Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет11/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

Аламан бәйге
Аламан бәйге өте ежелден келе жатқан спорт түрі және мұндай сайыстың пайда болуы біздің Республиканың территориясымен тығыз байланысты болғандықтан, оның шығу тегі туралы мәселенің ғылыми маңызы бар. Біздің ата бабаларымыз аламан деп әскери шабуылды және оған қатысушы әскерді атаған. Яғни аламан бәйгенің тегі аламандықта жатыр, онда ұзақ, өте ұзақ қашықтықтарға шабу үшін алдын ала шабантох бен аттар арнайы дайындықтан өткізілуі керек болған. Қазақтарда аламан бәйге спорт түрлерінің ең танымал түрі. Спорттық бұл түрі заманында кәсіптік негізде өмір сүрген, оны аттарды баптау әдістері мен жеңімпаздарға берілген жүлделер арқылы білуге болады.
Бұл жүлделер тоғыз тарту рәсімі бойынша берілген (9 түйе, 9 сиыр т.б.). аламан бәйгеде ат 25-100 километр аралығындағы қашықтықта шабады. Шабыс өтетін жер ойлы, кедірлі болады. Ертеде жай жарлы халықтың аламан деп атаған қазақтың «Аламан» деген сөзі осыдан шықса керек. Қазақ жауынгерлерін дайындауда, кең далаға көз тіккен дұшпандарға күтпеген жерден шабуыл жасап жеңіп отыруда аламан бәйге үлкен міндет атқарды.
Аламан бәйге қазіргі уақытта Республикамыздың ауылдық жерлерінде өткізіледі. Әсіресе, оңтүстік облыстарда үйлену, шілдеханаларда аламан бәйге өткізу дәстүрге айналып келеді. Бірақ мұндай жарыстар ресми ережелер бойынша өткізуді талап етеді.
Бәйге
Төңкеріске дейін қазақтар арасында бәйге де өте танымал болған. Ол тойларда аламан бәйге алдында немесе жеке өзінен жарыстар өткізіліп отырған. Қысқа және орта қашықтықтарға шабу аттарды жарысқа айқындаудың ең тамаша әдісі болып есептеледі. Мұндай реттілік жас аттардың даму дәрежесін анықтап қана қойған жоқ, сонымен бірге жылдық жүктемені анықтауға көмектеседі, ал мұның аттың денсаулығын сақтауда зор маңызы бар.
Аламан бәйгеге қарағанда бәйгеде ат шабатын қашықтық қысқа болады. 1957 жылы Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы физкультура және спорт жөніндегі комитет бекіткен ереже бойынша қазір-құнандар үшін 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 метрлік, дөенедер үшін – 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 метрлік, ал бесті және одан кейінгі жататын аттар үшін – 5000, 8000, 10000 метрлік қашықтықтарда жарыстар өткізіледі.
Бәйге Орта Азияя Республикаларын мекендеген көптеген туысқан халықтарға ортақ спорт түрі. Ол өзбектерде «пайға», қырғыздарда «чабыс» деп аталынады. Бәйге қазіргі кездегі ресми спорттар қатарына енген. Бірақ оған тек жасы бестен асқан аттар ғана қатыса алады.
Бұл Орта Азия және Қазақстан спартакиядасының бағдарламасына енген болатын. Соңы жылдары бәйге мереке күндерінде шопан сметтерінде, аудан, облыстарды былай қойғанда, Республика көлемінде де жиі ұйымдастырылып жүр. Қазақ халқы бәйге аттарын ерекше құрметтеген, құлагер, Ақбақай, Маңмаңгер сияқты сәйгүліктерді жырға қосқан.
Бәйгенің және оны кең түрде дамытудың тек спортта ғана емес, халық шаруашылығында да маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет