36
қайырды. Істің соңы Жігітек руындағы түгел ауылдар сегіз жүз жылқыны
екі еселеп қайтаратын болып шешілді. Жігітектің Үркімбай, Байдалы,
Жабай секілді бай ауылдары қайтымнан аман қалысты. Ал мың алты жүз
жылқыны өңшең кедей-кепшік ауылдар
қыс бойы жазға шейін төлеп
бітті. Сол ауылдар тегіс аш-жалаңаш, жоқ-жітік, жүдеулікке түсіп қалды.
«Қарашығын»
1
Шалғыны мол, кең қоныс Барлыбайда отырған Абай ауылы. Бүгін
бұл ауылда бір үлкен әбігер бар. Жаңа үйлер көптеп тігілген. Жан-жақта
қыз-келіншектер ас-мәзір дайындауда. Бүгін
Әбіш (Әбдірахман, Абайдың
Ақылбай және Күлбаданнан кейінгі үшінші перзенті) келетін күн. Ол
осыдан екі жыл бұрын Петербордағы Михайлов атындағы артиллерия
училищесіне оқуға кеткен болатын. Көп ұзамай ол да келді. Бүкіл ауыл
оны құшақ жая қарсы алды. Өзі орыс жерінде жүре беріп, азып кеткен
сияқты. Сол күні қызық думан боп, бірталай әндер шырқалды. Ақылбай
скрипкада орыстың «
Ермак», «
Бродяга» секілді әндерін орындап берді.
Ертесі күні Әбіш Дәрмен және Мағаштармен бірге өткен күзде қайтыс
болған Ұлжан әжесіне құран оқып, сол жақтағы өз шешесі Ділдәні де
көре келуге аттанды. Барып
көзіне жас ала құран оқып, Кәрі әжесі
Ұлжанды еске алды. Шешесімен көрісті. Ділдә Әбішке: «
Биыл үйленбесең
де айттырып қоямын. Мына көрші ноғай Махмұттың Мағрипа деген
бойжеткені бар. Сен сонымен кетер алдында танысып кет», - деді.
Әбіш біраз қысылғандай болды да үн қатқан жоқ.
2
Әбіштер көп бөгелмей Ақшоқыға қайтты.
Абай баласы Әбіштен
Россия туралы сұрап білуден шаршамайтын. Ал Әбіш Базаралы ісі туралы
сұрады. Абай қатты күрсініп, ел ішіндегі оқтын-оқтын орын алатын
теңсіздіктерді айтатын. Сосын олар
Степан Разин және
Пугачев
көтерілістері туралы әңгімелесе кетті.
Эмильян Пугачевті аямай төрт
бөліп тастағаны (Кремль жанында) туралы да сөз қозғалды.
Достарыңызбен бөлісу: