бермей, ел азабын немесе каһарын жырлауға болмайды ма?" - деп,
жекіп жіберді. Абай да мейлінше өзгеріп, Базаралыны қостады. Сол кезде
Көкбай ренжігендей кейіп танытып, ортадан шығып кетеді. Содан кейін
үй іші біршама уақытқа жым-жырт болып, ақындар қауымы үнсіз отырып
қалысты. Соңыра Дәрмен домбыраны қолына алып, бір жырды сырылта
төге кетті. Онысы ер қайратты Иса жайлы болатын. Әзімбайдың қолынан
қорлық көріп, өліп кеткені мен артында қалған Иіс кемпір, дертке
шалынған жары және жетімек Асан мен Үсендердің қайғысын жырлап
өтті. Абай, Әйгерім, тіпті Дәрменнің өзі де көздеріне жасын райсыз алды.
Жаңа туған, әлі тың болған жырды үй іші алғаш рет есітіп тұрған
болатын. Барлығы қалың ойға батып, түңіліп отырып қалады. Біраздан
кейін үй іші қайта жандана, Дәрменге алғыстарын айта кетті.
ІҮ кітап Түн-Түнекте 1 Түн жарымда Абай мен Баймағамбет Ертістің сол жағасында
Слободка деген (Семей қаласының бір ауданы) жердегі Абайдың алыс
туысы болатын Дәмежанның үйіне келіп қонады. Олардың қалаға
келуіндегі себеп Әбіштің Петербордағы оқуын бітіріп, Мағрипаға
үйленіп, Алматыға өз іс-сапары бойынша аттанғалы жатқаны болатын.
Солардың жолына мал сатып, ақша дайындауға, сосын шығарып салуға
келген. Ал ол кезде қалада жұқпалы іш ауруы тарап жатқан еді. Соңғы
кездері адам өлімі жиілей түскен. Абай қаладағы жақын досы Павловқа
жолығып, бұл обадан ел қалай сақтануын сұрайды. Сонда Павлов салт-
дәстүр болса да, жаназаға халықты жинап, ас беруді уақытша доғара
тұруды мәслихат етеді. Дәл осы сөзді Жұма намазға жиналған қауымға
жеткізуін Абай қала мешітінің халфесі Сармоллаға айттырады. Бірақ
халық жиындарды доғарса да, обадан қайтыс болушылардың реті азая
44
қоймады. Тіпті көшеде өліп қалған адамдарды салып әкететін қара
арбалар жүре бастады. Осыған орай адамдардың жүрегін қорқыныш
билеп жататын болды.