"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасын бекiту туралы



жүктеу 0.56 Mb.
бет2/4
Дата22.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
1   2   3   4

4. Бағдарламаның мақсаттары мен мiндеттерi, мақсатты индикаторлары

      «Халықтық IРО» бағдарламасын iске асырудың түпкi мақсаты кешендi нәтиже алу болып табылады, ол мынадай әлеуметтiк-экономикалық бағыттарды бiрiктiредi:


      Қазақстанның халқына аса iрi отандық компаниялардың акцияларын иелену, сондай-ақ бағалы қағаздарға инвестиция салу жолымен жинақтарын әртараптандыру және көбейту мүмкiндiктерiн беру;
      бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту;
      бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мәдениетiн қалыптастыру;
      Қазақстанның аса iрi компанияларының ашықтығын, тиiмдiлiгiн және бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.
      Осы Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ кiретiн еншiлес және тәуелдi ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасы халқының арасында бағалы қағаздар нарығына орналастырудың тең қол жетiмдi, ашық және әдiл үдерiсiн болжайды.
      Жоғарыда көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
      1) Қазақстан азаматтарының мүмкiндiгiнше барынша көп санын ашықтық, әдiлдiк және тең қол жетiмдiлiк қағидаттарында Бағдарламаға қатысуға тарту;
      2) Қор компанияларын корпоративтiк басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шеңберде әлемдiк практикаға сәйкес келтiру;
      3) инвесторлар үшiн бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдердi азайту жөнiнде тетiктер жасау;
      4) бағалы қағаздар нарығына инвестиция салу үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
      5) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жаңғырту;
      6) құқықтық кедергiлердi жою және нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      7) компанияларды мемлекеттiк реттеудiң тәсiлдерiн жетiлдiру.
      «Халықтық IРО» бағдарламасын ойдағыдай iске асыру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытуға, сондай-ақ ел тұрғындарының инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беруi қажет.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде мынадай негiзгi түйiндi көрсеткiштерге қол жеткiзу көзделедi:
      «Халықтық IPO» шеңберiнде Қордың 6 еншiлес және тәуелдi компанияларының акцияларын орналастыру;
      Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларынан кемiнде 160 000 адамды Бағдарламаға қатысуға тарту;
      Қазақстан қор биржасы акциялар нарығын (капиталдандыру) көлемiн  2011 жылғы орташа көрсеткiштен 2015 жылға қарай кемiнде 15-20%-ға өсiру;
      2015 жылға дейiн Қор компанияларының акцияларын орналастыру шеңберiнде кемiнде 500 млн. АҚШ долларын тарту.
      «Халықтық IРО» бағдарламасын ойдағыдай iске асыру халыққа жинақ ақшаны инвестициялауға және көбейтуге, ал Қордың еншiлес және тәуелдi компанияларына акционерлiк капиталға қаражат тарту есебiнен өз дамуын қаржыландыруға мүмкiндiк бередi.
      Қазақстанның iрi компанияларының IPO жүргiзуi инвестициялау құралы ретiнде акциялар нарығының тартымдылығын арттырады, ол басқа компаниялардың акцияларын бағалы қағаздар нарығына шығаруына мүмкiндiк бередi.
      Бағдарламаны iске асыру жүйенi жетiлдiру, корпоративтiк басқару, iшкi бақылау, тәуекелдердi басқару есебiнен Қор тобының компанияларын басқарудың ашықтығы мен тиiмдiлiгiн арттырады.

5. «Халықтық IРО» бағдарламасын iске асыру кезеңдерi. Акцияларды бағалы қағаздар нарығына шығару

      «Халықтық IPO» бағдарламасын iске асыру бiрнеше жылдар бойы тiзбектi кезеңдермен жүзеге асырылатын болады және көптеген компанияларда iске қосылады. «Халықтық IРО» бағдарламасы шеңберiнде акцияларды орналастырудың нысаналы индикативтiк үлесi дауыс беретiн акциялардың жалпы санының 5%-ынан бастап 15%-ына дейiн құрайды, Бағдарлама шеңберiндегi артықшылығы бар акцияларды орналастыру үлесi Кандидат компаниялар үшiн жеке белгiленетiн болады. Бұл ретте акциялардың дәл санын IРО-ға дайындық кезiнде компаниялардың негiзделген ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесi ұсынады және Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтедi.


      Инвесторлардың әр түрлерi үлгiлерi арасында орналастыру құрылымы (бөлшек және институционалдық) әрбiр нақты жағдайда айқындалатын және кандидат-компаниялардың негiзделген ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесi бекiтетiн болады.
      Бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын акциялар үлесiн айқындау кезiнде компаниялардың әрқайсысы мынадай негiзгi факторларды ескеретiн болады:
      талап етiлетiн күрделi салымдар шамасын;
      бақылаушы акционердiң ағымдағы үлесiн және акционерлердiң нысаналы құрылымын;
      бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын акциялар санын және орналастырғаннан кейiн олардың өтiмдiлiк дәрежесi бойынша күтiлуiн;
      болашақта акциялардың құнын елеулi түрде арттыруға мүмкiндiк беретiн және тиiсiнше акцияларды қосымша орналастыруды5 жүргiзетiн факторлардың болуы.
      Бағдарлама артықшылық берiлген акцияларды капитал тартудың қосымша құралы ретiнде пайдалану мүмкiндiгiмен:
      тұрақты дивидендтер алуға мүдделi инвесторлардың сұранысын қанағаттандыру;
      жай акциялардың елеулi үлесi орналастырылған немесе сатылған жағдайда заңды және операциялық бақылауды сақтау мақсатында Кандидат-компаниялардың жай акцияларын орналастыруды немесе сатуды болжайды.
_______________
5 Акцияларды қосымша орналастыру - IPO өткiзген және (немесе) акцияларды биржада айналымда жүрген компанияның адамдардың қалың жiгiне сатуға компанияның акцияларын жария ұсынуы

Компанияларды iрiктеу үдерiсi



      «Халықтық IРО» бағдарламасына қатысу үшiн Кандидат компанияларды iрiктеу бiрнеше кезеңде жүзеге асырылды, бұл «Самұрық-Қазына» АҚ тобынан барынша қолайлы компанияларды тиiмдi iрiктеуге мүмкiндiк бередi.
      Iрiктеу әдiснамасы олардың негiзiнде «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кiретiн компаниялардың IРО-ға дайындығы айқындалатын объективтi өлшемдердi анықтайды. Бұл өлшемдердi компаниялардың оларға дайындық прогресiн анықтау және болашақтағы IРО үшiн Кандидат компанияларды айқындау үшiн тұрақты негiзде бағалауға болады.
      Бiрiншi кезең сандық көрсеткiштер негiзiнде iрiктеудi бiлдiредi, бұл кейiннен барынша егжей-тегжейлi талдау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кiретiн 400 еншiлес және тәуелдi ұйымдардың iшiнен оңтайлы деңгейге дейiн қолайлы Кандидат компаниялар санын азайтуға мүмкiндiк бередi. Осы кезеңде iрiктеу өлшемдерi ретiнде 2010 жыл iшiндегi «түсiм» және «EBITDA»6 көрсеткiштерi таңдап алынды, олардың шамасы тиiсiнше 500 млн. АҚШ долларынан және 50 млн. АҚШ долларынан аспауы тиiс. Кейiннен Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту шарасы бойынша iрiктеудiң сандық өлшемдерi түзетiлуi мүмкiн.
      Екiншi кезең бағалы қағаздар нарығына акцияларды шығару қатынасы бойынша күштi және әлсiз жақтарын айқындау мақсатында ағымдағы қызметтi және даму перспективаларын зерделеудi болжайды. Осы кезең шеңберiнде холдингтiк компаниялар деңгейiнде де, сондай-ақ орташа компаниялар деңгейiнде де сандық және сапалық талдау жүргiзiлдi. Осы талдау «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының бизнес-жоспарларын, қаржылық жағдайын, даму жоспарларын, корпоративтiк басқару жай-күйiн, стратегиялық анықтығы мен техникалық дайындығын талдауды қамтыды. Осы кезеңде мыналарға:
      анық және теңгерiмделген даму стратегиясына;
      тұрақты және оң рентабельдi перспективаларға;
      қор биржасында листингтiң болмауына;
      ең үздiк әлемдiк практикаға сәйкес корпоративтiк басқарудың жеткiлiктi деңгейiне7 ие компаниялар iрiктелiнiп алынды.
      Кандидат компанияларды iрiктеу үдерiсiнiң қорытынды кезеңi жекелеген компаниялар қызметiн егжей-тегжейлi талдау болып табылады. Кандидат компаниялардан әрқайсысын толық талдау IРО жүргiзуге дайын барынша қолайлы кандидаттарды айқындауға мүмкiндiк бередi.
      Кандидат компанияларды бағалау жүйесi барлық компанияларға келiсiлген тәсiлде қолданылатын объективтi өлшемдерге негiзделген. Балл белгiленген өлшемдерге жауап беретiн компаниялардың дайындық дәрежесiне сәйкес бөлiнедi:
      1. Стратегиялық анықтығы – қалыптасқан әрi анық даму стратегиясының, компанияның айқын және түсiнiктi тарихы мен инвестициялық тартымдылығының болуы, ағымдағы сәтте бизнестi қайта құрылымдау үдерiсiнiң болмауы.
      2. Қаржылық жағдайы – қаржылық қызметке тарихи шолу, пайдалы операциялар тәжiрибесi, қызметтiң болжанатын нәтижелерiне шолу, компания болашақта ашықтықтың жоғары дәрежесi мен шығындардың шектелген тәуекелiне оң болжамға және оның IРО-дағы инвестициялық тарихын («equity story») растайтын дербес өсуiнiң перспективаларына ие бола ма.
      3. IPO жүргiзгеннен кейiн тұрақты жағдай – компаниялардың олардың қаржылық қызметiмен және олардың акцияларының болашақтағы бағасымен байланысты тәуекелдердi қоса алғанда, кандидаттарға сыртқы факторлардың әсер етуiн бағалау.
      4. Мәмiле мөлшерi – мүмкiн болатын қаржыландыруды, компанияның қаржыландыру жөнiндегi талабын және бизнес-стратегияның сәйкестiгiн, сондай-ақ Кандидат-компания капиталының құрылымына IРО-ның әсер етуiн есепке ала отырып, IРО мәмiлесiнiң әлеуеттi мөлшерiнiң барабарлығын бағалау.
      5. Орналастыруға (листингке) қойылатын талаптар Кандидат компаниялардың ҚҚБ талаптарына сәйкестiгiн талдау.
      6. Техникалық дайындығы (құқықтық жағы/корпоративтiк басқару) IРО табысты жүргiзу үшiн кез келген маңызды кедергiлердi айқындауға арналған құқықтық, қаржылық және басқарушылық тексеру, сондай-ақ ағымдағы қаржылық есептiлiк, корпоративтiк басқару, инвесторлармен қарым-қатынас және жария компаниялардың мәртебесiмен байланысты мiндеттемелердi сақтау бөлiгiнде Кандидат компаниялардың техникалық дайындығын бағалау.
      Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншiлес және тәуелдi ұйымдарын орналастыруға халықтың қатысу нәтижелерi тұтастай алғанда Бағдарламаға қатынасын анықтайтын және болашақта бағалы қағаздар нарығына халықтың сенiмiне әсер ететiнiн атап өткен жөн. Соның салдарынан Кандидат компанияларды iрiктеу кезiнде негiзгi өлшем өндiрушi сектор Кандидат компанияларының операциялық қызметiне шикiзаттық нарықтар конъюнктурасының әсерi нәтижесiнде компаниялар акцияларының өзгермелiлiк тәуекелi болып табылады.
      Кандидат компанияларға сипатталған өлшемдердi есепке ала отырып, «IРО дайындығы» өлшемдерiне сәйкестендiру дәрежесi бойынша балл бередi және олардың деңгейiне сәйкес дайындық тобына орналастырады. Уақыт өте келе, компаниялар, егер олардың дайындық деңгейi жақсартылса, орналасуына қарай жоғарыға жылжуы мүмкiн. Баллдық жүйенiң өзi мынадай мәндердi қамтиды:
      2 балл: Кандидат компания толығымен өлшемдерге сәйкес келедi;
      1 балл: Қазiргi уақытта кандидат компания шешiлуi мүмкiн белгiлi бiр проблемаларға байланысты өлшемдерге сәйкес келмейдi және шешу үшiн iс-қимыл жоспары бар.
      0 балл: Кандидат компания қазiргi уақытта өлшемдерге сәйкес келмейдi және бұл мәселенiң шешiлуi уақытты талап етедi.
      Төмендегi кестеде iрiктеудiң барлық үш кезеңiнен өткен Кандидат компаниялардың талдауы көрсетiлген.
      Iрiктеу өлшемдерiне сәйкес Кандидат компаниялардың баллдарын бағалау түйiнi

Кандидат компания

Страте-гиялық анықтығы

Қаржылық жағдайы

IРО-дан кейiнгi тұрақтылығы

IPO мөлшерi

Листинг талап-
тары

Техн. дайындығы

Баллдың жалпы саны

тарих.

болашақ

Air-Astana

2

2

2

1

2

2

2/2

15

ҚТО

2

2

2

2

2

2

1/2

15

КЕГОК

2

1

2

2

2

2

1/1

13

ҚТГ

1

2

2

2

1

2

1/1

12

ҚТКФ

2

2

2

1

1

1

2/1

12

Самұрық-Энерго

2

1

2

1

1

2

1/1

11

ҚМГ ҰК

1

2

2

0

0

2

1/1

9

ҚАӨ ҰАК

1

1

1

0

0

2

1/1

7

ҚТТ

1

2

1

1

1

2

0

8

ҚТЖ

1

2

1

1

0

2

0

7

      Кандидат компаниялардың IРО-ға дайындығына ұсынылған бағалауды негiзге ала отырып компаниялар бөлiнiсiнде кешендi талдау жүргiзiлдi. Сонымен IРО-ға барынша дайын компаниялар бойынша мыналарды атап өту қажет:
      «Қазтрансойл» АҚ, оның үлесiне тасымалдаудың елдегi мұнай өндiрудiң жылдық көлемiнiң шамамен 60%-ы тиесiлi Қазақстандағы мұнай құбырларының iрi операторы. «Қазтрансойл» АҚ-ның, егер нормативтiк-құқықтық базасы неғұрлым ашық болған және нарықтық рентабельдiлiкке бағдарланған жағдайда қаржылық көрсеткiштердi жақсартудың әлеуетiн иеленетiн тұрақты бизнесi бар;
      «КЕГОК» АҚ электр желiлерiн басқарудағы негiзгi қызметтердi, Қазақстанның iшкi экономикасының өсуiмен байланысты бiрқатар артықшылықтары бар ашық әрi түсiнiктi бизнестi ұсынады. Бұдан басқа, капитал салымдарындағы қажеттiлiк акциялардың бастапқы шығарылымы үшiн негiз болып табылады;
      «Air-Astana» АҚ желiнi кеңейтудiң ойластырылған жоспарымен қолдау көрсетiлетiн ТМД өңiрiнiң тез өсiп келе жатқан нарығында көшбасшылық ұстанымдарды иеленiп отыр, бұдан басқа ұшақтардың қазiргi заманғы паркi, сондай-ақ жоғарғы операциялық және қаржылық көрсеткiштерi бар, бұл компанияны барынша инвестициялық тартымды компанияларға жатқызуға мүмкiндiк бередi. Сонымен бiрге, «Air-Astana» АҚ акционерлiк капиталының ағымдағы құрылымымен байланысты бастапқы орналастыруды жүргiзу шартын екiншi акционермен келiсу қажет, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан компанияның үстiнен бақылауды сақтау қамтамасыз етiлетiн болады.
      Сонымен бiр мезгiлде «Кандидат компаниялардың акцияларының өзгермелiлiгi салдары» жекелеген факторын талдай келiп, өндiрушi компаниялардың операциялық қызметiне нарық конъюнктурасының әсер етуiн есепке ала отырып, Кандидат компанияларда макроэкономикалық тәуекелдердiң жоғарғы екенiн атап көрсету қажет. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ, сондай-ақ басқа да өндiрушi активтер шикiзатқа бағалар өзгермелiлiгiнiң әлеуеттi тәуекелiне ие болады, бұл өз кезегiнде бизнестiң өндiрушi сегментiнiң қызмет нәтижесiне әсерiн тигiзедi. Осының салдарынан, кәсiптiк емес бөлшек инвесторлардың елеулi санының мүдделерiн қорғау, «Халықтық IРО» бағдарламасында өндiрушi Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру мақсатында институционалдық инвесторлар үшiн жүзеге асырылатын, не айрықша артықшылықты акцияларды орналастыру жолымен шектелетiн болады.
      Iрiктеудiң қорытынды кезеңiнiң қорытындылары бойынша Кандидат компаниялардың тiзiмi IРО-ға шығуға дайындық дәрежесi бойынша компаниялардың бiртектi тобына қатысты бiрiктiрiлген компаниялар топтарын (эшелондарын) көрсетедi.
      Компаниялардың I эшелоны (2012 жылдың 2-3-тоқсаны):
      1) «ҚазТрансОйл» АҚ
      2) «KEGOC» АҚ
      3) «AirAstana» АҚ.
      Компаниялардың II эшелоны (2013 жыл):
      1) «ҚазТрансГаз» АҚ
      2) «Қазтеңiзкөлiкфлоты» ҰТКК» АҚ
      3) «Самұрық-Энерго» АҚ.
      Компаниялардың III эшелоны (2014 - 2015 жылдар):
      1) «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ
      2) «Қазтемiртранс» АҚ.
      Акциялар өзгермелiлiгiнiң жоғарғы тәуекелi бар компаниялар тобы (2015 жылдан кейiн):
      1) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ
      2) «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ
      3) Басқа да өндiрушi компаниялар.
      Бұл ретте 1-эшелонның Кандидат компаниялары IРО-ға жылдам дайындалуды талап етедi, өз кезегiнде 2 және 3-эшелондардың Кандидат компаниялары индикативтi түрде айқындалады және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының құрамынан әлеуеттi IРО кандидаттарының кейiнгi толқынын ұсынады. Iрiктелген кандидат компаниялардың дайындық дәрежесiнiң әртүрлiгiне қарай компаниялардың IРО-ға шығу мерзiмi IРО-ға дайындық бойынша қажеттi iс-шаралардың жүргiзiлуiнiң қарқынына байланысты болады. Осыған байланысты, iрiктелген кандидат компанияларға IРО-ға шығудың белгiленген мерзiмдерiне орай IРО-ға дайындық және iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың егжей-тегжейлi жоспарын әзiрлеу қажет.
      «Халықтық IРО» бағдарламасының кейiнгi кезеңдерi IРО-ға қосымша Кандидат компанияларды шығарады, сондай-ақ капиталдың жергiлiктi нарығы деңгейiн халықаралық деңгейге дейiн арттыру мақсатында құқықтық, нормативтiк және құрылымдық реформаларды бiртiндеп енгiзуге алып келедi, сондай-ақ инвесторлардың ұзақ мерзiмдi дамуына және белсендi қатысуына жәрдемдесетiн болады, бұл Қазақстанның капитал нарықтарын дамытуға көмектеседi және Қазақстанда листинг үшiн халық тарапынан да, сондай-ақ жергiлiктi компаниялар тарапынан да үлкен қызығушылық тудырады.
_______________
6 Борышқа, салықтарға, амортизацияға қызмет көрсету бойынша шығыстарды шегергенге дейiнгi пайда (ағылш. Earnings before interest tax depreciation and amortization)
7 Осы өлшем бойынша iрiктеу Ұлыбритания Корпоративтiк басқару кодексiнiң талаптарын ескере отырып жүргiзiлдi

IPO-ға дайындалу процесi



      IPO-ға дайындалу компаниялардың барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң үйлестiрiлген жұмысын талап ететiн, жалғастыратын үдерiс болып табылады, осыған байланысты Кандидат компаниялар IРО дайындау және жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлейтiн болады. Осы үдерiс iс-шаралардың мынадай үш негiзгi блоктарынан тұрады және «IРО жүргiзу кезеңдерi» 1-қосымшасында ұсынылады.
      Төменде үш эшелонның Кандидат компанияларына арналған дайындалу үдерiсi келтiрiлген.
      Алдын ала дайындалу
      Кандидат компаниялардың жария мәртебесi компания туралы жан-жақты объективтi ұсынымды қалыптастыруды көздейдi, бұл IРО-ны табысты жүргiзудiң қажеттi шарты. Бұл ретте әлеуеттi эмитенттер оларды сыртқы инвесторлар үшiн түсiнiктi пiшiмге және оларды стандартқа келтiру үшiн өздерiнiң iшкi құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар әзiрлейдi немесе енгiзедi.
      Объективтi ұсынымды қалыптастыру рәсiмi үш эшелонның Кандидат компаниялары тарапынан бiрқатар iс-шараларды жүргiзудi талап етедi, олардың арасында:
      қаржылық есептiлiктi дайындау және оның аудитi (басқарушылық есептiлiктi талдау және жоспарлау үдерiсiн формалды етудi қоса алғанда);
      корпоративтiк басқару және тәуекелдердi басқару жүйелерiн диагностикалау және жетiлдiру;
      iшкi бақылау және аудит жүйесiн диагностикалау;
      стратегияны және бизнес-жоспарды әзiрлеу жүйесiн талдау;
      Кандидат компаниялардың заңдық сараптамасын жүргiзу;
      технологиялық және кадрлық әлеуеттi бағалау;
      қызметтi маркетингтiк талдау.
      Сонымен бiр мезгiлде Кандидат компаниялар акциялардың бағалы қағаздар нарығында болашақтағы ұсыныстарын әзiрлеу жөнiндегi рәсiмдерге бастамашылық жасауы қажет. Осы мақсаттар үшiн Кандидат компаниялар ұсыныстың құрылымын (бағалы қағаздар түрiн, орналастыру мөлшерiн, орналастыру кезеңiн, нысаналы инвесторларды, опциондарды пайдалану мүмкiндiгiн және т.б.), сұраныстың бастапқы бағасын анықтауға, компанияның тарихын баяндайтын («equity story») ақпараттық анықтаманы дайындауға, сондай-ақ қор биржасымен және реттеушi органдармен өзара iс-қимыл бойынша жұмысты жүргiзуге көмектесетiн тәуелсiз консультанттарды тартуы мүмкiн.
      Акцияларды орналастыруға дайындалу
      Кандидат компаниялар жұмыстарының елеулi көлемi қор биржасында листингке дайындалу кезiнде жүргiзiлетiн болады. Орналастыру сәтiнде үш эшелонның Кандидат компаниялары мынадай iс-шараларды аяқтауы қажет:
      кешендi тексерiс жүргiзу («due diligence»);
      андеррайтингтi және қызметтердiң құнын түпкiлiктi айқындау;
      заңдық сүйемелдеу (эмиссия проспектiсiн және басқа да iлеспе заңды құжаттарды дайындау);
      бизнеске бағалау жүргiзу;
      маркетингтiк стратегияны әзiрлеу. Бiр акцияның әдiл нарықтық құнын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн Кандидат компаниялардың бизнесi мен акционерлiк капиталының құнын бағалауға ерекше назар аударылатын болады. Әдiл нарықтық құнды бағалауға қатысты ортақ қабылданған тәсiлдер - кiрiс және нарықтық тәсiлдер негiзiнде айқындалатын болады. Бағалауға қатысты осы тәсiлдер әлеуеттi сатып алушылар немесе инвесторлар қандай да болмасын активтiң құнын анықтау кезiнде неғұрлым көп тараған болып табылады.
      Бiр акцияның әдiл құнын бағалау нәтижелерi, өз кезегiнде инвесторлардың бiрнеше түрлерi арасында (бөлшек, институционалды, компания қызметкерi және т.б.) акциялардың (жай немесе артықшылығы бар) әр алуан түрлерi орналастырылатын болса, орналастыру бағасы, орналастырылатын акциялар пакетiнiң шамасы, сондай-ақ орналастырудың нысаналы құрылымы туралы шешiм қабылдауға әсерiн тигiзедi.
      Акцияларды орналастыру сәтiне қарай Кандидат компаниялар да талдамалық есептердi қалыптастыру және шешiмдердi қабылдау үшiн қажеттi ақпаратқа тәуелсiз талдаушылар мен инвесторлардың тиiстi және уақтылы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етедi.
      Орналастыруға дайындау жөнiндегi фазаны аяқтау I эшелонның Кандидат компаниялары үшiн 2012 жылғы сәуiр-тамызға қарай, II эшелонның Кандидат компаниялары үшiн 2013 жылғы екiншi тоқсанның аяғына дейiн, III эшелонның Кандидат компаниялары үшiн 2014 жылғы екiншi тоқсанның аяғына дейiн iске асырылатын болады.
      Акциялардың орналастырылуын жүргiзу
      Орналастыру сәтiне дейiн дайындау жұмыстарының елеулi көлемi әлеуеттi инвесторлармен өзара iс-қимылға бөлiнетiн болады. Акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыруды жүргiзу кезеңi үш эшелонның Кандидат компаниялары тарапынан бiрқатар мынадай iс-шараларды орындауды талап етедi:
      инвесторларды оқыту (ақпараттық меморандумды дайындау, инвестициялық меморандумды дайындау, PR - сүйемелдеу және т.б.);
      өтiнiмдердi жинау (алдын ала проспектiнi жариялау, «road show» басшылығының көшпелi тұсаукесерлерiн өткiзу, сұранысты талдау, бағаны белгiлеу және бөлу);
      орналастыруды жүргiзгеннен кейiн қайталама нарықтағы iс-шаралар (акцияларды ұйымдасқан нарықта қолдау).
      Үш эшелонның Кандидат компаниялары талдаушылар есептерiнiң уақытылы релизiн қамтамасыз етедi, акциялардың алдағы орналастырылуының ақпараттық науқанын жүзеге асырады, инвесторлардың нысаналы аудиториясына және олардың оқуына ерекше назар аударылатын болады. Кандидат компания тәуелсiз консультанттармен бiрлесiп негiзгi инвесторларда бар мәселенi зерттейдi және осы мәселелерге жауап беретiн ақпаратты ұсынады. Бұдан басқа, орналастыру ұсынысы, бағасының мөлшерiн түзету және т.б. мақсатында нарықтың конъюнктурасына, әлеуеттi инвесторлардың пiкiрлерiне талдау жүргiзуi қажет.
      Орналастыруға арналған өтiнiмдердi жинау басталған сәтке қарай Кандидат компания эмиссияның проспектiсiн жариялауды, басшылықтың көшпелi тұсаукесерiн («roadshow») өткiзудi қамтамасыз етедi. Өз кезегiнде өтiнiмдердi жинауды жүргiзгеннен кейiн сұраныс талданатын және орналастыру бағасы мен құрылымы белгiленетiн болады.
      Акцияларға арналған бағалардың артық немесе ұтымды емес өзгермелiлiгiн болдырмау үшiн Кандидат компаниялар акцияларды орналастырғаннан кейiн бағаны тұрақтандыру тетiктерiн алдын ала айқындайды.
      Компанияның жариялылығы оған ақпаратты ашу жөнiнде белгiлi бiр мiндеттемелердi жүктейдi. Бұл ретте компанияларды капиталдандыру инвесторлардың сенiмiне байланысты, өйткенi инвесторлармен тиiмдi өзара iс-қимыл жасау үшiн арнайы қызметтер (IR-бөлiмдер) құру қажет.
      Акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыру фазасын жүргiзу I эшелонның Кандидат компаниялары үшiн 2012 жылғы екiншi-үшiншi тоқсанның аяғына дейiн, II эшелонның Кандидат компаниялары үшiн 2013 жылғы төртiншi тоқсанның аяғына дейiн, III эшелонның Кандидат компаниялары үшiн 2014 жылғы төртiншi тоқсанның аяғына – 2015 жылғы бiрiншi тоқсанның басына дейiн iске асырылатын болады.

Инвесторлар арасында акцияларды орналастыру тетiктерi



      «Халықтық IPO» бағдарламасының мақсаты мен мiндеттерiн назарға ала отырып, Қазақстан халқына компаниялардың акцияларындағы өз жинақтарын инвестициялау мүмкiндiгiн беру акцияларды тiкелей сатып алу арқылы немесе зейнетақы жинақтарында тұрған зейнетақы қорлары арқылы жанама түрде жүзеге асырылатын болады, бұл ретте басымдылық бөлшек инвесторлардың өтiнiмдерiн қанағаттандыруға берiлетiн болады.
      «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберiнде зейнетақы қорлары мен бөлшек инвесторлар арасында акцияларды орналастыру құрылымы қалыптасқан сұраныс пен ұсынысқа, сондай-ақ Кандидат компанияның операциялық қызметiнен нәтижелердiң тұрақтылық дәрежесiне және олардың әлемдiк шикiзаттық нарықтарда бағалардан тәуелдiлiгiне байланысты әрбiр жекелеген орналастырумен анықталатын болады.
      Кандидат компаниялардың акцияларын орналастырудың бағасы, саны мен құрылымы туралы шешiмдi «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесi мақұлдайтын және кейiннен Қазақстан Республикасының Үкiметi заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтетiн болады.
      «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберiнде халық арасында акцияларды орналастыру үдерiсi ҚҚБ-да жазылу әдiсiмен (бук-билдинг)8 жүзеге асырылатын болады, оны жүргiзу тәртiбi ҚҚБ-ның iшкi құжаттарымен айқындалады. Бұл Қазақстанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығын дамыту үшiн оң қарқын бередi. Бұдан өзге, орналастыруды жазылу әдiсiмен жүргiзу эмитентке орналастыру құрылымы (орналастыру көлемi, инвесторлар мен басқа түрлерiнiң арасындағы бөлiнiс) үстiнен бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi және бiр тұлғаның бiрнеше рет (қайталама) өтiнiмдер беруiн болдырмауға (әртүрлi делдалдар арқылы бiрнеше өтiнiмдер беруге болатын мамандандырылған сауда-саттықтармен салыстырғанда) мүмкiндiк бередi. IРО кезiнде бук-булдинг үдерiсi орналастыру уақытында өтiнiмдердi сұрыптау және бөлу, сондай-ақ бiр тұлғаның бiрнеше рет (қайталама) өтiнiмдер беруiнiң тиiмдi мониторингiсi мақсатында инвестордың тұлғасын ашып көрсетудi талап етедi. Өтiнiмдердi iрiктеу өлшемдерiн эмитент ҚҚБ-да листинг үшiн құжаттар пакетiнде ұсынатын эмитенттiң iшкi құжаттарымен айқындалатын болады.
      Жеке тұлғалардың өтiнiмдерiн жинау үдерiсi әлеуеттi инвесторларға өтiнiмдердi беруге жеткiлiктi уақыт беру мақсатында кемiнде 15 күнтiзбелiк күн және 45 күнтiзбелiк күнiнен аспайтын мерзiмде жүргiзiлетiн болады. Кандидат компаниялардың акцияларын сатып алуға тең және әдiл қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында жазылымды жүргiзу барысында жеке тұлғалардың өтiнiмдерi сатып алынатын акциялардың барынша көп саны бойынша шектелетiн болады, бұл халықтың барынша қамтамасыз етiлген жiктерiнiң акцияларды шамадан тыс сатып алуын болдырмауға мүмкiндiк бередi.
      «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшiн бөлшек инвесторы:
      егер бөлшек инвестор бұрын мұндай шарт жасамаған жағдайда, брокерлiк немесе дилерлiк ұйыммен тiкелей немесе трансфер-агент арқылы (мысалы, «Қазпочта» АҚ-ның өңiрлiк филиалы арқылы) брокерлiк шарт жасасуы;
      акцияларды сатып алуға клиенттiк тапсырысты брокерлiк және дилерлiк ұйым толтыруы және беруi;
      есеп айырысуды жүргiзу сәтiнде төлемсiздiк тәуекелiн болдырмау үшiн ақша қаражатының уақытылы болуын қамтамасыз етуi қажет.
      Қазақстан халқының барлық жiктерiне тең және әдiл қолжетiмдiлiктi беру маңыздылығын назарға ала отырып, жеке тұлғаларға шот ашу, сондай-ақ Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру сәтiнде жүзеге асырылатын акцияларды сатып алу бойынша брокерлiк және дилерлiк ұйымдардың жеңiлдiкпен немесе тегiн қызметтер көрсету тетiгi пысықталатын болады.
      Акцияларды жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлу ҚҚБ-ға брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар арқылы өтiнiмдер беру жолымен жүзеге асырылатын болады. «Халықтық IРО» бағдарламасына жинақтаушы зейнетақы қорларының қатысу артықшылығы мейлiнше аз шығындар болған кезде нарықтың кәсiптiк қатысушыларының қызметтерiн пайдалана отырып, халықтың елеулi үлесiне акциялардағы өз жинақталымдарының бөлiгiн инвестициялауға мүмкiндiк беру болып табылады.
_______________
8 Қазiргi уақытта Биржада қолданылатын сауда-саттық әдiстерi жазылым жүргiзудi көздемейдi. Биржа және Орталық Депозитарий iшкi қағидалардың өзгерiсi үстiнен жұмыс iстеудi және жазылымды енгiзудi жүргiзедi.
1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет