Саммари-көлемді шығарманың қысқаша баяндалуы


болған інісінің малын туған бауырларынан қызғанып, еншіленіп алды



Pdf көрінісі
бет25/30
Дата05.06.2024
өлшемі1.01 Mb.
#502326
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Абай жолы. САММАРИ

болған інісінің малын туған бауырларынан қызғанып, еншіленіп алды. 
Өте сараңдық көрсетті», - деп, Оразбай жиналған қауымды әшкереледі. 
4 
Бүгін үлкен сияз болмақ. Бір жандалар мен үш оязды күтіп, 
болыстар азаннан бері үлкен ақ үйдің алдында тұр. Жандарал (қазіргі 
облыс әкімімен бірдей шен) өзі қатал кісі деген сөз тараған еді. Ол келген 
кезде болыстар орнынан тұрып амандасты. Орысша білмегендіктен 
барлығы: «Здрәсти, тақсыр!» деп жатты. Бір Абайға келгенде: 
«Здавствуйте, его превосходительство! Я Ибрагим Кунанбаев», - деп, 
өзін таныстырады. Жандарал оқыстан бұрылып қарап: «Ел бүлікшісі сен 
бе? Менімен жүріңіз», - деп етіп кетеді. Екеуі ғана оңаша үйде 
әңгімелеседі. Жандарал өзі сайлатқан болыстардың барлығы Абайдың 
үстінен арыз жазғанын және анық себебін тез айтуды қалың ызамен қатты 
секіп қайырады. Абай сасқан жоқ. Ол нақты дәлелдерін айтып, өңшең бай 
мен арамдар кедейлерді қорлап жатқанын түсіндіреді. «Мен тіпті өлсем 
де соларға болысамын», - деп, өз сөзін аяқтайды. Осы кезде жандарал 
біршама уақыт үндемей қалады. Ол қазақ даласында осындай сезімі ояу, 
ақылы кең адам барын тіпті ойламаған еді. Сол сәтте есікті қағып
Базаралы мен Савельев деген тілмәш кіріп амандасады. Базаралы: «Қазақ 
даласының көзі мен құлағы осы біздің Абай. Оны айдамаңыз. Қазақ 
даласын қараңғылықта қалдырмаңыз», - деп орысша сөйлейді. 
Жандарал жымиып, шыға берулерін айтады. Енді ол Абайды айдату 
былай тұрсын, бүгінгі болатын сиязда төбе би ретінде қатысуын 


43 
бұйырып, өзі жүріп кетеді. Абайды алып кетуі мүмкіндігінен қорқып 
қалың ел тыста жиналып тұр екен. Бар жаңалықты естіп, Абайды бәрі 
мақтай кетеді. Тіпті кеше ғана Абайды жамандап жүрген болыстар да 
бүгін Абайды құттықтаумен әлек еді. 
5 
Декабрь келсе де қыстың қатты суығы әлі түскен жоқ. Абай 
Қарамоладан қайтқалы Ақшоқыда мал сойыс, мәз-мереке таусылмады. 
Бүгін де әр жерден ақындар көптеп жиналып отыр. Шәй ішіліп болып, 
Көкбай домбыраны алды да Абылай ханды мадақтай кетті. Сонда 
Базаралы Көкбайды бір қағып, тоқтатты да: "Әр түрлі мақтауды айта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет