ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ғылыми атақ беру туралы қолдаухатты Комитетке ұсынады.
Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 (бір) ай бұрын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманың электрондық (DOC (док) немесе DOCX (докикс) форматында) және сканерленген нұсқаларын, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жарияланымдарының тізімін, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімін ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурстарында орналастырады (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнайы оқу орындарынан, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын жағдайлардан басқа).
Қолдаухатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:
1) ілеспе хат – ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу күні көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;
2) жарияланымдар тізімі. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;
3) жарияланымдар тізімінде көрсетілген жарияланымдар көшірмелері;
4) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;
5) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс орны растаған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) шәкірттер – ғылыми дәрежесі бар тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
8) монографияның немесе оқулықтың (оқу (оқу-әдістемелік) құрал) қағаз және электронды нұсқалардағы түпнұсқасы;
9) жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі.
3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке пдф (pdf) файлы форматында (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа) сканерленген түрде ұсынылады.
Қандай да бір құжат болмаған жағдайда Комитет аттестаттау ісін қарамай, қайтару себебін көрсетіп, аттестаттау ісінің Комитетте тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қайтарады. ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым аттестаттау ісін қайтарылған күнінен бастап 1 айдан кешіктірмей қайта жібереді. Бұл ретте Ғылыми кеңестің жаңа қолдау хаты ұсынылады.
|
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аббревиатураны редакциялық түзету.
|