Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет3/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

Зерттеу объектісі – оқушы жастардың салауатты өмір салтын дамыту процесі.
Диплом жұмысының мақсаты – жастардың салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы қалыптастыруы теориялық негіздеу және әдістемесін жасау болып табылады.
Міндеттері:

  1. Проблеманың теориялық негіздерін педагогикалық тұрғыда зерттеу;

  2. Жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы ұлттық спорт түрлерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау;

  3. ұлттық спорт түрлерін жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолдану әдістерін, инновациялық технологияларын ұсыну;

  4. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін эксперименттік тексеру.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:

  1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ондағы ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолданудың орны мен рөлі педагогикалық тұрғыда негізделді.

  2. Салауатты өмір салтын жастар арасында ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды.

  3. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолдану әдістері ұсынылды.

  4. Эксперимент арқылы ұсынылған әдістеменің дұрыстығы дәлелденді.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі – 62 беттен құралған.

1 САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1 Салауатты өмір салтты дамытудағы педагогикалық мәселелер

Өскелең ұрпақтың денсаулығының бүгінгі таңдағы жағдайы еліміздің тұрғындарының денсаулығы мен жарқын болашақтағы еңбек потенциалын дамытудың негізгі басымдылығын анықтайды. Айтылғандарға байланысты, балалар мен жеткіншектердің денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.


Оқытудың қазіргі жүйесі оқушылардың денсаулығын жақсртуға әсер етіп қана қоймай, кейде оны нашарлатады да. Бұған олардың денелік және жүйке-психологиялық дамуының бұзылуы куә.
Қазіргі кезде төменгі сынып оқушыларының 70 %-ның денсаулығында ауытқулар байқалады, ал 10 сыныптың аяғына қарай олардың саны өсе түседі. Мектептегі оқу процесі барысында дені сау балалардың саны 4-5 есе азаяды, мектеп бітіруге таяғанда оқушылардың 40%-нда басқа да ауытқулар көрінеді.
Оқушылар үшін ең алдымен ерекше фактор болып саналатындар олардың оқу-тәрбиелік қызметтеріне байланысты. Соңғы онжылдықта мектеп жасындағы балаларда болатын әлеуметтік салмақтар, олардың ой еңбегінің басым болуымен сипатталады. Оқытуды жаппай компьютерлеуді жоспарлау, 5 күндік аптаға өту оқушылардың ой еңбегін интенсификациялайды деп санауға болады.
Сондай-ақ, аталған мәселені асқындыратын заманауи мектептердің білім беруді жаңартуға өтуі болып табылады. Басты назар қосымша білім беруге аударылуда. Лицейлер мен гимназиялардың оқушылары мемлекеттік білім беру стандартынан бөлек базалық, профильдік және қолданбалы бағыттағы білімді кеңейтетін және тереңдететін пәндерді де қоса меңгереді. Жаңа типтегі мектептерде оқыту деңгейі мен сапасына қойылатын талаптар мен оқу жүктемесінің жоғарылауы барлық педагогикалық процесс субьектілерінің психикалық және физикалық денсаулығына күш түсіреді.
Оқу процесінің интенсификациясы мен олардың статистикалық жүктемесін меңгеруге негізделген ұйымдастырлуы оқушылардың қимыл –қозғалыс белсенділік көлемін қысқартуға әсер етеді.
Тіпті уақытша болатын статистикалық жүктеме де микроциркуляция мен геподинамиканы әлсіретеді және осы арқылы жүйке процестері мен вегатативті қызметтің реттелуін нашарлатады. Қазіргі уақытта көптеген мәліметтер бойынша мектеп жасындағы балалардың 70 %-ы гиподинамиядан зардап шегеді, оның салдары организмнің жұмыс қабілетін төмендетіп, шұғыл сырқаттардың өсуіне әсеретеді.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау көрсеткеніндей, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту проблемасы педагогикада жаңалық емес. Дені сау жастарды тәрбиелеу мәселелері барлық уақытта педагогтардың назарындағы нысан болды, мұның айғағы – берілген проблеманы әртүрлі аспектідегі зерттеулер.
Денсаулықты сақтау мен нығайту бұрыннан дене тәрбиесімен және спортпен қаншалықты байланыстырылса, әдебиеттерге жасалған шолу, берілеген мәселені шешуде көптеген жұмыстар оқушыларды дене тәрбиесі аспектісінде, оны дене тәрбиелік-спорттық қызметке қоса отырып шешуге арналған.
Біздің көзқарасымыз бойынша, психологиялық-педагогикалық тұрғыда оқушылардың дене-тәрбиесімен, спортпен шұғылдануларын, олардың осы қызмет түрлеріне тұрақты қызығушылығын, күнделікті ертеңгілік жаттығудан бастап, тұрақты дене тәрбиесі жаттығуларымен шұғылдануын қарастыратын еңбектер ерекше назар аударарлық [1].
Салауатты өмір салты туралы көзқарастарды қалыптастырудың қажетті аспектілері ретінле ішімдікке, есірткіге қарсы және жыныстық тәрбие мен жыныстың психикалық гигиенасына байланысты тәжірибелік нұсқаулардың саны көптеп пайда болды. Ғалымдар балалардың психикалық денсаулығын сақтаудың жолдарын, психофизикалық ауытқулардың коррекциясының әдістерін, психикасы мен жүйке жүйесінің тұрақты болу жолдарын іздестіруде.
Сондықтан зерттеушілердің пікірінше, қозғалыс белсенділігін мөлшерлеудің негізгі критерийлеріне денсаулық жағдайының өзгеру динамикасы балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік және кәсіби қабілетсіздігінің көрсеткіштері жатады.
Жеткіншектік жастағы оқушылар арасында темекі, ішімдік, есірткі заттарын тұтынудың таралуы олардың валеологиялық білімдерінің деңгейі төмен екендігін,сондай-ақ, өскелең ұрпақты валеологиялық тәрбиелеудің қолбағы бар формалары мен әдістерінің нәтижесіздігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша, бес жыл ішінде жасөспірімдер арасында қан аздық 2,3 есе өсіп, ересектер арасындағы көрсеткіштен 2 есе басым түсіп отыр. Психикалық бұзылыстар мен іс - әрекет бұзылыстарының жиілеуімен қоса несеп – жыныс жүйесінің, тыныс ағзаларының, эндокриндік жүйе ауруларының саны өсіп кеткен.
2004 жылда жасөспірімдер арасындағы психикалық бұзылыстар 15 пайызға өскен. Балалардағы мұндай сырқаттардан 1,5 есе, ересектердегілерден 2,5 есе асып түсіп, бұл көрсеткіш басқа жас топтарындағы адамдармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш болып отыр.
Педагогикалық ғылым «валеологиялық білім мен тәрбие» ұғымына сүйенеді, ол оқушының бойында денсаулықты қалыптастыра отырып тәрбиелеуді, салауатты өмір салтын ғылыми ұғынуды, тиісті ережелерді қолдануды тұжырымдайды. Валеологиялық білімнің негізінде ой – сана, дене және жыныстық тәрбие, сонымен қатар, психо өзін - өзі реттеу, гигиеналық, физиологиялық, экологиялық және медициналық білім арқылы іске асырылатын дені сау адамның қалыптасу, қызметтесу концепциясы жатыр. Сонымен, валеологиялық білімді жалпы білімнің негізгі бөлігі, өсіп келе жатқан жас буындарды тәрбиелеу, салауатты өмір салты мен мәдениеттіліктің қалыптасуындағы процесс және нәтиже ретінде қарастыруға болады.
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу проблемалары ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырдың басында түрлі ғылымдардың зерттелу объектісі болды. Иванов Г.Д. салауатты өмір салтын жалпы адамдық құндылық ретінде қарастыруға талпыныс жасады. Ғалымның мазмұндауынша «Денсаулық, салауатты өмір – мектеп оқушысымен құндылық ретінде санап, қажеттілік тұрғысында қабылдануы тиіс. Сонда ғана осы құндылықтар мінез – құлықты мативациялайды». Осындай мазмұн қазіргі заманғы әдістемелік тұжырымдамаларға сәйкестенеді. Алайда, Г.Д.Ивановтың қорытындылауынша «Қазіргі заман білімінің басты мақсаты өз денсаулығына, қоршаған ортаға және болашақ буынға мейіріммен қарайтын адамды тәрбиелеу». Біздің көзқарасымыз бойынша, мектеп оқушысының бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруды бүтіндей педагогикалық процестің құрама бөлігі ретінде қарастыру қажет [2].
Мектептегі дене шынықтыру журналындағы мақаласында Мудеров М.Я. - денсаулық сақтау үшін, ол одан абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы дейді.
Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруды тұлғаның гормониялық даму міндеттемелерімен өзара байланыстыра отырып қарастыру қажет. Осы айтылған мәселелер, жалпы білім беретін мектептердегі мәселе валеологиялық білім жайында емес, жалпы білімнің валеологиялық аспектісі, педагогикалық процессті ұйымдастырудағы формалар мен әдістемелері, осы процестің рухани саналы, психо және физиологиялық даму мәселелері жайындағы бағыттарын қарастырады. Осы мәселелер бойынша, біз А.С.Ивановтың «салауатты өмір салтын қалыптастырудағы білімнің тиімділігі, интеграциаланған валеологиялық курстар және мектеп пәндерінің валеологиялық мазмұндарымен байланысты болуы тиісті – деген тұжырымдамалармен келісе алмаймыз
Яғни, оқыту жоспарлары мен жалпы білім беру бағдарламалдарының шамадан тыс жүктемеленулерінде, жалпы білім мазмұнына интеграцияланған валеологиялық курстарды енгізу қажет еместігін сипаттады. Бүтіндей педагогикалық процестін көзқарастары жағынан ең тиімділігі валеологияның салауатты өмір салтын негізгі идеялары мен ережелерін барлық оқу пәндері мен сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнына ендіру болып табылады.
Л.Мәженованың айтуынша «Оқушыларға салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан – жақты азамат етіп тәрбиелеу керек».
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда білім саласын күрделендіріп, сауықтыру бойынша жұмыстарды жүргізуге мүмкіншілік беретін оқу мен тәрбиенің жүйелілігі, үздіксіздігі және кезеңдігі ерекше роль атқарады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда оқушылардың жастық ерекшеліктерін есепке алу маңызды,... Мектеп оқушысының денсаулығының нашарлап кету себептері қатарында гиподинамия (жеткіліксіз қозғалыс белсенділігі); мектеп және үйдегі оқушының оқу жүктемесімен шамадан тыс жүктемеленуі; дұрыс тамақтанбауы, оқу сабақтарының кестелерінің бұзылуы, демалыс және ұйқының бұзылуы себеп болып табылады. Оқушының денсаулығына мұғалімнің гигиеналық талаптарды орындамауы теріс әсер етеді (сынып бөлмесінің қажетті деңгейдегі желденбеуі; жиһаздың оқушылардың дене ерекшеліктеріне сәйкес келмеуі; оқу орындарының нашар жарықтануы т.б.). Салауатты өмір салтын балалар, оқушылар және ата-аналардың толық түсінбеушілігі, экологиялық, эстетикалық және дене мәдиниеті тұрғысында жұмыстардың толық жүргізілмеуі оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруды қиындататын факторлар ретінде байқалады.
Валеология – жаңа, қарқынды дамып келе жатқан, адам ағзасын сауықтырумен айналысатын ғылымның саласы. Валеология – халықтың денсаулығы жайындағы, адам организмін биологиялық, әлеуметтік және рухани бірліктегі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған ғылым.
Ғылым ретінде – ол салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ғылыми – негізделген ұсыныстарды әзірлейді. Валеологияның объектісі адам баласының денсаулық диапазонындағы бүтін адам тұлғасы. Валеологияның зерттеп зерделеу заты – дербес денсаулық . Бүтін адам тұлғасы – иерархиялық ұйымдастырушылық принципті ашық үшбірлік жүйе («төменгі, жоғарғысымен басқарылады»), сана, психика және солардың жоғарғы аспекталары (жоғарғы сезім, рухани аспекті). Сонымен, адам өмірінің мақсаты өмір сүру және репродукция, өзін тұлға, шығармашылықты жеке адам ретінде таныта білу. Осындай мақсаттарға жету барлық үш деңгейде қалыптасатын денсаулықпен қамтамасыз етіледі. Валеология – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым. Валеология саласында валеологиялық өзін - өзі тануға, саналық ерекшеліктерге, тұлғалық іс - әрекеттіліктерге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жүйе өз денсаулығының құндылығы, денсаулықты сақтау мен нығайту, өзінің түсінігі бойынша валеологиялық іс - әрекеттіліктің бағытталуы, сондай-ақ салауатты өмір салтындағы білімге бағытталады (денсаулықтың тұлғалық моделі). Валеологиялық өзін - өзі саналықтың тағайындалып аяқтан тұруы, тек қана өз денсаулығының құндылықтарын сезініп, саналап қана қоймай, сонымен қатар, осы саналықты тұлғаның іс - әрекеттіліктерін саналы формасына айналдыру, жүйелеу. Валеология – ғылымдарының мазмұндауынша, баланың бойында валеологиялық өзін - өзі саналауды қалыптастырудағы маңызды және қолайлы кезең жас жеткеншек және балалық кезең, себебі осы жасқа байланысты кезеңдерде тұлғалықтың өзін - өзі саналау қарқынды қалыптасады [3].
Денсаулықты сақтау, нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруда, өзекті педагогикалық проблемаларымен қатар, валеология саласы педагогтардың назарын аударуда. Біз Белоруссия педагоғы Н.К.Степаненковтың «Валеологияның негізгі ережелерін педагогикалық іс - әрекеттіліктерге ендіру, қолдану, педагогтардың ертеректегі стратегиясын - өсіп келе жатқан жас буынды бүтін тұлғалы дамытудың бірыңғай процесі ретінде оқытып тәрбиелеу қажет» деген ұғыммен келісеміз.
Адамның өмір салты мен қоршаған ортаның арасындағы себеп-салдарға байланысты, оқушылардың денсаулықтарын сауықтыруға кедергі келтіретін факторларды жою шарттарын анықтауда оқушының бойында салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері мен мазмұндарын ғылыми негіздеу қажеттігі туады. Осы тұрғыда айтатын болсақ “...адам денесінің жетілуі – оның саулығы, егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек” - деп айтқан ұлы ғұлама Әл- Фараби.
Баланың денсаулығының соматикалық қоры оның ағзасының өсіп, дамуымен, табиғи дарындылығымен қалыптасады. Өз кезегінде жекелей, дербес дамуы оның жетілу кезеңдеріндегі байқалатын іс-әрекеттерімен жүйеленеді. Базалық іс-әрекет бір жағынан адам баласын дамытудың механизмі ретінде көрінсе, екінші жағыннан - өсу процессін қамтамасыз етеді.
Үшінші вариантта болуы мүмкін: жеделдетіп дамыту. Ол, ереже бойынша, баланың бойында әлеуметтік мұқтаждылықтың мерзіміннен тыс қалыптасуымен байланысты. Осы вариант денсаулық үшін қауіпті, себебі «жалпы бейімделу қорының көлемінің» төмендеуіне жетелейді. Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша байқайтынымыз, баланың гармониялық даму шарттары, оның нақтылай дамып, жетілу кезендерінде байқалатын нақтылай іс-әрекетін толық қанағаттандыру болып табылады. Осы іс-әрекет, мұқтаждылықтарды қанағаттандыра алмаса баланың дамуын баяулатып оның денсаулығын төмендетеді [4].
А.С.Иманғалиевтың айтуынша, мектеп оқушысының денсаулығындағы әлеуметті - өнегелік компонентері, екі негізгі критериалармен сипатталады: білім іс-әрекетіне деген қарым-қатынастылық және мінез - құлықтың ережелері. Сондықтан, білім беру іс-әрекеттері мен мектеп оқушысының мінез-құлық сипаты оның базалық іс-әрекетінде. Оқушының тәрбиесінің психологиялық сәттілігіннің көрінісі оның денсаулығының компоненті ретінде білім беру процессіндегі мінез-құлығын қамтамасыз ететін рухани мәселесі. Осы жағдайлары адамның өзін өзі сақтау, сыйласу мен сүйіспеншілікке деген мұқтаждылығымен мазмұндалады, шартталады. Білім беру мекемелерінде ең маңызды педагогикалық міндеттемелердің бірі балалармен сұқбаттасу, қызығушылықтарын өсіру, сүйіспеншілік атмосферасын, ортасын құра білу.
Жас жеткіншектік шақта көптеген қажетті мұқтаждылықтар нақтыланады, мінез – құлықтың саналы дамуы, қоршаған ортамен байланыстылық және т.с.с. байқалады. Осындай мұқтаждылықтардың дамуын, осы мезгілдегі, жас жеткеншектердің ортаны тану, өмірдің мәнін іздеу, өзін - өзі ортаға таныта білу сияқты ерекше қабілеттіліктерімен байланыстырады. Өзінің құндылығы мен жеке дербестілігін көрсету процесінде, сонымен қатар, өзін - өзі анықтау мен әрекеттеу нәтижесінде жас адамдардың бойында жауапкершілік, әрекетшілік, тұлға ретінде тани білу секілді сапалық көрсеткіштер қалыптасады.
Ә.Райымбековтың айтуынша «Біз әрдайым мектептегі жас жеткіншектердің дұрыс білім алып, салауатты өмір салтын қалыптастырып кетулері жолында бар күш – жігерімізді аямаймыз».
Осы тұста арнайы ұғымдарға түсінік бере кетуді жөн көрдік. Тұңғыш «Салауаттылық» деген ұғымды психолог И.И.Брехман енгізді. Психолог И.И.Брехман «Салалауаттылық – мінез –құлық пен дағдыны ретке келтіріп, өзін-өзі түсіне білу» - дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Салауатты» сөзінің мәні – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді және сабырлы – деген мағынаны білдіреді. Бұл түсіндірмелер өз кезегінде салауаттылық сипаттамасын, оны қалыптастыру жөніндегі ұстанымның ауқымын кеңейтеді. Ал, «Өмір салты», «Өмір сүру»-әлеуметтік категория. Өмір салт – қоғамдық болмыстың, аумағындағы адамдардың іс-әрекеті, маңызды жақтарының жүйесі, жиынтығы. «Өмір сүру» - адамдардың табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас жүйесі, яғни ұзақ өмір сүруге талпындыратын іс-әрекет. И.Т.Левкина «салауатты өмір сүру әркімнің өз мамандығы деңгейінде дұрыс игере біліп, өнімді еңбек етіп, тұрмыс жағдайын түзете отырып, қоршаған ортаға қарым-қатынас жасай білуінде екенін негіздей отырып сипаттайды. Ол: «адамның салауатты өмір сүруі – адам мәдениетінің бөлігі, өмір сүру құндылығына байланысты» - деп атап көрсетті.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиелік міндеттердің басты мақсаты мен қойылымы барысында өтеді, өйткені оқушылардың салауатты өмір салтын деген ұмтылысты ояту барлық педагогикалық жүйелерде қызмет атқарудың нәтижесі болып табылады [5].
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру біздің түсінігімізше 2 түрлі міндеттерді ескеруді қажет етеді:

  • біріншіден, оқушылардың салауатты өмір салтының айқын көріну ерекшеліктері мен маңыздылығы ретіндегі жеке тұлғалық сипатының жан-жақты дамуын қалыптастыру;

  • екіншіден, оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру процесінің сипаты, бұл кіші және ересек жастағы оқушыларды тәрбиелеу міндетін жүзеге асырушы ерекшеліктерді ескеру.

Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты мен оны жүзеге асырудың негізгі түрі – ұжымдық тәрбие.
Тәрбиенің мәнін, оның жүйелік нысан ретіндегі құрылымын, қозғаушы күшін, маңызды заңдылықтарын тәрбиелік өзара әрекет арқылы жүзеге асыруға болатынын білеміз.
Тәрбиелік өзара әрекет дегенде тәрбиеленушілерге әсер етуді, олардың жауап беру реакциясы мен өзіндік белсенділігін түсінеміз. Оқушы мен педагог тарапынан болатын басқару жүйесінен өз белсенділігімен өзін-өзі басқару жүйесіне өтуі керек. Егер салауатты өмір салтының аспектілеріне қатысты болатын мұндай белсенділік назардан тыс болып, өз алдына жүзеге асырылып жатса, онда тәрбие процесінің жоғары жетістікке жеткені деп білеміз.
Осы айтылған мәселелерден анықтағанымыз оқушылардың салауатты өмір сүру дағдысын денсаулық сақтау технологиясы және ұлттық спорт түрлері арқылы қалыптастыру, жетілдірудің ғылыми негіздері әлі де зерттеуді қажет ететіндігі байқалды. Мысалы, мектеп оқушыларының жас, жыныстық ерекшеліктерін ескере отырып салауатты өмір салтын дәріптеу мәселесі түйіткілді мәселе. Ол туралы келесі тармақта тоқталамыз.
Әлеуметтік компонент жеке тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік бейімделу дәрежесімен және жеке тұлға сапасының социумдағы толыққанды және ұзақ мерзімді белсенділігі үшін маңызды қалыптасуымен сипатталады.
Денсаулықтың бұл компоненттерінің өзара байланысын балалардың жастық ерекшеліктерімен қоса қарастыра отырып, денсаулықтың уақыт өте өзара әсері мен түрлі иерархиясының өзгермелігін бақылауға болады. Осылайша, салауатты өмір салты түсінігін білу мен оны қалыптастыру негізінде жоғарыда көрсетілген тұқымқуалау және қоршаған орта факторларының да есепке алынатынын байқаймыз.
«Адам дегеннің пәндік мәні бар», сондықтан да ол «пән ретінде қабылданады және о бастан табиғат болып келеді». Осылайша, ол «өзінің таза қызметінен» пән ретінде ауысады, оның пән ретіндегі жемісі оның пәндік қызметін, пән ретіндегі табиғи мәндік қызметін нығайта түседі.Бір топ ғалымдар өмір салты мен ұлттық спорт түрлерін жастардың өмір жағдайынан айыруға болмайды, жағдай қалай болса, өмір салты да солай болмақ деп түсіндіреді [6].
Зерттеушілердің басқа тобы өмір салты өндіріс тәсілдерінен өзгешеленеді және ең алдымен қызмет тәсілдеріне ерекше мән беріледі деп санайды. Олар өмір салты мен өмір сүру жағдайларының өзгешелігіне мән бере отырып, өмір салтын барлық қоғамдық ортамен _ұштастырады және қоғамдық-экономикалық формация ұғымымен біріктіріп жібереді.
Л.А. Гордон, Э.В. Клоповтар өмір салтын күнделікті мінез-құлық жүйесі ретінде қарастырады. Бірақ өмір салтын күнделікті мінез-құлық жүйесі ретінде қарастыру проблемаға толық бағдар бере алмайды. Біздің ойымызша, сырттай мінез-құлық сипаты бүкіл қоғамдық қатынастар арқылы детерминацияланған. Басқа жағынын алып қарағанда өмір салты анықтамасына «күнделікті мінез-құлық» сипатын енгізу оның мәні мен ғылыми сипатын көрсетпейді.
Өмір салты және әр ұлттың өзіндік спорт түрлері көптеген әлеуметтік процестер мен қоғам сипатына елеулі әсер етеді. Соның ішіндегі ең маңыздысы өмір салты мен халықтың денсаулығы мәселелерінің өзара байланысы болып табылады. Бірсыпыра зерттеушілердің пікірінше, көп жағдайда денсаулық адамның өмір салты арқылы айқындалады. Педагогикада «денсаулық» түсінігінің өз анықтамасы бар. Педагогикалық ғылымда жеке тұлғаның психофизикалық сапаларының туындау сипатының әсері мен оның әлеуметтік бейімделу дәрежесі адам денсаулығына игі әсер етеді немесе керісінше ықпал етеді. Және де бұл денсаулыққа деген бүтін көзқарастар төмендегі суретте келтірілген үлгі ретінде көруге болады.
Рухани компонент жеке тұлғаның бір мақсатқа және өмір құндылығына адамгершілік бағдармен, өзіне қатысты менталитетіне, табиғат пен қоғамға байланысты ұмтылу деңгейімен анықталады. Дене компонент дененің даму деңгейімен, дене мүшелері мен жүйелердің өзін - өзі реттеу дәрежесімен, организмдегі резервтік мүмкіндіктердің болуымен сипатталады. Психологиялық компонент психикалық процесстердің даму деңгейімен, қызметі мен эмоционалды – еріктік саласының реттелу деңгейімен анықталады.
«Салауатты өмір салты» сонау замандардағы Гиппократтың трактаттарында бірқатар денсаулық сақтау іс-шаралары ретінде философиялық ой-санасы құрылымның жалғасы түрінде мазмұндалады. Трактат денсаулық және салауатты өмір салты жайындағы ілімнің дамуына негіз болды. Көне грекиялық философтардың еңбектерінен балаларды салауатты өмір салтына
Белгілі педагог К.Д. Ушинский балалардың жүйке жүйелері жайында қамқорлық етті, ол: «Баланың жан тыныштығы жайлы қамқорлық жасау, лас, келеңсіз қылықтарды жою, сүйіспеншілікті қарым-қатынастылықтар, баланың рухани даму дүниесі, дене тәрбиесінің дамуы, басты мәселе» дейді. Осы мәселелер бойынша педагог-мамандардың адамзаттың дене тәрбиесі және рухани табиғатын терең оқып түсінуді талап етіп кеңес берді: «Өздеріңіз басқаратын психикалық құбылыстардың заңдарын оқып зерттесеңіздер тәрбиеленушінің ішкі дүниесі мен табиғатын түсіне білесіз» дейді .
Л.Н. Толстойдың өзі салауатты өмір салтын ұстаған. Оның шығармашылық жолының басты мақсаты дене шынықтыру белсенділігімен байланысқан. Л.Н. Толстойдың айтуынша: «Қозғалыссыз, дене еңбегінсіз аяқ-қолымен, дене мүшемен жұмыс істемеуі, ой-сананы жұмыс істету өте қиын, мүмкін емес». Темекі шегу, шарапқа әуестену секілді зиянды әдеттерге Л.Н. Толстой былай деп үн қатты: «Адам өміріндегі ептілікті істерді елестете алу қиын, күрделі болады, егер адамзат өзі өзін шарап, арақпен темекі түтінімен, нашамен улануын қоя алмаса».
Салауатты өмір салты бағытында мұғалімдер, ғалымдар балалардың жыныстық тәрбиесі, жас жеткіншектердің психикалық денсаулықтарын сақтау, психофизиологиялық алшақтауды қалыптастыру әдістемелерін іздестіре бастады. Қазақстанның ғалымдары К.С. Әбішев, К.Д. Ордабаев, А.К. Айтпаев, О. Қыстаубаевтар атап көрсеткендей салауатты өмір салты қоғамның әлеуметтік-саяси жаңаша даму кезеңінде жалпылай білім беретін мектептердегі оқушылардың денсаулығын сақтауда басты термин болып табылады. Жалпы білім беру мектептерінде салауатты өмір салтына байланысты талаптарға сәйкес қазақтың ұлттық ойындары қолданылып келеді. XX-ғасырдың соңында елдегі балалардың гигиенасы, денсаулығы қауіпті жағдайда екенін педагогтар түсінеді. Маскүнемділік пен нашақорлыққа қарсы ағарту жұмысында тәжірибелік ұсыныстар шыға бастады [7].
Сонымен, денсансаулық дегеніміз алдымен өмір салтымен байланысты, алдымен зиянды әдеттерден арылу. Салауатты өмір салты – еңбек ету және демалыс режимдері, тамақтану жүйесі, даму мен шынығу жаттығулары, өз-өзіне және өзгелерге қарым-қатынастық, тұрмыстық, өмірлік мақсаттылықтар. Яғни салауатты өмір салты өте күрделі және жан-жақты ұғым. А.С. Иманғалиевтің пікірінше «салауатты өмір салты» дегеніміз адам организмінің резервтік мүмкіншіліктерін жетілдіретін күнделікті тіршілігінің типтік формалары мен тәсілдері, әлеуметтік және кәсіби қызметтерін саяси, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық жағдайлардан тәуелсіз орындауды қамтамасыз ету. Г.Д. Әлімжановтың ойынша салауатты өмір салты «білім, ептілік, дағдыланумен байланысты, оның негізінде әрбір оқушының денсаулығы, күнделікті шынығу әдістемелері жатыр». Мектеп, жанұя және қоғамдық жұмыстардың бірігіп оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша зерттеу жүргізген Ж.З. Торыбаеваның пікірінше мектеп оқушысының салауатты өмір салты жан жақты дамуы әлеуметтік тәжірибені меңгеру іс-әрекеттіліктерімен сипатталады. Дене, ой-санасы, әлеуметтік, тұлғалық, эмоционалдылық, рухани дамуы, оның микро ортасы:мектеп, жанұя және қоршаған орта арқылы болады. Оған тек қана медициналық, биологиялық компоненттер ғана кіріп қоймай сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық, психологиялық құрылымдар да кіреді:
- салауатты өмір салты – бұл денсаулыққа байланысты адамның алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері сияқты әртүрлі факторлардың әсері болатын өмір сүру барысында қалыптасқан көзқарастар жүйесі;
- салауатты өмір салты – адамның өзінің өмір сүру деңгейін сол, немесе басқа қырынан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адамның экономикалық, тұрмыстық және мәдени жақтарын ұйымдастыру тәсілі;

  • Салауатты өмір салты - денсаулық туралы белгілі бір әлеуметтік және тарихи көзқарас, сондай-ақ, өмірдегі тәжірибені интеграциялау құралдары мен әдістері;

  • Салауатты өмір салты - адамның күнделікті өмір сүруінің түрлі тәсілдері, олар организмнің резервтік мүмкіндіктерін нығайтады және адамның экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайларында өзінің іс-әрекетін табысты атқаруды қамтамасыз етеді.

Белгілі бір автономиялық пен көзқарасты игере отырып, баланың жеке тұлғасы өз әрекеті мен ойлауын қалыптастырады. Баланың өмірдегі қызметі біршама реттелмегендігімен және шашыраңқы ұйымдастырылумен сипатталады: өз уақытында тамақтанбау, жүйелі ұйқысының қанбауы ( жоғары мектеп жасында), қимыл-қозғалыс белсенділігінің жетіспеуі, таза ауада аз уақыт болуы, темекі, алкогольдік ішімдікті және есірткілік заттарды тұтыну. Бұл мотивациялық саланы, бағдарлану құндылықтарын және әлеуметтік белгіленуді дамытуға қол жеткізбеу болып табылады. Баланың өмір салтының жарқын көрсеткіштерінің бірі - күн тәртібі. Организмді қызметке баулу ритмдік өзгерістер жасаумен белгіленген, бұл қызмет түрлерін нақты бөлуді талап етеді: ұйықтау, тамақтану, оқу қызметі, еңбекпен айналысу, спортпен шұғылдану, серуендеу және т.б. Дұрыс жасалған күн тәртібі баланың бос уақытын дұрыс та жемісті ұйымдастыруға мүмкіндік береді, әлеуметтік тәртібін орнатуға профилактикалық құралдарды туындатуға және бала денсаулығына қауіпті зиянды әдеттердің туындауын болдырмауға игі ықпал етеді. Баланың күн тәртібі қалай құрылса, баланың салауатты өмір салтына қызығушылығын ұйымдастыруды солай анықтайды .Баланың өмір салты қызмет түрлеріне сәйкес және қажеттілікті интеграциялайтын тәсіл түрі. Өмір салтының құрылымы әртүрлі қызмет түрлері арасындағы субординация мен координация қатынастарында көрінеді. Бұл қызмет түрлері арасындағы уақытша бюджетті бөлу мен белгілі бір қызмет пен тынығуда айқындалады [8].
Бала денсаулығына әсер ететін екінші фактор тұқым қуалаушылық. Бұл факторлар тобының патогендік маңызы 20 %. Бұл фактордың осы уақытта үлкен маңызы бар:

  • табиғи ресурстарды барынша қолдану, оларды қайта өңдеу адамзат денсаулығына зиянды қалдықтардың жинақталуын болдырады. Жасанды синтезді біріктірулердің пайда болуы, яғни бұларға адам мен барлық жануарлар мен өсімдіктер әлемінің эволюция процесінде бейімделуі;

  • зиянды әдеттердің ұлғаюы: темекі тарту, токсикомания, ішімдік ішу, есірткі тұтыну.

Адам денсаулығы деңгейі генетикалық «фонға», өмір айналымына, организмнің бейімделу қабілетіне, оның белсенділігі мен сыртқы орта (табиғат пен әлеуметтік) факторларының әсеріне қатысты. Заманауи көзқарастарға сәйкес, генетикалық ерекшеліктерін ескере отырып, бейімделу механизмін қалыптастыруда жас кезіндегі (5-8 жас) кезең үлкен рөлге ие болады.
Сондықтан баланың ептілігі мен дағдысын уақытында қалыптастыру проблемасы тұрады. Бұл бала денсаулығы мен ата-анадан балаға тұқымқуалау арқылы берілетін бұзылған гендерді түзетуге бағытталады.
Бала денсаулығына әсер ететін үшінші фактор — экологиялық фактор. Қазіргі уақытта адам денсаулығына қоршаған орта факторларының (климат, ауа-райы, әлектромагниттік сәулелер, экологиялық ахуал) әсерін дәлелдейтін ғылыми материалдар жеткілікті.
Белгілі бір жердің метеорологиялық, географиялық және ландшафттық жағдайлардың жиынтығы ретінде климат организмге тікелей әсер етеді. Және ол , ең алдымен, адамның қоршаған ортамен жылу алмасу жағдайына-қан айналуға, тыныс органдарын жауып тұратын тері қабатындағы қан айналымына, әсер етумен байланысты.Ежелгі кезеңнен бері адам денсаулығына климат әсерінің көп түрлілігі белгілі. Климат метеорологиялық факторлардың белгілі бір үйлесімімен-күн радиациясының интенсивтілігімен, атмосфераның әлектрлі жағдайымен, ылғалмен, атмосфералық қысыммен, желдің жылдамдығы мен бағытымен және жауын-шашынмен сипатталады.
Салауатты өмір салтына бағыттала орындалатын оқушының өзінің іс-әрекеттерін талдай және бағалай білу өзін-өзі өмір салтына, өздерінің ұлттық спорт түрлерімен тәрбиелеудегі маңызды кезең болып табылады. Оқушының өзін өзі салауатты өмір салтына тәрбиелей білуі - салауатты өмір салтына сәйкес мінез-құлықтармен, халқынының сапалы көрсеткіштерін саналы түрде өз бойында оятып іс-әрекет жасай алады деген сөз. Оның қалыптасуы оқушының жалпылай түсінігі мен өзін-өзі сол салауатты өмірге бағыттай білу позицияларына байланысты. Осылайша алдымен тарихи, соңынан педагогикалық мәселелерді талқылай келе арнайы ұлттық ойындардың әдіс-тәсілдері арқылы қазіргі оқушылар бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру керек екендігін тұжырымдаймыз.
Қазақ халқының спорт түрлері сан алуан және әр түрлі сипатымен ерекшеленеді. Бір спорт түрі жасөспірімнің дене күшінің мол болуына, сымбаттылығына мән берсе, енді бірі ақыл-ойын тәрбиелеп, парасатты, әрі тапқыр болуына жағдай жасайды. Жеке тұлғаның сыртқы келбетінің танылуына ықпал ететін спорт түрлері көптігімен ерекшеленсе, қазақ халқының зияткерлік мәдениетін, жүйрік қиялы мен кең ақылын танытатын ойындары ұлтымыздың көпқырлылығын танытса, халықтың озық ойлары мен салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері, жан сырлары мен рухани көрсеткіштерге тұнып тұр [9]. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Қорыта келгенде салт-дәстүрлерімізді сақтай отырып әрбір жеке тұлға ұлттық ойындарымызбен шұғылданса елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы Халыққа жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы жолдауы орындалар еді. Сонымен қатар педагогикалық тұрғыда айтатын болсақ, еліміздің өмір сүру көрсеткіші айтарлықтай өсіп салауатты өмір салтын ұстанушылар көптеп бой көрсететінін сеніммен айтуға болады. Ал енді, мектепте ұлттық спорт түрлерінің, ойындарының жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы орны мен рөлі жөніндегі қазіргі көзқарастарға ғылыми тұрғыда келесі тармақта тоқталамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет