«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының 2015 жылдың қорытындысы бойынша қызмет нәтижелері туралы есебі



жүктеу 482.23 Kb.
бет4/4
Дата17.06.2016
өлшемі482.23 Kb.
1   2   3   4

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2014-2015жж. арналған кредиттік портфелі

млн. теңге




Атауы

2014 ж.

2015 ж.

Барлығы қарыз, с.і.:

319 166

411 003

«Самұрық-Энерго» АҚ

233 020

248 505

Өзге еншілес және тәуелді ұйымдар

86 146

162 498
Қаржылық есептілікке сәйкес

Қоғам қаржы ресурстарын тарту үшін кредиттер және облигациялар сияқты құралдарды қолданады, сондай-ақ әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен ақша құралдарын тартады. Соған қоса, Қоғам қаржыландырудың ішкі, Еуропа Қайта құру және Даму Банкі, Еуразия Даму Банкі және т.б. сияқты сыртқы көздерін де қатарынан пайдаланады.

2015 жылғы 01 қыркүйекте ҚР Президентінің ҚХР-ға іссапар аясында «Самұрық-Энерго» АҚ, ҚМДБ және ҚДБ арасында «300 МВт дейін көбейту перспективасы бар қуаты 60 МВт Шелек дәлізінде жел электр станциясын салу» жобасы бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру туралы Келісімге қол қойылды.

2012 жылғы 24 тамызда Еуропа Қайта құру және Даму Банкі және «Шардара СЭС» АҚ арасында «Шардара СЭС-ін жаңғырту» жобасын қаржыландыру мақсатында кредиттік келісім жасалды. Аталған келісім аясында 2015 жылғы 02 желтоқсанда Банктің кредиттік қаражатына рұқсат берілді және кредитік желі бойынша қаражатты бірінші рет игеру жүргізілді.



  1. Шартты міндеттер, шарттық міндеттер

Табиғатты қорғау заңнамасына сәйкес Қоғамның компанияның операциялық қызметінің қалдықтарын орналастыру полигондарын білдіретін күл үйінді учаскелерін қалпына келтіру жөніндегі заңдық міндеті бар. 2015 жылғы қорытындылары бойынша күл үйінділерін қалпына келтіруге арналған резервінің баланстық құны 1 962,5 млн.теңгені құрады.

Есептік кезеңнің соңындағы күрделі сипаттағы міндеттер 128 417 млн.теңге жалпы сомасына негізгі құралдарды сатып алу бойынша шарттық міндеттерді, 856 млн.теңгеге – газ кен орнында барлау жұмыстары бойынша жұмыс бағдарламасын орындау жөніндегі жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарт бойынша міндеттер бар, үлестік компаниялардағы капиталдық міндеттемелердің үлесі 49 037 млн.теңгені құрады.

ҚР ЭМ-ның инвестициялық міндеттемелер туралы келісімге сәйкес 2015 жылғы соңына қарай энергия өндіретін компаниялар бойынша міндеттемелер 78 289 млн.теңгені құрады.


  1. Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)

Бенчмаркингті жүргізу мақсаты «Самұрық-Энерго» АҚ-ның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін өндірістік, операциялық және қаржы көрсеткіштерін шетел компаниялармен – аналогтармен салыстыру. Бенчмаркинг үшін мына көрсеткіштер қолданылды:

- электр энергиясы өндіруінің жылдық көлемі;

- белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті;

- EBITDA margin;

- Return on invested capital (ROIC);

- қарыз қаражаты үлесінің коэффициенті (Қарыз/Меншіктік капитал)

- Қарыз/EBITDA

Бенчмаркинг нәтижелері:









Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері

Samruk-Energy JSC

Inter RAO UES PJSC

*E.ON Russia JSC

Tauron Polska Energia SA

Қарыз/EBITDA

4,84

2,50

-

2,32

Қарыз/Капитал

0,85

0,17

-

0,34

*E.ON Russia қарыздары жоқ

Дереккөз: Bloomberg, компанияның жылдық есептері

Қазіргі уақытта шетел компанияларымен – аналогтармен салыстырғанда Самұрық-Энерго кейбір көрсеткіштері бойынша артта қалады. Осы мақсатта, энергетикалық көшбасшы ретінде қалыптасу үшін нырықтық қатысуды өсіру талап етеді, ол Қоғамның бекітілген Стратегиясында көзделген. Самұрық-Энергоның белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті (БҚПК) аналогтарға қарағанда төмен, ол да электр энергиясын өндіруінің көлемдеріне байланысты. БҚПК-ның төмен көрсеткіші компанияда бар қосымша жүктемеге арналған резервілерге көрсетеді.

Сонымен қатар, EBITDA margin көрсеткіші бойынша Самұрық-Энерго өзінің аналогтарынан асып түсуде. Бұл көрсеткіш сатулардың жоғары табыстылығын білдіреді. ROIC (ұзақ мерзімге бөлінген капиталдың рентабельдік) көрсеткіші бойынша Самұрық-Энерго орташа ауқымда, ол инвестициялардың тиімділігін (рентабельділік, қайтарымдылық) арттыру қажеттігін білдіреді.



Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері Самұрық-Энерго қолжетімді қаржы левереджін (қаржылық тетігін) толық көлемде пайдаланатынын білдіреді.
1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет