болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым [12]. Дүниетаным үрдісінде
болмысқа логикалық ұғым, категория,
заң арқылы танылса, көркем сана
дүниені нақты сезіммен түйілген бейнелер арқылы таниды. Қоғамдық сананың
ерекше нысаны болып табылатын өнер-эстетиканың арнайы зерттейтін саласы.
Эстетика өнердің өзін зерттеумен ғана шектелмейді, адамның материалдық
және рухани қызметінде көркемдік болмысқа деген эстетикалық көзқарасын да
зерттейді.
Қазақ Ұлттық энциклопедиясында
Эстетика (грекше aithetikos-сезіну,
сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсіну
заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың
мәнісі мен формалары туралы ғылым [13]. Эстетика ғылым ретінде осыдан бес
мың жыл бұрын - Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге
келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған.
Демокрит, Аристотель,
Эпикур, Лукреций Кар өз еңбектерінде сұлулықтың обьективті негізі – шындық
өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында,
заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз мәңгілік
және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы
идеяның көрінісі ғана болып табылады. Қайта
өрлеу дәуірі ойшылдарының,
жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Б.Альберти, Леонардо до
Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель т.б) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы
реалистік бағыттар дамыды. Ағарту дәуірінің теорияшылары (У. Хогарт,
Дидро, Руссо, Винкельман, Лессинг, Гердер) сондай-ақ олардың дәстүрлерін
жалғастырушылар (Шеллер мен Гете) өнердің шындық өмірмен байланысын
орнықтырды. Э.Кант пікірдің мүлдем «мүддессіздігі» туралы қағида ұсынды.
Ол сұлулықты пайдаға көркемдік форманы толымдылығын идеалық мазмұнға
қарсы қойып, формалистік эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз
еңбектерінде эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама
принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстетикалық
қызметті капиталистік өндірістің қарама-қайшылық сипатымен салыстыруға,
эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын
анықтауға мүмкіндік береді. Алайда обьективті идеалист бола отырып, Гегель
өнерді абстрактылы рухтың бірінше және
жетілмеген формасы ретінде
айқындады. Фейрбах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физикалық
қасиетінен, ал эстетикалық сезімдер мен талғамдарды биологиялық
заңдылықтардан адам «табиғатынан» алып көрсетуге тырысты. Эстетика орыс
демократтары Белинскийдің, Чернышевскийдің, Добралюбовтің еңбектерінде
реалистік өнер, заңдылық, өнердің идеалылығы халықтығы принциптерін жасау
мәселелерінеде көтерілді. Қазіргі философия ғылымында эстетика мәселесі мен
міндеттері көбінесе мына жайтпен айқындалады. Адамның дүниені
эстетикалық тұрғыдан ұғынып түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш
нәрседен тұрады:
1. Обьективті шындықтағы эстетикалық ұғым;
2. Субьективті Обьективті эстетикалық ұғым (эстетикалық сана);
7
3.Өнер (Субьективті және обьективті эстетикалық ұғымдардың бірлігі
ретінде). Эстетика дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып -түсінудің обьективті
негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге
бағытталған жасампаздық күштері ашылатын
олардың шығармашылық
қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. Негізгі эстетикалық
категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, ақиқаттық пен пасықтық, трагедия
мен комедия болса, олар қоғамдық байланыста адам өмірінің әрбір саласында -
өндірістік еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқкраста, мәдениет,
тұрмыста т.б жағдайларда дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсінудің
көрінісі ретінде байқалады. Эстетикалық ұғынып-түсінудің субьективті жағы-
ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеаларды, мұраттарды,
эстетиканы обьективті өмірлік үрдістер мен қатыныстарды көрсете бейнелеудің
өзіндік формасы ретінде қарастырады. Өнер, көркем шығарма оның маңызды
жағы ретінде қарастырады. Эстетика өнердің мәнісі мен оның заңдылықтарын
зерттей отырып, арнаулы, теория және тарихи ғылымдар және өнер туралы
ғылымдармен тығыз байланысты дамыды. Бірақ эстетика негізінен
философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстетикалық қатыныстарының
жалпы заңдылықтарын зерттейді, Ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз
қалпында ерекшелігіне назар аударады. Философия сияқты ғылымы бола
отырып, эстетика эстетикалық сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам
өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді
өз проблематикасының басты
назарына қояды. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала
отырып, эстетика өнердің табиғатымен көркем шығармашылық үрдісінің түрлі
жағын өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа
формалары мен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың
ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік
әдіс пен стилдің маңызын т.б ғылыми тұрғыдан ашып көрсетеді (Т.Ғабит).
Эстетикалық тәрбие берудің түрлі теорияларын зерттеу және танысу
барысында біз түрлі дәуірлер теоретиктерінің еңбектің, өнердің ролін
эстетикалық тәрбиенің аса маңызды құралы ретінде бағалап, оған жастарға
адамгершілік тәрбие беру жүйесінде ерекше орын бөлгендігін аңғардық.
Эстетикалық тәрбиедегі қол өнердің айрықша
ролі оның шынайылықты
эстетикалық игеру әдісінің, эстетикалық әрекеттің жоғарғы нысаны болып
табылатындығымен түсіндіріледі. Сол себептен өнер, қай ғасырда болмасын,
қоғамдық өмірде маңызды орынға ие болды.
Философиялық тұрғыдан алып қарайтын болсақ “эстетика” деген сөздің
өзіне былайша түсініктер берген. “Эстетика”-көркемдік таным теориясы,
әсемдік туралы, көркем шығарманың жалпы заңдары туралы, адамның
болмысқа эстетикалық қатынасы туралы ғылым, өнерге деген көзқарас, өнерді
қабылдау, сезіну, түйсіну, түсіну[14].
Ал, «эстетикалық»
дегеніміз не, бұл сөз нені білдіреді? Бұл гректің сөзі,
оның тікелей аудармасы “сезінушілік” (чувственное) дегенді білдіреді: Мұнда
көру, есту, түйсіну, талғам арқылы – бұл адамдардың сезінуі.
8
Эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың
соншама ауқымды саласын қамтиды.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз
– Т.А.Ильинаның айтуы бойынша өнердегі,
табиғаттағы және бүкіл қоршаған өмірдегі әсемдік құралдары арқылы
тәрбиелеу деген сөз[15].
Достарыңызбен бөлісу: