліктері ғана емес, казак-орыстардың да əдейі дайындап əкелген
арғымақтары
араласа
түседі
екен.
Жəне
жарыс
межесін
тағайындайтын Мұрагердің өзі, бəйгені де өзі береді деседі. Патша
əулетіне көңілі суыған Ақан ендігі болар бар қызықтан безсе де, ат
жарыс, бəйге дегенде тықыршып, шыдап жата алмаған. Бірақ не
керек...
Дəл жүрер алдында қасында қару-жарақ асынған, ордаңдаған
мəстек мінген стражнигі бар поштабай Жəнібек Көкшетау əкімдеріне
тігілген үйлер жақтан сыпырта желіп келді де (əйтеуір, қайда жүрсе де
осы бір сырықтай неме солаң етіп ізінен қалсашы), тас төбеден қойып
қалғандай:
– Əй, Ақан, сен неменеге ат ерттеп, əуре болып жатырсың.
Ешқайда бармайсың! Саған лұқсат жоқ. Енді бұл арадан тырп етпе!
Кешке Нұрекеңнің алдында боласың! – деді де, қайта бұрылып,
шоқырақтата жөнелді.
Мұны естіген Ыбырай да, ырдуан арбада құнысып отырған бір-екі
ақсақал да қасында қалмақшы болып еді. Ақан олардың бұл ниетін
қостамаған.
Бірінің соңынан бірі қаздай тізілген пəуеске, трашпандар дəл
қасынан салтанатпен өтіп жатыр, өтіп жатыр. Атының жалынан сипап
қала берген Ақанға жабық күймеде тымырайған Шыңғыс та, əлденеге
мəз болып қарқылдай күлген Нұртаза да мойын бұрмастан желке
тұсынан өте шыққан.
Күн етекке жақындаған мезгілде сері көшкен жұрттай тым-тырыс
ауылдан жырақ Ертіс жағасына келді. Сонау алыстағы шоқ-шоқ
қайындардың бауырында мал сойып, ас пісірген жалшылардың
будақтаған түтін бауырында дабырласқан кешкі дауыстарынан бөтен
дыбыс жоқ. Төңкерілген бұлтсыз аспан астындағы ыстық аптап
қуырған жер, салқын түсе тыныс алып, бұйыққан алып сияқты.
Ағынды Ертіс беті ғана шымырлап, иірімденген тұстары болар-болмас
сылдыр қағып, бүлкілдеп ағып жатыр.
Өзен жағасындағы құмдауытта отырып су иіріміне мағынасыз
қараған ақын ойы шартарапта. Сонау Омбы жақтағы айғай-шу, мереке-
думаннан қағылып, жайлауға шыға алмай, жұртта қалған кемтар
адамдай құлазыған Ақанның көз алдына алыстағы елі, ата-анасыз
жүрген Ыбаны түсіп, ойына жетімдік тауқыметі орала берді: Жетімдік!
Жетімдік!..
Бұл дүниеде кім жетім? Неге адам жетімсірейді? Жетімдік
жоқтықтың, қолы қысқа кедейліктің ғана белгісі ме? Жоқ, бай бола
тұрып, тоқ бола жүріп те жетімдікке душар адамдар аз ба? Баласынан
айырылған ана да жетім, құрдасынан айырылған қарт та жетім, өз
ойын, өз білгенін айта алмаған адам да жетім! Жан-жағынан қыспаққа
түсіп, кең жері ұлтарақтай болған, айналасына қарағыштап, мүсəпір,
мүшкіл халге түскен ел де жетім? Бүгінгі қазақ ауылы?.. Иə, қазақ
жұрты да жетім?
Айдалада адасқан қанатсыз жаралы қаздай, жұдырықтай жүрегі
ішке сыймай тулаған ақын көңіліне əлдебір суық ойлар оралып, құм
далада ысылдаған аңызақ желдей əн ырғағы түсіп, өзі-өзінен күбірлей
берді:
"Сахара, жайлау жетім, көлдер жетім,
Қасына мұнарланып ел қонбаса".
Əп-сəтте бас-аяғы жұмырланған өлең туып келеді. Өлең, мұңды
өлең!
"Тағы да бұл дүниеде нашар жетім,
Жеріне барам деген бара алмаса"...
Жападан жалғыз отырып, көңілінен күмбірлеп шыққан өзінің мəңгі
серігі өлеңін əлдилеген ақын енді, бүкіл ел көшіп келгендей, жаңа
туған жолдарға қуанып, əрі қарай жалғай түскенше болмады, селк етіп,
оң жақ бүйірдегі жарлауыттан бергі өзен ылдиына қарады. О, ғажап!
Бұл не деген ғаламат? Қанша жыл аңшылық, саятшылық құрып жүріп
мынадай сұмдықты Ақанның бірінші көруі. Өз көзіне өзі сенбеген
адамдай тесірейе қарап, үнсіз отыр: жалпақ түзден жосылып, шұбыра
көшкен жүздеген, тіпті асырып айтқанда мыңдаған сүр тышқандар, сүр
тышқандар! Əрқайсысының аузында бір-бір домалақ кесек. Ақан
жақындамай, алыстан қарап жобалады: жылқының кепкен қиы. Иə,
солай екен. Келе өзенге шолп-шолп түскен тышқандар тынық сүйем
құйрықтарын қайқайта шаншып, жеңіл қиды тістелеген күйі, ағын
судың бойымен қиыстай ағып, арғы жаққа қылт-қылт етіп жалдап
барады, жалдап барады. Өзен бетін бір қауым уақытқа дейін
тышқандар, сүр көшкін басып кетті. Ақан мекенінен безген ордалы
жылан көшін, илеуін тастап жосыла жер ауған құмырсқа көшін, тіпті
қар қалың жылдары жылы жаққа табын-табын босқан киіктерді көріп
еді, мынадай ғаламатты түңғыш көруі. Бірақ қоян, сарышұнақтардың
ауатынын қарттардан талай естіген Ақан, жерінде, інінде қалуға
дəрменсіз титімдей тышқандардың кебіне қарап тұрып, əлдекімге
айтқандай:
– Биыл шынымен жұт болады екен! – деді. – Байғұстар-ау, сонда
қайда барып паналамақ. Қалың қарлы сібір ормандарының арасынан
жазда, алдын-ала мекен-жай сайлап алмақ-ау. О, ғажап! Жаратылыс, не
деген құпиялы ғаламатсың! Тіршілік ағынынан аузына тезек тістеп те
амалдап, жалдап өтетін мақұлықтар бар-ау. Қайтсін, үлкен апаттан
ұрпағын аман алып қалуға тырбанған титімдей жаратылыс!..
Қас қарая Омбыдан жарыса шыққан ұлықтар, соңынан қазақы
арбаларын салдырлатып, шиқылдатып басқа тойшылар ауылға
оралған. Көше бойы у да шу. "Жанайдардың Мейрамының көк
мойындары бəйгенің алдын бермепті, бірінші, үшінші бəйгені де алған
соның аттары, Жəнібектің Мұстафасы да жүз теңгелік күміс шелекті
бəйгеге алыпты. Қазақтың аттары айнала шабар күрігіңді де
шыдатпайды екен, жануарлар-ай, мещан-пещандарыңның, көпес-
мөпестеріңнің ордаңдаған мəстектерін далада қалдырмай ма, тəйірі,
олар ұзаққа шаба алушы ма еді, əншейін тыз етпе, үш шақырымға
тыртаңдағаны болмаса" десіп, осы əңгімені өсіріп, бөстіріп, гу-гу.
Мейрамның атқа шапқан ұлы Мұрагердің өз қолынан алған алтын
империалды біресе көкке атып қақпақылдап, біресе алақанына қысып,
бауырына басып, ауыл-ауылды, киіз үй біткенді аралап, шапқылап
жүр. Бір қолындағы күміс сауытын көрсетіп, көрінген адамнан байғазы
алып, кездесе қалғанды үйіне тойға шақырып жүр. Бала емес пе, –
қуаныштан ес жоқ.
Шынында да, қуанса, қуанғандай екен.
– Ақан аға-ай, əттең, бара алмай қалдыңыз. Барсаңыз да болатын
еді... Бұлары сұмдық екен. Сізді сол арадан қуып шықпайтын еді ғой...
– Туһ, адам дегеннен жер қайысады, бірінің үстіне бірі мініп кете
жаздап шулаған жұрт... орыстарың да мұндай ат құмар болар ма?! Əлгі
круг дегеніңіздің өзі қызық екен.
– Тап алдында үзеңгі қағыстыра зулаған топ-топ ат қасыңнан өткен
сайын жаның шығып кете жаздайды. Не керек, Мейрамның байлығы
бір көрінді-ау. Көк мойындардың зауытын текке ұстап отырған жоқ
екен, – деп, Ақанға бар қызықты тəптіштеп айтып берген Ыбырай.
Басқа əнші-күйшілер бір-бірімен жағаласып, көргендерін жырдай
қылып, төтеден қосылып, киіп-киіп кетеді. Аттардың қанша жерге
шабатын межесін Мұрагердің өзі көрсетіп, "шыдамдылығын байқау,
ұшқырлығын сынау" деген екі топқа бөліпті. Ұзақ шабуда Мейрамның
екі аты бірінші жəне үшінші орындарды алыпты. Үш шақырымдық
тыз етпе ұшқырлықта Əли Көншібаевтың атынан басқа қазақ аты жоқ.
Бəйге алғандар казак-орыс Рытов, көпес Соколов, сотник Берниковтар.
Мұрагер бірінші келген ат иелеріне өз қолынан алтын баулы алтын
сағат, атқа шапқан балалардың бəріне де бір-бір алтын империалдан
беріпті.
Жұрт енді əр үйге жағалай кірген Мейрамның баласының
қолындағы елу теңгелік күміс сауытына жазылған жазуды түсінбесе де
айналдыра қарап, іштерінде сауатты ешкім болмаған соң, ат үстінде
жүрген бірен-саран казак-орыстарды шақырып оқытады. "Призь
Омскаго общества охотниковь конскаго объеға, въ честь Его
Императорского Высочества Государя наследника Цесаревича" деп өзі
де зорға айырып, ежелеп, ыңкылдап-сыңқылдап зорға оқыған
стражник, "ал не түсіндіңдер" дегендей маңындағы қазақтарға ежірейе
қарап, мазақтап, қарқылдап тұрып күледі. Қазақтар да таңдайларын
қағысып: "Ойпырмай, мына Мейрекеңнің тасы өрге домалады-ау!
Патша Мұрагері қалай-қалай əс көтеріп жазған". "Е-е, патшаның
аузына іліккен жаман болушы ма еді". —"Мейрекеңнің өзі түгілі, атын
да қосып жазыпты" десіп, "Конь" дегенді құлағы шалып қалғандары
нобайлап, жобалап соғады.
Бүгінгі той шынында Мейрам үйінде. Ана-мына шілдехана, сүндет,
кішігірім ас кезіндегі ат жарыс емес, бүгінгі ат жарыстың жөні мүлдем
бөлек. Тіпті қазақ даласында болған талай-талай ұлы бəйгелеріңнің
өзінен мұның орны басқа. Алдымен, болашақ патшаның өз қолынан ең
алғаш сыйлық алған бүкіл қазақ жұртында осы Мейрам. Содан соң, ат
жарыс алдында "Жарыс" қоғамының қамқоршысы, атты əскер
генералы Таубенің сөйлеген сөзінде көп мон бар. Бұл жарыс та – бүкіл
Империяны қорғайтын əскерлердің негізгі көлігі əрі қаруы – дала
аттарын сынау. Жəне ол сын Мұрагер алдында өтпек. Осы сында
Мейрамның көк мойындары өнерлерін көрсетпеді ме? Енді оның ат
заводындағы сəйгүліктердің бағасы артып, жер-жерден келер
адамдардың алдында қаны жерге тимесе керек. Атағы да, байлық
даңқы да енді бүкіл қазақ жерінің төрт құбыласына тарап, кең
жайылмақ.
Ақмола, Семей болысының белгілі ұлықтары ғана іріктеліп келсе
де, алты қанатты екі киіз үйді тіркестіре тіккен кең сарайдай ақ үй
аузы-мұрнынан шығып, қонақтар зорға сыйған. Бұлар көп уақытқа
дейін қалжың, кеңеспен отырып, енді бір кезде əңгіме тосыннан Ақан
басына ауғанда, бəрі де қан жұтқандай томсырая-томсырая қалып еді.
Дала жандаралының бұған қатты ашуланып: "Ондай бейбастықты
əкеліп, сөйлетіп жүргендердің өзін жазалау керек", – деп зіркілдегенін
комиссия бастығы осы ұлықтарға төнген зауалдай, қазақ даласына
соғар үскіріктей етіп, қара аспанды жаудыра айтқан.
"Дүйім елдің, қалың жұрттың қуанышын су сепкендей басып,
салтанаттың сəнін кетіріп, ала тайдай бүлдірген жалғыз Ақан. Ол
Көкшетау уезіне ғана қара таңба салған жоқ, иісі қазақ қауымына
өшпес дақ қалдырды. Оны немен өшірерсің, немен жуарсың. Ел
ішіндегі жəй əкім, мықты ұлықтың алдында жасалған кінəрат болса
бір сəрі, ендігі тіршілігінің иесі, жалғыз тірегің де, бағынышты
Құдайың да ақ патшаның ақ ұлының, қара тұяғының алдында кешпес
күнə арқаладық. Тұңғыш көрген қалың қазақтың түрі мынау болса, өзі
жат жерден ренішпен оралған кейісті патша баласы еліме-жұртыма
келіп, қабағым ашылып, жадыраймын бе дегенде, қарсы алдынан қол
қусырып қарсы алар жұртының сиқы мынадай болса, жапон елі басын
жаралағанда, қазақ елі жүрегін жараласа, – бұл халық хақында не
оймен, қай көңілмен кетпек?!"
Осы ойдың тұманына қамалған Сарыарқаның белді-белді шынжыр
балақ, шұбар төстері қатты күйзеліп, кеселді Ақанға не жаза
тартқызып, не айып саларын білмей, өзді-өзі біраз шарпысты.
Нұртазаның іш пікірі ішінде. Бүгін патша төңірегінде жүрген
мəртебелі ұлықтарға аузы жетпесе де, олардың жолын аршып, сырттан
қоруыштап жүрген кіші əкімдердің бірі, өзінің дос-жары – қала
прокуратурасының чиновнигі Дьяконов дегенмен сөйлескен. Ол: "Əзір
шыда, ұлы мəртебелі Цесаревич салтанатты сапарда жүргенде ешбір
адам жазаға тартылып, қылмысты боп жатпауы керек. Жəне бұл онша
қауіпті элемент емес, ел арасындағы бұзақы. Əйтсе де, қайсыбір
бунттардың шығуына осы секілді бузатерлердің себебі де тимей
қоймайды. Ол өзі сіздің Ақан cepi қарамағыңыздағы болыстың адамы
көрінеді ғой, айтуыңызға қарағанда, мүлдем ұят болды, масқара
болды, осындай сұмырайлардың қырсығы сізге де тимей қоймайды,
əрине. Бекер əкелгенсіз ондай сенімсіз субъектілерді. Ай, қырсығы
тиеді, əрине, тиеді. Білем сіздің жағдайыңызды. Ел басқару, əсіресе
қараңғы елді басқару оңай емес. Оның үстіне, алды-артын көп
ойламайтын ақкөңіл, адал жансыз... Жарайды, біз де қарап
отырмаспыз, арамыздағы достық қарым-қатынас үшін арашаға
түсерміз. Əдетте, өзің үшін емес, біреу үшін күю деген тосыннан
келген апатпен тең. Ол апаттан аман алып қалу оңайға түспейді,
ойламаған жерден киліккен ол да бір шығын... Шығын... Иə, онсыз да
болмайды. Шығысына қарай кірісі. Жарайды, ол туралы кейін!- деп
Ақанның өрескел ісінен соң қыл шылбырды жұтқандай қиналған
Нұртазаны одан сайын қайғының иіріміне тұншықтыра, бір-екі
батырып-батырып алды да: – "Əзірше шу шығармаңыз. Ұлы мəртебелі
Цесаревич аттанған соң, ондай бұзақыларды аздап үйретіп алармыз.
Енді оны қадірлі қонақтардың маңынан аулақ ұстағайсыз. Алда уақыт
бар, ақылдасармыз", – деп құбылмалы үрейлі сөзінің соңын
жұмсартқан болды.
Осы сөзден соң өзіне қарап лаулаған өртке қарғаша салып, оттың
бетін басқаға бұру айласына кешкен Нұртаза, ел билігіндегі
адамдардың алдында арылып қалудың қамына көшкен.
– Ақанда менің алты аласы, бес бересім де жоқ, ұзында өшім,
қысқада кегім де жоқ. Сондада оның ел серісі емес, татулығыңды, дəм-
тұзыңды бүлдірер ел перісі болатынын ежелден-ақ қақсап келем, ауыл
арасындағы лаңы аздай, енді бүткіл жерімізді жалғыз өзі лайлаған жоқ
па? – деп көмейіндегі сөзді суыртпақтап келе жатқанда, жиналған топ
ішінен:
– Ау, өзі ел арасындағы той-думан бір басқа, мына ұлы салтанатқа
қалай рұқсатсыз келіп жүр, осы бір қаңғыбастан тартар болдық қой
сазайымызды, – деп бір шонжар қабақ шытқан болып еді.
– Рұқсатсыз жүретін бұл, немене, қазағыңның тойы ма еді. Бұл
шақырумен, қағазбен жиналған ұлы патшаның тойы емес пе! Бұған
тізімсіз келген бір де бір жан жоқ, əр болыстың адамына жауап беретін
сол болыстың иесі болады да. Жетістірдің, Нұртаза! Қазақты да ел,
жұрт деп, əдейі атап шақырғанда, ана əумесер есірігіңді салпақтатып
əкеп, тағы да көрсеттің өнеріңді. Енді Ақанды ғайбаттап, бар кінəні
соған аудармақсың. Мың тасқынға – бір тосқын. Өзім білем, өзім
шешем дейтін өркөкірексің, Нұртаза. Бір құмалақтың бір қарын майды
шірітерін ойламадың. Сенің тайыздығың үшін, енді қазақтың тереңі,
тұнығы лайланды. Енді сен лұғатсыз, тəрбиесіз емес, бəріміз көргенсіз
боп отырмыз ақ патшаның алдында. Əлі де көсемсіп, шешенсігің
келеді. Бір мысқал ар, бір шөкім ұят болсашы бір мезгіл!- деп баяғы
бойына тараған кек уыты қайтпай жүрген Паң Нұрмағанбет аяғы
шалыса бастаған Нұртазаны оңтайлы кезде жамбасқа ала бергенде, қақ
төрде құныстау отырған Шыңғыс тамыры білеуленген сіңірлі қолын
көтеріп, "жə!" деген белгі жасап, ырғаса бастаған екі шонжарды тыйып
тастады. Көтерілген қолдың сексеуілдің бұтағындай тарбиған көкшіл
саусақтары ауада сəл ілініп тұрды да, кəрі бүркіттің тұяғындай жұмыла
беріп, арқасына жапқан оқалы шапанының шалғайын қымтады.
Қанталаған шүңірек сулы көзін айнала қадай қарап алды да, елге билік
айтып дəуірлеп тұрған кезіндегі тəкаппар қалыппен иегін сəл көтеріп:
– Жə, болар енді. Екеуіңнің аңдысуыңа, алысуыңа кең сахара
жетпегенде, даладағы дауыңды қалаға əкелейін деппеңдер. Ұлы
мəртебелі ақ патшаның алды сендердің қажасар орындарың емес.
Ақанды мұнда əкелген мен. Жұлқыссаңдар, менімен жұлқысарсыңдар,
ал мына ұлы той үстінде қабақ шытысып, сөзге, дауға барысып, шырқ
бұзар болсаңдар, аулаққа кетіп, жеке қырқысыңдар,- деп зілді үнмен
беттерін тойтарды. Бұғақ орнында тарамыстанып білеуленген, арық
етінің терісі салбыраған тамағын қайта бүркеді де, өз кінəсын да
мойындаған адамдай соңғы сөзінің жібін босатып алды,—...Тап осы
жиында бұлай болар деп ойлаппын ба?!
Нұртазаның күткені де осы еді. Ұлы тойды дау-дамайсыз,
салтанатпен өткізу керектігін айтқанда, жүні жығылып, жуасып
қалғанмен, бұзақы Ақанның келуіне себепкер Шыңғыс екенін біржола
анықтап, жұрт алдында аппақ сүттей тазарып алмақшы болды. Серінің
бетіне көпшілік қолымен топырақ шашып алса, кейін оның тағдырын
шешу өз иелігіне жалғыз тиерін ойлап, қам жасап қалды:
– Шыңаға, мен дау іздеп жүр деймісіз. Қалтарыстан шыға келіп
соқтыққан мына паңдар, ертең тұтанар отқа май құя салуға əзір тұрған
жоқ па? Ақ патшаның тойы жаман Сағынай шалдың асы емес, Ақан
ойнақ салатын...
– Əй, Нұртаза, аруаққа тиіспе, тіліңді тарта сөйле!
– Иə, Ақан ойнақтайтын қызойнақ емес деп Құдайдың зарын
қылып ем, болмадыңыз. Жоқ жерде бедел салып, оны алып келген сіз.
Ендеше, мұны аяқсыз қалдыра алмаймын. Той шырқы бұзылмасын
десеңіз, өзіңіз əкелген Ақанды өзіңіз қуыңыз бұл маңнан. Біздің
маңымызға жуымасын, енді ол біздің ел адамы емес, елден шыққан
алапес, қайдасың-ай əлгі, қайдасың ақи, əй, Жəнібек, Ақанды алып кел
осында, аға сұлтан шақырады де, тез əкел, жеткіз мұнда.
Есік жақта сөз тыңдап, ұлығы ұлыса, бірге ұлуға бөрідей
дағдыланып қалған əккі поштабай жыршылар түскен үйге қарай
сораңдап, табанымен жер ойып жіберердей адымдай жөнелді.
Жер апшысын қуырғандай жанталасқан Нұртазаның мына қылығы
Шыңғысқа да, басқа əкімдерге де аян. Бұл да нағыз ұрымтал жерде
шаужайдан алып, тасадан атылған сасық күзендей сұлтанның
тамағына жабыса кетті. Оның сасық пиғылы – өзі де қурап тұрған қу
шалдың күре тамырын қиып, жанын зəннəмға жіберу емес, алқымнан
қысып буындырып, бар кінəсін мойындату. "Əттең, оралмай кеткен
қайран күн, – егер бұрынғы заман болса, арыстандай ақырған аға
сұлтан ешкінің құйрығындай шолтаңдаған жаман болысты мынадай
басындырып қояр ма еді. Бір шерткеннен қалмайтын ызыңшыл
сонаның иыққа, төбеге шығып ойнақтап, ол аздай, дəл тамақ
астындағы жұқа теріге жабысып, қадала шағуын қарашы. О, заман-ай!
Осы жолы патша ұлының ниеті жақсы сияқты еді. Əйтпесе, сұлтан
атаулыны бар беделден айырып, оқалы шапандарынан басқа ештеме
қалдырмай, билік атаулыдан жұрдай еткенде, күлге шөккен кəрі
бурадай артын көтере алмай, шоңқиып отырып қалған тобан аяқ
Шыңғыс бүкіл Көкше өңірінің зиялыларын бастап, той ақсақалы
болып келер ме еді?! Мүмкін, мына патша баласы ертең əкесінің
орнына таққа отырғанда, бұрынғы сұлтандық дəуірді қайта орнатар.
Төре əулетінің күні қайта туар. Əкесі жүргізген саясатқа қарсы жүрер
патша мұрагерлері аз ба? Мүмкін, осы жолы-ақ көп нəрсені ішіне
түйіп кетер. Мүмкін... мүмкін... Ендеше, бір Ақанның басын
қорғаймын деп, ата-бабаның қолына қайта қонар бақыт құсынан
айрылып қалар. Бұл тойдағы бар əрекет, сөйленер сөз – бəрі ертең
Мұрагердің құлағына шалынбасына кім кепіл. Айнала торуылдаған
патша тыңшыларынан көп неме жоқ. Бұл, шынында, үлкен сын.
Биылғы, күзге қалған сайлауға шықпа жаным шықпа деп зорға тұрған
күні қараң мына Нұртаза тегін шыжалақтап отырған жоқ. Қайтсем
сүріндірем, қайтсем айып салмағын өз иығынан аударып, басқаның
мойнына артып жіберем деп отыр. Жоқ, бұл арада сүрінбеудің
шарасын ойлау керек. Қалжыраған жылқыға тұяқ сияр шұқанақ та
жетіп жатыр омақаса құлауға: Мұрагердің алдында намазға ұйығандай
басы жерге жеткенше тағзым етіп, пір тұтқан елдің сол қасиетті
намазын бұзғандай шырқ кетірген Ақанның есерлігін елеусіз
қалдырса, ертең айып салмағы өзіне түсері хақ. Ендеше, даяшының
аңысын аңдып, сыңайын сынаған мына қасқыр, түлкілердің алдында
қабырғасы қайыса отырып келешекте тартар айыптан айығу қажет..."
Қабағы түксиіп, жаураған адамдай қымтана түсіп, түнере қалған
Шыңғыстың қазіргі түрі шын аянышты еді. Бүкіл Сарыарқаны
жайлаған қазақ атаулының тойдағы билігін салтанатты жиынның
тізгінін қолына алған кəрі тарланды, ақсүйек төрені ел билеген басқа
шонжарлар күні бүгінге дейін күндеп келсе, енді жоқ жерде белінен
шойырылып, бүк түсіп қалғанын көргенде, іштерінен "сол керек, шоқ-
шоқ!" деп, еңселері бір көтеріліп, жайдары жайраңдағандай болды.
Өзді-өзімен дуылдасып, қайдағы жоқ сөздерді қақпақылдасып, той
даяшысын бір қалтарыста елеусіз қалдырғандай қарғаша шуласа
бастаған. Талай жиын, неше сұрқылтайды көрген жырынды Шыңғыс
мұны да аңғармай қалмады. "Тұра тұрыңдар, əлі де басындырмаспын,
мені қауқары жоқ кəрі жыландай көріп отырған шығарсыңдар, кəрі
болсам, болармын, бірақ жыланды неше кессең де, бір кесірткедей
қауқары бар, кесірткелер, қашан бұл арадан кеткенше алдымда
қайқаңдап, жорғаларсыңдар" деп, бағанадан бері іште сақтап отырған
сұмдық хабарды осы тұста айтып қалды:
– Ал жараңдар, – деді даусын зілдендіріп, шапан ішіндегі оң қолын
тағы көтерді. – Ертең көтенге өкпелеген қара құлдай болмаңдар.
Сендерге айтар тағы жайсыз хабар бар.
Жұрт жым-жырт тына қалды.
– Өздеріңе белгілі, ертең ұлы мəртебелі Мұрагерге Ертістің батыс
жақ кең жазығында қазақтың ұлттық ойындарын көрсетеміз. Оған
аңшы құстарың, қасқыр иттерің, көкпаршы, сойылшыларың сақадай
сай шығар.
– Əрине.
– Əрине.
– Е, оған сөз бар ма, – десіп қалды отырғандар.
– Менің айтпағым ол да емес, – деді Шыңғыс түксие түсіп. – Сол
ойындардан соң, кешке қарай ұлы мəртебелі Мұрагер мен оның
нөкерлеріне, құрметті қонақтарға зияфат жасалып, сый-сияпат
көрсетілмек.
– Банкет берілмек, патша ағзамының мəртебесіне қазақ миллəті
атынан жасалар құрмет зияфатты орысша банкет дейді, – деп
Күшпенұлы "банкет" деген сөзді өзі ойлап тапқандай осы арада
осымен оныншы рет айтты.
– Сол зияфатқа келетін адам саны, əр киіз үйге бөлінетін, ұлы
мəртебелі Мұрагер түсер үйге бөлінетін адам саны өздеріңе мəлім жүз
елу еді. Бүгін жоғары мəртебелі дала генерал-губернаторы өз қолымен
елуге түсірді. Ұлы мəртебелі Мұрагермен дастарқандас болатын адам
саны жиырма еді, оны онға түсірді. Сол елу адам санатына кімдерді
құрбандыққа шаламыз, қадірлі он адам кім болуы керек, – осыны
құзырларыңа салып, ақылдасып алсақ деп едім, – дегенде, жаңа ғана
жайраңдап отырған би-болыстардың əндері қашып, көздері жасаурап
қалды. Ертең еліне барғанда "ақ патшаның қасында отырып, бір
табақтан дəм таттым" деп жыр қылар мақтанышын алдын ала ойлап,
пішіп қойған шонжарлар, енді көзіне қамшы тигендей жасқанып,
Шыңғыстың алдында мүсəпір күйге түсті. – Əр үйездің əр болысынан
екі-үш адамнан болса да жарар еді. Енді қысқа жіп күрмеуге келмей
отыр. Ақылдасып пішкен тон келте болмас, бəрің де ұлы отырысқа
жарайтын азаматсыңдар, бірақ көбіңнің жолың болмайтын деді.
Бұйрық солай!
Молдасақынған Шыңғыс қос тізесіне қарап, бүк түсіп, үнсіз
отырып қалды. "Қалай? Бір мытысам, шонданайларына əлі де бататын
шығар" деп, кəрі тізесіне риза болғандай, іштей күліп отыр. Мүжіліп-
мүжіліп, судыраған сүйегі ғана қалған қара кемік өлмеші шалдың
бұлай тəкаппарсуына ыза болғанмен, ешкім оған батып ештеме айта
алмады. Қайта ұлы дастарқаннан дəмелілер аяқ астында патша
салтанатынан, үлкен мəжілістен қағылудан қорқып, Шыңғысқа
жағынып қалудың жолын іздестірді.
Бұрын да Шыңғыспен талай қажасып үйренген əрі бүгін көңілі
тасып, шалқып отырған Мейрам ғана толық денесімен қалың бөстектің
үстінде бір ырғалып, қою сары сақалын сипап, кекесінмен күлді:
– Адам қартайған сайын ындыны тарыла беретіні несі екен?
Шыңекең бұрын да келімді-кетімді кісіге онша қолы ашық болмаушы
еді...а-ай, ол дүниеге аттанарда сараң адамдардың жұдырығы түйілген
күйі ашылмай қалады деуші еді.
Оу бастан қалжың, əзіл сөздерді қылжақпас, əумесерлердің өнімсіз
қылығы деп, бостан-бос ырғаса беруді жаратылысында ұнатпайтын
Шыңғыс Мейрамның ілмешегін аяғына дейін тыңдады да, естімеген
болып:
– Айтқандай, саған ескертем деп ұмытып кеткен екем-ау. Мұрагерді
шығарып салар кезге бүгінгі бəйгеден келген Көктұйғынды дайында,
жуып-тарап дегендей, айыл-тұрман əбзелдеріңнен ұятқа қалып жүрме,
– деді. – Өмілдірік, қайысқаныңа дейін күміс жапқан сəнді болсын.
Жібек жабуын да қалдырма.
– Е, оны Мұрагер міне ме?
– Мініп қана қоймайды, алып кетеді.
– Алып кеткені қалай?
– Қазақ қонағына қалай ат мінгізуші еді?
– Е-е, ат мінгізем десем, өзім-ақ мінгізбеймін бе, менің малымды
қашаннан бері сырттан билейтін болған ең?
– Ол арасын білмедім. Кеше генерал-губернатордың өзі: "Бəйгеден
келген атты ел салтымен қазақтар Сізге мінгізбек" деген. Сенің
билігіңді генерал қайтсін... Егер Мұрагерге бермеймін десең, оныңды
айт, ертең-ақ генералдың құлағына салуға болады.
– Ойпырм-ау, енді... енді... Мұрагер сұраса, одан... Көктұйғыннан
басқа аттар да... – деп Мейрам шоқ басып алғандай тызалақтап, бір
қызарып, бір сұрланды.
– Солай, Мейрам, – деді Шыңғыс айызы қанып. – Көктұйғыннан
басқа атты беріп, бізді жын ұрып кетті ме?! Көзі бар емес пе? Мазақ
еткің келген екен!.. Жарайды, енді əлгі зияфат мəселесіне оралайық.
Мейрам да, жұрт та мысы құрып, үндей алмай қалды. Əлден
уақытта:
– Сонда қалай, тізімге іліккен жүз жетпіс адамның елуі бармай
қалатын болды ма, бұл не жарлық?! Жаман үйді қонағы билейді деп,
қазақ елінің қанша адам шақырып, қаншасын қоятынына генерал-
губернатордың араласқаны қалай? Қырық рудан жиналған қазақ
азаматтарына сенбегені ме? - деп Əлібектің інісі, адуынды жас болыс
Ақбұзау сөз бастап еді.
– Бəсе-ау десейші, қырық рулы елді бір арнамен ағызып, бір
жолмен жүргізіп, ашса алақанында, жұмса – жұдырығында ұстап
келген аға сұлтанымыз той жабдығын, қонақ дəстүрін білмейді дегені
ме, қой, ол əншейін "байдың малын байғұс қызғанадының" кері
шығар, – деп екінші болыс Шыңғысқа көпшік тастай салды.
– Иə, ол айтқанының реті жоқ.
– Келіскен екенсіз, бəріміз де ұлы мəртебелі Мұрагердің
мəжілісінде боламыз, болашақ патшамыздың алдын енді көреміз бе,
көрмейміз бе?!
– "Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымас" деп, қазақ
ұлықтарының бір-бірінен не алалығы бар. Бəріміз де Мұрагердің əкесі
– ақ патшаның аяғына алдиярлап бас ұрып, қасиетті жарықтықтың
амандығын тілеп намаз оқып, қол қусырып қызмет жасағаннан басқа
не жазығымыз бар, – деп, тағы бірі Мұрагердің табағынан қалмаудың
қамымен ұзын арқанға салып, көсіле сөйлеп, шұбыртып келе жатыр
еді, сыртта жүрген біреу киіз үйдің есігінен ішке сығалап:
– Ақан сері келе жатыр! – деді.
Күні бүгінге дейін қастарында жүрген серінің атын естігенде,
ертегідегі албастының атын естігендей бəрі тым-тырыс тына қалды.
Бұл үйге Ақан емес, жазықсыз біреудің қанын жүктеп, енді
осындағылардың бірінің басын ала келе жатқан қандықол жендетті
күткендей.
Қашан ұлықтар отырған үйге жеткенше кегежесі кейін тартып,
келгісі келмей, жан-жағынан кекете, қорқыта, табалай қарайтын
сұрықсыз кездерді көргісі келмей, дел-сал күйде жақындаған Ақан,
енді шиыршық атып, оюлы жарма есікті жұлқа ашып, ішке сұп-сұр
болып енді.
Жұрт бері өтпей, босағада тұрып қалған Ақанға бір, тұнжырап,
түнере түсіп, басын көтермеген Шыңғысқа бір қарайды. Екеуінің не
деп қақтығысатынын андып, қызықтап отыр.
Шыңғыс Ақанның кіргенін төбесімен көргендей, басын темен
тұқырған қалпы, естілер-естілмес міңгір етті:
– Мен сенен басқа өнерді күтсем де, тап осы "өнеріңді" күтпеп
едім. Жердің үстімен келіп, астымен қайтатын болдық...
Ақанға Шыңғыс та, ешкім де отыр деген жоқ. Он екі қанат үйдің
дəл төрінде құнысқан сұлтанның үні зорға естіледі.
– Шыңаға! – деді еңсесін көтеріп, аттың шоқтығын ұстап
аттанғалы тұрған адамдай босағаға қолын артқан Ақан. – Даусыңызды
қаттырақ шығарсаңызшы, мына ұлықтарға келін емессіз ғой,
шымылдық артынан сыңсып сөйлейтін!
Бұрын өзін қатты сыйлайтын, өзі де хас өнерін қастерлейтін ашулы
ақынның соқтығуға тұрғанын жазбай таныған Шыңғыс, жұрт алдында
абұйырын төгіп алмаудың, қартайған шағында адуын, азулы Ақаннан
сөз естімеудің шарасын көздеп, жұмсақ сөйлесіп, жұқарта бітіруді
ойлады. Көлденең жұрттың екі арланды қарт, əккі арлан мен кемелінде
тұрған жырынды арланды алыстырып қойып, айыздары қанғанша
қарайтын сыңайларын екеуі де ұқты. Əйтсе де, аса тістерін батырмаса
да, бір-бірінен тайқақсып, тайынатын жер қалмады.
Шыңғыс баяу ғана басын көтерді. Өзіне тура қадалған Ақанның
отты көзіне сулы көзі түсе беріп, тайып кетті. Қайтадан басын ие беріп,
шапанын тағы да қымтана түсіп, жөткірінді де, даусын көтере сөйледі:
– Ақан шырақ, жасыратын не бар, кейбіреулердің айтқанына құлақ
аспай, кəрі қыңырлыққа салып, өзіңді осында, ұлы мəртебелі
Мұрагердің алдын көруге əкелген өзім едім. Енді, бүгінде, бетімнен
басып, елге қарар жүз қалмай, тайғанда жүзқара болып отырмын.
Қазақ миллəті —өзінің қонақжайлы сыпайыгершілігімен, лұғатты
тəртіп, тəрбиелілігімен аты шыққан ұлыс. Бұл мінезі – келешек
нəсілге, ұрпақтан ұрпаққа мұра боп қалар қасиеті. Ал сен болсаң,
елдегі тентектігіңді ұлы адамның, ұлы патша Мұрагерінің алдында
жасап, айықпас ұят арқалаттың халқыңа. Сені "көргенсіз", "тəртіпсіз"
деген Мұрагер сөзі қазақ қауымына, бар қазақ еліне таққан мін. Өзіңді
аямасаң да, жұртыңды аясаң етті. Халқыңның абұйырын сақтасаң етті.
– Ə, Шыңаға, – Ақан сұлтан сөзін киіп кетті. – Сіз халқыңның
абұйырын дейсіз. Алдымен, халқымыздың демейсіз бе... Ол халық
сізге де, маған да, бəрімізге де ортақ емес пе? Содан соң, абұйырын
дейсіз. Ол аз. Мен абұйырын ғана емес, халқымыздың келешегін де
сақтағым келмеді ме:
"Омбыда, патша келіп, болды жиын,
Қалдырмай бəрін тегіс болыс, биін.
Министр, губернатор, советниктер
Бас қосып, мəжіліс құрған ұлы дүйім.
Николай император хұзіретіне
Сөйледім бұл қазақтың жайы-күйін.
Ұнатып ол шаһзада біздің сөзді,
Хош көріп, алтын медаль қылған сыйын".
Осы ма сізге ұнамағаны?!
– Қазақтың жай-күйін сөйлейтін сен соншама кім едің? – деп
Нұртаза бас салып еді, Ақан кекесінмен күлді:
– Халқымыздың тағдырын, күйін айтуға да шен мен шекпен керек
пе? Халқың деп соғар жүрегің болмаса, саусылдаған темір шеннен не
қайыр. Ал елімізді, жұртымызды ойласақ, ол хақында патшаға бəріміз
жамырамай, біреуіміз ғана айтқанда тұрған не ағаттық бар?!
– Жоқ, Ақан, сен түсініп тұрсың, олай бұрма сөзді. Менің айтарым,
мына еліңнің көзінше айтарым сол, енді Мұрагердің алды түгілі,
артынан көре алмайсың.
Енді күнəңді мойныңа алып, мына ел азаматтарының алдында ана
оязға, сонда отырған Омбы ұлықтарына жүгініп, басынды иіп кешірім
сұра. Мұрагерге оның жетсе, жетер. Жетпесе, күнəден арыласың,
тазарарсың. Патша баласы не деген кең, кешірімді еді. Əйтпесе, сен
айтқан сөзді бұрынғы хандарға айтсаң, күнің не болар еді. Кешірім
өтін, аяғына жығыл! Бұл бір. Содан соң, Ақан шырақ, ештеме
сезбегендей, сезінбегендей, өз қателік, ұятыңнан жаның ауырмағандай
еркін жүргеніңді қой. Елге кайтқанша ешкімнің көзіне түспей-ақ,
жатар тұрағында бол. Ендігі салтанат, сауық маңында жүруіңді ешкім
қаламайды əм лұқсат жоқ!
Осыны айтты да, Шыңғыс тағы да құнысып, екі қолының
саусақтарын бір-біріне айқастырып, тұнжырап отырып қалды.
– Бары осы ма, Шыңаға, айтпағыңыз? – деп Ақан өлі де тым-тырыс
отырған жұрттың үстінен сұлтанға тұнжырай қарады. Шыңғыс көзін
көтерген жоқ. "Осы, осы" дегені ме, түсінбедің-ау", "қоймайсың-ау"
деп қынжылғаны ма, басын қайта-қайта шұлғыды.
– Жарайды, ендеше, Шыңаға, айтқандарыңыздың бəрін түсіндім.
Осында əкелген де өзіңіз, қуған да өзіңіз, рахмет! Бірақ менің бір
түсіне алмай қалған жерім болып тұр, – деді Ақан Шыңғыстан əлі де
көзін алмай.
– Еһ, түсіндім дегенің не?.. Түсінбегеніңе жол болсын?
– Бəрі де түсінікті, енді сөздің не қажеті бар, – деп, отырғандардың
кейбіреуі серінің сөйлеуіне қарсылық білдіріп еді, сөз құмар, дау құмар
басқалары дүрсе қоя берді:
– Сөйлесін.
– Енді мұндай жиынды көре ме, көрмей ме?!
– Иə, енді көрмегенім осындай жиын болсын, – деп сөз үлесі тиген
Ақан шүйіле түсті. – Менің түсінбегенім – осынша байбалам салатын,
осынша қара аспанды жаудырып, қазақтың басына қара күн
орнататындай не боп қалды? Патша баласы "көргенсіз", "тəрбиесіз"
десе, қате ме? Өзіңіз айтқан жоқпысыз, ол саған ғана айтылған сөз
емес, бəрімізге, тіпті бүкіл қазаққа айтылған сөз дедіңіз. Оған несіне
шамданасыз? Өтірік пе?
Жұрт қозғалақтап, бір-біріне қарасып, "бұ не сөз" дегендей бір-
біріне иек қағысты. Ақан енді босаға жақтан ортаға қарай өтіп,
Нұртазаның алдына тоқтады:
– Сен айтшы, Нұртаза. Патша баласы Николай дұрыс айтқан ба,
əлде мыжыған ба?
– М... мыжығаны несі! Əрине... Миколай дұрыс айтады, – деп
Мейрам байға сұқ саусағын шошайтты Ақан.
– Əрине, дұрыс айтады Миколай.
– Сен... сіз... сіз... сен! – Ақан жағалай отырғандарды саусағымен
нұсқады.
– Дұрыс, дұрыс!
– Əрине, дұрыс!
– Дұрыс болмағанда ше?
– Миколай патша дұрыс айтады. Ə, Мұрагер дегенім!
– Міне, бəрің де дұрыс деп отырсыңдар. Ендеше, мені неге
жазғырасыз, Шыңаға? Қазақ елі, қазақ жұрты, шынында, не көрді?
Жан-жағынан андыздаған моңғолдың, жоңғардың қан сасытқан
шапқыншылығын, кешегі хандардың, төре-сұлтандардың, бүгінгі ояз,
болыстардың қиянат-қыспағын, озбыр, зомбылығын көрді. Одан басқа
не жақсылық көріпті?! Мен осыны айттым. Патша баласының
"көргенсіз" дегені де осы емес пе?! Ал, "тəрбиесіз" десе, ол да рас!
Қазақ халқы не тəрбие, нендей жылы алақан көріп отыр? Алым-салық,
айып-айбан төлеп, шұрайлы көлін, шүйгінді шөбін, құнарлы жерін
бергеннен басқа, не қарымта қайтарып, алмақтан не салмақ көріп
отыр? Сендер алған сылдырмақ шен, жылтыраған шекпен бе? Ертең
шынжырын тағып жетелер, алысқанға айтақтап, басқа көзге төпелер
қарғыбау ма? Одан басқа не тəлім, орыс жұртының не тəрбиесін алып
отырсыңдар? Тым құрмаса, ел билеген болыстар, көбіңнің қара
танитын білімдерің, қол қоятын сауатың, орыс ұлығымен тілмашсыз
сөйлесетін тілің бар ма? Сендер басқарған ел не тəрбие көріп қарық
болмақ?! Мен осыны айттым. Патша баласының "тəрбиесіз" дегені де
осы. Мен өзім білетін, көзі ашық қазақ білетін бар қасиетті, бар
тауқыметті жаздым. Қазақ та орыс елімен қоян-қолтық қосылып, ел
болсын, тəрбие, шарапат көрсін деп, ел арызын Патша сарайына ала
барсын деп жаздым. Бірақ оны Мұрагер құп алмады. Неге құп алсын –
қазақтың зердесіне білім құйып, тіліне нəр беріп, терезесі тең
сөйлегеннен гөрі, отарлы қойдай айдап, оны ойсыз мақұлдаған, тілсіз
бақылдаған миғұла текелерге басқартып қойса, жеуіне де оңай емес
пе?!
Ұлықтар жаппай қозғалақтап, бірі жырқылдап күлсе, бірі ашу
шақырып, күңкілдесіп кетті. Шыңғыс маңдайын алақанымен
көлегейлеп, екі иығы селк-селк етеді. Бүгінде ел басқарған
болыстардың
көпшілігінің
қара
танымайтын
білімсіздігін,
бейшаралығын бетіне айтып, шабынан түртіп, шамына тиген Ақан
сөзіне айызы қанып күліп отырғаны ма немесе бүгінде уысынан кетіп,
мынадай надандарға тиіп қор болған билік, төрелігіне қамығып, егіліп
отырғаны ма?
– Ендеше, Шыңаға, бірінші əміріңізді орындай алмаймын: егер қате
десеңіз, халықтың көргенсіздігі мен тəрбиесіздігін бетіне басқан
Мұрагердің өзі кешірім өтінсін жұрт алдында.
– Пау деген?
– Тапқан ақыл! – десті жұрт кекетіп.
Ақан оларға мойын да бұрмады.
– Екінші əміріңізге құлдық, Шыңаға! Былай да ертең Мұрагермен
табақтас болуға бар ұлық итше таласып, өз-өздерің жақ-жақ боп жаға
жыртысып жатқанда, менің қыстырылып бірге жүргенім тіпті ерсі.
Жарайды, ешқайда бармаймын. Əттең, патша баласын бір көріп,
табағынан бір асаған ет қанша азық болады сендерге? Енді көрмегенім
Алексейдің баласы Николай болсын. Тілсіз маңырап, мұрнынан суы
ағып, бырс-бырс түшкіргеннен басқаны білмейтін, сақалдары
шошаңдаған сасық текелермен отыратын патша баласы да табақтасқа
жарыған екен!
Есікке қарай шыға берген Ақанның соңынан Нұртаза айғай салды:
– Əй, Ақан!
Ақан жалт қарап, болыс сөзіне құлақ түрді.
– Бұл сөзіңді қалай түсінеміз? Бізді ғана емес, болашақ патшамыз
Миколайды да даттап бара жатырсыз ба?!
Серінің Нұртаза десе, жыны құрыстай қалатын əдеті.
– Оны неге сұрадың? – деді тістеніп... – Ə, ертең ана Мұрагеріңе,
болашақ патшаңа айтып барайын деп пе едің? Е-е, өсек айтпасаң,
саған басқа оңтайлы сөз қайдан келсін. Аузың жетсе, тілің жетсе, айт,
айта бер – ертең ол патша болса, сендер де, бақылдаған сасық текелер,
маңыраған надан қойлар жариды екенсіңдер жақсы қойшығы!
Нұртазаға керегі де осы еді. Ашуына арамзалығы қосылып,
қарқылдап кеп күлді.
* * *
Осы түн əр шаңырақтың астында өздерінше сайран салып,
думандатқан ел ұлықтары мен көшпелі елдің дəстүрін, ас та төк асын
қызықтап келген Омбы қаласының шені биік чиновник қонақтарына,
олардың сыртынан күзетпен полиция адамдарына көңілді, жылы түн
болғанмен, Ақан, Мəмбетəлі үшін үрейлі, суық түн болды.
Шулы түннің бір уағында түсі келмей, сұрланған Мəмбетəлі
ызадан, қорлықтан бүк түсіп, үстіне жеңіл шапан бүркеніп, ауыл
шетіндегі жыршылар үйінде керегеге жабыса жатқан Ақанды, сезіксіз
болу үшін Ыбырайды қоса, тысқа алып шыққан.
Қотаннан аулақ жайылып жүрген шідерлі, тұсаулы көп аттарға
қарай томпалаң қағып алдына түскен Мəмбетəлінің қайда бастап келе
жатқанын алғашқыда түсінбей, үрейлі жүзінен, "жүріңіз тезірек!" деп
асықтырған сөзінен секем алған Сері оның соңынан үнсіз ере берді.
Əлден уақытта алдарынан ағараңдаған екі адамның бейнесі көрінді
де, біреуі оқшаулау шығып, бұларға қарай жүгіре басқандай болды.
Шілденің қысқа танды бозамық даласына кезі жаңа үйренген Ақан
өзіне қарай қанатын қағып ұшқан аппақ көбелектей ақ көйлекті əйел
бейнесін көргенде, ауыл сыртында ұшыраған белпаз періштеге таң
қалды. Енді жақындап келе əйел бейнесі айдын көлде əлденеден үркіп,
қанатын қаға ұшқан аққуға да ұқсайды. Өзіне қарай созылған жібектей
жұмсақ, көл сүйрігіндей нəзік қолды Ақан қалай екі алақанына қысып,
кеудесіне басқанын аңғармай қалды. Тұла бойынан жұпар иісі аңқыған
орыс əйелі өзінің əдеттегі ер адамға ұсынар қолын үйреншікті
дəстүрмен созған еді. Мұндайда тəрбиелі еркек ақ саусақтардың
сыртынан ерін тигізер еді. Мына дала серісінің бас салған мінезінен,
өзінің ағаттау қылығынан қысылған əйел қолын жеңіл ғана тартып
алып, даусы дірілдеп, тіл қатты:
– Здравствуйте, степной рыцарь... Ахан!.. Таныдыңыз ба?
Ақанның аузына жөппелдемеде сөз түспей, үнінен, мүсін,
келбетінің нобайынан жазбай танып, əйел атын қайталай берді.
– Анна Ивановна... Анна.... Анна!.. Мен сізді, көп, көп дамалар
ортасынан көргенмін, алыстан. Сізді көрмей қалуым мүмкін емес...
Жазғы ақтаңдақ түнде ақ маралдай керілген Аннаның үнінде де
үрей бар, асыға сөйлейді, сыбырлап сөйлейді.
– Көріспегелі көп болды. Енді көрісеміз бе, жоқ па. Біз Петербургқа
кетпекпіз. Ахан, мен далаға салқындауға шыққалы недəуір уақыт өтті.
Іздеушілер шығып қалса... бəрінен де сізге қиын болар. Ахан,
ренжімеңіз, осы қазір, бұл арадан тезірек аттаныңыз. Түсіндіріп жатуға
уақыт тығыз. Оны Сердалин мырзадан сұрарсыз. Тілімді ала көріңіз,
өте сұраймын. Кете көріңіз, бірақ бой тасалай тұрыңыз. Бəрі ұмыт
болады, желігіп тұрған мезгілге ұрынбаңыз. Ал, хош, Ахан! Бар
қолымнан келгені осы, хош, аяулы рыцарь!..
Ақан əлдене деп оқтала бергенше болмады, Анна Ивановна анадай
жерде Мəмбетəлі, Ыбырайлардың қасында үнсіз тұрған, тап өзіндей ақ
көйлекті белгісіз келіншекпен киіз үйлерге қарай кете барды.
Тал бойынан мейірімді адамның мінезі, дала гүлінің исі аңқыған
Аннаны көріп қуанған сері, үрейлі, суық сөзін естігенде жүрегі мүздап
қоя берген. Ендігі хабардың жалпы нұсқасын түсінсе де, Мəмбетəлінің
аузынан қашан естігенше тағаты таусылды. Мəмбетəлі де жан-жағына
қарағыштап, біреу тыңдап түр ма дегендей сыбырмен асыға-аптыға
сөйледі:
– Ақан аға, жаңа Нұртаза, қасында Ковзолов пен Шмонин бар,
Коноваловтар жатқан үйге барыпты. Тегі, біздің Омбыдағы жүрісімізді
бақылаған Ковзолов, кешегі Мұрагер алдындағы сөзге екеуімізді қоса
кіналайтын көрінеді. Екеуімізді жасырын қамауға алуға лұқсат
сұрапты.
– Оған да лұқсат сұраушы ма еді? – деді Ақан даусы дірілдеп.
Күйзелген ел жайын айтқан да айып болғаны ма? – Нені айыптау, нені
айыптамау солардың қолында. Қазаншының еркі... Ал, өз қаласында
емес, тыста жүрген айыптыларды, əсіресе саяси айыптыларды,
жандармерия болмаса, қала полициясының ұстауға заң жүзінде
қақысы жоқ. Ол жағын қайтесіз, Ақан аға, шынтуайтқа келгенде олар
заңға да қарамайды. Сіз, əйтеуір де əкімдер қуды ғой, қазір, ел абыр-
сабыр боп жатқан тұста, атыңызды алдырып, алысқа, Семей, Кереку
жағына ма, Жетісуға ма кетіп, бір жылдай бой тасалаңыз. Түрлері
жаман, араққа масыққан Коновалов та, ел ұйықтаған кезде, жұртты
бөріктермей, алып кетіңдер, ар жағын көре жатармыз депті. Жаңағы
Аннаның мені таптырып алғаны мұндай онды болар ма?
– Ал, сен ше?
– Ақан аға, мен былай да қуғында, есепте жүрген адаммын ғой.
Менің кетуім өте сезікті. Сізді ел ұлықтарына өкпелеп, жалғыз кеткен
екен дей салады. Қашан іздегенше... кейін ұмыт болар. Ал мен кетсем,
ертең-ақ аттан салуы айдан анық, ши шығарып алмайық.
– Сонда сені ұстамақ па? Мен бой тасалауым керек?..
– Мен үшін қам жемеңіз. Үйреншікті жағдай ғой. Қанша ұстар
дейсіз. Дəлелдері болмаған соң, босатып жіберер. Екеуіміз бірдей ақ
түрмеге түссек, одан қашан құтылғанша... Іс ұзаққа созылып кетеді...
Түсініңіз, Ақан аға!
Бұрын түрме жүзін, жандарм алдын көрмеген аңқау ақын аузынан
Омбыда қайда болғаны, не сөздер айтылғаны шығып кетсе,
жолдастарына да қиыншылық түсерінен қауіптенгенін Мəмбетəлі, сері
намысына тимейін деп, бүгіп қалды. Түрме, ит жеккен десе жаны
түршігетін Ақан не істерін, не айтарын білмей қибыжықтай берді. Көз
алдына Мəмбетəлі көрсеткен орыстың Достоевский, Дуров сынды
ұлдары отырған крепость, Сібірден шыққан оқымысты адамдар
Ядринцев, Потанин қамалған қала сыртындағы төрт қабат тор көз ақ
түрме түсті. Тұла бойы тітіркенеді. Қиырда жұптарын жазбай, басқа
түскен хикметті бірге тартып күн кешкен жолдастары түсті есіне.
Бойын қайта жинап алды.
– Жоқ, Мəмбетəлі, не тартсақ та, бірге тартамыз. Бар салмақты
саған тастап, бас сауғалау деген не сұмдық. Өзім бастаған екем, өзім
мойныммен көтеремін. Сенің қағаз жазғаннан басқа кінаң қандай? Ол
қағазы да жоқ.
– Иə, Ақан аға, дұрыс ұғынып тұрсыз. Ол – Шмониннің
əпербақандығынан жасаған қатесі. Егер ондағы сөздер қолдарында
болса, онда тіл тартпай, Сібір айдалып кетіп жатырмыз. Ал, дəлелі
жоқ, мені де онша жазғыра алмайды. Сіз өзіңізді ғана емес, мені де
аясаңыз, қазір көзге түспей, аттаныңыз, жөнеліңіз, Ақан аға!..
Өтінемін!.. Бұл арада, арыстанға қарусыз қарсы барар дəрменсіз
адамдардаймыз. Орыстың белгілі азаматтарына да жібермейтін
Патшаның қатал заңы, "бұратана түземдіктерді" мүлдем көзіне де
ілмейтінін сезген шығарсыз. Босқа мерт боламыз. Ал, Ақан аға! Жəне
де ел жаққа бара көрмеңіз. Қар жауып, із басылсын.
Іс сыңайын, сөз нобайын ұққан ақылды Ақан, бұдан соң көп
қолқалатпай, Ыбырайға сыртта жусаған Көкбестісін аулақта ерттетіп,
қамыға тұрып атқа қонды.
– Ақан аға, бір керегіңізге жарар, анау-мынау тексере қалғандар
болса, кім біледі, қысылған жерде мұның да пайдасы тиер. Елге
атыңызды жария етпеңіз, бүркене көріңіз... Жолыңыз болсын!
Көзіне жас оралған Ақан, көңілі босап ұнжырғасы түскен
Мəмбетəлі, Ыбыраймен құшақтаса қоштасып, Кереку жақты бетке
алып, беймезгіл шақта жападан-жалғыз ұзай берді.
Таң аппақ атып, шығыс жақ қызыл арайға малынған кезде,
ауылдағы абыр-дабыр да басылған. Күндізгі қала қамына асыққан
Шмониндер арбаларын жегіп, мылтықтары шошайған салт атты
городовойлармен Ертіс үстіндегі жайма көпірге қарай ұшырта
жөнелді. Ресорлы күйме ішінде тұтқындалған Мəмбетəлі.
Қотандана тігілген үйлерді поштабай, шабармандарымен айнала
тіміскілеп, үнсіз тінтіп шыққан Нұртаза Ақанды таба алмай, бармағын
тістеп қала берді.
Ертеңінде-ақ кім таратқаны белгісіз, Ақан серінің Ертіс жағасында
отырып шығарған "Он үш жетімі" ауыздан-ауызға тарап, қашан
Мұрагер кеткенше, Омбы төңірегінде айтылып, кейін Ақмола,
Қызылжар, Көкшетау өңіріне жетіп, Семей, Кереку, əрісі Жетісу асты.
7
Қараша шым үйдің сыртқы есігі ашылған сайын тыстағы көктем
лебі білінеді. Əлі дала тұтас қарая қоймағанмен, тебе, қыраттардың
күнгей беттері жалаңаштанып, дымқыл жер иісі шуақты күндері бүкіл
атырапқа тарай бастаған. Күннің түске дейін мүйіз, түскен кейін киіз
дейтін шағы. Бұл кезде қыстай қалың қар астында бүк түсіп, мықшиып
жататын бəкене үйлердің алдындағы күресін беті еріп, сығырайған
терезелердің қырауы жылап тұрады. Іргеден, бұрыш-бұрыштан
білінген сыз, дала жылып, үй суынған сайын дымданып, сəл от жақса
бөлме ішін буға толтырып жібереді. Сырттан таза ауа кірсе, іштен күн
түспейтін қалың тоғайдағы шірік қаз оты мен жапырақтардың
борсыған исіндей тымауратқан қолайсыз исі білінеді. Қыстан қысылып
шыққан адам да, мал да бұл кезде шуақты даланы аңсап тұратын кез.
Қашан күн батып, əлі ызғары тарқай қоймаған қыс салқыны бойын
тоңазыта бастағанда барып үйлеріне кіретін жұрттың сыртта ұзақ
жүретіні содан.
Қалың көрпені бүркеніп, бұрыштағы ескі ағаш төсекте үнсіз
жатқан адам ғана дала рахатынан қалыс. Тысқа шығуға мұршасы
келмей, төсек тартқан дімкəс жандай тапжылмай, ел жүзін көрмей
жатқанына бір жұмадай болды.
Бұл – елін, жерін сағынып, жақын жұрағат, туыстарын бір көруді
армандап, құсаланған Ақан сері еді.
Биыл Омбыдан патша мұрагері алдында, ел шонжарларының
алдында кінəлі болып, қуылып кеткелі Кереку асып, одан Қара Ертіс
бойында қыстай жасырынып жүрді. Сол жақта аты жаңа шыға
бастаған асқан əнші Естайды ертіп, жұрт көзінше ақынға ілескен
атқосшыдай өзінің кім екенін сездірмей, ашық қапаста күн кешті.
Естайды жаңа үнді, мəнерлі əнге баулып, ұстаздық етіп, өзі бүркеніп
жүрді. Құрығы ұзын ақ патшаның болыс, старшындарының көзіне
түспей, қашқын күйде күнелтті. Ақыры елін сағынған ақын, Естаймен
қоштасып, Ереймен бауырына құлаған еді. Бұл маңда да бөтен атпен
ауыл-ауылды сағалап, Көкшені төңіректеген сері Жайық қарттың үйіне
жетіп, бір айдай аялдаған. Осы жатқаны – Жайықтың үйі.
Қысқы аязды күндердің бірінде жасырын келген Ақанды Жайық
қарт жылы құшағына алып, еліне жібермеді.
"Ақанжан, жағдайыңды өзіңнен бұрын естіп ем, сенің Омбыда ақ
патшаның баласы алдында тайсалмай тұрып ел жайын, елдің ауыр
күйін айтқан сөздеріңді бүкіл Сарыарқа əңгіме етіп жүр. Нұртаза
сияқты болыстардың саған деген тісі қайраулы көрінеді. Қайтесің, елге
барам деп, апандай аузын ашқан қасқырларға жем болып кетерсің.
Əліптің артын бағайық, мүмкін өткен істі ұмытар, сенің əділдік қуған
сөздерің ескірер, сол кезде барсаң, тозған сөзді ешкім қайтадан
қоздатпас. Осы үйде жата бер, ешкімнің көзіне түспеші, заман бүлініп
тұр. Қит етсе түрмеге қамайтын, сібір айналдырып жіберетін заң
шықты ғой. Бетін аулақ қылсын. Жер аяғы кеңи келе, жұмыс арасында
өзім Көкше жағына жансыз барып, ұлықтардың сыңайын байқармын"
деп, жалынып-жалпайып Ақанды тоқтатқан.
Енді Ақанның шыдамы мүлдем таусылды. Бұрынғыдай əнмен,
сəнмен жүрген емес, бөденеше бұғып, түнде ұшатын қорқақ оқпақтай
жасырын тіршілік еткенге бетінен басып, өзі өзінен ұялып, қорланатын
болды. Оның үстіне, осы соңғы айда жер-жерде жұт нышаны біліне
бастады. Ақпанның соңғы күндері бұрын болмаған жылымық күндер
тұрып, ара-арасында жауын жауып, арты түтеген май боранға, қызыл
шұнақ аязға айналып, тебіндегі малдың шашасы қиылып, биелер іш
тастап, тақыр қоянда жүдеп, шалдыққан жылқы баласы көк тайғақты
көтере алмай ұшып өле бастады. Көкше жағының халі де осындай
дейді. Тегі биыл ел қатты тарығып, тіпті аштыққа ұшырауы ғажап
емес. Наурызда малдың аузы көкке, елдің аузы аққа тиіп ілініп кететін
қазақ жұртының мал сүмесі болмаса, ертең жұтқа ұшырамағанда несі
қалсын.
Осындай тар кезеңді де ойлап, ел басына күн туа бастағанда, өз
қара басын қорғап, біреудің шымшып жеген асына ортақтасып
жатқанына қатты налыған Ақан, енді дал ада су жүріп кетпей тұрып,
еліне жетуге бекінді.
Жайық қартта да бұрынғыдай күй жоқ. Паң Нұрмағанбеттен іргесін
аулақ салғалы осы ауылдың байы Тасболатқа жылқышылыққа
жалданған екен. Қазір мына қара өзек кезінде күні-түні көтерем мал
соңында.
Ақан жападан-жалғыз төсекте аунақшып, құсаланып жатқанда
сырттан сəнді киінген бір келіншек кірді ішке. Қара көлеңке бөлмеде
сырттағы жарықтан көзі үйренбеген ол, аяғын кібіртіктей басып, тап
ортадағы қақ ашаға келіп тоқтады. Бұрын үйге бейтаныс біреу кірсе,
теріс қарап, іргеге аунап түсетін сері, бұл жолы өйтпеді. Ашаны
құшақтап тұрып қалған келіншектен көз алмай жата берді. Келіншек те
танадай екі көзі жаудырап, үнсіз тұр.
Əлден уақытта барып, келіншек үн қатты:
– Ақан аға!.. Сіз... Ақан аға емессіз бе?
Ақан үстіне мұздай су кұйып жібергендей болды да, əлден уақытта
бойына бір жаңа жылы қан тарағандай, келіншекке тандана қарады.
– Айтыңызшы... мен ешкімге айтпаймын... аузымнан шықпайды,
айтыңызшы, Ақан аға, сіз... – деп келіншек өз үніне өзі тығылып,
көзіне жас оралды.
– Өзің кімсің, қалқам, – деп Ақан басын көтеріп алғанда, жылап
қоя берген келіншек, серіні бас салып құшақтап, үнсіз көрісті.
Əлден уақытта құшағын жазып, төсағашқа серімен қатарласа
отырған келіншек біресе жылап, біресе күліп:
– Шынымен танымадыңыз ба, мен сізді сыртыңыздан бір көргенде
ұқсатып ем, бірақ мына үстіңіздегі киімдеріңізді мүлдем сізге лайық
көрмедім. Кейін ел жақтан келген адамдардан "Ақан сері ұлықтардан
бой тасалап, бөтен елде бұғып жүр екен" дегенді естігенде барып
жүрегім сезе қойды.
Сом тұлғалы, кезінде бəденді болған, танауы сəл делдигендеу,
қызыл шырайлы келіншекке Ақан ұзақ қадалды. "Бұғып жүр" деген
сөзге тітіреніп, іштей намыстанып та отыр.
– Таныдыңыз ба? Кіммін, анықтап қараңызшы, – келіншек балаша
еркелеп, əрі назданып отыр, - Киіміңіз ғана болмаса үніңіз де, сөзіңіз
де өзгермепті. "Қалқам, қалқа бала" дегеніңіз қандай ыстық еді. Кеше
ғана естіген сияқтымын, Ақан аға!
Келіншекті жаңа таныған Ақан да қуанғанынан бас салып, қаны
тамған екі бетінен алма-кезек сүйе берді:
– Сен... сен... Ақшабақ емеспісің... Ақшабақ... Қалқам-ай, көрмегелі
талай жылдар өтті. Ақшабақ, Ақшабақ!
Ақшабақты ұзатылғалы көріп отырғаны осы Ақанның. Əйел бала
жат жұрттың табалдырығын аттап, бала-шағалы болған соң тез
өзгереді-ау. Əлібек батырдың ақ жарқын мінезіне ұқсаған бұрынғы
қалпынан айнымағанмен дене бітімі мүлдем өзгеріпті. Тұла бойы
толысып, өңі мосқалданып, кəдімгідей шау тартқан.
– Ақан аға, жақында, сіздің аран түбінде шуақтап отырғаныңызды
көрші ауылдан лаумен өтіп бара жатып алыстан көрген бір орыс, үздіге
сұрап қоймайды. "Бір көрген адамым секілді, Ақан деген ақын емес
пе?" дегенде, жүрегім су ете қалды. Пиғылы жаман адам ба, кім білсін!
Мен "Ақан бұл жаққа қайдан келсін, ол – осы ауылдың жылқышысы.
Көптен дімкəс" деп жалтарып ем, "өзім де солай ойладым, өңі
келгенмен киім киісі мүлдем ұқсамайды, немен ауырған адам" деп
сұраған соң, осы емдеуге барам деп, танып қояр. Одан да мұны мүлдем
жаңылдырайын деп, "ол емдеуден кеткен адам, жəне де орыс емін
алмайды, дем салатын қазақтар болмаса, кəпір қауымын жек көреді"
дедім. Содан тағатым таусылып, бүгін ешкімнің көзіне түспей
жеткенім ғой, Ақан аға.
– Орыс дедің бе, ол неғылған орыс?
– Былай, жаман адам емес, əйтсе де кім біледі. Өзі көптен бері
қазақ ауылдарында балалардың көз ауруын, денесіне түскен
жарақаттарын емдеп жүрген жетім адам. Дəрі-дəрмекпен емдейді.
Қолы сондай жеңіл, емсекті көрінеді. Бірақ көп қазақтар "кəпір" деп
қорқады.
– Ал, мені ол қайдан біледі? – дей беріп, Ақан селк ете қалды, –
Ақшабақ, атын білесің бе?
– Аты Мəтібей.
– Оу, Новиков қой. Новиков, жаным-ау қайда ол. Қайда, Ақшабақ, –
деп Ақан орнынан ұшып кете жаздады. – Айналайын-ай, қазір,
жіберші осында!
– Ол көрші ауылдарда жүрген болуы керек, егер сізге қажет болса,
кісі жібертіп алдырайын. – Ақшабақ есі шыға қуанған серіге таңырқай
қарады.
– Сүйтші, сүйтші, қалқам. Апыр-ай, табылса жақсы болар еді, бір
жаққа кетіп қалмаса игі етті!.. Ереймен жағында тұрамын деп еді-ау...
– Ақан аға... – Ақшабақ, əлдене көмейіне тірілгендей күмілжи
берді. – Ақан аға, кешке... біздің үйден дəм татсаңыз екен. Əдейі...
шақыра келдім... Сізді көргенде бүкіл ел көшіп келгендей... сағындым
елді... тым құрымаса сізбен отырып, шерімді тарқатып, мауқымды
басайыншы?!.
– Қалқам-ай, үй аралап қыдырардай менде не хал бар. Тағы да
жұртты дүрліктіріп...
– Ешкім білмейді, Ақан аға! Өзіңізден басқа ешкім болмайды.
– Жолдасың қайда еді?
– Ол малда. Жылқыда жүр. Түнделетіп келіп қалса, ел адамы,
Көкше жағынан жүрген ағайыным дермін: Оның шаруасы қанша?
– Ол жоқта қонақ күтуің қалай болар екен?
– Одан қам жемеңіз, Ақан аға. Малға сатылып келсек те, Зілғара
əулетінің билігін ешкімге сатқан жоқпыз. Өз билігім өзімде.
Ақшабақ осы сөзді айтқанда кəдімгідей намыстанғандай, əлденеге
зығырланғандай қызарақтап, аялы көзі алақтап кетті. Құдды Əлібектің
мінезі: айыбы əйел, əйтпесе тірісінде тізгінді ешкімге бермейтін,
қиянат атаулыға қарсы тұрып, айылын жимай тіресер əкенің адуынды
айбыны бар жүзінде.
– Жарайды, Ақшабақ! Ақшам кезінде Жəкең екеуміз барамыз.
Қолқам сол болсын – Мəтібейді таптыршы...
Ақанның бұл түнгі қуанышында шек жоқ. Ғұмыры ел ішінде
жабығып көрсе де, жұрт көзінен жасырынып көрмеген сері қыстай
бөтен жерде не атын айтып ағынан жарылмай, не көңіліндегі көрікті
əнін сыртқа шығара алмай бұйығып, ішқұса боп басылып, жарылардай
халге жеткен еді. Енді кең отауда еркін көсіліп, еркін сөйлеген ақын да
Ақшабақтан бетер ішкі шерін бір тарқатқандай. Мол дастарханда
Жайық пен Ақан ғана. Ерке, əрі бір бет айпара келін есіктен сығалаған
ауыл адамдарын, көрші-қолаң, қайындарына дейін қора астындағы
үлкен үйге қуып салып, өзі сыйлы қонақтарымен жеке сұхбаттасқан.
Түн ортасы ауа Ақшабақ əмірмен жұмсаған тыңғылықты жалшы бала
Новиковты қояр да қоймай алып жетіпті.
Ақан мен Мəтібейдің ойын баласынша бірін-бірі жұлқылай
құшақтасып, көпке дейін ажыраса алмай, қуаныштан жыларманға
келген күйін көрген Жайық карт пен Ақшабақ аң-таң.
Фельдшер мен cepi таң атқанша біресе орысша, біресе қазақша
сөйлесіп əбден мауықтарын басты. Ақанның Омбыдағы əңгімесін,
қашқын күйін зер қоя тыңдаған Новиков кейде қабақ шыта тыңдаса,
бірде қарқылдай күліп, патша мұрагеріне айтқан сөздеріне мəз бола
отырып, тосын бір хабармен серіні қатты қуантты:
– Ахан, мен жақында сіздің елге – Көкшетауға барамын, Сізбен сол
арада кездесермін деп ойлап ем, мына қарашы, ойламаған жерде...
Енді бірге жүретін шығармыз.
– Ай, қайдам... Менің елге баруым – əзір асығыстық болар. Əйтсе
де...
– Ол жақта аңдушылардың қолына түсіп қалар, əлі де бас паналай
тұрғаны жөн,деп Жайық қарт та Ақанды қостады. Бұл ара да өз елі,
қайда асығады. Əлгі Қанабал деген оязыңнан бастап, бəрі аңдып
отырған жоқ па?
– Да, Коновалов қазір Омбыда жатыр. Петербургқа ұзаққа кетуі
мүмкін. Науқас көрінеді.
– Апырай, ə! – Ақанның жүзіне қан ойнағандай, қызарақтап, даусы
дірілдеп шықты.
– Қазір оның орнында Делезари деген көмекшісі отырса керек.
Сізді ендігі олар ұмытқан да болар. Жəне де өздерінің де қазір басы
қатып жатыр, жұмыстары көп.
– Ол не жұмыс? Мұның бəрін сен қайдан естіп жүрсің? – Ақан
Новиковтың жүзіне қадала қарады.
Бұл екі арада Ақшабақ аққұманға жаңадан шай салып, демдеп
əкелген. Новиков алдындағы кесесін ұсынды:
– Шайыңыз не деген дəмді. Бұрынырақ дұрыстап танысқанда ғой,
өткен-кеткенде сіздің қолдан шай ішіп тұратын едім.
– Е, бұдан былай да күн бар. Енді көрдіңіз үйді...
– Ай, кім білсін, енді бұл жаққа келе аламын ба, жоқ па, біз жел
айдаған, қалай еді, əлгі?..
– Қанбақ па?
– Иə, қанбақ сияқтымыз, – деп, Матвейдің жүзі өзгеріп, байсалдана
қалды, – Мен, Ахан, дала генерал-губернаторствосының бұйрық
қағазымен Көкшетауға бармақпын. Енді оның себебін айтайын...
Новиков ыстық шайды сыздықтата ұрттап ішіп, дастарханнан алып
сықпа құрт салды аузына.
– Биыл, ақсақал, өзіңізге мəлім, Ахан, сіз де көп елді аралапсыз,
көрген шығарсыз, былтырғы жылдың қуаңшылығынан ел жұтқа
ұшырау қаупінде отыр. Жылқылардың алды өле бастады. Солай емес
пе, ақсақал?
– Иə, иə, беті жаман. Енді қыс аяғы созылмай, көктем ерте көрінсе,
оған да тəубе! Ай, əйтпесе, түрі жаман, жаман! Бетін аулақ қылсын,
жұтың қызыл тілін жылтыңдатып жұтамын деп, жұтынып-ақ тұр.
Былтырғы тақыр қоян қылды ғой қыласыны!
– Ал, Россияның халі бұдан да жаман. Жаман емес, жаппай аштық.
Былтыр егіні шықпай, шөптері, ормандары күйген Пенза, Саратов,
Пермь губернияларының крестьяндары бет-бетіне босып, басы ауған
жаққа тентіреп жатыр. Петропавл, Челябинск қалаларында темір
жолмен жеткен босқындардан аяқ алып жүргісіз дейді. Курғанға,
Тобольск, Омск, Томск, Көкшетауға шұбырған панасыздардың көбі
айдалада аштан қырылып, өліп жатса керек. Аштық қана болса бір
сəрі, аштықтың серігіндей бірге жүретін жаппай обаны ала келіпті.
Сібірде, айдауда жүргенде мұндай аурулардан жан тапсырған
бейбақтардың талайын өз көзімен көрген Жайық қарт:
– Апырм-ай, тағы да не сұмдық. Жерімізді тағы да індет жайлайды
десейші. Оба бір келмесін, келсе тиген жерін обып кететін обыр емес
пе. Е-е, ендігі жетпегені осы еді, – деп күйзеліп, ауыр күрсінді. Ақан да
қабақ шытып, төмен қарап ойға кетті. Қызылжардан бастап Көкшенің
үстін көктей өтіп қара бұлтша қаптаған обаға тұншыққан елі түсті
есіне. "Жалғыз əкем қайда жүр, көрінбей кеткені несі" деп, тілімен
айта алмаса да, ыммен ұғындырып, өткен-кеткенге көзі жаудырап,
жыламсыраған Ыбан ұлы түсті есіне. Ауыр жылдың ауыртпалығына
кезігіп жатқанда елі, өзінің із-түзсіз бас сауғалап, жалғыз қарақан
қарабасының қамымен бой тасалаған, көденің бауырында бұққан
сыбай бөденедей халін ойлағанда іштей езілді.
– Қазір дала генерал-губернаторствосындағы басты мəселе де осы
көрінеді. Жер-жерден дəрігер, фельдшерлер жинап, əлгі аурулардың
ұйысқан жеріне алдын-ала жіберіп жатқан көрінеді. Омск қаласындағы
фельдшерлік школдағы оқуды уақытша жауып, шəкірттерін əр қалаға
таратыпты... – деп, көп жайды ұғындырған
Новиков өз ахуалына жетіп бірақ тоқтады. – Мені Көкшетауға
бөліпті. Енді екі күннен соң жүремін...
– Мен де бірге жүремін ендеше, – деді Ақан жұлып алғандай. –
Жақсы болды серіктікке!..
– Жүргенде... қалай енді... Ел көзіне, ұлықтар көзіне түспей,
алыстан тамырын басып көру керек пе?.. – деп Жайық карт күмілжіп
еді, Ақан ызалы күлді:
– Қаны қарайған адамдардың тамырын бастың не, баспадың не,
арам тамырда таза қан болушы ма еді... Мына Ақмола, Торғай
жағының егіншілік кəсібімен айналысқан қазақтарында жаңа бір мақал
бар екен: "Шегірткеден қорыққан егін екпес!" дейді... Ең тəуірі – əлгі
үлкен шегіртке – мұрты тікірейген, ақсақ, ат бас шегірткенің жоғы
жақсы болды.
"Ат бас шегірткенің" Коновалов екенін ояздың түскелбетіне
сырттай қанық Жайық карт та, Мəтбей де бірден түсініп, мырс-мырс
күлісті.
8
Кешке қарай ызғырық жел тұрып, күн суытып кетті. Аттарын
тынықтырып алған жолаушылар лекітіп келеді.
Қараталға жақындаған сайын Ақанның жүрегі алып-ұшып, қашан
туған жерге, бір жылдай көрмей сағынған ауылына жеткенше асығады.
Алдынан шығар туған-туысқан, жақын-жұрағатпен табысқанша тағаты
таусылып, ат үстінде шыдамсызданады: "Ыбан да сағынған шығар?
Таныр ма екен мына түрімді көргенде?.. Ауыл маңының қары еріп,
Сарыөлдің мұзы тесіле бастаған шығар-ау?.. Қаратал малын əлі далаға
шығарған жоқ шығар? Жұттан аман ба екен?.. Көк зираттың маңына
түскен қарды аршыды ма екен, терістік жақ тұғырында бір кінəрат бар
еді, ішіне су құйылмаса жарар еді. Кəпірлер көтерген бейіт таңына əлі
де жуымай жүр ме екен? Ұмытатындай да уақыт болды ғой. А-ай,
қазақшылық-ай!.. Ыбырай домбырамды үйге əкеліп берген шығар?"
Ақан атының басын тежеді. Іштей толқып, қуанған ақынның нұрлы
жүзін ұясына таянған күннің алқызыл шапағы одан сайын нұрландыра
түседі. Қасына қатарласа тоқтаған Матвейге тісі ақсия күліп:
– Міне жеттік! Шаршадың ба, ничево, бəрі де ұмыт болады, – деп,
аттан түсіп, қалтасынан шақшасын алды, – Сен де бір рахаттанып
темекі тартып ал. Аттың белінен түсе тұр.
Новиков дым түсінбей көзі жыпылық атты:
– Жеткені қалай? Мен өзіңіз айтқандай қарағайдан қиып салған
үйлер тұрмақ, пеш мойнынан шыққан түтін көріп тұрғам жоқ.
– Пештің түтіні түгілі, кешке моншаның буын да көресің. Тасқа бор
еткізіп суды құйып жіберіп, ай келіп, бала қайыңның жапырағымен
соғынасың келіп, соғынасың. Тұла бойың бусанып, ат соққан денең
түгілі, қажалған жеріңе дейін түгел жазылады, – деп, қуаныштан мəз
болып, қалжыңдап та қояды.
Монша дегенде, үш жылдан бері жазда көл, өзендерде, қыста
шошалаларда жез легенге түскені болмаса, моншаның жүзін көрмеген
Новиковтың арқасы, мойны, бас терісіне дейін жыбырлап кетті:
– Эх, рахат-ай!
– Тұра тұр бұл əлі бер жағы. Содан соң, аппақ шыт жаңа іш
киімдерді киіп, бусанған бойда ағаш төсекте, бір кесе қысырдың
қымызын тастап алып, шалқаңнан түсіп, борша-борша терлеп жатып,
маужырап ұйықтайсың. Түрекелсең, буы бұрқыраған, өзіңе арнайы
сойылған қойдың басы үстіне салынған үйеме табақ ет келеді алдыңа.
– Денең жеп-жеңіл, да? Бүгінгі бозторғайлардай қалықтап ұшқың
келеді, да?
Көптен кір-қоңын ауыстырмай, жоқшылық тауқыметін тартқан, əрі
күнұзын аш екеуі де ағаш бауырында, айдалада тұрып, балаша
қуанғандарын өздері ерсі көріп, қарқылдап тұрып күледі.
– Ал, қане, кеттік. Осы шоқтың тасасынан шыға Қаратал тиіп тұр, –
деп атына қонған Ақан алға түсті.
Шоқ ағаштың аумағы үлкен емес. Əйтсе де, маңайдағы басқа
қызылдардай майысқан жас қайыңдары жоқ, өңкей тамырын кең
жайған қалың бұтақты, жуан, кəрі ағаштардың бойы да биік, – ауылға
кіре беріс жолдағы перде сияқты. Бауырынан шыға келгенде,
жолаушылардың тап алдынан түтіндері будақтаған көп үйлі ауыл да
көрінді.
Ағаш-ағаштың саңылауларынан от шашқан күн қызарып батып
барады.
Ауыл қарасын көргенде еліне тез жеткенше асыққан Ақан
болдырыңқыраған Көкбестісін тебіне түсіп, біраз жерге дейін
Новиковтан оқ бойы озып отырды да, əлден уақытта барып ат басын
тартып, серігін тосып алды. Өңі əп-сəтте бұзылып, Қараталдың
тасасына түсіп жоғалған күндей тұнжырап, кейпі өзгере қалыпты.
Мұндайды тез аңғарғыш Новиков:
– Не, адасқаннан саумыз ба? – деп, сері жүзіне сəл үрейлене
қарады.
– Жай адасқан ештеме емес-ау, өз ауылымды өзім танымай келемін,
– деді атын аяңға түсірген Ақан елден көз алмай, – Ауылдың оң
жағында осынау қарауытқан Қаратал. Жұрттың "Ақан туған" деп
қойған жері. Бауырындағы "Сарыкөл". Ал, ана бір Қараталдың
тасасында шеті қылтиған біздің ағаш үй. Одан берірек – інілерімнің,
басқа ағайындардың үйі... Ал, солардың ортасында сыналай кірген,
мына сол қапталға түскен үйлер кімдікі? Ана бір іргесі көтерілген,
шатырсыз бөрене үйлер кімдікі? Қайдан келген? Бір жылдың ішінде
мұншама үй салатындай... Түсінсем бұйырмасын! Бəрінен де... – Зират
қайда, зират!?
Новиков Қараталды бұрын көрмесе де, Ақанның айтуымен қолмен
қойғандай білетін. Көп еңбек пен мол ақша, мол тамақтың күшімен
салынған Қорамса мен Жаңылдың зиратына тіпті, Құлагердің қорасы
мен құдығына дейін көз алдына елестететін. Көкшетау жақ беттен келе
жатқанда бес-алты шақырымнан көрінеді дейтін он жеті кез зират
бұлар түстік жақтан – ауыл іргесінен қарағанда көрінбегені қалай?
Зират тап қасына жеткенше көрінбеді. Дəл үстінен түскенде
жолаушылар бір-ақ түсінді, Күмбезді зираттың үсті жым-жылас.
Сырлы тақтайлардан, бөренелі қабырғалардан қалған қылтанақ жоқ.
Тұғырына салған ірге тастар ғана қар астында жатыр. Күнгей беті еріп,
мола топырағы ашылыпты. Тас қабырғаға түскен қара жолақ жалын
белгісі – ыс бар. Қар астынан үйінді күлдің шеті көрінеді.
– Кім екен мұны өртеген? – деді Ақан қамығып. – Енді өлген
адамның басындағы белгімен алысатын болғаны ма? Кім екен, қай
залым екен?!.
Ымырт түсіп, Қаратал бойы үңірейіп қараңғыланған кезде
терезелерден от жылтырай бастады. Ауыл жақтан бұлардың алдынан
шыққан, не үй жанында қарсы алған ешкім жоқ. Жолаушыларды
алыстан көріп, үйді үйіне кірген ренішті ауыл жорта шықпай
қойғаннан сау ма?
Қабағы түсіп, қамығып, үйіне аяңмен таянған Ақан əуелі
Құлагердің қорасына келді. Алдындағы ат байлайтын – Құлагерді жеке
таң асыратын мама ағаш жоқ. Есік алдында мажар ма, ырдуан ба,
əйтеуір бір жақ доңғалақсыз шоңқиған арба, тақталап үйген мол отын
қараяды. Бұрын болмаған дүниелер.
Атынан түскен Ақан шылбырын серігіне ұстата салып қораның
есігіне келіп еді, есік те бөтен жəне жұдырықтай қара құлып салулы.
Ашулы сері жұлқып қалып еді, жай іліктіре салған құлып ашылып
кетті. Есікті зорға итеріп ішке кірді. Жат, сасық иіс мүңк ете қалды.
Босағадан əрі теңкиіп-теңкиіп екі-үш бозғыл тең жатыр. Қапқа да,
қойға да ұқсамайды. Сері аяғымен ақырын ғана түртіп еді, былқ еткен
мес қорс етті. Ақан тысқа атып шықты. Маңдайынан суық тер білінді:
"Шошқа!" "Құлагерінің "ақ балтыр" қорасында ақ шошқалар? Əлде,
бейуақытта көзге көрінген шайтандар ма?
Сыртқы қорадан ішке ене бергенде де бөтен иіс Ақанның мұрнына
келді. Новиков жазбай таныды. Таныды да қайран қалды: Шыжғырған
шошқа майының исі. Өз үйі жат сезіліп, мүлдем басқа біреудің
мекеніндей көрінген əр белгіден үрейленіп, ауыз үйдің табалдырығын
зорға аттады Ақан.
Тыстан кірген екеу де, іштегі екеу де бір-біріне шошына, тіксіне
қарайды. Екі жерде, екі орындыққа қондырған екі жез легенде
көпіршіп кір жуған мосқал əйел мен жас келіншек бастарын оқыс
көтеріп алып, сырттан қасқыр кіргендей үрейленеді. Шошқа майы мен
дымқыл бу иіс араласқан қара көлеңке бөлмеде, беліне дейін түріп
алған көйлектерін де түсірместен, аппақ сандары жалтырап, шүңірек
көздерімен жолаушыларды жеп барады. Қолындағы кірін бұраған
қалпы сығымдай түсіп, біреуді салып жіберердей едірейе қараған
мосқал əйел:
– Кім керек сендерге? – деп, тұздай көзі үрейлі шатынап,
жолаушылардың жауабын да күтпестен, төр жаққа қарап айғай салды,
– Вась... Вася, сыртқы есіктің крючогін ілмей келгенсің бе?! Мына
біреулер... Шық тез. Ана қорадағы шошқаларды қара. Кəзір əкең
келген соң сыбағаңды аласың! Бол, тез...
Өз үйіне кірер-кірместе шошынып, қашан шығарғанша асыққан
мына бөгде əйелдердің сөзіне ашынған Ақанның аузына оңтайлы сөз
түспей:
– Сендер кімсіңдер, қайдан келгенсіңдер? – деп, өз отауының, əке-
шешесі жататын үлкен үйдің сырлы есіктеріне қарады: Оюлы
тұтқасына дейін сол қалпы, қобыздаған төбе тақтайы, жарма пеші –
бəрі де көзге əрі ыстық, əрі жат көрінеді.
Сөзге Новиков араласып, көп сезікті, дүдамал сөздерден соң барып
келіншектер жөнге көшті.
– Е-е, қайдан білейік. Қазір қаптаған, аш-арықтар көп, солардың
бірі ме деп ойлап едік... Ал, бұрынңы киргиз аулының жайын қайдан
білейік. Хозяин жоқ үйде – сол біледі. Анау қалың қарағай жақта бір
өлмеші киргиз шалы тұрады, одан басқа киргиздер жоқ, содан
сұрандар. – Мосқал əйел, "енді үйді босатыңдар" дегендей есікке қарай
жақындады. Төр үйден сабалақ сары шашы құлағына түскен, ап-арық
ер бала еріншек басып, есінеп шыққан, соған ымдады: – Бар, есікті
жауып ал. Қорадағы шошқаларды қара. Иван келген соң кіргізіп
алармыз, далада жүре тұр.
Алыстан жол соғып келген жолаушылар дем алып рахаттану
орнына болдырған аттарын жетелеп, шалдың үйін іздеп кетті.
Ақан мең-зең. Аяғын зорға басып келеді. Есік алдында
жолаушыларға үдірейе қараған бейтаныс адамдар тұрған. Үйлер қалай
тез салынған? Ел қалай тік көтеріліп көшіп кеткен? Cepi бəріне қайран.
Əр бұтағына дейін өзіне таныс, енді көзінен бір-бір ұшқан ағаш
бауырын жағалап, ауыл қотанымен келе жатып, "Мына Қаратал,
Сарыкөл, ауыл-аймақ қалайша жат болмақ? Қалайша туып өскен,
аунап-қунаған жеріңнен, өз қоныс, өз үйіңнен жазықсыздан жазықсыз
қуылмақсың?" дегенді ойлағанда, іштей езіліп, əрі шарасыздықтан
қаны қайнайды.
Ауыл шетіндегі Есіркеп – жалғызілікті жетім шал. Қызылжар
жағының шала қазағы. Бұдан он шақты жыл бұрын Қорамса алып
келіп, өзі сияқты бір жетім əйелге қосқан. Дүкен ұстайтын. Кемпірі
қайтқалы екі жылдай болды. Қазір дімкəс.
Ақан ел жағдайын осы шалдан білді. Алғашқыда Ақанның өзіне
кінə арта сөйлеген Есіркеп, көрпеге қымтана түсіп, қызыл көзін
серіден алмай отырды да:
– Қайдан білейін, алдында, "перселендерге жерді, қонысты берген
Ақан екен. Өзі алдында айдаған малы, қойнында қатыны болмаған соң,
қаңыраған ауылды қайтсін, тағы да серілік құрып, қаңғырып кетіпті"
деп ел іші гуілдеп жүрді. Кейін, "Ақ патшаға тіл тигізген Ақанның
сазайын тартқызған Қанабал мен ел əкімдері екен" дескен, тағы да
өсек шықты, – деп, енді жуаси сөйледі, – Соңғысының жаны бар. Ел,
аңғал, ел жуас емес пе. Менімше, осының бəрі, – Қанабал мен
Нұртазаның ісі. Алдымен елді бөріктіріп, қоныс аударып, ешкімді
жылатқан жоқ. Бір күннің ішінде ауыл қотанына, ана Сарыкөлдің
сыртына жүз қаралы перселендердің үйін төгіп тастады. Қолдан
шатыр тұрғызып алған олар бір-бірінен алшақ қонған қазақ үйлерінің
ара-арасына сыналап, күз бойы ұйқы жоқ, Қараталдың терістік
жағының қалың қарағайын отап,. тіпті онша кептіріп те əуре болмады,
əйтеуір көп үйді лезде тұрғызып алған жоқ па? Нұртазалар қоқан-
лоқыны соң бастады. Не керек, қыс бойы ауыл жан-жаққа бытырап,
ақыры бəрі жым-жылас көшіп тынды. Мына, жылдағы шалғы салар
шүйгін – Ахмет сайын да болыс станица қазақтарына беріпті. Бұл
маңда мал жайылатын да жер қалмады... Арамын-ай, зымияндарын-
ай!..
– Ал, сіз неғып отырсыз бұл арада?
– Ақанжан-ау, отырмағанда қайда барам? Өзі зорға сыйысып,
біреудің қонысына кіріп кіріптар болған ауылмен жағаласып, кімнің
босағасында жатамын. Өзім де білмеймін. Тым құрымаса Қорекеңнің
дүкенін де ұстап қала алмадым. Сайраған тіл болмаса, өзімде бір түйір
денсаулық жоқ, Ақанжан. Биыл күзден қалмаспын... Үйімнің
жартысын перселендерге бергенмін. Солардың бір күбідей кемпірі
келіп жаңа бұзаулаған сиырымды сауып беріп тұрады...
– Есеке, бұлай болмайтын шығар. Қазақтың жері кең, сөзіңізден
түсіндім, қысып отырған Нұртазаның, Қанабалдың қысастығы. Дұрыс
ұғынған екенсіз. Перселендерге, сонау Айыртауға қарай көсілген
Құдайдың ен даласы жетпеп пе? Ең болмағанда аралас-құралас
отырармыз. Бұлар да ел. Шабақ жейтін шортан емес шығар. Қонысты
тастап үдере көшкендері несі екен. Не деген мазақ тіршілік... Жо-оқ,
елді мекеніне қайтаратын шығармыз. Ешқайда жылжымай отырған –
сіз ақылды болдыңыз бəрінен, – деп, Ақан сəл ойланып, Есіркептен ел
жайын тағы да тəптіштеп сұрай берді, сұрай берді...
Бұлар сөйлесіп отырғанда Новиков қазандық астына от қалап
жүрген. Түннің бір уағында дастархан жайып, жолаушылар ірімшікпен
шай ішті.
Сыртта таң асырып, қаңтарып қойған аттар тықыршып оқыранады.
– Жануарлар-ай үстері қырауытып, тоңа бастаған екен. Енді
суарып...деп, Есіркеп қарт əлде бір ұнамсыз сөз айтып қойғандай
тұтығып, өз-өзінен қысылып, ыңғайсызданып қалды, – Жалғыз
сиырдың шөбі де тақырланып... апырмай, аттарыңа от та қиын болды-
ау. Кімнен сұрарсың!..
9
Қараталдың бауырын жайлаған ауыл көп ұлық үркітіп қонысынан
қуған соң, жан-жаққа бытырап, жамағайын, жақын жұрағаттарын
сағалап, Сарыкөлден ауған. Қорамсаның тірісінде басы қосылып,
Қорамса ауылы, Ақан ауылы, Малтабар ауылы болып жұрт қатарлы
жарасып отырған ел бір күнде жел айдаған қаңбақтай, бір-бірінен
тірідей айырылып, көрінгеннің босағасын паналап тоз-тоз күйге
түскен.
Мұхаммет пен Рамазан Ахмет сайына жайылған малын алдына
салып, Қарсақ ауылындағы Қайныкештің төркінін сағалап еді.
Ащы қайғымен оралған Ақан қайда барарын білмей, сапаның сары
даласында жалғыз тентіреген мүсəпір жандай есеңгіреп, туыстарының
жүзін көруге де бетінен басып, ақыры... осы елге амалсыз жеткен.
Үстіндегі ұсқынсыз киімінен ажырата алмай, астындағы атынан
шырамытқан келіні Қайныкеш қана қарсы алып, Ақанға ел мұңын
шаққандай ұзақ, үнсіз жылап, көз жасын төгіп-төгіп алды.
Шошала іргесінде аударылған қаңсыған ақ жем лақса шананың
үстінде шуақтап ойнап отырған үш-төрт бала алыстан тосырқай қарап,
үрпиіп-үрпиіп тұр.
Көз жасын сүрткен Қайныкеш:
– Сері ағаларың емес пе, танымай қалдыңдар ма, өй тартпай
кеткірлер, сəлем қайда?! – деп сəл зекіңкіреп еді, Ыбанмен жасты
Мұхаметтің ұлы бұртиыңқырап шегіншектеп тұрып қолын берді.
Баланың маңдайынан иіскеп, арқасынан қаққан Ақан сылауы түскен
ескі үйдің су тамшылаған қараңғы есігіне бір, маңына жоламай
алыстан үдірейген өңдері жүдеу, арық балаларға бір қарағыштай беріп
еді, Қайныкеш күрсініп:
– Сері аға, Мұхаметтер жылқы басында, үйге жүріңіз, кешке... –
деп, əлде нені айта алмағандай күмілжіп, төмен қарады... Ыбан да
сонда...
– Аман ба өздері?
– Аман, Cepi аға, бəрі де аман, жүріңіз үйге, мынау біздің ағайдың
қонысы ғой, білетін шығарсыз. Тар да болса сыйысып отырмыз, жер
аяғы кеңігесін бір ыңғайы болар... Бұл үйдегілер де мал басында...
Қызыл-қарын жас балалы екі үй аядай бөлмеге зорға сыйысып
отырғаны рас. Қазандық аузынан төрге дейін аяқ-табақ шашылып,
ағаш жоңқасына шейін қоқырсып, ыбырсыған қара көлеңке ұсқынсыз
үйде қабағы түсіп түнерген салпы етек келіншектің қолынан Ақан тізе
бүгіп шай да ішпеді, Қайныкешті алып, мал басындағы інілеріне
тартты. Бұрын да, əкесі өлгелі аралары суи бастаған туыстарымен
жүздесіп, қашан біржола бет ашып, не бəтуаласқанша асықты. Бəрінен
де, əке-шешесіз жүрген сормаңдай ұлын көргенше тағаты таусылды.
Қайныкештің астында қабырғалары арса-арса, ыңыршағы айналған
көтерем жирен бие. Ауылдан ілбіп шыға бере шырқ айналып, тұрып
алды. Қайныкеш екі өкпеге тепкілеп, қол қамшысымен шықпыртса да
сезер емес. Биыл қорадағы аш қойлар жұлып жеп, бір-ақ тұтамы
қалған тұқыл құйрығын шыбжың еткізіп, ауылдан ұзап, аяғын қия
басқысы келмейді. Қарашыл көтеремнің басы да мұндай қатты болар
ма, тізгінді шірене тартып зорға бұрып, екі-үш адым жүрген соң қайта
бір жамбастай қиыстаған биені көндірем деп, келіннің əбден зықысы
шықты. Қамшымен қанша төпелеп, тепкілесе де көткеншектеп тұрып
алған биенің шылбырын Ақан қолына алды.
– Cepi аға, елдің халін көрдіңіз. Ел тарықты ғой, қатты тарықты.
Көк мұзда көтерем болған малдардың алды қырыла бастады. Мынау,
биыл, көктем шықпай құлын тастаған бие еді, содан қорада ұстап
бағып
отырмыз.
Алғашқыда
құйрығынан
көтеріп,
зорға
тұрғызатынбыз. Қолдан су беріп, шөпке аузы тиген соң аяғын басты,
əйтеуір. Енді шөп те жоқ. Ағайдың да малдары қорада шулап тұр.
Бірер жұмаға шыдаса даланың өлі шөбіне ілігіп, ар жағында көкке де
жетер еді. Жығылғанға жұдырық деп биыл қыс та ауыр болды ғой...
Көп шығынға ұшырадық, Cepi аға, мал күнде өліп жатыр... Қараталда
отырсақ, бірдеме етіп, амалдар ма едік, Сері аға, шылбырды өзіме
беріңіз, енді ауылға бұрылмайды, ұзадық қой. Анау шоқ ағашқа қарай
жүріңіз. Соның ар жағында төрт-бес шақырымдай жерде жылқышылар
қосы бар. Мал да сол арада болар.
– Сен онда ауылға қайта бер, енді өзім жобалап тауып алармын.
– Жоқ, Cepi аға, адасып кетерсіз, бұл арада шоқ қызылдар көп, бір-
бірінен айнымайды. Менің өзім кейде дұрыс тауып бара алмаймын.
Мына көтеремнің жүрісі өнбей келе жатқанын көрмеймісіз. Əйтпесе,
ілезде-ақ жететін жер.
Қайныкеш бұрынғыдай емес; көн етіктей тарылған тұрмыс
тауқыметінің салдары ма, əлде жасы келіп мосқал тарта бастағандікі
ме, бұрынғыдай именіп, үлкен алдында тартынып əйеншектенбейді,
кідіріссіз самбырлап, ашық сөйлейді. Жол бойы көп нəрсенің басын
шалып, көп құпияның сырын ашқандай. Бұрын бұлай кеңесіп
көрмеген келінінен Ақан да біраздан соң əр нəрсені суыртпақтап
сұрастыра бастады.
– Қайныкеш, қалай болды өзі, – қоныстарыңнан қуған кім? Қашан?
Анығырақ айтшы. Əлі де анық-қанығын жете түсінбедім, – деп əуелі
ел қақтығысына араласы жоқ, ошақ басындағы əйелдің тамырын
басып көргісі келді.
– Кім деріңіз бар ма, Cepi аға! – Ернін бір сылп еткізіп, "Өуһ" деп
іштегі шерді сыртқа шығарғандай терең күрсініп алған Қайныкеш
алыстан көрінген Жыландының үнсіз мелшиген қарсыз жалаңаш
төбесіне қарап, тағы да ұзақ сөйлей берді, сөйлей берді, – Өзі, əйтеуір,
бір күнде топалаң тигендей болды ғой! Ұрғашы жұрты біз қайдан
білейік. Сырттан тон пішіп, іштей егілгеніміз болмаса, нені аңғарамыз.
Кім ұғындырып, кім түсіндіреді? Əйтеуір ызың-шу, көп сүргіннің
ортасында жылап-сықтағаннан басқа біздің қолымыздан не келеді.
Ашу-ызамен бір күнде тік көтеріліп, "көшеміз, кетеміз" деп
қиялданған ерлерімізден таяқ жегеннен басқа, дұрыс сөз ести алғамыз
жоқ... Нұртаза болыс бастаған ауылнай, поштабайы бар, əлгі, басы,
жамбасы қызыл ала орыстар бар, бүкіл шіренген шонжарлар əуелі
"қайда барасыңдар, астарыңнан су шықты ма? деп аярсып, соңынан
көшерімізде ақырып-зекіріп, қашан артынып-тартынып көшкенше екі
аяғымызды бір етікке тықпады ма. Біз босағамызды аттамай жатып,
іргемізге тағы да бір топ күркелі арбады перселендер келіп, көліктерін
доғарып жатты... Сері аға-ай, несін айтасыз... Неше жыл отырған
қонысыңды біреулерге тастап, дəрменсіз кеткеннен асқан қорлық бар
ма?!. Қайтейік, өлмегенге өлі балық, əуелі қайда барарын білмей
басына соққы тиген бұзаудай мəңгірген ел ес жия келе, əркім туыс-
жұрағатын сағалап кетпеді ме?..
Қайнекеш көптен ұмыт болған уақиға қайтадан і.өзіне
елестегендей, ықылық ата кемсендеп, арық саусақтарымен көз жасын
сүртті. Əлден уақытта қайтадан белін бекем буғандай, Жыландының
басына шүңірейген көзін қадап, ел ішінде, талай айтылып, құлақ
сарсыған сөздерді суыртпақтап қоздата берді.
Қайдам... əйтеуір осы бір зауалды жұрт əлгі бір.. кəпірлер салған
ағакем пен апамның зиратынан да көреді. Бір жыл болмай жатып...
шынында да жамандыққа бастады ғой. Əйтеуір құтсыз... қайырсыз
болды... Орыстардың мұсылман зиратын салуы переселендердің сол
араға келуіне көрінген екен. Енді келер-келместен өздері өртеп
жіберіпті деседі ғой. Əйтеуір моласын қазып, аруақтарды мазаламаса
жарар. Біреулер сіздің ақ патшаның алдында сөйлеген сөзіңізден
көреді. Ерегестіріп алды, бір сөзбен бір көшелі ауылды қаңғыртып
жіберді, мұнымен тынса жарар, əлі басқа ауылдар да бұдан көресіні
көрер деп кұстаналаушылар көп... Қайдан білейін... Əлгі біздің үйдегі
де əбден қияли боп бітті... Сізге... тілі тимесе жарар еді... сыңайы
жаман! – Қайныкеш ұзақ сөзден шаршағандай көпке дейін үнсіз
отырды. Анда-санда күрсініп қояды. Ақан келініне не ұғындырарын,
не ақталарын білмейді. Ел өсегіне малтыққан Қайныкеш қана емес,
берісі бар туысы, жақын-жұрағаты, əрісі бар ел-жұрты екенін іштей
сезер ақын жүрегі сыздағандай болса да, сыртқа шығарып көсіліп
сөйлер дəрмені жоқ кінəлі жандай үнсіз мойындайтын да сияқты.
Мойындамасқа не шара: оңға басқан аяғы үнемі шалысып жатса,
жығылып қалып "ит жығыс түстім" деп қайта жармаса түсер даукес
балаларша қашанғы жағаласып, алыса береді.
– Ə, əне, Сері аға, ана бір түтін шыққан жерде қос бар, – деп
Қайныкеш жирен биені өкшелеп-өкшелеп қойып еді, қарашыл мал
алыстағы жылқылардың исін сезді ме, қос көргенде ауыл көргендей
болды ма, кəдімгідей елпілдеп, алға ұмтыла түсті. Өзі аяңшыл неме
екен, басы қалтаңдай жөнелгенде, суық кекілі желп-желп етеді.
Шоқ қайыңның бауырынан əрірек қары кетіп дегдіген қырқасындау
жерге тіккен қара қос маңында бірақ адам. Жерошақта қазан астына
бүкшең-бүкшең етіп от жағып отырған бақыршы бала жігіт.
Ыңыршағы айналған екі-үш жылқы қар суына соқталанған өлі шөптен
бас алмайды. Пышаққа іліккен қабырғасы арса-арса ақ бақай қара ат
бауыздалған күйі төрт аяғы көктен келіп қос түбінде жатыр. Терісін
іреп түсіріп, бұтарлап тастауға да ешкімнің қолы тимеген-ау, сірə.
Желге тотыққан қара күрең бет терісі сүйегіне жабысқан, бақыршы
келгендердің сəлемін салғырт алып, басы салбырап ошақ алдында
талтая түсіп отырған қалпынан танған жоқ. Аттарды əрірек байлап
келген соң барып, Қайныкеш қазандықты көтеріп самбырлай жөнелді:
– Е-е, өздерің етті мол асады екенсіңдер, көбігін де алмапсың ғой,
кəкпір қайда? – деп, қостан тесік ожау алып шықты. – Етің қайнап
қалыпты. Көбігін бірге жейсіңдер ме?!
– Оның көбігі қайсы, сорпасы қайсы ажырату қиын. Кешке дейін
алсаң да тауыса алмайсың, – деп көзі алақ еткен бала қолын бір-ақ
сермеді.
– Шынында да көкбақа ғой мыналарың, өзі жеуге жарай ма?! – деп
кəкпірмен сүзіп алған сіңірлі көк етті Қайныкеш сорпаға шолп еткізіп
қайта сүңгітті.
– Жеуге жарасын, жарамасын сол енді. Жемегенде далаға
тастаймыз ба?! Əлде біріміздің етімізді біріміз жейміз бе? Əне,
қайыңның бауыры қайысқан ет. Бəрі көк жасық, көкбака. Ет алуға
келген шығарсың. Бəрін алып кет. Күнде он шақты мал өледі, жетеді
біздің жеуімізге... – Сөзі түйеден түскендей.
– Əй кім... кім еді атың, Жарылғап па еді, Жарылғасын ба еді?..
– Бəрібір, жарылқады не, жарылқамады не?
– Өй, көкшешек, дұрысын айтсаң хандығыңнан түсемісің... Əй,
қағынды келгір, əлгі малшылар алыста жүр ме, жақын арада ма, тез
бар да Мұхаммет пен Ыбантайды алып кел.
– Мылқау баланы айтамысың, ол қашаннан бері Ыбантай бола
қалып еді?!
– Жетті енді, қалжыңның ба, шының ба, – деп Ақаннан
ыңғайсызданған келіні қайнағасына көзінің астымен ұрлана қарап
қойды. – Сөз таластырмай, тұр орныңнан, тіліңе шоқ түскір, құлғана!
Қазанға мен ие боламын, ешкім көтеріп кетпейді. Бар тез. Cepi ағам
келді, cepi аға!
– Cepi ағасы кім? Келсе не? – деп қыңыр бала аттарға қарай
аяңдаған серінің соңынан қарады.
– Cepi ағам деген – Ақан cepi. – Қайныкеш сыбырлап еді, бала
даланы басына көтерді:
– Ақан сері, əлгі, өзіміздің атақты, əнші... Патшамен ұрсысатын
Ақан сері ме? Е, ол қашан келді? Ойбай-ай, бағанадан бері неге
айтпадың. Мүмкін, əлгі тартып алған жерін қайтарып алған шығар...
Ай, бірақ, одан бұлт жуық... Əлде өзі беріпті дегені рас па? Өзінен
сұрайтын екен.
– Жарайды жетті дедім ғой. Бар, тез бар, алып кел.
– Е, өздері де кешке келеді.
Қайныкешпен біраз тəжкелесіп, аяғын қия басуға ерініп отырған
қыңыр бақыршы, ақыры, қайың бауырындағы тісіне ілігер шөп
тіміскілеп жүрген ер-тоқымды арық шабдарға мініп, аяңмен кете
барды.
Ақан Көкбестінің ауыздығын алып, тереңдеу шұқанаққа жиналған
тұнық қар суын іздеп, атының шылбырынан жетелеп келеді. Көптен
бері күннің кезі шығып, аспан сұр бұлттан, дала өкпек желден
айыққаны бүгін. Ағашсыз алаңқай жерлер бусанып кей тұсы
кəдімгідей дегдіп кеуіп қалыпты. Ара-кідік көсенің сақалындай
қылтиған көк те білінеді.
"Жаңа шыққан көкті жұлсаң, көктей соларсың" дейтін үлкендердің
сөзінен бала кезінен қорқатын Ақан жаялықтай жерге ала-құла
шыққан шөпті жүрелей қарап отыр. Көк шөптің өзі əртүрлі. Алғаш
шыққан көк, қайта жауып мұзға айналып сіресіп жатып алған қар
астында үсіп, ортан беліне дейін бозарып кеткен. Бойлап өсе алмай,
шіріген шөптей жансызданып қарая бастапты. Одан кейін шыққан
шөпте де мəн жоқ. Тек ара-арасынан жаңа қалтиған жас көк қана
құлпырып, күн көзінен нəр алып бұрқ етіп көтерілгелі тұр. Бірақ, аязға
ұрынған жасық шөптен, жасыл шөп аз. "Ай, биыл да, көктемде мол
жауын болмаса, малға қалың от болмас. Қыстан аман шыққан көтерем
мал, жас тол аяқтанып кете алса жарар еді" деп, бұрын мал қамын көп
ойламайтын Ақан дала келбетіне дүдамалдана қарады.
Ақан енді өзін мазалаған ойға қайта түсті: "He істеу керек, не істеу
керек? Жан-жаққа бытыраған ауыл адамдарының басын бір араға
қосып, қайтадан біріктіру керек. Айыртау болысынан болмаса, Шалқар
болысынан қоныс тебер бір жерді берер. Енді жаңа тұрмысқа, жаңа
тіршілік амалына бастау керек. Ол қандай тұрмыс? Ол жағы шешілер.
Əттең Ақаннан күдер үзген ел енді илігер ме, етегінен ұстатар ма?
Күні кеше арасы ашылған, енді біржола ашынған інілердің өзі түсінер
ме? Мына елді жұтатқан жұттың да ата-мекеннен айырылып,
қаңғырып қалған кезді аңдығандай бас салуын қарашы. "Жұт жеті
ағайынды деген ып-рас!"
Аяғын басып ілбуге жарамай, омақса жығылған орнында үйелеп,
тұра алмай, күнде өліп, шетінеп жатқан жылқы ішінде қабақтарынан
қан жауып, тиісерге қара таба алмаған сотқалардай өз-өзінен тұтанып,
шатынап жүрген Мұхаметтер Ақан серінің келгенін естісе де, күн
еңкейгенше қосқа жоламады. Шош-шоқ қызылдың ішінде қарсоқта
былтырғы өлі шөп, шырмауықты қаужаңдап, қайың қабығын кемірген
ешкі, қойы аралас шағын отардың соңынан су кешіп, малмаңдай
болған Ыбан бұл хабардан қалас. Жылға жуық уақыт əкеден
айырылып, үйреншікті Қараталдан кетіп, бұрын соңды көрмеген
мынадай азапты күннің басына түскеніне біржола көндіккендей. Қазір
"Ақан келді, аяулы əкең келді" деп біреу ымдаса да, іштей күдер үзген
бала мұндай жақсылыққа сенбес те еді, тумысында ешкімнен зəбір
көрмей, тек кейінгі айлар ашулы Мұхаметтің жұдырығы мен
қамшысына үйренген жетім, енді желкеңнен нұқыған түйміштен,
тəніңнен өткен таяқтан құтылдың десе де мəңгіріп, ештеме ұқпайтын
сияқты. Басына түскен ауыр тауқыметті осы жасқа жеткен əр адамның
үлесі болуға керек, бұдан құтылу деген бекершілік деп түсінетін
сияқты. Өзімен жасты Мұхаметтің баласын да салыстыруға мұршасы
жоқ. Əлде мылқау балаға ондай ойды жазбаған ба? Оны ойлайтын
қабілет те жоқ шығар?
Ақан кешке дейін нəр татқан жоқ. Келіні қазаннан ет түсіріп, қара
қосқа шақырса да, асқа зауқы соқпай, інілері мен Ыбанның келуін
тағатсыз күтті.
Жылқы басына Рамазан мен екі-үш адамды қалдырып, кешкі
тамаққа оралған Мұхаммет алыстан түксит, отынға кескен жуан
дөңбектердің үстінде отырған Ақан мен Қайныкешке жақындамай, қос
маңында күйбіжіктеп жүріп алды. Екінші жақтан тоғыз-ондар
шамасындағы қойшы бала да келген. Ол да ақ теке бастаған шағын
отарын аулағырақ иіріп тастап, жасқаншақ басын жерошақ түбіне таяп,
ас дəметкен жетім қарғадай қазандық қақпағына телміреді.
– Аналар келді ғой, қосқа жүріңіз, – деп қаймыға қараған
Қайныкешке қолымен белгі берді.
– Отыра бер. Өздері келер... Сəлемдесер... Ана бала кім баласы?..
– Ол... ол, Cepi аға, Ыбантай ғой!
Ақанның жүрегі үзіліп түскендей болды.
Үстіне қолтығы сөгілген жамаулы күпі киген қойшы баланы Ақан
анадайдан танымады. Қорамса əкесі мен Жаңыл шешесінің ерке ұлы
мынадай күйге түсер деп əсте ойлаған ба.
Ақыры шыдамы таусылды ма, əлде ағасынан əлі де қаймыға ма,
анадайдан тамақты сылтауратып Мұхаммет сөйлеп келеді.
– Ау, Қайныкеш, не ғып мелшиіп отырсың, қатын емеспісің, ас
бермейсің бе? Ана жақтағылар да мен бармай келе алмайды.
Сендердей ерігіп жүр дедіңдер ме?
Күнұзын ат үстінен түспеген Мұхаммет тақымы қажалғандай сəл
талтаңдап басып келді де, терең орға тірелгендей алшағырақ тұрып
қалды:
– Аман ба, Ақан... Дер кезінде жеттің бе əйтеуір, – деп, ағасын
кекетіп, əйеліне тағы да бірдеме деуге оқтала беріп еді, Ақан:
– Өздерің де амансыңдар ма? – деді.
– Амандығымызды көріп тұрсың ғой, Қараталдың да амандық-
саулығын көріп келген шығарсың. Əке-шешеңнің басына құран оқыған
шығарсың. Ай, қатын, ана еле алмай тұрған өлімтікті несіне міндің,
өшің бар ма? Сені кім шақырды мұнда?
Қайың үстінде қаздиып отырған Қайныкеш айылын жиған жоқ.
Қайынағасын арқа тұтқандай саңқ етті.
– Жирен биеңді мінбегенде, құла биеңді мінем бе? Əлде жаяу
келуім керек пе еді.
– Саған қойғанымыз суып отыр еді, же, же, ана Малтабардың
қалған малын.
– Əй, өзің тұлданбай, əуелі Сері ағаммен дұрыстап неге
амандаспайсың. Кеше көргендей боп тұрғаның не?
– Оны сенен сұрай алмадым, бар кет бұл арадан, одан да қазандағы
етті түсір, бол!
"Бұл неғылар екен?" деп сыңайын аңдыған Ақан, күнде көріп
жүрген ел адамындай көзіне ілмеген Мұхаметтің қиқарлығына енді
шыдамай:
– Əй, Мұхаммет, аптықтай отырсаңшы мына араға. Тамақ ішілер.
Əуелі жөндеп амандық-саулық білісіп, əңгімелесейік, – деп қасынан
орын ұсынды.
– Менде басы артық əңгіме жоқ. Жəне мен басқаның əңгімесіне
ділгір емеспін. Жұмыс бастан асып жатыр. Ана Ыбанды алуға келген
шығарсың, ал. Ешкім жүк артқан жоқ оған. Елде бірақ дүниелерің бар,
Қайныкеш берер... Басқа не шаруа?!
– Ой, есалаң сол, Сері ағаммен қалай-қалай сөйлесесің.
– Ə-Əй! Не оттап отырсың-ай! – Ызалы Мұхаммет əйеліне қарай
төне түсті!
– Мен адамша сөйлеп отырмын, сен ғой малша оттап, күйсеп
тұрған!
Ақан Қайныкештен мынадай батыл, ащы сөз шығады деп ойламап
еді, Ыбан жаққа қарап үнсіз отыра берген. Келінінің баж еткен даусы
шыққанда жалт қарап еді, Мұхаммет жығып салып, тепкілеп жатыр
екен:
– Сенің де тілің шығайын деген екен, төркініңе келген соң. О, ит
тіршілік, сенің босағаңа телмірткен, о, ит тіршілік! Oh, oh.
– Жасық неме! Сені де еркек дейді-ау! Басыңа қиыншылық
түскенде, қатыннан жаман... – деп басын қорғаштаған келін де тілін
тартпай байын мұқатып, жарыса сөйлеп жатыр.
Бағанадан бері іште қайнаған ашуға зорға шыдаған Ақан ұшып
тұрып, Мұхаметтің жағасынан алып бірақ атты.
Жұтқа ілінген арық-тұрақ соңында күні-түні салпақтап, өзі де
сіңіріне зорға ілінген Мұхаммет асықша үйіріліп барып, қалпақтай
түсті. Бұрын мойны күдірейген тайынша бұқаша гүжілдеп, еркіндеу
жүретін інісінің қиралаң еткен мына түрін көргенде Ақан іштей аяп, өз
қылығына қынжылса да, сыр білдірмеді:
– Өй, лұғатсыз сол! Қайныкештің не жазығы бар. Жазғырғың
келгені мен ғой. Ашуыңды менен алсаң болмай ма! Əйел ұрған деген
не сұмдық. Таусылған екенсің!
Мұхаммет жарылардай болып үнсіз тұрды да, оқты көзін Ақанға
да, əйеліне де қадап қосқа қарай кете барды.
Бағанадан бері мына қимылды алыстан бақылаған Ыбан ешкім
жағадан алып лақтырмақ тұрғай, бетіне қарсы келе алмас дейтін
Мұхаметтің күйін көргенде, аспаннан түскендей аяқ астынан пайда
болған мына əлуетті бейтаныс адамға таңырқап, таяна түскен.
Ақан "кел, қалқам, кел, жаным" дегендей əлгі қимылдан соң зорға
жылұшырап, баласын ыммен шақырды. Батып бара жатқан күн сəулесі
түскен əкесінің жүзіне Ыбан ұзақ қадалып, сəл шырамытса да,
үстіндегі ұсқынсыз олпы-солпы көне киімінен тосырқай берді. Тəніне
таяқ өтсе де, көзіне жас алу орнына ештеме болмағандай орнынан
ширақ тұрған Қайныкеш баланың жеңінен ұстап, Ақанға қарай тартты.
Мылқау бала одан сайын жатырқап, шегіншектей береді.
Ақан бұдан əрі шыдай алмады. Милығына дейін бастыра киген
сеңсең тымақты жұлып алып: "Ұлым-ау, танымай қалдың ба, мен
əкеңмін ғой", – деп ымдағанда, қызыл күннің шапағына кең маңдайы
жарқ ете қалған əкесінің, жастайынан өзімен ыммен шебер сөйлесетін
аяулы əкесінің қимылын жазбай таныған Ыбанның бақ еткен үні мен
көзінен бір түйір жасы бірге шығып, Қайныкештің қолынан енді
жұлқына ұмтылды. Ақан да құлашын жая ұмтылған. Аспаннан
шүйліккен Қарақұстан қорқып, бір жығылып, бір тұрып анасының
қауырсын қанатының астына қойып кетер қаз балапанынша Ыбан
əкесінің құшағына бір-ақ сүңгіді. Өз үнін өзі естімейтін мылқау
баланың даусы да бір жосын: көзінен, маңдайынан құшырлана сүйген
əке қуанғаннан əлденелерді өзіне айтқаны ма, жалғыз тастап қайда
кеттің көрінбей деп жазғырғаны ма, – мағынасыз былдырлап,
бажылдап жылайды. Əке-шешесіз, үй-күйсіз, айдалада қалған екі
жетім – əке мен баланың мына тұрысында іштей егіліп көзіне жас
алған Қайныкеш өздері емін-еркін мауқын бассын дегендей, қара қосқа
қарай үнсіз аяндады.
Ақан қолқылдаған кең күпілі тоқпақтай жеп-жеңіл ұлын алдына
алып дөңбек үстіне қайта отырған. Өңінде қан-сөл жоқ арық бала
əкесінің жылы қолтығына басын тығып ұзақ жылады. Өксіп-өксіп
жылады. Енді айырылмаймын дегендей əке белінен құшақтап алған
ұлы түсінбесе де: "Ыбанжан, қой енді, болды енді, жылама, келдім ғой,
жігіт сүйте ме екен, енді сені қасымнан бір елі қалдырмаймын жылама,
– деп, Ыбанның жүзін өзіне бұрды. Қызарып батқан күн сəулесінен бе,
қуаныштан ба, бағанағыдай емес реңі кіріп, бетіне қан жүгіре бастаған
баланың Ақанның өзіне ұқсаған қалың кірпікті отты көзінің қарашығы
үрейленгендей, жасқанғандай жүгіре берді. "Осы, шынымен əкемсің
бе, мүлдем келдің бе, енді тастап кетпейсің бе, əлде тағы бір көрініп,
ертең жоғаласың ба" деген сыңай бар. Жел қағып жарылып, мезгілімен
жуылмай күстенген саусақтарымен əкесінің көптен бастырмаған
сақал-мұртын, бетін сипалай береді. Еркелегені, жақсы көргені.
Қойны-қоншынан көктемнің ызғырық өкпек желі үрлеп, бұрын-соңды
бағып көрмеген қой соңында ертеден қара кешке дейін салпақтап, ара-
тұра таяқ жеген күтімсіз бейбақ əлдекімдердің қорлығын ыммен
жеткізіп, əкеге шағынған жоқ. Əкеге түрі ғана емес, мінезі де тартқан
қайсар ұл бар тауқыметті іште түйсе керек. Бар шағым, бар қуаныш екі
көздің ашық жанарынан ғана аңғарылғандай еді.
Қас қарая, тамақты да ұмытып, көптен көрмеген мейірімді, ыстық
құшақта енді біреу өзін жетімсіретіп ұрсып-зекісе, жұлқылай,
түйміштей жұмсаса, ара түсер тегеурінді қамқор адамның алдында
тамаққа да зауқы соқпай бұйыққан аш бала шаршап, талықсығандай
маужырап жатып ұйықтап кетті.
Өлердей сағынған жалғыз ұлын алдына алып тербеген Ақан сері
өз-өзінен ыңылдап терең ой қамауында отырғанда, жер ошақтағы от
сəулесімен ғана тамақтанған қаракөлеңке қос ішінен анда-санда
даурыға түсіп, таласа ұрсысқан дауыстар еміс-еміс естіліп тұрған. Тегі
Мұхаммет пен Қайныкеш əлі де келісе алмай, бірін-бірі беттен алып,
шарпысып жатса керек.
Əлден уақытта қостан Мұхаммет те, Қайныкеш те жұлына
шыққандай болды. Ақан алдындағы ұлының ұйқысын бұзбайын,
Рамазан келген соң бəрінің басын қосып сөйлесермін деп орнынан
тұрмады.
– Cepi аға-ау, жүріңіз тамақ ішіңіз, дала салқын ғой, тоңған жоқсыз
ба... Ыбантай ұйықтап қалған ба, – деп келін бəйек болып қасына
келгенде де, Ақан салқын ғана:
– Рахмет, айналайын. Тамақ ішілер, Ыбанның ұйқысын бұзбайын
деп отырмын, – деді де қойды.
Бұл кезде атқа қонған Мұхаммет кешкілік түскен суықтан қайтадан
қата бастаған тоң жерді ат тұяғымен дүңкілдете келді де:
– Əй, қатын, жетті енді мұнда отыруың. Анда балалар не боп
жатыр, бір шайнам ақыл болсашы басыңда! Неменеңе жетісесің. Ана
ағаш бауырында қақтаған еттер ілулі, содан ала кет. Бол, тез, əйеліне
əкіреңдеді де, сол ет қызумен қараңғыда Ақанға тарпа бас салды.
– Ал, Ақан, айтып-айтпай не керек! Арманыңа жеттің. Əке-
шешеміздің зиратын да кəпірлерге көтертіп, жаман ырымға бастап
едің. Арты не болды? Бір ауыл жұртты тентіретіп жібердің. Енді басын
қосам деп əуре болмай-ақ қой. Саған ешкім ермейді енді. Бəрінің де
қарғыстан басқа айтары жоқ. Ақ патшамен айтысып, ел ұлықтарымен
тартыстың. Көресіні біздер көрдік. Қасыңа ерген жолдастарыңның бірі
жоқ. Бəрін бездірдің, соттаттың, əйтеуір түбіне жеттің. Енді бізге маза
бер. Еншіміз бөлек басқа адамдармыз. Бала-шағамыз бар. Тыныштық
бер бізге. Қазір бір жігіттен қара тайды жіберем Ыбанға. Ана қойдан
алам десең, ал, егер айдауыңа жараса. Енді сенің малыңды бақпақ
түгілі өз малым қырылып жатыр. Осы күнге дейінгі еңбегіме де риза
шығарсың. Үйде ол-пұл дүниелерің бар. Ана, еншіге берген əкемнің
қара пəуескесіне артарсың. Əкейден қалған азын-аулақ ақшаны ұстап
қойдым, мына жатқан жеріміздің жапа-жармысы орыс-казактардың
жері, соған үш жылға əріндаға төледім. Ана Қараталдағы үйлерімізге
қазына тарапынан ақша береміз деген, соны алғанда қайтарармын.
Енді сөйлесетін не сөз бар, сол – айтарым!
Мұхаммет бағанадан бері қос ішінде жаттап алғандай үсті-үстіне
төпелей сөйлеп, атының басын бұрып, əлгіндегідей, тоң жерді
дүңкілдете жортып Жыландыға қарай ұзай берді.
Ақан да, келін де үнсіз. Қараңғы түнде қара жамылған адамдардай,
немесе күнұзын жем іздеп шаршап дөңбекке қонақтаған қырғауылдай
төмен қараған күйі отыр.
Ақан осылай боларын біліп еді. Бірақ, бұлай болған күнде қайда
барып, кімге паналарын ойламап еді. Інісі айтар ащы сөзді жобалап
еді, бірақ жоғалтқан жолдастарын, безген елді бетіне салық етер деп
ойламап еді. Мұхаметтің түсі де, сөз саптасы да құдды Біржанның
інілерінен айнымайды. Ақанның тұла бойы тітіркеніп кетті.
Тұңғыш рет шын кіріптар болып, құла түзде екеуден-екеу состиып:
мылқау далада мылқау баласымен жеке күн кешер, кешегі атағы жер
жарған серінің жалғыз қалар мұңды келешегін ойлап налыған
Қайныкеш, қайнағасын уатар сөз таба алмай, жұбайының ноқайлығын
жуып-шайғысы келді.
– Сері аға, Мұхамметке өкпелемеңіз. Қайтсін. Ата мекен, туған
жерінен қуылып, көрінгеннің қолына қарап, оның үстіне малы шетінен
топалаңдай қырылып жатқан адамда не ақыл болсын. Бəріміздің де
есіміз ауып, мəңгіріп қалған жоқпыз ба. Əлі-ақ ес жиярмыз. Қанша
айтқанмен туыс емес пе, қайда кетер дейсіз. Күйініштің салдары ғой.
Жақын адам əлі-ақ табысып кетер... Өкпелемеңіз, Сері, аға!.. Қайтейін,
менде де дəрмен жоқ. Бəрінен... Ыбантайдың күні не болар екен?.. –
деп сөзінің аяғын жыламсырап бітірді.
Түнгі суықтан бойы тоңазыған Ақан алдындағы ұлын қымтай
түсіп, басы салбырап ыңылдап отырған. Əлден уақытта барып келін
сөзін жаңа естігендей, селк етіп басын көтеріп алды. Үңірейген
қараңғы тоғай жаққа, Мұхаммет кеткен бетке қарап дағдарған Сері
əлденеге мырс етіп күлді. Күлкісінде зіл жоқ, кекесін бар. Өзінің осы
отырысын өзі мазақтағандай тағы да мырс етті де, келініне
бұрылмастан:
– Қайнекеш, мың да бір рахмет саған! Осы маңдағы көп жұрттан,
ағайын туғаннан қалған жібі түзу адам сен екенсің. Кісілігіңе рахмет! –
деп, тағы да Ыбанын əлдилеп, тербеткендей ыңылдап отырды да, баяу
ғана бір ауыз өлең айтты. Табан аузында шығарған арнайы əні
болмағандықтан ба, əлде өнерлі досын ойлады ма, немесе осы
отырысын сол досының халіне ұқсатқаны ма, – Біржанның "Ал дүние"
əнімен айтты:
"Бұл күнде көк дөненмін,
арқам жауыр,
Өкпе жоқ
мендегінің бəрі бауыр.
Дұшпанның дəлдеп салған найзасынан,
Жақынның инеменен түрткені ауыр!..
Ақынға кейде қуанған да, қайғырған да бір: екеуінде де көкірегіне
толып, көмейіне тіреліп, тіліне оралатын алдымен өлең. Ақан да бұл
жолы күйі тасып ішке сыймаған соң айтқан жоқ, тегі ащы запырандай
ішкі шерін тарқатқаны болар, немесе, əлгінде "Мұхамметке
өкпелемеңіз" деген Қайныкешке, бүгінде "есер ақыннан" сырт
айналған жақын-жұрағатына берген жауабы болар.
Байлаулы Көкбесті пысқырды. Тағы да алыс жолға, белгісіз сапарға
жүретінін сезгендей, жарықтық жылқы баласы ауыр күрсініп, қайта-
қайта жер тарпып пысқырады.
Жыланды тауының құбыла бетіндегі қалың қарағай жақтан ішін
тарта ұлыған қасқыр үні талып естілді. Ұзақ ұлыды... Алыстан тағы
бірі қосылды... Əлден уақытта жақын тоғайлардан шулаған
қасқырлардың үні көбейе түсті, ұлғая түсті. Тап ірге тұстан сарнап қоя
берген бөрі үні сай-сүйекті сырқыратқандай. Тегі дала жыртқыштары
осынау кең өлкеде шетінен қирай құлап, иістене бастаған өлекселерді
сезеді-ау. Бірін-бірі шақырып, түнгі жортуылға топтана шығар үйір-
үйір бөрілер жайраған иесіз өлімтікті ғана емес, некенсаяқ кездескен
жүргіншіні де ордасымен қамап, жайрататын тілсіз жау-ау.
Жұт жайлаған құтсыз жерге тесіле қарап, Зеренді тауының ығынан
туған, бетінде самұрық құс бедері бар патшаның алтын
империалындай қызыл шұбар суық ай қазақ аспанына көтеріліп келеді.
|