Ат спорт түрлері
Ер қанат ат – адамзат алғаш қолға үйреткеннен бері оған қаншама ғасырлар бойы адал қызмет етіп келе жатқан жануарлардың бірі-жылқы.
Жылқыны әсіресе көшпелі тайпалар өмірінде атқаратын міндеті ерекше. Олар ат мініп, ел қорғап, жорықтарға щыққан. Бумен, газбен жүретін машиналар жоқ уақытта елдер арасындағы қарым-қатынастар жылқы арқылы жасалған. Орта ғасырда жүйрік аттар өзіндік почта ретінде де пайдаланған. Ертеде адамдар «Тұтас бір елдің аман бір сүруі жалғыз шегеге байланысты, өйткені шегеде таға тұр, тағада ат тұр, ал атта адам, адам қорған, қорғанда мемлекет тұр»- деп жылқыны өте жоғары, әр дәл баға берген. Малдың ішіндегі ең жақсысы жылқы. Осылай аса қатты қадірлеген сәйгүліктерді халық ең қимас қонақтарына сыйға тартқан.
Академик Сәбит Мұқанов «Гректер жылқыны суреттей алған жоқ, ал қазақтың жылқыны суреттеуі – шын мәніндегі поэзия. Жылқы эпоста батырлар мен қатар орын алады» - деген болатын.
Ал қазақ эпостарын аударушыларының бірі, көрнекті фольклерист М.Торловекий «Қазақтардың жылқы малы туралы білгені ұшан-теңіз.
Сондықтан қазақ тілінде жылқының барлық жасына дерлік байланысты ерекше атаулар бар. Ал оның түрі мен түсін, өзгешеліктерін өте нәзік сезімталдықты білдіретін атаулар қаншама десеңішші»-деген болатын.
Міне, қазақтардың көптеген ұлттық спорт түрлері атқа байланысты туған.Бәйгенің неше түрлері бар, аламан бәйге,бәйге, жорға жарыс, қыз қуу т.б.түрлері бар. Бұл адамдар ат үстінде шебер өнер көрсетуге, епті, шыдамды, төзімді болуға баулиды. Олардың көбісі ата- бабаларымыздың жауынгерлер даярлағанда маңызды міндет атқарған.
Ал атты, баптау жүздеген жылдық тәжірбиесі бар өзіндікбір ғылым.
Ат спортымен айналысушы адам ең алдымен атқа салт мініп жақсы жүруді меңгеруі тиіс. Ат спортында көкпардан басқа спорт түрлерінің бәрі жекелей есепке енеді. Себебі онда жеке адамдар күші мен әдіс-айласы, шеберлігі сынға түседі. Қазақстың ат спорты төмендегіше бірнеше түрге бөлінеді, аламан бәйге, бәйге, аударыспақ,көкпар, сайыс, қыз қуу, жамбы ату т.б.
Ал ойындарының ішінде ең қиындары қыз қуу, теңге алу, салма ілу т.б. ойындар.
Достарыңызбен бөлісу: |