Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау көрсеткеніндей, өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту проблемасы педагогикада жаңалық емес. Дені сау жастарды тәрбиелеу мәселелері барлық уақытта педагогтардың назарындағы нысан болды, мұның айғағы – берілген проблеманы әртүрлі аспектідегі зерттеулер.
Көптеген зерттеушілерді оқушылардың дене тәрбиесі мен өмір салтының медициналық –биологиялық аспектілері: оқушылардың физикалық дайындығын арттырудың физиологиялық негіздері, қимыл –қозғалысы мен функционалдық дамуы (В.К.Больсевич, В.А. Понамарчук, О.А. Аяшев ж/е т.б.), бала организмін шынықтыру мен науқастануын азайту, дене тәрбиесі мен спорт әсерінен болатын олардың денсаулығындағы өзгерістерді медициналық бақылау (А.Г. Сухарев, И.П. Брязгунов Н.Б. Коростелев т.б.) зерттеушілерді қызықтырады.
Берілген проблемаға жасалатын медициналық –биологиялық келістердің аясында мектеп гигиенасының мәселелері (Е.И. Кальченко, Д.В. Колесов, А.Д. Хрипкова, Д.Д. Шарипова т.б), дене тәрбиесі мен жаттығулар процесінде оқушылармен жүргізілетін емдеу-сауықтыру жұмыстарының мәселелері қарастырылады.
Одан кейінірек қазақтың халық ойындары туралы жазғандар: итальяндық И.И. Новокамский, австралиялық С. Герберштейн, орыс саяхатшысы В. Рычков, профессор П.С. Палас, венгер зерттеушісі А. Вамберид, неміс этнографы Р. Картицкан, ғалым А. Гумбольдт, поляк А. Янцикевич және тағы басқалар.
Халықтық педагогиканың тәрбиелік мәні туралы этнография жинақтаушылары К.А. Покровский, Н.А. Ивановский, Н.И. Гродсков, А.Диваев, А. Левшин, Ф. Лазаревский, А. Горликин, П. Хадыров, Е. Букин, О.Әлжанов және т.б. өз пікірін білдіреді.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы неміс ғалымы А. Гумбольдт өз достарына жазған хатында былай деп өзінің жақсы пікірлерін баяндаған екен: «Қазақ ауылдарында болған кезімді мен өзімнің ең бақытты кезім деп санаймын, себебі көшпенді халық мені өте жақсы қарсы алды. Олардың қонақжайлылығы мен халық ойындарын ұмыту мүмкін емес. Осындай қысқа уақыттың ішінде мен этнографиялық көптеген материалдар жинап алдым».
Достарыңызбен бөлісу: |