Салыстырмалы кесте


Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қызметкерлеріне



бет6/16
Дата05.03.2024
өлшемі66.9 Kb.
#494288
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
! - 07 ’

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясының (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілерге, қызметкерлерге және жұмыскерлерге мыналар болған жағдайда беріледі:
1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес, оның ішінде ЖЖОКБҰ-да қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Сот төрелігі академиясының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орнының немесе ғылыми ұйымдарының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, ЖЖОКБҰ-ның әскери кафедрасында қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;
2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;
3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 (алты) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

ҚР Президентінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 198 Жарлығымен Сот төрелігі академиясына
жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі берілді.
Сот төрелігі академиясы ӘАОО-лар сияқты судьялар мен практикалық қызметкерлерді дәріс беруге тарта отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламалары шеңберінде практикалық оқытуды жүзеге асырады.
Мұндай тәсіл жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің 23-тармағының екінші бөлігіне іске асырылды (ҚР БҒМ-нің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 391 бұйрығы).
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында аббревиатураны редакциялық түзету.




7

4-6 тармақ

4-6. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі дәрежесі жоқ, бірақ полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:
1) осы Ереженің 4-5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;
2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда жарияланған кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;
3) осы Ереженің 4-5-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы немесе оқу (оқу-әдістемелік) құралы.

4-6. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет