Салыстырмалы кесте


ЖЖОКБҰ-да профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда сәйкес келетін лауазымда, ЖЖОКБҰ-ның



бет8/16
Дата05.03.2024
өлшемі66.9 Kb.
#494288
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
! - 07 ’

ЖЖОКБҰ-да профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда сәйкес келетін лауазымда, ЖЖОКБҰ-ның немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;
2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда жарияланған 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші үміткердің мамандығына сәйкес ғылыми сала бойынша кемінде 50 болатын) 3 ғылыми мақала (үміткер бірінші автор немесе хат-хабарлардың авторы болып табылады). Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.
Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар «Мақала» (Article (Артикль) немесе «Шолу» (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыттағы (Multidisciplinary, Interdisciplinary, General, Miscellaneous), сондай-ақ аралас ғылым салалары бойынша бағыттағы халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі. Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль не Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет