Күміс алу
Бұл - ұлттық спорт иүрлерінің ішіндегі ең ежелгісі. Оның мәні - шауып келе жатып жерде жатқан теңгені іліп алуда. Негізінде ұлттық ат спортының барлық гүрлері көшпелі өмір салты қажеттілігінен ғана емес, әскери дайындық қажеттілігінен туған. Ал күміс алу спорты таза әскери қажеттіліктен туындаған. Үрыс кезінде қару немесе басқа қажетті нәрсе жерге түсіп қалуы мүмкін, ал оны аттан түспей көтеріп алу дайындығы жоқ адамның қолынан келмейтін іс.
Ұлы қолбасшы Александр Македонский Орта Азияда болған кезінде, күміс алудың шабандоз бойында ерде орнықты отыру, ептілік, жылдамдық, атқа ие бола білу қасиеттерін дамытатындығын байкаған. Осыдан кейін спорттың бұл түрі ежелгі Римдегі цирк ойындары бағдарламасына енеді. Әрине, спорттың бұл түрі әр халықта әр қалай аталады, бірақ мәні бір. Төңкеріске дейін қазақстанда күміс алу барлық халықтың мейрамдарында ең басты ойындардың бірі болды. XIX ғасырдың бірінші жартысында Бөкей ордасында өткен сайыс былай бейнеленеді: "Сайыс басталады. Той иесі алаңға теңге тастады да, жастардан шауып келіп, ат үстінде отырған күйі оны жерден көтеріп алуларын сүрады".
Күміс алу - ептілікті, атқа жақсы отыруды керек ететін ұлттық ойын.
Келін түсіру, қыз үзату салтанатында қалыңдық орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын, әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей жерлерде бұл ойын "жүзік ілу" деп аталады. Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат екпінін бәсеңдетпестен, элгі орамалды іліп алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға ерік алады.
Бұл ойынның спорттьщлурі де бар. Онда арасы бірнеше метрден ішіне күміс тиын түйілген элденеше' орамал тасталады. Бірінші орамал мәреден 50 метр жерге, қалғандары өзара арасы 10-15 метр жерге қойылады. Мәреден кезек -кезек шыққан шабандоздардың арасынан ең көп күміс іжен жігіт жеңімпаз деп есептеледі.
Күміс ілу ойынын өткізу үшін аға төреші, мәреші, жол бойында тұратын бақылаушы төрешілер және есегшііден түратын алка құрылады. Жарысты ұйымдастыру оңай. Күміс ілу адамның бойында батылдық, ептілік сияқты қасиеттерді дамытатын өте қызықты ойын [25].
Түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізу практикасы спорттық жарыстардың жақсы өтуі басталар сәттің - салтанатты түрде ашылудың қалай өтетіндігіне байланысты болып келеді. Ол үшін алдымен спорттық шараны өткізуші ұжым немесе ұйымдастыру комитетімен қоса жарыстың салтанатты ашылуы мен жабылуына арналған сценарийді жасап, бекітуі тиіс.Ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыстарды ашу барысы келесі тәртіп негізінде іске асырылып келеді: алдын ала диктор мәтін оқиды, жарысқа қатысушылар мен төрешілердің салтанатты түрдегі атты шеруі өтеді, музыкалық сүйемелдеумен бірге жарысқа қатысушылар құрамы және ұлттық ат спорты түрлері бойынша белгілі білімдер мен даму тарихы жайлы баяндалады. Шеруден соң арнайы сценарий бойынша қыз қуу, теңге алу, аударыспақ, жігіт жарысы және басқа спорт түрлері бойынша көріністер қарастырылады. Осындай сценарийлер бойынша Абай Құнанбаевтың, Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына, Қарасай батырдың 400 жылдығына, Қазақстанның жаңа астанасы Астана қаласының ресми тұсаукесеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған Халық спортының ашық ойындарына арналған Халықаралық ат спорты жарыстары мен ұлттық ойындары өткізілген болатын.
Бiздiң елiмiзде балалар мен жастарды тәрбиелеу бүкiл халықтық iс болып отыр. Осымен байланысты жанұясының мектептiң әрбiр еңбек ұжымының жеткiншек жастарды тәрбиелеу жауапкершiлiгi күшейiп отыр. Баланы тәрбиелеу iсiмен айналысатын адамдардың қай-қайсысы болмасын, оқытып тәрбие беру барысында баланың денсаулығы жөнiнде жан-жақты хабары болуға тиiстi екендiгiн өмiр тәжiрибесi көрсетiп отыр.
Бүгiнгi салауатты өмiр салтының жолдауы бойынша «баланың саулығы» деген ұғымын бiр-бiрiне тәуелдi бөлiктерден құрылатын бүтiндiк болып қарау керек. Бiр бөлiкте пайда болған өзгерiс мiндеттi түрде бүтiннiң барлық бөлiктерiне әсер ететiнi белгiлi. Әрбiр бөлiктi «денсаулыктың түгел бүтiндiгi» деген ұғымда түсiну керек. «Түгел бүтiндiк бiрлестiгi» деген ұғымын құрастыратын әрбiр бөлiгi – денсаулықтың нақтылы бiр аспектi, анығырақ айтқанда, оларды жан-тәннiң күй-жайы адамның жеке басының ағза ерекшелiгi рухани жағдайы, қызу-сезiм билеу әсерлiлiгi ақыл-ой көздеген мүдделерi, денсаулықтың әлеуметтiк жағдайға рухани жағдайына еңбекке байланысы болады.
Денсаулықтың жан-тәннiң күй-жайымен байланысты аспектiсi деген ұғымды адамның дене құрылыс жиынтығының атқаратын қызметi, барлық дене жүйесiнiң саулығы деп түсiнемiз.
Денсаулықтың ақыл-оймен байланысы аспектiсi деген ұғымды сырттан етiлген әсер туралы қажеттi мәлiметтi адам қалай, қайдан қабылдап алуы мүмкiн және ол мәлiметтi қалай iске асыру керектiгiн бiлу деп түсiнемiз. Мұндай мәлiметтердi әртүрлi бiлiм салаларынан iздестiрiп, солардан қажеттi мәлiметтердi ала бiлу керек. Сол мәлiметтердi өз дене құрылысымыздың қажет етуiне қарай нақтылы шешiмге келiп пайдалануымыз, iске асыруымыз қажет.
Денсаулықтың қызу-сезiм билеу әрекетiмен байланысты аспектiсi деген адамның өзiнiң сезiмдерiн түсiнуi және оларды айтып бiлдiруi деген ұғым. Адамның өзiн-өзi бiлуi және айналасындағы адамдарға қарым-қатынасын, өзiнiң сезiмдерiн басқаларға түсiнiктi түрде айтып жеткiзуiне көмектеседi.
Денсаулық жеке адамның бойындағы аспектiсi деген – ол, бiрiншiден бiз өзiмiздi жеке адам сапасында қалай түсініп білеміз. Бiздiң мен деген ұғымымыз қалай дамиды (мен – адамның өзiн-өзi жеке адам ретiнде танып-бiлуiн және өзiн-өзi өмiрде iске асыру сезiмiн дамытуды қажет ететiн бiр бөлiгi): екiншiден, табыс жетiстiк дегендi қалай түсiнемiз және келешекте қандай табысқа жетуге тырысамыз дегендi бiлдiредi. Әр адам өмiрге жарамдылығын өзiнше iске асырады және өзiн-өзi iске асырудың амал-тәсiлдерi бiздiң табысқа жетуге тырысатынымызбен байланысты. Мысалы, адамдардың үшiншi түрi жұмысты өзi үшiн еңбек еткенiне, мәнсапқа жеткенiне қанағаттанады. Адамдардың екiншi түрi өз отбасының жетiстiгiне сүйенедi. Ал адамдардың үшiншi түрi жұмысты қоғам үшiн басқа жұртшылық үшiн қанағат алу, рақат алу сезiмi пайда болатының өзi анықтайды.
Денсаулықтың рухани iшкi жан-жүйе жағдайға байланысты аспектiсi. Бұл – бiздiң адамдығымыздың бүтiндiгiн қамтамасыз ететiн, басқа аспектiлердi түсiнуге мүмкiндiк беретiн әрi өзiмiздiң оларға байланыс жасайтын өмiрiмiздiң орталығы [26].
Жалпы алғанда, денсаулықтың әрбiр бөлiгi маңызды. Сондықтан тұрмыс қалпынынң дұрыс болуына сау-саламаттығына қажеттi пiкiрлер мен көзқарастарды адамзатқа толық жеткiзу мақсатында денсаулықты құрастыратын адам бойындағы әрбiр жеке өзгерiстер мен құбылыстар даралап түсiндiрiлiп, айқын баяндалу қажет.
Ұлттық ат спорты түрлері бойынша спорттық жарыстарды ұйымдастыру спортшылардың, аттардың, жаттықтырушылардың, көрермендердің және қызмет көрсететін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша біраз шаралар кешенін ұйымдастыруды қажет етеді. Спорттық құрылғыларда, яғни ипподромда спорт жарыстарын өткізу - мемлекеттік қабылдау комиссиясы мен спорт базасы басшылығының жұмыс істеуге қабылдау туралы жергілікті Ұйымдармен (СЭС, МАИ, құтқару, өртке қарсы және т.б.) келісілген актісі бар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жарыстарды өткізуге арналған қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін ұйымдастыру-алдын алу шараларын жүргізудің маңызы өте зор. Мұндай жағдайларды жасау арқылы қамтамасыз етуге болады: жарыс төрешілігін нақты ұйымдастыруды, құқық қорғау орындары жұмысын, соның ішінде ат милициясы, ветеринарлық және медициналық, өртке қарсы қызметті. Ат шабысы мен ат шабыс кезінде ат ауыстыруға мүмкіндік бермес үшін әдетте, ипподром жан-жақтан қоршауға алынады. Олай мүмкін болмай тұрған жағдайда қоршау трибуна мен көрермендер орналасқан жерде орнатылады, қалған жерде жүгіру жолағы бойымен төрешілер және ат спорты милициясы 200-300 м қашықтықпен орналасады. Төрешілікті сапалы түрде ұйымдастыру үшін аға төрешілер мен төрешілер сол алаңда рация қызметін пайдаланады.
Ат спорты жарыстарын ұйымдастыру барысында ұлттық ат спортын насихаттауға, дене жаттығулары мен спорттық шаралардың ұйымдастырылуына және ең бастысы көрермендердің тұтастай дене шынықтыру мен спортқа деген ерекше назарын аудару керек. Ақпарат берушінің негізгі міндеті бірінші кезекте қатысушылар құрамы мен ұлттық ат спорты түрлері жайлы кейбір мәліметтерді иподромдағы радио тарату құралдары арқылы осы өткізіліп жатқан жарыстардың мән-жайын, ойын алаңындағы ерекше өзгерістерді тарату болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |