Самболат посл дип docx


Кесте 1 – «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы табиғат лирикасына



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата23.04.2024
өлшемі373.08 Kb.
#499643
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Самболат посл дип docx

Кесте 1 – «Әдебиеттік оқу» оқулықтарындағы табиғат лирикасына
жазылған шығармалардың берілуі
Р
р/с
Оқулық
Шығарма
Авторы
2
1
Әдебиеттік оқу. 2-
сыныпқа
арналған.
Алматы «Атамұра».
2013.
Көктем келді (2шумақ)
«Күз» (2шумақ)
Жаңбыр жауды.
«Көктем» (4 шумақ)
«Ақша қар» (3 шумақ)
М.Әлімбаев
А.Құнанбаев
Н.Әлімқұлов
Ә.Асылбеков
З.Шүкіров
3
2
Әдебиеттік оқу. 3-
сыныпқа
арналған.
Алматы, «Атамұра».
2014.
«Ауыл күзі» (8 шумақ)
«Қыс» (3 шумақ)
«Жазғытұры» (2 шумақ)
«Жазғытұрым» (4 шумақ)
«Көктем» (5 шумақ)
«Жаңбыр» (2 шумақ)
«Көктем» (7 шумақ)
«Өзен» (4 шумақ)
«Дала» (4 шумақ)
Т.Жароков
А.Құнанбаев
А.Құнанбаев.
І.Жансүгіров
С.Мұқанов
Б.Майлин
Қ.Аманжолов
Ы.Алтынсарин
С.Сейфуллин
4
3
Әдебиеттік оқу. 4-
сыныпқа
арналған.
Алматы, «Атамұра».
2015.
«Аппақ қыс» (5 шумақ)
«Көктемде» (4 шумақ)
«Көктем жыры» (2шумақ)
Т.Айбергенов
І.Жансүгіров
М.Хакімжанова
Мысалы, 2-сыныпта М.Әлімбаевтың «Көктем келді» және
Ә.Асылбекаовтың «Көктем» өлеңдерінде көктемнің қалай басталатынын, оның
алғашқы айларында табиғатта болатын өзгерістер: күн нұрын төгіп, көл
мұзының еруі, күн күркіреп, жауын жауып, жерге көк шығып, күлімдей
36


құлпыруы көктемнің алғашқы гүлі-бәйшешектің шығуы, сай-саламен аққан су,
көбелек ұшып, қаз-үйректің көлді шуға бөлеуі, көктемнің егіске елдің кірісе
бастауы, ауыл маңын малдың даң қылуы, балалардың көктемді қарсы алуы,
оқушылардың көз алдына сұлу суретті елестетіп, шынайы өмір көрінісін
бейнелейді [35]. Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету барысында мұғалім мынадай
жұмыстарды орындауға тиіс. 
1.Авторлар туралы қысқаша дерек.
2.Осы автордан оқушылардың бұрын оқыған, естіген шығармаларын еске
түсіру.
3.Өлеңнің негізгі атын, тақырыбын айтқызу.
4.Бейнелі сөздер мен сөз тізбектерін тапқызу.
5.Өлеңде неше шумақ, әр шумақ неше жолдан құралғанын анықтау.
6.Ұйқасып тұрған сөздерді табу.
7. Кейбір сөздердің мәнін, мағыналас қатарын, басқаша мәнін т.б. ашу.
8. Өлеңді жатқа айту.
9. Көрнекіліктерді пайдалану.
10. Өлең мазмұнына сай мазмұндама жазуды тапсыру.
Лирикалық шығармаларды өту әдістемесін сөз ете отырып, енді
оқушылардың, жас өспірімдердің оларға деген жағымды көзқарасы,
қызығушылығын қалай туғызу керек, оның тиімді әдіс-тәсілдері қайсы, осы
мәселеге тоқталайық.
Оқушыларды лириканы сүюге, түсінуге оны өз еріктерімен оқуға өмірлік
сырлас досы етуге талпындыру оны оқытудың басты мақсаты болып табылады.
Оқушылардың оған деген жағымды көзқарасын қалыптастыру жүйелі жұмысты
талап етеді.
Ең бастысы лирикалық шығармалардың пихологиялық иірімдері баланың
рухани дүниесінің байытуға әсері зор екендігін естен шығармаған абзал.
Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен
талдау жұмысы. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу - мұғалімнің де ең
негізгі қызметі, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды
бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны
оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу,
түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой өрісіне байланысты
жүреді. Көркем туындыны кім қалай қабылдайды, ол туралы қандай пікірде
болады – ол әр оқушының өзіне байланысты жүзеге асады.
Мұғалімінің оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы – осы көркем туындыны
оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу.
Оның ең бір тиімді жолы – үнемі оқушы пікірін, ойын тыңдау, онымен
есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарлап,
таныстыру емес, алдын- ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту.
Бұл жұмыс бастауыш сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек.
Мысалы, 4-сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны
үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол
туралы пікірі, ойын айту - аса күрделі мәселе (әсіресе, төменгі сынып
37


оқушылары үшін). Жалпы бұл жерде айта кететін жағдай – қай шығарма
болсын, мұғалім бар баланың ол туралы ойын біліп үлгере алмайды. Сондай- ақ
бар бала да өзі оқыған туынды туралы сезімі, әсерін сол қалпында жеткізеді деу
де қиын дүние. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынандай көмек – нұсқау
үлестірмесін ұсынуға болады (сабаққа дейінгі тапсырмалар):
1.Өлеңді асықпай,әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет
оқысаң, тіпті жақсы.
2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудар.
3. «Күздегі» адамдар іс - әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін есте сақта.
4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл күйде болғаныңды айтып беруге
тырыс.
Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы
жүргізіледі.Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға
мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық - «көсемдік» орны да
ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім
арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен
үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Ол қандай мақсат?
Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып -
білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық
көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне
әсер ету. Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта
айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс - әрекетін дамыту. Сондай- ақ ең
басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік –
эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін,
т.б.бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.
Талдау кезінде мұғалім оқушылардың сол көркем туынды туралы
сезіміне, жүрек лүпіліне, ойына біршама ене алады. Ол үшін қойылатын сұрақ,
тапсырма мазмұны нақты, әрі басты мақсатты ашатындай берілуі тиіс. Талдау
арқылы оқушы қабылдауын, пікір ашудың бір жолы – жазбаша жұмыстар
жүргізу. Оқушы жазушы шығармасын тілге тиек ете отырып, талдауды осыдан
бастауына болады. Мұғалім әрі баланың сезіміне бойлай отырып, сол сезімдер
арқылы, оқушының қабылдауы арқылы оларды әдеби талдауға жұмылдырады,
талдау белсенділігіне ықпал жасайды. Бұдан шығатын қорытынды: әдеби
талдауды мұғалім ең алдымен оқушы сезімі, сол шығарманы қабылдау
барысымен таныса отырып, соның негізінде жүргізуі керек. Яғни көркем
туындыны оқушының қабылдауы мен оған әдеби талдау жасау бірлікте
ұйымдастырылған жөн. Жоғарыда сөз болған «Күз» өлеңіне әдеби талдауды
мынандай сұрақтармен жүргізуге болады:
1. «Күз» суреттері неге өздерің айтып жатқандай, «түсі суық сұр бұлт»,
«дымқыл тұман...» «жапырағынан айырылған қурайлар» арқылы беріледі?
2. Қалай ойлайсың, «Күзді» сипаттау үшін, кедей өмірі не үшін
суреттелген?
3. Өлең неге жабырқаңқы көңіл күймен, ақынның көңілсіз үнімен
жазылған? Осы арқылы өлеңдегі ақын мақсатын, ойын ашып бере аласың ба?
38


Кей жағдайларда оқушы әсері, сезім – күйін байқау сұрақтары мен талдау
сұрақтары ұштастырылып беріледі (жоғарыда екеуінің бөлек құрастырылған
үлгісі берілді). Бірақ мақсат – біреу. Екі сұрақ бір- бірінен туындап, бір - бірін
толықтырып отыр. Оқытудың бірізділік, жүйелік принциптері әдеби
шығармаларды оқу, талдауда ерекше орын алады. Мысал ретінде 4- сыныптағы
Ә.Сәрсенбаевтің «Алтын күз» өлеңін талдау, сұрақ тапсырмаларының үлесін
берейік (оқушы сезімін байқау, әрі талдау мәселелері бірге қарастырылып
отыр).
1.Күзді сипаттайтын бейнелі сөздер, сөз тіркестеріне назар аударыңдар.
Абайдың «Күз» өлеңіндегі бейнелі сөздері мен Әбу ақынның күзді суреттейтін
сөздерін мына үлгіде теріп жазыңдар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет