Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет12/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

Жорға жарыс
Жорғамен жарысу – ат шабыстарының ішіндегі ерекше түрі. Оның тарихы да қызық. Қазақстанның ежелгі тұрғындарын тек жүйрік аттар ғана емес, сонымен бірге жүрісі, щабысы шабантозға ыңғайлы болуы жағынан қарастыра бастайды.
Мұндай аттардың бағасы жылдан-жылға өсіп отырады. Осыған байланысты орта ғасырдың ұлы саяхатшысы Рюи Ронзалес де Клавихо былай деп жазды: «Жорғалар бізде жоғары бағаланады» және оны Орта Азияның атақты билеушісі Темірге итамаша жорғаны сиға тартуы да кездейсоқ құбылыс емес.
Жорға жарысы қазіргі уақытта да өте танымал және тартымды, олар сонысымен басқа да ат шабыстардан айрықша тұрады. Оның эстетикалық жағыда өте жоғары. Жүрісі майда, бір қалыпты, тыныш болғандықтан жорға мініп алыс жүру қолайлы, адамды шаршатпайды. Жорға жарысқа жігіттермен қатар, әйелдер, қыздарда қатысады. Аттың ер – тұрманы, әбзәлі әшекейлі, спортшылардың киімі әдемі болуы керек.
Еректермен қатар әйелдер де жорға жарысына жеке-жеке түседі.
Әйелдер үшін жорға жарысының қашықтығы 2,3,5 киломерт, жігіттер үшін 3,6,10 километр. Егер жарысқа қатысушылардың саны 10 адамнан көп болса, онда олар жеребе бойынша бірнеше топқа бөлінеді де, әр топ жарысқа бөлек-бөлек түседі. Егер немесе бірнеше жорға сөреге бірдей келсе, онда төрешілер үйғарымы бойынша таза жорғалаған және әбзәлі мен киімі, жорғаға отырысы әдемі спортшы жеңіске жетеді.
Жорғаның қимылы жоғары түрде үйлестірілген, шабандоздың да отырысы ерекше әдемі. Міне, осы ерекшеліктердің барлығы жорға жарыс жанкүйерлерінің санын арттыра түседі.
Аударыспақ
Ат үстіндегі күрес – аударыспақ жекпе-жектің ең ауыр түрі. Ол өзінің бастауын өте ерте замандардан алады. Оны саныстың бір түрі ретінде пайда болуы жолы өте қарапайым. Атты ретінде пайдаланғанға дейін адамдар арасындағы жердегі күрес өте танымал болған. Ал кейін осы күресті ат үстіне көшірген. Сонымен бірге ұрыс кезінде де күресті ат үстінде жүргізуге тура келді, сөйтіп орта ғасырда бұл спорт кең тарап кетті.
Ұлы Фирдоуси батырлар жекпе-жегін суреттей отырып, алғашында олардың ат үстінде найзамен сынасып, шаршаған кездерінде қол күресіне ауысқандықтары туралы айтады.
Найзаларынан нәтиже шықпай қалған кезде, олар ат үстінде отырып, күресті жалғастыра береді.
Күрес дәуірінде аударыспақ тұрақты түрде ұлттық спорт түрлерінен өтетіні ресми жарыстар бағдарламасына еніп отырды. 1980 жылдан бастап жарыс ережесіне 4 салмақ дәрежесі енгізілді және бұл қатысушылар үшін әлеуметтік жағдай жасаудың бір жолы еді.
Аударыспақ – спортшылар бойынан тек қара күш қана емес, сонымен бірге ептілік, батырлық, төзімділік сияқты қасиеттерді талап ететін спорттың бір ерекше түрі. Яғни аударыспаққа қатысушы спортшы өз бойына палуан мен шабандозға тән қасиеттерді үйлестіре білуі керек. Осының бәрі аударыспақтың мәнін және спортшы машықтануы мен атты баптау әдістерін анықтайды.
Спортшының арнайы дайындығына ғана емес, ат бабында өте үлкен маңызы бар. Сайыстарда көбіне спортшылар салмақ жағынан да, дайындық жағынан да бір-бірімен тең түсіп жатады, мұндай жағдайда шешуші рольді ат атқарады [24].
Аударыспақ – шабандоздардың жекпе-жек бәсекеде біріне-бірі ерден аударысуы. Жарыс жекелей және командалық болып бөлінеді.
18 жасқа толмаған жігіттер жарысқа жіберілмейді. Аударысушылар салмақтарына қарап 3 категорияға бөлінеді. Салмағы 65 килограмға дейінгілер – жеңіл, 65-тен 80 килограмға дейінгілер – орта және 80 килограмнан жоғарылар ауыр салмақтылар тобына жатады. Әрбір команда салмағы осы 3 категорияға сәйкес 3 адамнан құралады. Жарыс өткізілетін жердің көлемі 30х30 метрлік алаң, немесе диаметрі 30-40 шеңбер ішінде өткізіледі.
Жарысқа қатысушылар қалың матадан тігілген сырт көйлек немесе бешпет, шалбар және етік киіп шығады. Атқа үзенгілік ер салынады. Дойыр я қамшы ұстауға болмайды.
Ұстау (аударысу) төрешінің ысқырығы бойынша басталып, 15 минутқа созылады. Егер кездесушілер бірін-бірі аттан аудара алмаса, аударыспақ – ұлттық спорт түрлерінің ішіндегі ең пайдалы түрі сондықтанда оны әрі қарай дамыту жағын ойластыру керек.
Көкпар
Көкпар спорт ойындарының ішіндегі ең көпшілік және танымал түрі. Ол өзінің бастауын ежелгі дәуірлерден алады. Ертеде қасқырлар малшыларға көптеген қиындықтар туғызған. Сондықтан асауда төзімді аттарға мінген ержүрек жігіттер қасқырлардың ізіне түсіп, қашан олар өлтіргенше қуғындап отырған, қуып жетіп ұстаған соң қасқырды өзінен бері ала қашып, әбден жұлмалайды. Осындай қуғындау келе-келе ойынға айналып кетеді.
Кейінірек «Көк бөрінің» орынына ешкі алынатын болған. Қазақтар әрқашанда ержүректік, батылдық, ептілік, шапшаңдық және төзімділік, ат құлағында ойна білу қасиеттерін дамытуға бағытталған ойындарды қоштап отырған. Сондықтан да үй иесі ойын үшін ешкі беруге міндетті болады, ал егер белгілі бір себептермен үй иесі ешкіні бере алмаса, онда шабандоздардың оның шаңырағын ортасына түсіруге құқы бар еді, ал бұл үй иесі үшін үлкен намыс болатын.
Көкпар аясында толып жатқан рәсімдер болды және олар қазақтардың далалық заңдылықтарымен бақыланып отырды.
15 ғасырдың басында белгісіз бір автор былай деп жазады: «Жас жігіттерден қарияларды дейін бәрі қызу қандылықпен қатысады. Ұзақ ойнайды, тек кеш қарая ғана жігіттер ауылдарына тараса бастайды және біраз уақытқа дейін олар сол көкпарды еске алып жүреді» - деген.
Қазақстанда көкпар әлі күнге дейін өте сүйікті ойындардың бірі. Көптеген ауылдарда, ұлттық мейрамдарда және салтанатты мерекелерде көкпар тұрақты өткізіліп тұрады. Ол бүкілодақтық ат спорт жарыстарының бағдарламасына да енеді және біздің Қазақстандық көкпаршылардың осындай ірі жарыстарда ылғи табысты өнер көрсетіп жүргендіктерін атап кеткен жөн. Олар бұрынғы КСРО-ның 3 дүркін чемпиондары болған, ал олардың ең үздігі С.Бекетов 1990 жылы «Ұлттық ат споттының шебер шабандозы» деген атаққа ие болды.
Көкпар тарту ойыны жазық жерге немесе жопырағы жұмсақ, тегістелген алаңға ұйымдастырылады. Ойын алаңының екі шетіне қақпа- отау (шекара) қойылады. Екі командадағы қатысушылар алаңның ортасына шығады, тартуға әзірленген серкеде (тұлып) осында болады.
Төрешінің берген белгісі бойынша екі команданың бірі көкпарды жерден іліп алып, өз қақпасына қарай шаба жөнеледі.
Екінші командадағы жігіттер көкпарды жібермей, өздері алып, өз қақпасына апаруға тырысады.
Көкпар тартуға жігіттері сай, жақсы ұйымдасқан, әдісқой, айласы көп команда жақсы ойнайды. Белгіленген уақыттың ішінде қай команда көкпарды өз қақпасына көп әкеліп тастаса, сол жеңген болып саналды. Көкпарға бір күннің ішінде екі ойынға қатысуға рұқсат етеді, бірақ ол ойыншылардың арасында кеміндек екі сағат дем алуы керек. Көкпарға қатысушы әрбір адам жарыстың ережелерін біліп, оларды мұлтіксіз орындауға тиіс. Тартыс 60 минутқа созылады. 30минут тартысқаннан кейін 10 минут үзіліс беріледі.
Үзілістен кейін көкпар алаңның ортасына экеп қойылады, командалар қақпаларын ауыстырады.
Қазіргі уақытта көкпарға жаңаша көзқараспен қараған жөн. Бұл ойын тек қазақ халқының немесе Орта Азия халықтарында ғана емес, шығыстың басқа көптеген елдеріне де танымал.
Мысалды, Ауғанстанда өтетін көкпарға бір-бірімен жаулас жақтыңда спортшылар қатыса береді және оларды құрметті қонақ ретінде қарсы алып, шығарып салады.
Көкпар спорттық ойын – ретінде өте тартымды да, қызықты. Ол халық аралық деңгейге көтерілуі тиіс. Сондықтанда оған деген көзқарас ерекше болған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет