«Самұрық-Энерго» АҚ басшылығының 2015 жылдың қорытындысы бойынша қызмет нәтижелері туралы есебі



жүктеу 482.23 Kb.
бет2/4
Дата17.06.2016
өлшемі482.23 Kb.
1   2   3   4


Компания дамуының негізгі бағыттары

- Компания активтерінің құрылымын және төмен рентабелдік қуат өндірмейтін активтердің сатылуын оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ «2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының ашық нарықта іске асырылуға жататын ұйымдардың тізімі белгіленді.

Көрсетілген Қаулымен 2016-2017 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының мына акциялар пакеттерін (бұдан әрі - Активтер) сату қарастырылды:


  • «Ақтөбе ЖЭО» АҚ акцияларының 100 %-ы;

  • «ШҚ АЭК» АҚ акцияларының 100 %-ы;

  • «Шығысэнерготрейд» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100 %-ы;

  • «МЭБК» АҚ акцияларының 75 %-ы + 1;

  • «АЖК» АҚ акцияларының 100 %-ы;

  • «АлЭС» АҚ акцияларының 100 %-ы;

  • «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100 %-ы;

  • «Тегис Мунай» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100 %-ы;

  • «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100 %-ы;

  • «Шелек-28» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 70 %-ы;

  • «Карагандагипрошахт и К» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 90,004%-ы.

- Қоғамның алдағы жылдарды дамудың басым бағыттарының бірі Бизнесті трансформациялау бағдарламасын іске асыру болып табылады. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау бағдарламасы Қоғамның стратегиялық дамуының бизнес-моделдерін анықтауға мүмкіндік береді және Қоғамға «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2012-2022 жылдарға арналған ұзақ мерзімді Даму стратегиясында көрсетілген дамудың стратегиялық мақсаттарына жету үшін сенімді платформаны құрайды.

Трансформация бағдарламасының негізінде үш негізгі бағыт бойынша қатар жұмыс:


  • Үдерістер – компанияның қызметін сипаттайтын бірыңғай, айқын, стандартталған үдерістік моделін қалыптастыру.

  • Технологиялар – автоматтандыруға жататын қызмет үдерістерін анықтау.

  • Адамдар – жаңа тапсырмаларды орындау үшін қажетті адамдардың дағдылары мен құзыреттерін талдау және олардың деңгейін көтеру.

- Компанияның маңызды бизнес-бағыттарының бірі экспорт әлеуетін іске асыру болып табылады. Аталған шараны оңтайлы іске асыру үшін Компанияға Ұлттық оператор мәртебесін алу қажет. Самұрық-Энергоның аталған мәртебесін алу Қазақстан Республикасының тұтынушыларын электр энергиямен сенімді қамтамасыз ету мақсатына, сондай-ақ халықаралық нарықта мемлекеттік мүделлерін ілгері апарушы рөлін орындауына негізделеді.

- Компанияның стратегиялық мақсатын іске асыру мақсатында Қоғам жоғары технологиялық даму, Қазақстан Республикасында көшбасшылық және экспортқа шығарылатын артық қуаттарды тиімді ақшалы ету бойынша бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлауда:

- 2018 жылы пайдалануға енгізілетін «Шардара СЭС» АҚ-ны жаңғырту. Жобаны іске асыру Шардара СЭС-інің қуатын 126 МВт дейін 26%-ға арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға ұзартады.

- Компания баламалы энергия көздері саласында өршіл дамуды жоспарлауда. Компанияның жоспарлары ЖЭК-ны 10%-ға дейін енгізуді болжайды: жеке белгіленген қуаттардан ЖЭС, КЭС және шағын СЭС. Бұл Орталық Азия өңіріндегі жасыл энергетиканың орнықты көшбасшысы болуына мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта, жалпы қуаты 0,85 ГВт асатын бірқатар электр станцияларының құрылысы жоспарланды және пысықталуда, соның ішінде:

• қуаты 50 МВт Ерейментау қаласы ауданында орналасқан ЖЭС салу;

• 300 МВт дейін кеңею перспективасы бар қуаты 60 МВт Шелек дәлізінде ЖЭС салу;

• жиынтық қуаты 60,8 МВт «Казгидротехэнерго» ЖШС-ның 4 кіші СЭС-ін салу;

• қуаты 33 МВт Іле өзеніндегі контрреттегіш Кербұлақ СЭС-ін салу.

Қосымша пысықтауды талап ететін жобалар:

• жалпы қуаты 205 МВт Ақмола облысының Есіл ауданында ЖЭС салу;

• қуатын 7,5 МВт-қа арттыра отырып, Алматы СЭС-інің каскадын қайта құру және жаңғырту;

• 100 МВт-қа дейін әлеуеті бар қуаты 50 МВт Қапшағай қаласы ауданында КЭС салу.


  1. Есепке алу саясатының және бағалаудың негізгі қағидаттары

Қаржы-экономикалық қызметінің қорытындылары туралы есепті құрастырған кезде бірыңғай тәсілді қолдану мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы шоғырлана отырып, үлестік қатысу тәсілін қолданады. Соған қоса, қолданыстағы есепке алу саясатына сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді көрсету бастапқы құн бойынша, яғни қайта бағалауды есепке алусыз жүргізіледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде үлестік қатысу тәсілін пайдаланған кезде шоғырландырылған баланста «ЕМАЭС-2 ст.» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ тарапынан меншік үлесі 50%-ын құрайтын «Forum Muider B.V.» көмір активтері компаниясы сияқты ірі компанияларының айналымдары алынып тасталды.

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның шоғырландырылған қаржы нәтижесін қалыптастырған кезде осы компаниялар бойынша табыс үлесі «үлестік қатысу тәсілі бойынша есептелетін ұйымдардың табыс/шығын үлесі» бабында көрсетіледі. Соған қоса, үлестік пайдада 37,92% иелік ету үлесі бойынша «Балқаш ЖЭС» АҚ қауымдастырылған компаниясының қаржылық нәтижесі көрсетіледі.

Еншілес ұйымдарды сатып алуы сатып алу тәсілі бойынша есепке алынады және оларды сатып алу күніне әділ баға бойынша бағаланады.

Операцияларды жасау күніне ресми бағамдар бойынша Шетел валютадағы операциялар ұлттық валютаға есептелінеді. Бұндай операциялар бойынша есептеулер нәтижесінде, сондай-ақ шетел валютада көрсетілген ақшалай активтерді және міндеттемелерді жыл соңындағы айырма бағамдары бойынша есептеу нәтижесінде туындаған бағам айырмасынан болған табыстар мен шығындар табыстар мен шығындарда көрсетіледі.

Қаржы құралдары бөлінуіне тәуелді әділ баға, бастапқы баға немесе амортизацияланған баға бойынша көрсетіледі.

Негізгі құралдардың тозуы олардың бастапқы құнын оларды табысты пайдалануы мерзімі ішінде таратылу құнына дейін біркелкі есептен шығару тәсілі бойынша есетеледі. Барлық материалдық емес активтер тура тәсілмен аморитизацияланады.

Гудвил жиналған шығындарды құнсызданудан алу есебімен өзіндік құны бойынша есептелінеді. Гудвилді тестілеу кем дегенде жылына бір рет жүргізіледі.

Тоқатылған қызметте шығарылған немесе сатуға арналған деп жіктелген актив есептелінеді; аталған актив қызметтің маңызды түрін көрсетуі мүмкін және Қоғам тобының активтерін шығарудың бірыңғай жоспарының бір бөлігі бола алады.


  1. Қызмет нәтижелері және операцияларға әсер ететін елеулі факторлар.

р/с



Көрсеткіш, млн.теңге

2014(1)

2015

2016

2017

(болжам)

(болжам)

1

Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден алынған табыс

221 150

228 865

255 685

121 292

2

Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны

157 207

165 932

198 704

72 277

3

Жалпы пайда

63 943

62 933

56 981

49 014

4

Қаржыландырудан алынған табыс (3)

3 682

2 729

257

1 759

5

Өзге табыстар (2)

70 647

4 028

913

155

6

Өнімді сатуға және қызмет көрсетуге арналған шығындар

2 516

3 029

3 153

3 916

7

Жалпы және әкімшілік шығындар

13 891

13 940

14 673

8 841

8

Қаржыландыруға арналған шығындар (4)

24 018

23 412

22 037

22 200

9

Негізгі емес қызметтен болған өзге шығындар (2)

86 500

93 175

12 295

44

10

Үлестік қатысу тәсілі бойынша есептелетін ұйымдардың табыс/шығыс үлесі

12 958

-10 173

7 817

6 410

11

Тоқтатылған қызметтен болған табыс (шығын)

0

2 469

0

27 197

12

Корпоративтік табыс бойынша шығындар

11 055

5 875

6 902

7 597

13

Азшылықтың үлесі

-2 696

390

658

225

14

Қорытынды табыс

15 947

-77 835

6 249

41 714

16

Бағамдық айырма есебінсіз қорытынды табыс




29 016







  1. Салыстыру мақсатында 2014 жылғы көрсеткіштері тоқтатылған қызметті толық шоғырландыру бойынша ЕТҰ-ны көшіруді ескере отырып қайта есептелді;

  2. 2015 жылғы аудиторлық есепте өзге табыстардан «құнсызданудан болған шығынды қайтарудан» болған табыс бөлек шығарылды және өзге шығындардан «Құнсызданудан болған шығындар» құнсызданудан болған шығыннан бөлек жолға бөлек шығарылды (НЕТТО).

  3. аудиторлық есепте 2014 жылғы бағамдық айырмадан болған сальдо «қаржылық табыстар» бөлімінде көрсетілді

  4. 2015 жылғы аудиторлық есепте бағамдық айырмадан болған шығын «қаржылық шығындар» бабында көрсетілді

Ескертпе: Қызмет түрлері бойынша табыстар мен өзіндік құн аластауды ескерусіз берілді

2015 жылғы қорытындырлары бойынша шоғырландырылған қорытынды шығын (-77 835) млн.теңгені құрады, ол айырбастау бағамының төмендеуіне және 107 330 млн. теңге мөлшеріндегі бағамдық айырма бойынша шығындардың туындауына байланысты. Валюта бағамдары өзгеруінің әсерін ескермей қорытынды табыс 29 016 млн.теңгені құрады.

Кейін жылдар бойынша табыс 41 714 млн. теңгеге дейін теңестіріледі.

2015 жылы «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы бойынша өнімді сатудан және қызмет көрсетуден болған табыстар 228 865 млн. теңгені құрады. Алдыңғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,5 %-ға ұлғаюы көбінесе Қоғамның барлық қызмет түрлеріне тарифтердің өсуіне байланысты. Табыстардың елеулі үлесі 2015 жылғы өндіріс көлемдері 22,3 млрд. кВтсағ астам құрайтын энергия өндіретін компанияларға электр энергияны сатудан болған табыстар есебінен қалыптастырылуда. Сондай-ақ табыстардың үлкен үлесін 2015 жылғы өндіріс көлемдері 8,4 млрд. кВтсағ астам құрайтын энергия өндіретін компанияларға электр энергияны сатудан болған және 12,1 млрд. кВтсағ мөлшерінде электр энергияны жеткізу мен бөлу бойынша қызмет көрсетуден болған табыстар құрайды.



Қызметтің негізгі түрлері бойынша 2015 жылғы табыстардың құрылымы

Алдағы кезеңге болжам: 2016 жылғы болжамда электр энергиясын өндіру, жеткізу және сату бойынша және жылу энергиясын өндіру бойынша көлемдерінің ұлғаюына байланысты 2015 жылға 12%-ға өсуімен 255 685 млн. теңге мөлшерінде жоспарланды.



Өндірушілер бойынша бөлген кезде өнімді сатудан және қызмет көрсетуден болған табыс

Көрсеткіш, млн. теңге

2014*

2015

2016

2017

(болжам)

(болжам)

Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден болған табыс

221 150

228 865

255 685

121 292

«Самұрық-Энерго» АҚ

20 399

16 040

17 117

21 710

«Green Energy» ЖШС

15

109

137

189

«Бұқтырма СЭС» АҚ

2 048

2 564

3 535

3 536

«Шардара СЭС» АҚ

2 422

2 085

2 485

3 499

«Мойнақ СЭС» АҚ

4 264

8 023

8 752

9 480

«Алматыэнергосбыт» ЖШС

85 042

88 215

95 565

 

«Самұрықэнергостройсервис» ЖШС

-

 

 

 

«МЭБК» АҚ

8 655

8 986

10 342

 

«АЖК» АҚ

31 431

32 662

34 218

 

АлЭС» АҚ

51 909

53 175

53 240

 

«Ақтөбе ЖЭО» АҚ

5 710

6 109

8 926

 

«Шығыс Қазақстан АЭК» АҚ

10 905

11 178

12 963

 

«Шығысэнерготрейд» ЖШС

26 222

27 731

31 042

 

«ЕМАЭС-1» ЖШС

73 792

78 249

83 249

99 806

«БЖЭС» ЖШС

-

1 741

3 850

4 119

Топ ішілік айналымдар (аластау)

-101 664

-108 162

-110 748

-21 710

* Салыстыру мақсатында 2014 жылғы көрсеткіштері тоқтатылған қызметті толық шоғырландыру бойынша ЕТҰ-ны көшіруді ескере отырып қайта есептелді

Қоғамның негізгі қызметтен болған табыстардың негізгі үлесін «1-ші МАЭС» ЖШС, «АлЭС» АҚ, «АЖК» АҚ, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС және «Шығысэнерготрейд» ЖШС құрайды. Сонымен қатар, табыстарды шоғырландырған кезде жалпы сомадан энергия тарататын компаниялар бойынша топ ішілік айналымдар жойылады.



Өнім мен қызмет көрсетудің өзіндік құны

Көрсеткіш, млн. теңге

2014*

2015

2016

2017

(болжам)

(болжам)

Отын

37 302

38 844

41 145

19 630

Еңбекақы төлеу және оған байланысты шығындар

23 800

23 039

28 367

3 912

Электр энергиясын сатып алу құны

28 105

19 946

27633

3045

Негізгі құралдардың тозуы және МЕА өтелімі

27 401

37 648

45 104

31 866

Жөндеу және ұстау

4 873

4 993

9 057

3 510

Электр энергиясын жеткізу жөніндегі қызметтер және өзге қызметтер

8 691

11 198

12 357

43

Материалдар

5 321

5424

2 731

394

Сумен қамтамасыз ету

4 438

4 456

5 247

2 119

Желілердегі шығындар

4659

4260

4809

0

Кіріс салығын есептемегендегі салықтар

5 714

6 354

7 155

4 337

Басқа ұйымдардың қызметтері

2 174

3 105

6 286

476

Өзгелер

4 729

6 665

8 813

2945

БАРЛЫҒЫ

157 207

165 932

198 704

72 277

* Салыстыру мақсатында 2014 жылғы көрсеткіштері тоқтатылған қызметті толық шоғырландыру бойынша ЕТҰ-ны көшіруді ескере отырып қайта есептелді.

**«Сатып алынған электр энергиясының құны» бабында мына ЕТҰ-лардың: АЭС, ШЭТ, АлЭС, АЖЭО, МСЭС, ШарСЭС, 1-МАЭС –тің сатып алынатын э/э бойынша шығындары ескерілді. 2014 және 2015 жылғы аудиторлық есепте аталған бап бойынша АЭС шығындары есепке алынды (қалған ЕТҰ-лар «отын» деген жолда есепке алынды). Сол себепті «Отын» бабы бойынша деректердің аудиторлық есептің деректерінен айырмашылығы бар.

2015 жылғы қорытындылары бойынша өзіндік құн 165 932 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылғыдан 5,5 %-ға жоғары. Негізгі өсім электр энергиясын жеткізу бойынша қызметтерге, қуатты реттеу жөніндегі қызметтерге, өндірісті баланстау және КЕГОК электр энергиясын тұтыну жөніндегі қызметтерге тарифтің өсуі есебінен, сондай-ақ 2014 жылғы 1 сәуірден бастап «МАЭС-1» ЖШС бойынша деректерді 100%-дық үлесте есепке алумен байланысты болды. Соған қоса, өзіндік құнның өсуіне «ЕМАЭС-1» ЖШС-ның негізгі құралдарын қайта бағалауды жүргізу нәтижесінде болған өтеу, сондай-ақ барлық ЕТҰ-ларда инвестициялық бағдарламаларды іске асыру бойынша шығындардың ұлғаюы әсер етті.

1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет