«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»


-бөлім. Қордың комиссиясы және Салалық компанияның комиссиясы



бет4/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2-бөлім. Қордың комиссиясы және Салалық компанияның комиссиясы

1-тарау. Жалпы ережелер


1. Осы Қағидалардың мәтінінде, егер Қағидаларда өзгеше көзделмесе, Комиссияға сілтеме мыналарды білдіреді:

1) сауда-саттықтың Ұйымдастырушысы ретінде әрекет ететін Бірыңғай операторға оларды өткізу тапсырылған Активтерге немесе Объектілерге қатысты Қордың Комиссиясына сілтеме;

2) сауда-саттықтың Ұйымдастырушысы ретінде әрекет ететін Салалық компанияға оларды өткізу тапсырылған Активтерге немесе Объектілерге қатысты Салалық компанияның Комиссиясына сілтеме;
2-тарау. Қор Комиссиясының жұмысы туралы жалпы ережелер

2. Қордың Комиссиясы Холдингке тиесілі Активтер мен Объектілерді өткізуге қатысты шешімдер қабылдайтын, сондай-ақ Активтер мен Объектілерді өткізу үдерісін үйлестіретін және бақылайтын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

3. Қордың Комиссиясы:

1) Мемлекет басшысының Компанияларды бейіндік емес функциялардан, активтер мен объектілерден босату жөніндегі тапсырмаларын орындау;

2) Компаниялардың Активтері мен Объектілерін қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау;

3) Активтерді немесе Объектілерді сатуға және осындай Активтерді немесе Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе беру бойынша шешімдер қабылдауға қатысты Бірыңғай оператордың және Салалық компанияның ұсыныстары мен ұсынымдарын қарау;

4) Активтері мен Объектілерін қайта құрылымдау, сату және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы туралы Қордың Уәкілетті органын және Қордың Басқармасын хабардар ету мақсатында құрылған.

4. Қордың Комиссиясы өз қызметінде:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын;

3) осы Қағидаларды;

4) Қор Басқармасы төрағасының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның тапсырмаларын;

5) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және Қордың ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.

5. Сауда-саттықтың нәтижелеріне тікелей мүдделі жеке тұлғалар (оның ішінде Сауда-саттыққа қатысуға өтініш берген жеке тұлғалар не көрсетілген өтініштер берген ұйымдардың штатында тұратын жеке тұлғалар), не осы ұйымдардың тікелей немесе жанама қатысушылары (акционерлері), олардың басқару органдарының мүшелері, Сауда-саттық қатысушыларының кредиторлары болып табылатын жеке тұлғалар Комиссия мүшелері бола алмайды. Комиссияның құрамында көрсетілген тұлғалар анықталған жағдайда, Қор Басқармасы оларды өзге жеке тұлғалармен жедел ауыстыруға міндетті.

6. Компания, Салалық компания және Қор үшін барынша тиімді және Актив немесе Объект орналасқан өңірдің мүдделері ескерілетін шарттарда Активтерді немесе Объектілерді қайта құрылымдауды, сатуды және/немесе беруді қамтамасыз ету Қор Комиссиясының негізгі міндеті болып табылады.

7. Комиссияны құру, оның дербес құрамы және қызметін тоқтату туралы шешімді Қор Басқармасының төрағасы қабылдайды.

8. Комиссия осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып, өз жұмысының регламентін анықтайды.
3-тарау. Қор Комиссиясының өкілеттіктері мен функциялары

9. Қор Комиссиясы мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) өз құзыретінің шегінде Актив немесе Объект бойынша қорытындыларды, сондай-ақ Активтерді немесе Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі Бірыңғай оператордың және Салалық компанияның ұсыныстарын қарау;

2) Компанияның Активтері мен Объектілерін сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау, сондай-ақ осындай іс-шаралардың орындалғаны туралы Уәкілетті органын және Қордың Басқармасын хабардар ету;

3) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Актив немесе Объект бойынша Қорытындыларды бекіту;

4) Активті немесе Объектіні Сауда-саттық нысанында одан әрі сатудың орындылығы туралы шешімді Қор Басқармасының қарауына шығару (оның ішінде, Салалық компания Комиссиясының ұсынысы бойынша);

5) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізу шарттары туралы шешім қабылдау немесе көрсетілген мәселені Қор Басқармасының қарауына шығару;

6) Екі кезеңдік конкурсқа қатысу туралы өтінішті қарау және үміткерлерді Екі кезеңдік конкурстың екінші кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдау;

7) Сауда-саттыққа қатысуға рұқсатты келісу;

8) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда сатылатын Активті немесе Объектіні сауда-саттықтан алып тастау туралы шешім қабылдау;

9) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Сауда-саттықтың Жеңімпазын анықтау және жариялау (Электрондық аукционды қоспағанда);

10) Сауды-саттықты өткізбеу туралы шешім қабылдау және қандай да бір Активті немесе Объектіні сатуға қатысты шарт жасасу;

11) егер сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерді және Конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау кезінде, не тікелей Сауда-саттықты өткізу кезінде осы Қағидалар ережелерінің өткізілген Сауда-саттықтың қорытындыларына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін бұзылуына жол берілген болса, өткізілген Сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылдау;

12) осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Активті немесе Объектіні Тікелей атаулы иеліктен шығару нысанында өткізуге қатысты Шарттың жобасын бекіту;

13) Бірыңғай оператордың өтініші бойынша Салалық компания Комиссиясының Бірыңғай оператормен келісілген шешімдерін толық көлемде бекіту;

14) осы Қағидалардың 83-тармағына сәйкес берілген ұсыныстардың негізінде Бірыңғай оператор әзірлеген Активтерді немесе Объектілерді сату мерзімін қамтитын жоспар-кестені бекіту;

15) Бірыңғай оператордың, Компанияның, Салалық компанияның немесе Салалық компания Комиссиясының Сауда-саттықты өткізумен байланысты әрекетіне және/немесе шешімдеріне Сауда-саттыққа Қатысушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың шағымдары мен арыздарын қарау;

16) шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды және резидент еместер және олармен үлестес тұлғалар немесе шет мемлекеттер қатысатын заңды тұлғаларды Сауда-саттыққа жіберу туралы шешім қабылдау;

17) Активтерді немесе Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе берумен байланысты осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

10. Қор Комиссиясы өз құзыретінің шегінде:

1) Компаниядан және Холдингтің басқа да ұйымдарынан белгіленген тәртіппен Қор Комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпарат сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес консультациялар мен сараптамалар жүргізу үшін тиісті бейіндегі мамандар мен сарапшыларды тартуға;

3) Қор Комиссиясына жүктелген міндеттер мен функцияларды тиімді орындау үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

11. Қор Комиссиясы қабылдаған шешімдер Сауда-саттықты ұйымдастырушының, Бірыңғай оператордың, Салалық компаниялар Комиссияларының, Холдинг ұйымдарының, Салалық компаниялардың және Компаниялардың орындауы үшін міндетті болып табылады. Егер Қор Комиссиясының шешімін орындау үшін Сауда-саттықты ұйымдастырушының, Салалық компаниялар Комиссияларының, Холдинг ұйымдарының, Салалық компаниялардың және Компаниялардың қосымша шешімдерінің қабылдануы қажет болса, мұндай шешімдер, егер Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларынан, Қор Комиссиясының шешімдерінен, ішкі құжаттардан немесе осы Қағидалардың ережелерінен өзге туындамаса, 5 жұмыс күнінің ішінде қабылданады.


4-тарау. Қор Комиссиясының құрамы

12. Қор Комиссиясының дербес құрамы Қор Басқармасы төрағасының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның бұйрығымен қалыптастырылады және бекітіледі және оның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (келісім бойынша), сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Холдинг қызметкерлерінің өкілдері кіре алады.

13. Қор Комиссиясының дербес құрамын белгілеу кезінде Қор Комиссиясы мүшелерінің құрамына жергілікті атқарушы органдардың, Актив немесе Объект аумағында орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілдерін енгізу көзделуі мүмкін. Жергілікті атқарушы органдардың осындай өкілдері осы тармақта көрсетілген Активтерді немесе Объектілерді сатымен байланысты мәселелерді қарау шеңберінде ғана Қор Комиссиясының мүшелері ретінде қарастырылады.

14. Қор Комиссиясының құрамы Қор Басқармасы төрағасының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның бұйрығы негізінде өзгертілуі мүмкін.

15. Қор Комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты оның төрағасы жүзеге асырады.

16. Қор Басқармасы төрағасының шешімімен тағайындалған тұлға Қор Комиссиясының төрағасы болып табылады, оның міндетіне Активтер мен Объектілерді сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі қызметті үйлестіру кіреді.

17. Қор Комиссиясының құрамына кемінде 5 адам кіреді, олар: Қор Комиссиясының төрағасы, Қор Комиссиясы төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қор Комиссиясының мүшелері. Қор Комиссиясының төрағасы Қор Комиссиясының хатшысын да тағайындайды.

18. Қор Комиссиясының төрағасы, оның орынбасары, Қор Комиссиясының мүшелері, Қор Комиссиясының хатшысы, сондай-ақ Қор Комиссиясының жұмысына қатысатын Қордың және Қор ұйымдарының қызметкерлері Қордың немесе Компанияның Активтері мен Объектілерін сату, қайта құрылымдау және/немесе беру жөніндегі қызметпен байланысты жұмысты жүзеге асыру нәтижесінде оларға белгілі болған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға міндетті.

19. Қор Комиссиясы мүшелерінің функциясына осы Қағидаларға сәйкес оның қызметіне қатысу және өз құзыретінің мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет