Салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлері арқылы дамытудың теориялық негіздері



бет6/17
Дата22.03.2023
өлшемі446.5 Kb.
#471002
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Абдалиев Жасулан 19-3 (1)

Қазақтың ұлттық ойындары – адам ағзасы үшін өте маңызды, теңдесі жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларының бірі. Адамның морфологиялық-физиологиялық дамуына, эндогенді, экзогенді факторларға қарсы тұруына, тұлғаның жалпы тұрқы салауатты дамуына, бойшаң, денелі сымбатты дамуына тигізер маңызы зор. Қазақтың ұлттық ойындары – ептілікті, өжеттілікті, ширақтылықты, шапшаңдылықты, тапқырлықты және т.б. қасиеттерді талап етеді.
“Асау үйрету”, “Мойын арқан”, “Алтыбақан”, “Қазақша күрес” – қазақ халқының ежелгі спорт ойыныдары адам денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке керек кезінде тез ойланып, ұтымды амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.
Сондай спорттық, ұлттық ойындарға: “Тауық күрес”, “Білектесу”, “Арқан тартыс”, “Бәйге”, “Аламан бәйге”, “Тай жарыс”, “Құнан жарыс”, “Дөнен жарыс”, “Жорға жарыс”, “Аударыспақ”, “Түйе жарыс” кіреді. Осы ойындардың ішінде қызығы “Табақ алып қашу”, бұл ойын үлкен жиындарда, тойларда ойналады, тамағы бар табақты төкпей-шашпай, ептілікпен, ширақтылықпен көздеген жерге жеткізу, ал қарсы жақ дәл сондай талаппен табақты келесі орнына жеткізу керек. Жеңілген жақ айыптарын кез-келген өнер түрімен өтеп отырған. “Қыз қуу”, “Теңге салу”, “Асық ойыны” оның бірнеше түрлері бар. “Алшын ойыны”, “Омпа”, “Асық тігіп ойнау”, “Тас қала”, “Хан”, “Көкпар” т.б. спорттық ойындарды атауға болады. Бұл ойындар адамды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жауапкершілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ширақтылыққа тәрбиелейді.
12-13 ғасыр бұрын Мұхаммед Пайғамбардың айтқан хадистерінің оқу-тәрбие істерінде алар орны ерекше.
Мұхаммед Пайғамбардың денсаулық туралы айтқан хадистеріне мән берсек:
–100 түрлі аурудың 99-на алла-тағала ем жаратқан, тек кәріліктен басқасына;
– үмбеттерім үшін ең қатты қорқатын жайларым: мөлшерден артық тамақ ішіп, семіру, ұйқышылдық, жалқаулыққа салыну;
–арақтан сақтаныңыздар, өйткені ол барлық жамандықтардың кілті. Салауаттылық – денсаулықтың кепілі.
–екі байлық бар. Көп адамдар соларға жете алмай қасірет шегеді: бірі – денсаулық, екіншісі – салиқалылық.
Сондықтан, “Салиқалы ғұмыр кешем десең, салауатты өмір сүр”– деген халық.
Теңдесі жоқ байлық – халықтың денсаулық жағдайын тексеруден өткізу, денсаулық сақтау жүйесіне қолдау көрсету, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұрпақ саулығына алдын ала қамдану – бұл күн тәртібінен түспейтін мәселе және маңызды сипат болып отыр.
Әр адам өмірге келген соң мағыналы өмір сүруі қажет. Мемлекет үшін де, өзі үшін де денсаулық – шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.
Қазақтың бір туар перзенті М.Дулатов – ұйықтап жатқан, қараңғылықта жүрген туған халқын оятып, біліммен қаруландырып, өркениетті елдер қатарына жеткізуді армандап, еңбегімен елеулі үлес қосқан тұлға. М.Дулатов көптеген тарихи еңбектердің авторы. Ол қазақ халқының шығу тарихы, оның салт-дәстүрлері жайында, тың пікірлер айтып, салиқалы ой түйген. Оның Денсаулық жайындағы еңбегі нағыз салауатты өмір сүрудің сара бастауы. Себебі, ол еңбек дененің сау кезінде денсаулықты алдын-ала нығайту, сақтану, күтіну жолдарын ескеретін, игеретін ғылыми еңбек.
Денсаулық жайындағы еңбекте профилактикалық-гигиеналық талаптар бірінші кезекте ескертіледі.
Құлағың аман болады – бөлімінде бес түрлі, құлаққа ұрмау, айқайламау, кез-келген нәрсемен шұқыламау, таза ұстау, оның сырқатының алдын алу, дәрігерге көріну ережесін ұсынады.
Мұрның аман болады – егер де, әрдайым таза ұстап, оның қызметін, демалу ережелерін ұқыпты ұстасаң дейді.
Тынысыңның амандығы үшін сегіз түрлі ережені белгілейді. Тыныс тек мұрын арқылы жүзеге асуын, лас ауамен тыныстамау, үй тазалығын сақтау, бөлме ауасын тазартып алу, гулеме желден сақтану, ұйықтайтын бөлменің ауасының тазалығы – денсаулықтың күш қуатын нығайтатынын естен шығармауды, зиянды заттарды пайдаланбауды зерделейді.
Көзің аман болады егерде, нашар жарықта оқу, жазу жұмыстарымен айналыспасаң, жарықтың түсуін қадағала, жылжымалы транспорт үстінде оқыма, жатып іс қылма, жазуды сызықсыз түзу жазуға тырыс, көзді демалдыр, сақтанудың, тазалықтың, көру кемістігінің алдын алудың ережелерін түсіндіреді. Үйде жұмыс қылғанда саламаттық сақтау үшін деген бөлімде жұмыс үстінде дененің сымбаттылығы мен саулығына арналған барлық ережелердің он түрлі әдістерін ескеруді айтады [20].
М.Дулатов – денсаулық сақтауда профилактикалық-гигиеналық талаптармен қоса, адамның салауатты өмір салтын қалыптастырудағы күн режимін, тазалық, ұқыптылық, жауапкершілік, адамгершілік, имандылық деген құнды қасиеттерді астарлайды. Және оны әңгіме мысалдармен толықтыра түседі. Мысалы: “Байлық” атты әңгімесінде:
“Бір жарлы жігіт жас күнінде оқыған ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей болғандығын шақты. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбінің бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін сөйлейді. “Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің?” – дейді ұстазы. “Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың” және шәкірітінің оң қолын көрсетіп сұрады: “Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?”, “Құдай сақтасын, он мың сомға да кестірмеймін” – деді жігіт. “Қаншаға берер едің жарық дүниені көретін қырағы көздеріңді, сақ құлағыңды, мықты аяқтарыңды?” – деді ұстаз. “Мен бұларды дүниенің малына да айырбастамас едім” – деді шәкірт. “Қалайша енді осыншама байлыққа ие болып тұрып, жарлымын дейсің?!” – депті ұстазы.
А.Байтұрсынов “Тәні саудың – жаны сау” екенін айта отырып, “Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән саулықта” – деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазалығы. Ол саулықтың іргетасын қалайды.
М.Жұмабаевтың пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі, Автор олардың бір-бірімен байланыстылығын былай түсіндіреді: "Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды жұмыстарға жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам – адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын" – деген.
Қазіргі кезде қазақша күрес халықаралық дәрежеде мойындалып, әртүрлі оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізілген.
Бәйге - қысқа қашықтыққа шабатын ат жарысы; аламан-бәйге 50 км. қашықтыққа шабатын ат жарысы. Қысқа қашықтыққа өткізілетін ат жарыстарына жас аттар қатысады, яғни шабатын аттың қашықтығын анықтауда негізгі критерий ретінде аттың жасы белгіленген.
Көкпар - Орта Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Көкпардың 2 түрлі нұсқасы бар. Ауылдарда ең көп тараған түрі - жалпы тартыс, ойынға көптеген шабандоздар қатысады да әрқайсысы көкпар үшін өзі бетінше таласқа түседі. Дода-тартыс деп аталатын екінші түрінде көкпар үшін тартыс командалар арасында жүріп жатады.
Аударыспақ - атбегілер ат үстінде отырып алып, бірін-бірі ат үстінен аудару үшін күреседі.
Сонымен қатар, ҚР ның түрлі аймақтарында кеңінен тараған спорт түрлері мен жоғарыда аты аталған спорттың басқа түрлері бар:
1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.
5. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.
Ұлттық спорт түрлерінің бірімен, бұқаралық спорт түрлерінің бірімен қарқынды түрде шұғылдану, әдетте, адам өміріндегі ағзаның жас кезеңіне сай пісіп жетілуіне сәйкес келеді, себебі адам дамуының пісіп жетілуі басқа кезеңге қарағанда дәл сол кездегі ағзаның қызметтік және бейімделу мүмкіндіктері мол болып табылады. Осы кезеңнің үзақтығы спортшының жеке-дара ерекшеліктеріне, таңдаған спорт түрінің өзгешелігіне, шұғылданатын адамның өмір салтына және басқа да көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Өмірдің бұдан кейінгі кезеңдеріндегі спортпен шұғылдану сауықтыру бағытына ие, яғни жоғары дәрежедегі жүктемелерге құрылмайды және көп жағдайда жарыс қызметінсіз жүргізіледі [21].
Спорт пен ойындардың бұқаралық түрлері көрініс түрінде тәрбиелік қызмет атқарып, бұқаралық насихат ісіне қызмет етуі үшін ұлттық спорт түрлері және дене тәрбиесі тәсілдері, ол бойынша өткізілетін жарыстар жақсы ұйымдастырылып, ұлттық мереке ретінде жарқын түрде өтуі тиіс.
Қазақстан үкіметі ұлттық спорт түрлері мен ойындардың дамуына көп көңіл бөлуде. Қазақтың ұлттық ойындарының дамуында ұлттық спорт және ойын түрлерінен өткізілген I Спартакиада үлкен рөл атқарды. Қазіргі кезде республикада келесі ұлттық спорт түрлері мен ойындарынан жарыстар өткізіліп келеді: қазақша күрес, қыз қуу, аударыспақ, бәйге, жаяу жарыс, көкпар, тоғызкұмалақ.
Қорыта келгенде мемлекеттің ажырамас бөлігі әрбір отбасында салт-дәстүрлерімізді сақтай отырып бала тәрбиесінде және әрбір жеке тұлға ұлттық ойындарымызбен шұғылданса елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы Халыққа жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы жолдауы орындалар еді. Сонымен қатар еліміздің өмір сүру көрсеткіші айтарлықтай өсіп салауатты өмір салтын ұстанушылар көптеп бой көрсететінін сеніммен айтуға болады деп зерттеу жұмысының теориялық бөлімін тұжырымдауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет