ТҮСІНІКТЕР
"Ақан cepi" романында Ақан Абай сияқты өмірге көзқарасы жаңа
қалыптаса бастаған кезден емес, аз да болса, өмірдегі теңсіздік
мəселесін аңғарып қалған күйде жүздеседі оқырманға.
Жалпы алғанда, шығармашылық
адамдарында өзгеше бір
ерекшелік бар: олар да өзге пенде сияқты кəдімгідей өмір сүреді, ал
қиялдарында олар бейне екінші, басқа бір əлемнің адамдары сияқты
күн кешеді. Ақын – өнер адамы. Ол өзін күнделікті күйкі тұрмыс-
тіршіліктен аулақ, кербез, сырдаң ұстайды,
өмірден сұлулық іздейді,
əдемі өрнек, сымбаттылық көрсе, өмірдегі жоғалтқан жоғын
тапқандай, балаша қуанады.
Тарихтан білеміз, халық сөзін сөйлеген, халыққа бір табан жақын
тұратын Ақан,
Жаяу Мұса, Мəди сияқты өнер адамдары зұлмат
заманда өктем күш иелерінен озбырлық көрді. Олай болуы заңды да
еді. "Имеген иттерге бас cepi, дархан" деп ақын жырлағандай, олар
болыс-би, атқамінер байлардың шашбауын көтеріп өлең айтқан жоқ.
Керісінше, сол озбырлардың халыққа
істеп отырған қылығын аяусыз
беттеріне басты.
Патша мұрагерінің алдында сөйлеген сөзі – Ақан күресінің ең
шырқау шыңы десек, елді сорып, өлшеусіз қиянат жасап отырған
Нұртазаға қарсы күресі – қалың елді соңынан ертіп,
Нұртазадан кек
алмақ болып ұмтылуы – романның үлкен жетістігі. Ақанның
Цесаревич алдындағы күресіндей болмаса да, ірі күрескерлік рухын
танытып тұр. Абай да оязға өшігіп, қалың бұқара жұртты соңынан
ертіп, ояз үйін сойыл астына алып, Базаралыны босатып алуы бар еді
ғой. Серінің қалың жұрт алдында халықты Нұртаза сияқтыларға қарсы
бастап, сөз сөйлеуі өте ұтымды шебер шыққан.
Ақандай ел еркесінің күшті топ өкілдеріне
отты тілін қару етіп,
генерал Лосевскиймен көл жағалап жүргенде патша урядниктерін
ителгіге, болыстарды көл үстінен күн көрер тұйғынға, билерді
тышқаншылаған күйкентайға, ояз, генералдың өзін былапыт
құладынға, ал ақ патшаны екі басты, бүкіл құстың, аң атаулының көз
жасынан жиналған нөсермен ойнайтын
жыртқыш Самұрық құсқа
теңеуі – бас кейіпкердің тұлғасын күрес үстінде даралап тұр.
Асылы, тарихи адамдар жайлы жазылған туындыларды сөз
қылғанда: сол тарихи адам өмірде қандай, əдебиетте қандай боп
шыққан, көркем шындық тарихи дəлдіктен ауытқымаған ба? – деген
проблемаларға баса назар аудару орынды нəрсе. Жəне осы романдарды
сөз ете отырып, дəстүр мен жаңашылдық
проблемасын да естен
шығармаған жон. Прозаик Жүнісов өмірдегі Ақанның жүрген жолын,
өмір сүрген ортасын ол туралы материал тапшы болса да, ерінбей
ізденіп, қыруар нақты материал тауып, өмірдегі Ақанның əдебиеттегі
Ақандай тамаша образын жасап шығарды. Тарихи дəлдіктен
ауытқымай, əрбір оқиға, Ақан басындағы жəйтті өз мақсатына –
серінің күрескерлік рухын танытуға жұмсаған.