Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет9/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

Тоғыз құмалақ
Әлемдегі ең көне стол ойындарының бірі. Ежелгі адамдар қоғамында стол ойындарының болуы өте таң қаларлық құбылыс. Олар тек дене дамуы жөнінде ғана емес, өздерінің ой-санасын дамыту жөнінде ойлайды. Садақ пен жебені ойлап шығарған адамдар үшін өмір мен еңбекке қажетті басқа нәрселерді ойлап шығаруда мүмкін құбылыс еді. Осылардың қатарына тоғызқұмалақ та жатады.
Бүгінгі күндері тоғыз құмалақ осыдан 4500 жыл бұрын пайда болды деген көзқарас бар және мұндай пікірлер қазба жұмыстары қортындыларына сай жасалған.
Тоғызқұмалақ ойындарының тарихына көз жіберсек. Негізінен ертеректе бұл ойын «Қойшылар алгебрасы» атанған тоғыз құмалақ қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын қазақ, қырғыз, қарақалпақ, алтай халықтары арасында кеңінен тараған.
Ертеректе тоғыз құмалақ ұясын жерден қазып қойдың құмалағымен ойнаған екен. Бұған онша күрделі жабдықтар да қажет емес. Әр ойыншының тоғыз-тоғыздан шұңқыры (ұя деп аталған) және бір-бірден қазаны болған.
Тоғыз құмалақ ойынының құмалақтарының саны 162, яғни әрбір ойыншыда 81-ден құмалақ болуға тиісті. Содан әр ұяға тоғыз-тоғыздан құмалақ салынады. Тоғыз құмалақ ойыны ауызекі есепті бөгелместен тез шығаруға жаттықтырады, және еңбек сүйгіштік, тапқырлық, төзімділік сияқты қасиеттері дамытады.
Сондықтан да ол ел арасындағы кең тарап, ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Қазақтың ұлттық спорт түрлері бәйге, күрес, жанбы ату тәрізді тоғыз құмалақта та жеңіске жеткен адамға жүлде беріледі. Оның аты шулы шеберлерінің есімдері ел арасында кең жайылған. Тоғыз құмалақты қазақты классик ақыны Абайдың да сүйіп ойнайтын ойындарының бірі болған. Тоғыз құмалақ есеп ойыны. Мұнда арифметикалық төрт амалды өте жақсы білетін, еске сақтау қабілеті өте күшті адамдар ғана жеңіске жетеді. Математика ғалымдарының айтуына қарағанда тоғыз саны көптеген арифметикалық жұмбақтар шығаратын ерекше қасиеттері бар сан. Ойынның тоғыз құмалақ аталуында да сыр бар сияқты. Бұл қазақ халқын қашаннан алғыр, ауызекі есепке жүйрік болғандығын дәлелдейді.
Тоғыз құмалақ ойынының бірнеше түрі бар. Оның балаларға арналған қарапайым түрін «Қоздату», «Бестемше» деп атайды. Мұның өзі тоғыз құмалақтың адамның ой-санасының жетілуіне байланысты күрделене түсетін шытырман, қызық ойын екендігін көрсетеді. Тоғыз құмалақ ойынының жолдары көп.
Соңғы жылдары оның біреуі ғана кеңірек тарауда, жарыс та сол бойынша өткізіледі. Тоғыз құмалақ ойыны әсіресе соғыстан кейінгі жылдары кеңінен тарай бастады. 1984 жылы Алматыда қазақ ССР-нің чемпионаты өткізілді. Оған Абайдың немересі Ысқаков (Семей), Өтегенов (Жамбыл облысы) т.б. ойыншылары қатысты. Тұңғыш чемпион Өтегенов болды. Жарыстан соң кеңес өткізіліп оған ұлы жазушы М.Әуезов, СССР халық әртісі Қалибек Қуанышбаев, техника ғалықдары Шаймерден Ыбыраев т.б. қатысты. Кеңестің мақсаты тоғыз құмалақ ойынының ережелерін жасау болды. Негізінен тоғыз құмалақ ойынының ережелері 1949 жылы жарық көрген. 1960 жылдан бастап тоғыз құмалақтан аудандық және облыстық жарыстары өткізіліп тұрды. Бұл жарыстарға Қырғызтан, Алтай өлкесінен де ойыншылар да қатысты.
Тоғыз құмалақ қағидалары басқа стол ойындарының да түгелдей қатысты. Яғни бұл ойында басқа халықтар тәжірибиесіне де пайдалануға болады. Мұндай негізі бір, ережелері бір ойындарды кең тарату арқылы ұлтаралық қана емес (тоғыз құмалақ) халықаралық та ойын ойлап шығаруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта да тоғыз құмалақ ойыны жылдан-жылға халық арасында кең тарап келеді.
Ол бойынша Республикалық федерерация құрылды, қалалар мен аудандарда бөлімшелер жұмыс істейді. Республика чемпиондары мен жүлдегерлері арасында бас ұлт өкілдері де баршылық, бұл ойынға интернационалдық сипат береді. Атақты ойыншылар арасында он алты жастағы жастарда, тоқсан жастағы қарияларда тбар. Мұның бәрі тоғыз құмалақ ойынының болашағы зор екендігін хабардар береді.
Тоғыз құмалақ ойының ерте кезде «Қойшылар алгебрасы» деген. Олар тоғыз құмалақты ойнаған кезде жерге ұлсын қазып, қойдың құмалағымен ойнаған. Сол кездегі тоғыз құмалақтың үлгісі 2-суретте көрсетілген. Қазіргі заманғы тоғыз құмалақтың тақтасы, басқа стол ойындары сияқты жасалынған. Оның өзіндік ерекшелігі бар. Оны 3-суреттен көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет