шығарманы идеялық-көркемдік қасиетін жанды түрде сезіп айқын ұғынып
қабылдай білуін қамтамасыз етуге тиіс. Міне, сонда ғана мұғалім лириканың
сан алуан сыршылдық сипатын олардың сана-сезіміне жеткізе алады. Сонымен
қатар, табиғат лирикасының туындыларына байланысты музыка мен бейнелеу
өнерінің туындыларын үйлестіре отырып қолдану тиімді деп саналады.
Енді осы табиғат лирикасына жазылған шығармалар арқылы оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру әдіс-тәсіліне арнайы тоқталайық. Эстетикалық сезім
тудырудың негізгі –сөз және сөздің мәнері. Соған орай ана тілі сабақтары сөз
өнеріне дағдыланудың маңызды құралы.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды компоненттерінің бірі – балаларды
табиғатты сүюге тәрбиелеу болып табылады. Бұған В.А.Сухомлинский ерекше
зор мән бергені мәлім. Ол былай деп тұжырымдайды «.... ақындық творчества
сұлулықты көруден басталады. Табиғаттың сұлулығы ұғымды күшейтіп
творчествалық ойды оятады, сөз жеке дара әсерленушілікті толтырады».
Оқу сабақтарында балалар әдебиетінің эстетикалық байлығымен
таныстыру, сонымен қатар оқуға жаттығуда қалыптастыру сияқты жұмыстарды
үйлестіру қиыншылықтарын мұғалімдердің жеңе білуі керек. Төменгі сынып
оқушыларына тәрбие берудің табысты болуы мұғалімдердің эстетикалық
дәрежесінің өсуіне байланысты екенін көрсетіп қажеті жоқ.
Экологиялық жағынан табиғатты қорғай отырып, эстетикалық тәрбие
беріп оқытуға ерекше мән беріп отырғаны баршамызға мәлім.
Оның негізгі
өзегі табиғатты сүю, қызығу, қорғау. Қызыға, сүйсіне отырып эстетикалық
тәрбиені дарытып, оқу сабағында тіл арқылы, әрине тілдің эмоциялық бояуын
келтіру арқылы беріледі. Табиғат сұлулығына, әсемдігіне байланысты өзі де
қызыға, оқушыларды да қызықтыра, олардың жан дүниесіне жеткізе отырып,
сабақ жүргізсек деген бағытпен әрі оқу сабағы құбылыстарын, оның әсем
бейнесінің суреттелуін толық түсінген жағдайда ғана нәтижелі болатыны
байқалады [37].
Бастауыш сыныпта табиғат туралы көркем шығармаларды оқыту
барысында оқушылардың бойында табиғатқа деген сезім, сұлулық сезімі
оянатыны сөзсіз. Мәселен, 1-сыныпта оқытылатын Ілияс Жансүгіровтің
«Жазғытұрым» өлеңін алалық:
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды – жаз кепті [38, 96-97].
Осы өлең 3-сыныпта Абайдың «Жазғытұры»
өлеңінен кейін толық
келтірілген [39, 224-225].
Немесе, осы сыныптағы Сәкен Сейфуллиннің «Дала» өлеңін алалық.
Құшағын жайған кең дала
Төсін ашқан анадай.
Қаладан келген сағынып,
Бейне бір жас баладай.
Далаға келіп көк-жасыл,
Кестелі жібек көрпедей,
Жас балаша шаттанып,
Құлай кеттім еркелей [39, 289].
45
Осы өлеңнің мазмұнын ашу арқылы балаларға туған жердің табиғаты,
оған деген ақынның сезімі т.б. толық түсіндіруге болады. Бұл үшін мынадай
сұрақтар қоюға болады:
- Өлеңнің бірінші шумағында ақын жазғы даланы неге теңейді?
- Неліктен?
- Жазғы дала неліктен «кестелі жібек көрпедей»?
- Ақын нені көк ала кілемге теңейді?
- Ақынның көк шалғынға, гүлдерге «жан бітіріп» суреттеген жолдары
қай шумақта және қалай берілген?
3-сыныпта Абайдың «Қыс» және С.Сейфуллиннің «Қызыл шұнақ»
өлеңдері берілген. Аталған екі өлеңді салыстыру арқылы бірдей тақырыпқа
жазылған өлеңдердің өзіндік ерекшеліктерін танытуға болады.
Әдебиеттік оқу сабағында мұғалім әдеби шығармалардың жәрдемімен
сабақ үдерісінде бастауыш сынып оқушыларына
тұрмыс қажетіндегі және
табиғаттағы адамдар іс-әрекетіндегі сұлулық туралы түсініктер береді.
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудегі мұғалімнің негізгі міндеті
шығарманың мазмұнын дұрыс қабылдап, сол арқылы оқушының бойына жан
сұлулығын ұялату болып табылады. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде
әдеби шығармалардың, соның ішінде табиғат лирикасының маңызы
зор. Көркем шығармадағы кейіпкердің ұнамдысы да, ұнамсызы да оқушы
санасына әсер етеді. Ұнамды бейне өнеге көрсетсе, ұнамсыз бейненің іс-
әрекеттері жирендіреді. «Өдебиеттік оқу» оқулықтарында мұндай мысалдар
көптеп табылады. Кейіпкерлерді ажырату, талдау, олардың іс-әрекетіне ой салу
да оқушылардың эстетикалық талғамын арттырады. Оқушыларға әдеби
шығарма арқылы эстетикалық тәрбие беру оқушылардың шығарма мазмұнын,
персонаж іс-әрекетін толық түсінген жағдайда ғана нәтижелі болады. Бастауыш
сыныпта эстетикалық тәрбие беру бірнеше салалардан өтіледі.
Олардың
алғашқы сатысында мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. Ол мәтінді
нақышына келтіріп оқытудан басталады. Әдеби шығарманы нақышына
келтіріп оқу – бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу сабақтарында негізгі
мәселелердің бірі. Өзі нақышына келтіріп оқи алмайтын мұғалім оқушылардың
эстетикалық сезімін оятып, олардың ойын шығарма мазмұнын түсінуге аудара
алмайды. Шығарманы нақышына келтіріп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді.
Мазмұнына байланысты мәтіннің кейбір жерлерін қатты, кей жерлерін орташа,
ал кей жерлерін жай дауыспен оқу керектігін көрсетіп, шығарма
персонаждарын дыбыс толқыны және тоны арқылы мінездеу жолдарын
оқушыларға үйретеді. Сонымен қатар экскурсияға, серуенге шығып,
оқушыларды табиғат көркімен таныстыру, жан-жануарлар мен құстар өмірінен,
табиғат құбылыстарынан хабардар ету – эстетикалық тәрбиенің бір құралы
болса, екіншісі – бейнелеу өнері. Бұл өнер оқушылардың эстетикалық танымын
қалыптастырып, әдемілікке деген құштарлығын оятады.
Әдебиеттік оқу
сабағында қыс, көктем, жаз, күз көріністерін және мәтіннің мазмұнын
пейзажды суреттеп қағазға түсіріп, одан өзі салған суреттерін әңгімелеп,
мазмұндап берудің көп маңызы бар.
46
Проблемалы
гімелеу
әң
А паратты
қ
дамытушы
Ішінара іздену
(эвристикалы )
қ
Зерттеу
Ана тілі әдістемесінің іргетасын қалаушы Ахмет Байтұрсынов: «Әдіссіз
тек мәніс білім – өлі білім, тіршілік тірлік шарасы. Тіршілік шарасына
үйретілетін білім тірі болуы керек. Ондай білімді адам мәніс білімі мен әдіс
білімін қатар үйренгенде білмек. Әдіс – керектіліктен шығатын нәрсе, әдістің
жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орынның керек қылуына қарай», - деген.
Демек, оқыту жұмысының нәтижелі болуы – оқыту әдістерін қолайлы
етіп, таңдап ала білуге тікелей байланысты. Белгілі педагог Н.К.Крупская
оқыту әдістерін таңдап алуда оқушылардың өмір тәжірибесін, білім қорын,
іскерлігін есепке алуды негізгі талаптар деп түйіндейді.
Сол сияқты дидакт ғалымдар И.П.Подласый, И.П.Пидкассистый,
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтар оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау үшін:
1. Әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі;
2. Әдістердің дидактикалық мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
3. Оқыту әдістерінің
тақыры мазмұнына сәйкестігі;
4. Оқыту әдістерінің оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне (жас және жеке
ерекшеліктеріне) сәйкестігі;
5. Әдістердің мұғалімдердің мүмкіншіліктеріне сәйкестігі;
6. Әдістердің сыртқы жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкестігі ескерілуі
қажет дейді [11].
Достарыңызбен бөлісу: