Самашова Гульфарида Ергалиевна



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі457.04 Kb.
#175342
түріДиссертация
1   2   3

Негізгі бөлім

Қоғамның барлық саласында іс қағаздарын сауатты жүргізу мәселесі өзекті болып отырған қазіргі кезде жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудың осы бағытында ақпараттық технологияларды пайдалану мүмкіндігі жоғары нәтижеге қол жеткізуге ықпал етері сөзсіз. Сондықтан студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытуды жетілдірудің біден-бір жолы – ол кәсіби даярлау процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Жалпы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда ақпараттық технологияның мәнін ашу мақсатында біз қарастырып отырған ұғым бес анықтаушы сөзден құралған: іс қағаздарын жүргізу, ақпарат, технология, ақпараттық технология, оқыту. Сол анықтаушы ұғымдарға талдау жасай келе, ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту ұғымына авторлық анықтама бердік, яғни іс қағаздарын жүргізуге оқытудағы ақпараттық технологиялар дегеніміз – құжаттармен жұмыс істеу барысында ақпараттық технологиялар арқылы мәліметтерді жүйеге келтіру (құрастыру, өңдеу, жинау, тарату және т.с.с.) бойынша білім беру құралы.

Ақпараттық технологияны қолдану арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту жоғары оқу орны жағдайында жүзеге асыру идеяларын қанағаттандыру мақсатында іс қағаздарын жүргізуге оқытудың теориялық мәнін айқындауы мен жинақтауы педагогикалық шарттар жүйесін құрастыруға жол ашты. Осы шарттар жүйесін құрастыру мақсатында біз тиісті педагогикалық заңдылықтар мен педагогикалық принциптерді анықтадық (сурет 1).

Жалпы біз ұсынып отырған педагогикалық шарттар жүйесін бірден ұсынған онша дұрыс емес болғандықтан, біз бірінші педагогикада белгілі заңдылықтарға сүйене отырып, олардың ішінен тек өзімізге қатыстысын ғана іріктеп алып, содан кейін сол заңдылықтар негізінде педагогикалық принциптерді ажыратуды жөн көрдік. Педагогикалық принциптер белгілі бір жүйеде, бір уақытта, тығыз байланысқан кешен түрінде, параллелді жүзеге асып отырады оларды белгілі бір ретпен немесе тізбекті түрде пайдалану мүмкін емес. Осы принциптердің арасында негізгісі не екінші дәрежелісі болмайды, ал біз жұмысымызда пайдаланылған принциптердің арасында ең негізгісі деп «Пәндердің өзара байланыс принципін» алуды жөн көрдік, себебі студенттер біздің ұсынып отырған арнайы курстарымызды жоғары дәрежеде меңгерту үшін Қазақстан тарихы, қазақ тілі және информатика пәндерінің жеткілікті мазмұнда немесе көлемде оқытылу қажеттілігін ерекше атап өттік. Ал педагогикалық шарттарды белгілі бір тізбектілікте, белгілі бір жүйеде келтірдік, себебі жүйелі түрде ұсынылған оқу материалы негізінде ғана студенттердің іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша білік, білік және дағдылары қалыптасады.

Бұл әрекетіміз ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағазда­рын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің ғылыми дәйектілі­гін қаматамасыз етуге мүмкіндік тұғызды. Сонымен қатар, зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында ақпараттық т ехнологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың жетекші


Сурет 1 – Педагогикалық заңдылықтар, принциптер және шарттар


идеясы және зерттеуіміздің әдіснамалық негізі ретінде пәнаралық байланыстар принципі таңдалып алынды. Сонымен бірге, нормативті құжаттарды қарастыра келе студенттерді ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуда төрт пәннің өзара байланысының ерекше екендігіне көз жеткіздік. Олар – Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәндері.

Жалпы осы төрт пәннің оқытылу тізбектілігін А.А.Бейсенбаева әдісі бойынша келесі схема түрінде ұсынуға болады (сурет 2).


Қазақстан тарихы

Қазақстан тарихы, Қазақ тілі,

информа-тика,

мемлекет-тік тілде іс қағаздарын жүргізу




Нысан – тарих

Пәнге


қажетті нысан –

тарих, қазақ тілі, компью-тер,

құжат


=

Ақпараттық технология арқылы

іс қағазадарын

жүргізуге

оқыту


+

+

Қазақ тілі

Нысан – қазақ тілі

+

+

Информатика



Нысан - компьютер



+

+

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Нысан –құжат



+


Сурет 2 - А.А.Бейсенбаева әдісі бойынша пәндердің өзара байланысы

Біз ұсынып отырған жүйе келесі педагогикалық шарттарды қамтиды:


  • оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар;

- Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пәндеріне қосымша тақырыптар;

  • «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстар;

  • ақпаратты-дидактикалық кешен;

  • «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада.

Жоғарыда көрсетілген ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттарын біртұтас жүйеге келтіру үшін, оларды ортақ мақсатқа бағыттадық. Бірақта, әр бір шарт бұл жүйеде өзіндік міндет атқарады. Соған байланысты педагогикалық шарттар жүйесінің мазмұны да, формалары да өзіндік ерекшелігін және туелсіздігін сақтайды (сурет 3).
Сурет 3 – Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі

Педагогикалық шарттар жүйесінің біріншісі - оқытушыларға арналған «Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытуды ұйымдастыру» атты арнайы семинар. Семинардың мақсаты - оқытушыларға ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізу бойынша білім беру әдістемесін меңгерту. Бұл семинардың мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды: Ортағасырлық Қазақстандағы жазудың түрлері: ресми және дипломатиялық құжаттар бойынша білім беру; кеңестік кезеңдегі іс қағаздарын жүргізу жолдары; құжат тілі және құжат мәтінің жазылу стилінің ерекшеліктері; құжат мәтініне қойылатын талаптарды меңгерту; қызмет бабы бойынша құжаттарды пайдалану жолдары; мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу және кестелік құжаттарды жасау технологиясы түсінігін қалыптастыру; құжаттарды рәсімдеуде форматтауды пайдалану мүмкіндіктері; құжаттарды компьютерде және желіде басып шығару бойынша білім беру.

Педагогикалық шарттар жүйесінің келесісі - Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пәндеріне қосымша тақырыптар. Оның мақсаты - іс қағаздарын жүргізуді тереңдетіп оқытуға бағытталған, оның мазмұны кесте 1-де көрсетілген.
Кесте 1 – Қазақстан тарихы, қазақ тілі, информатика пәндеріне қосымшалар


Пәндер

Қосымша тақырыптар

«Қазақстан тарихы»

- Ортағасырлық Қазақстандағы жазу түрлері;

- «Жеті Жарғы» - ресми құжат ретінде;

- дипломатиялық құжаттар;

- кеңестік кезеңдегі іс қағаздарын жүргізудің жағдайы.



«Қазақ тілі»

- құжат тілі, құжат мәтінінің жазылу стилі;

- құжат мәтініне қойылатын талаптар;

- қызмет бабы бойынша құжаттардың түрлері;

- іскерлік хаттар, оның құрастырылуы және рәсімделуі;

- құжаттарды қазақ тіліне аудару ерекшеліктері.


«Информатика»

- құжаттарды мәтіндік процессор арқылы форматтау;

- кестелік құжаттарды жасау;

- құжаттарды басып шығару;

-желідегі баспаны ұйымдастыру.



Келесі педагогикалық шарт - студенттерге арналған «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Құжаттарды өңдеу технологиясы» атты арнайы курстар. Бірінші арнайы курстың мақсаты - қазіргі заман талабына сай іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша терең білім беру және басқарма аясында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін студенттерге келесі тақырыптар бойынша оқу материалдары ұсынылады: Қазақстан Республикасында қазақ тiлiнде құжатпен қамтамасыз етудiң мәнi; іс қағаздарын жүргізудің негiзгi ұғымдары және терминдері; құжаттың құрылымы; Қазақстан Республикасының құжаттама жүйесi; құжаттарды компьютерде дайындау технологиясы; құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру және т.б.; қызмет бабы бойынша құжаттарға қойылатын талаптар және т.б. Аталмыш курс 38 дәріс және 38 практикалық сағат көлемін қамтиды. Сол сияқты екінші арнайы курс 51 (24 – дәріс, 27 – лабораториялық жұмыс) сағат көлемінде құрастырылған. Оның мақсаты - бүгінгі заманға сай құжаттарды өңдеу технологиясын меңгерту. Пәннің мазмұны келесі тақырыптарды қамтиды: ақпараттық технологияларды ұйымдастыру негіздері; ақпараттық технологиялар құрылымы; ұйымдастырушылық техника құралдары және оның жіктелуі; электронды офис концепциясы; желілік технологиялар негіздері және т.б.

Осы педагогикалық шарттар жүйесінің арасында ең мамаңыздысы –ақпаратты-дидактикалық кешен. Оның құрамы кесте 2-де келтірілген. Мұнда студенттердің іс қағаздарын жүргізу саласы бойынша көзқарастарын кеңейту және білімдерін жоғарлату ортақ мақсатына бағытталған оқу материалдары қамтылған.

Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің келесісі - «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша студенттер арасында университеттік деңгейде факультетаралық олимпиада өткізу. Оның мақсаты студенттердің іс қағаздарын жүргізу бойынша білім деңгейлерін анықтау және қызығушылықтарын арттыру.

Ұсынылған педагогикалық шарттар жүйесін жүзеге асырудың нәтижесін тексеру мақсатында арнайы өлшемдер жүйесі құрастырылды. Критерийлер мен көрсеткіштер үш компонент бойынша жіктелді: мотивациялық, танымдық және процессуалдық (кесте 3).

Сонымен бірге, бұл көрсеткіштер студенттердің іс қағаздарын жүргізу бойынша білім, білік және дағдыларының қалыптасуы үш деңгей бойынша бөлістірілді: төменгі, орташа және жоғары.



Төменгі деңгей болашақ маман иесіне жаңа білімді, білікті меңгеруге пассивті түрде қатысады, өз кәсіби қызметінің саймандарына немқұрайлы қарайды, кәсіби қызметтің ақпараттық процестеріне деген көзқарасы оң емес. Алдына нақты мақсат қоймайды және өз жұмысын жоспарламайды, себебі оқу-танымдық қызметте негізісін ажыратпайды. Үнемі өзін-өзі бақылау жүйесін қолданылмайды.

Орташа деңгей болашақ қызметкер өз мамандығына оңтайлы қарайды және қызметін сайманмен қамтамасыз ету үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдану және енгізу идеяларын қабылдайды, компьютерді пайдалану бойынша шамалы білімі бар, бірақта оны білмегендіктен сирек қолданады. Кәсіби қызметтің мәнін түсінеді, ақпараттық технологиялар көмегімен кәсіби қызметті жүзеге асыру тәсілдерін меңгерген. Өзін-өзі тексеруде көбінесе өтілген материалдың өзгешелігі ескерілмейді.

Жоғары деңгей өз ісімен қызыға айналысады, қызметі белсендене түседі. Кәсіби қызметті ұйымдастырудың тиімділік тәсілдерін меңгереді, ғылыми білімдер негізінде оны болжай және басқара алады, сонымен қатар ақпараттық технологияларды қолдануды меңгереді. Жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес өзін-өзі бақылауды тиімді түрде жүзеге асырады.

Кесте 2 – Ақпаратты-дидактикалық кешеннің құрамы




Компонент атаулары

Мақсаты

Мазмүұны

1«Іс қағаздарын жүргізу және құжаттану» атты оқу-әдістемелік құралы


«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсын әдістемелік қамтамасыз ету, студенттердің бойына құжатпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Іс қағаздарын жүргізу және құжаттану негіздері, іс қағаздарын жүргізудің тарихы, “Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу” курсы бойынша қажетті теориялық, практикалық материалдар, тестік тапсырмалар, МЕСТ-қа сай құжат үлгілері қосымша ретінде рәсімделген.

2 «Құжаттану циклы пәндері бойынша терминологиялық сөздік (орыс, қазақ тілінде)»


Кәсіпкерлік терминологияны меңгеру кезінде студентлерге көмек көрсету; оқытылатын арнайы пәндер бойынша студент-тердің дүниетанымын дамыту; терминологиялық түсініктерді дұрыс түсіну және дұрыс пайдалану дағдысын ұғындыру; студент бойына ресми құжаттар тілі дәл, бір мәнді болуы тиіс деген түсінікті қалыптастыру.

Мұнда іс қағаздарын жүргізу, құжаттану, құжаттарды өңдеу технологиясы, мұрағаттану, лингвистика, мемлекеттік мекемелер тарихы, іскерлік терминология, информатика пәндері бойынша терминологиялық түсініктер қамтылған.


3 «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша электронды оқулық


Ақпараттық технология негізінде мемлекеттiк тiлде құжаттарды құрастыруды үйрету, iс жүргiзу саласында қазiргi заман талабына сай терең бiлiм беру

Қазақстан Республикасының қазақ тiлiнде құжатпен қамта­масыз етудiң мәнi; мемлекеттiк тiлде басқарманы құжатпен қамтамасыз етудiң негiзгi ұғымдары мен терминологиясы, құжаттың құрылымы, олардың жіктелуі; Қазақстан Республикасының құжаттама жүйесi.

4 «АВТОҚұжат-Сөздік» автоматты оқыту жүйесі

Студенттерді іс қағаздарын жүргі­зуге ақпараттық техноло­иялар негізінде оқыту

Курсты оқытуда іс қағаздарын жүргізу терминдері бойынша дауысты сөздік, анимациялы және дауысты құжат үлгілері.

5 «Құжаттарды өңдеу технологиясы» пәні бойынша электронды оқулық

Студенттерге құжаттарды құрас­тыру технологиясын меңгерту

Ақпараттық технологияларды ұйымдастыру негіздері, ақпараттық технологиялар құрылымы, ұйымдастырушылық техника құралдары, мәтіндік құжаттарды дайындаудың компьютерлік технологиялары, кестелік құжаттарды дайындаудың компьютерлік технологиялары және т.б.

6 «Методические рекомендации к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Технология обработки документов»

«Құжаттарды өңдеу техно-логиясы» курсын әдісте-мелік қамтамасыз ету, студенттерге құжаттармен жұмыс істеу техноло-гиясын үйрету

Үлкен көлемді құжаттарды құрастыруды, мысалы: қызметтік нұсқау, құрылымдық бөлімше туралы ереже, өнеркәсіптің жарғысы, келісім-шарттардың бірқатар түрлері және т.б. туралы сұрақтар.

7 «Оқу-әдістемелік құжаттаманы рәсімдеу ережелері. Мәтіндік құжат-тамаға арналған жалпы талаптар» атты фирмалық стандарт» (қазақ, орыс тілдерінде)

Студенттерге мәтіндік құжаттармен жұмыс істеу кезінде көмек көрсету

Реферат, зертханалық жұмыстар, практика бойынша есеп беру, курстық және дипломдық жұмыстарға (жобаларға) түсіндірме хат және т.с.с

Кесте 3 – Компоненттер бойынша ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің іс қағаздарын жүргізу білім, білік және дағдыларын анықтайтын өлшемдер мен көрсеткіштер



Компонент

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мотивациялық



Кәсіби іс-әрекетке қызығушылық


- кәсіби оқытуын жетілдіруге ынтасы;

- кәсіби оқытуын жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылығы;

Іс қағаздарын жүргізуде ақпараттық технологияны қолдану қажеттілігі

- іс қағаздарын жүргізуді оқытудың қоғамдық мәнін саналы түрде сезіну;

- ақпараттық технология негізінде студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың маңыздылығын түсіну.

Танымдық


Қазақстан тарихы бойынша білімдері

- ортағасырлық Қазақстандағы жазу түрлері туралы білімі;

- «Жеті Жарғы» жөніндегі білімдері;

- дипломатиялық құжаттар туралы білімдері;

- кеңестік кезеңдегі іс қағаздарын жүргізудің жағдайы туралы білімі.

Қазақ тілі бойынша білімдері

- құжат мәтінінің жазылу стилі, құжат мәтініне қойылатын талаптар туралы білімі; қызмет бабы бойынша құжаттардың түрлері туралы білімі;

- іскерлік хаттар, оның құрастырылуы және рәсімделуі туралы білімі;

- құжаттарды қазақ тіліне аудару ерекшеліктері туралы білімі.

Информатика бойынша білімдері


- құжаттарды мәтіндік процессор арқылы форматтау туралы білімі;

- кестелік құжаттарды жасау туралы білімі;

- құжаттарды басып шығару бойынша білімдері;

- желідегі баспаны ұйымдастыру жолдары туралы білімдері.

Процессуалдық



Іс қағаздарын жүргізу бойынша білімдері

- іс қағаздарын жүргізудің нормативті-әдістемелік базасы туралы білімі;

- құжаттардың жіктелуі және функциясы туралы білімі;

- құжат реквизиттері туралы білімі.

Құжаттарды құрастыру дағдылары

- құжаттарды құрастыру дағдылары;

- құжаттарды рәсімдеу дағдылары.

Құжаттарды компьютерде рәсімдеу дағдылары

- құжаттарды мәтіндік процессорда құрастыру дағдылары;

- құжаттарды кестелік процессорда құрастыру дағдылары;

- құжаттарды мәтіндік және кестелік процессорда рәсімдеу және форматтау дағдылары;

- құжаттарды басып шығару дағдылары.

Алдымызға қойылған міндеттерді толығымен тексеру, шешу және ғылыми болжамның дұрыстығын тексеру мақсатында ғылыми аппаратта келтірілген мамандықтар бойынша эксперименттік жұмыс жүргізілді.

Эксперименттің міндеті: оқу процесінде ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін тексеру.

Педагогикалық эксперименттің айқындаушы деңгейлері 2001/2002 оқу жылының басында және соңында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірқатар мамандық студенттерімен өткізілді. Эксперимент үш қисында өткізілді, эксперименттің дәлелділігін жоғарлату мақсатында бақылау және эксперимент топтары ажыратылды.

Экспериментке қатысушы студенттердің жалпы саны келесі формула бойынша дәл анықталды:

мұндағы: t – зерттеуші қасиеттің таңдалып алынған мөлшердегі сол немесе басқа мүмкін жалпы санының жуықтап алғандағы саны 5% тең. n санды мәнін анықтаудағы таңдалып алынатын мөлшер жөніндегі мағлұматтар болмаған жағдайда W·(1- W) максималды мәні қабылданады, ол 0,025-ке тең (W=0,5 және (1-W) = 0,5 кезінде). Біздің зерттеуімізде N=8499-ға тең, ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің статистикалық берінділері бойынша алынды. Берілген мәндерді қойып, келесіні аламыз:



Сонымен, экспериментке әр қилы мамандықтардың 2, 3, 4 курс (пәннің жүргізілуіне байланысты) бойынша (382 адам – 198 - бақылау және 184 - эксперимент) 3 факультеттің (кәсіби көркем-өнер, шет тілдері, педагогика) студенттері қатысты. Оқыту Pentium ІV дербес компьютермен қамтамасыз етілген компьютер сыныптарында өткізілді.

Студенттердің іс қағаздарын жүргізуге қызығушылықтарын, көзқарастарын, білім деңгейлерін және т.б. анықтау мақсатында сауалнама өткізілді. Сауалнамада студенттерге 12 сұрақ таратылды. Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша студенттердің білім, білік және дағдыларын анықтау үшін бастапқы тестілеу өткізілді және практикалық тапсырмалар жасалды.

Айқындаушы эксперимент нәтижелері кесте 4-те көрсетілген.


Кесте 4 - Айқындаушы эксперименттің нәтижелері (%)


Компоненттер__Экспер._тобы__Бақылау_тобы'>Компоненттер

Экспер. тобы

Бақылау тобы

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

Мотивациялық компонент

33,8

41,6

24,6

36,1

40,4

23,5

Танымдық компонент

42,8

39,8

17,4

44,5

38,9

16,6

Процессуалдық компонент

83,3

16,4

0,3

84,2

15,7

0,1

Орташа көрсеткіш

53,3

32,6

14,1

54,93

31,67

13,4

Бұл мәліметтер бойынша ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту жағдай бүгінгі заман талабына сай емес, сонымен қатар құжаттармен жұмыс істеу дағдыларының төмен екендігі анықталды.



Айқындаушы эксперименттің нәтижелері қалыптастырушы эксперимент кезеңін жоспарлауға және өткізуге негіз болды. Бұл кезең біздің ұсынып отырған ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесін тәжірибеден өткізіп, тексеруге бағытталған. Қалыптастырушы эксперимент барысында екінші кескін өткізіліп, оның нәтижелері бірінші және үшінші (қорытынды) кескіннің көрсеткіштерімен салыстырмалы түрде талданды.

Қорытынды эксперименттің нәтижелері эксперимент тобындағы студенттердің ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізу бойынша білім, білік және дағдыларының қалыптасқандығын көрсетті (кесте 5, сурет 4).


Кесте 5 - Ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің іс қағаздарын жүргізу бойынша білім, білік және дағдыларының қалыптасқан­дығының нәтижесі (қорытынды эксперимент)



Компоненттер

Эксперименталды топ

Бақылау тобы

1 кескін

3 кескін

1 кескін

3 кескін

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

төм.

орт.

жоғ.

Мотивациялық

33,8

41,6

24,6

5,6

57,7

36,7

36,1

40,4

23,5

25,4

47,9

26,7

Танымдық

42,8

39,8

17,4

5,1

63,7

31,2

44,5

38,9

16,6

33,5

46,7

19,8

Процессуалдық

83,3

16,4

0,3

37,6

46,8

15,6

84,2

15,7

0,1

79,7

19,9

0,4

Орташа көрсеткіш

53,3

32,6

14,1

16,1

56,1

27,8

54,9

31,7

13,4

46,2

38,2

15,6

Кестеде жалпы үш компонент бойынша бастапқы және соңғы нәтижелер келтірілген, эксперименталды топтағы нәтиже 18,6%, ал бақылау тобындағылар 4,35%, яғни эксперименталды топтың нәтижелері бақылау тобына қарағанда 14,25% жоғары екені анықталды.


Сурет 4 - Ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің іс қағаздарын жүргізу бойынша білім, білік және дағдыларының қалыптасқандығының қорытынды нәтижелерінің динамикасы (эксперименталды топ)

Кесте 6-да келтірілген нәтижелер бойынша біздің анықтаған ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттарының тиімді екенін көріп отырмыз. Сонымен, эксперименталды топтағы қорытынды (үшінші) «қисын» студенттердің жартысындай бөлігінде (46,8%) орташа деңгейге дейін бізге қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға болатынын көрсетіп отыр, себебі бақылау тобында бұл деңгейді студенттердің (19,9%) тек төрттен бір бөлігі ғана көрсетті.

Кесте 6 – Студенттердің білім, білік және дағды деңгейлерінің өзгеруі (%)


Деңгейлер

Эксперименталды топ

Бақылау тобы

Төмен

37,6

79,7

Орташа

46,8

19,9

Жоғары

15,6

0,4

Эксперименталды топтағы ақпараттық технологиялар арқылы студенттердің іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша білім, білік және дағдыларын қалыптастыруда жоғары оқу орнының оқу процесіне ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесін енгізу қажеттілігінің маңызы зор.

Ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесі студенттердің оқу-практикалық және ақпараттық технологияларды пайдалану іс-әрекеттерін белсендендіруге мүмкіндік берді; студенттердің кәсіби оқытуды жетілдіруге ынтасын тудырды; кәсіби оқытуын жетілдіруге қажетті білім, білік және дағдыларды игеруге қызығушылықтарын арттырды; іс қағаздарын жүргізуді оқытудың қоғамдық мәнін саналы түрде сезінуге мүмкіндік берді; ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың маңыздылығын дәлелдеді.

Бақылау және эксперименталды топтарында студенттерді ақпараттық технологиялар арқылы іс қағаздарын жүргізуге оқыту бойынша білім, білік және дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында бақылау тапсырмалары және тестік тапсырмалар құрастырылды. Бақылау сұрақтар 100 балдық жүйе бойынша бағаланды. 0-ден 40-қа дейін – төменгі деңгей; 41-ден 80-ге дейін – орташа деңгей; 81-ден 100-ге дейін – жоғары деңгей.

Сонымен, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың нәтижелері біздің ұсынып отырған ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттар жүйесінің тиімді екенін көрсетті.

Біздің ұсынып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін дәлелдеу үшін корреляция коэффициентін Пирсонның сызықтық корреляция формуласы бойынша есептеп шығардық:



мұндағы r – корреляция коэффициенті; - бастапқы сараптама берінділері; - соңғы сараптама берінділері; n – таңдау жиынтығы.

Мұндағы таңдау жинағы (n) барлық үш компонент бойынша орташа және жоғары деңгей көрсеткіштерінің қалыптасқандығын құрайды (x - бақылау тобының көрсеткіштері, y - эксперименталды топтың көрсеткіштері).

Бұл формула бойынша корреляцияның коэффициенті 0,94 болып шықты. Яғни, бұл коэффициент біздің ұсынылып отырған ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттарының тиімділігінің дәлелі.

Эксперименталды топтағы ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқыту білім, білік және дағдыларын қалыптастыруда жоғары оқу орнының оқу процесіне ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесін енгізу қажеттілігі туып отыр деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет