Жалған тұлғаларды пайдалану. Бұл жағдайда экономикалық қызмет ресми бір тұлгамен байланыстырылады, бірақ іс жүзінде баскамен жүзеге асырылады.
Салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаган салықтық міндеттемесін орындау:
төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
банктік шоттар мен касса бойынша шығыстық операцияларды токтата түру;
салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен камтамасыз етілуі мүмкін.
ҚР Қылмыстық Кодексi
244-бап. Азаматтың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы
Азаматтың декларация тапсыруы міндетті болып табылатын жағдайларда кірістері туралы декларацияны табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістері немесе шығыстары туралы не салық салуға жататын мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып жасалған, салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса,
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген іс-әрекетті жасаған адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салықтар және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті, сондай-ақ өсімпұлды өз еркімен төлеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |