Саммари-көлемді шығарманың қысқаша баяндалуы



Pdf көрінісі
бет24/30
Дата05.06.2024
өлшемі1.01 Mb.
#502326
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30
Абай жолы. САММАРИ

3 
 
Оспан қайтыс болғалы, оның орнына уақытша Шәке (Шәкәрім 
Құдайбердіұлы) болыс болды. Шәке Абайға атшабары арқылы көп хат-
хабарын жіберіпті. Абай үстінен оязға түскен арыздар көбейіп кеткен 
деседі. Соны білдіріп, шақыртқан секілді. Ал көп өтпей Тәкежаннан 
атшабар келеді. Абай тағы бір сұм басталатын сыңайлы деп ойға батқан 
болатын. Ол Оспанның жылын ертерек берейік депті. Себебі дәл 
жылдығын күтетін болса, тұра желтоқсанның қақаған суығына тап 
болады екен. Қыста қонақ күту кәдесі де жақсы болмайды. Абай бұл 
ұсынысты мақұлдап, Тәкежан, Ысқақ үшеуі, Оспан үйінде жиналысты. 
Алдымен мол сойым мен шығынды бөлісіп алысты. Тәкежан мен 
Ысқақтың жүзінде алдынғы кектің ізі көрінбейтін. Керісінше Оспанның 
жылына барынша малын салыспақ. Осылай үш бауыр Оспанның жылын 
бір айда беруге бел буысты. Ал Әбіштің ойы басқа жақта болатын. Әбіш 
Дәркембаймен сөйлескенде, ол: «Алған біліміңді қойныңа салып кетпе. 
Еліңе жарық алып кел. Артыңда бауыр жеткіншегің, өренің бар. 
Солардың көзін аш», - деген болатын. Әбіш осы сөзден кейін жатаққа 
мектеп салдыртып, бала оқытуға бас бұрғалы ойланып жүрген еді. Сол 
пікірін көп өтпей Абайға білдірді. Абай бұған қуанып, қолдайтынын 
айтады. Бірақ елім деп, халқым деп жүрген халықтың әлі шықпағанын 
айтып, күйіне кетті. Сонда Әбіш Шоқан мен Ыбырай жайлы бар 
білгендерін айтып еді, Абайдың жүзінде қуаныштың белгісі пайда 
болғандай болды. Кейін Әбіш Дәрменмен бірге көп отырып. Әңгіме 
құрды. Биыл жазда Мағрипаға екі рет құда түсіпті. Былтыр Ділдә 
Мағышты (Мағрипаны) келін етемін дегендей ымдап кеткен екен. Содан 
Мағрипаның туғандары келген кісілерді қайтарып жіберіпті. Әбіш 
Мағашты жіпсіз байлап отырғанын түсініп, онымен оңаша сөйлесуге бел 
буады. Кездесуді Өтегелді мен Дәрмендер ұйымдастырады. Сосын 
кездесуде Әбіш әлі ешкім білмейтін нуақастығын білдіреді. Үйленетін 
болса, жұқпалы ауру Мағрипаға да ауысатынынан уайымдайтынын 
айтады. Мағрипа: «Сенен айырылған күнім өлгенім, өлсем де сенімен бірге 
өлемін», - деп Әбішті құшақтай, жылап жібереді. Әбіш қыздың шын 
ғашықтығына сенім білдіріп, Оспанның жылы өткеннен кейін құда 
түсетінін айтты. 
2 


42 
Абай қасына Ербол, Көкбай, Баймағамбет, Бәйкөкше, Мағаш және 
Дәрмендерді ертіп, Қарамолаға жүріп кетісті. Әбіш пен Кәкітай да 
барғысы келген болса да, Абай оларды қалдырған. Әбіш оқуынан босап, 
демалысқа шыққанда, ауылда болуын ұйғарған еді. Ал Кәкітай болса 
Еркежанның баласы болды. Себебі Еркежанның қолындағы Абайдың екі 
немересі өсіп, үлкен болса, сол дәу қыстау мен мол дүние Абайға тиіп 
қалатынынан шошып, Ысқақ әдейі өз баласы Кәкітайды Еркежанға 
берген болатын. Әбіш Қарамолаға бара алмаса да, ауыл ішінен Абайды 
ақтайтын арыздар мен приговорларды көп жинап, көп кедейге қол 
қойдыртып, Бәйкөкшеден беріп жібереді. Абайлар екі күн дегенде 
Қарамолаға жетіп, Атқазы тіктірген қонақ үйге түседі. 
3 
Оразбай Абайдың Қарамолаға кеткенін есіткен сәтте ол да жолға 
шыққан. Жолда көп үзілмей Абайдан бір күн ерте жетеді.Ол сан үйірлі 
жылқыларын айдап, оны ақшалап, талай ұлықтар мен тілмәштарды 
паралап үлгерген еді. Одан басқа көп мал сойғызып, шет-шеттен келген 
болыстарды қонақ етіп, оларды да Абайға қарсы үгіттей бастаған 
болатын. «Өз әкесі Құнанбайдың асын бермеді. Одан бөлек, қайтыс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет