Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының
ІІБ КПб-нің жедел уәкілі
полиция лейтенанты қолы
Күдіктіні және оның қорғаушысын сараптаманың қорытындысымен таныстыру
ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қаласы 2019 жылғы 10 қазанда
Басталуы: сағат 12. 00 минутта
Аяқталуы: сағат 12. 15 минутта
Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының ІІБ КПб-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты Маратов Асет Саматұлы Нұр-Сұлтан қаласы «Байқлңыр» ауданының ІІБ КПб-нің үй-жайында Қазақстан Республикасы ҚПК 64, 66, 197, 199, 274, 286-баптарының талаптарын сақтай отырып, 2019 жылғы 10 қазандағы №7690000254 ордер ұсынған қорғаушы Маратова А.К қатысуымен күдікті Мерекеев А.А танысу үшін №187111031000993 қылмыстық іс бойынша сарапшының 2018 жылғы 10 қазандағы №843/13 қорытындысын ұсынды.
Процестік әрекеттің алдында күдікті Мерекеев А.А және күдіктінің қорғаушысы Маратова А.К ҚПК-нің 274, 286-батарына сәйкес:
1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады; 2) сарапшыға қарсылық білдіруді немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге; 3) өздері көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат беруге; 4) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат беруге; 5) сараптама жүргізілген кезде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен, ҚПК-нің 278-бабында көзделген тәртіппен қатысуға; 6) сарапшының қорытындысымен не ҚПК-нің 284-бабында көзделген тәртіппен қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға құқығы бар.
Процестік әрекеттердің алдында күдікті Мерекеев А.Асот-химиялық сараптама тағайындау туралы қаулымен қорғаушысымен бірге танысуға ниет білдірді.
Күдікті Мерекеев А.А қолы
Қорғаушы: Маратова А .К қолы
Күдікті Мерекеев А.А және қорғаушы Маратова А.К 2019 жылғы 10 қазандағы сот-химиялық сараптама тағайындау туралы қаулы танысу үшін ұсынылды.
Күдікті Мерекеев А. А және күдіктінің қорғаушысы Маратова А.К жеке оқып шығу арқылы сараптама тағайындау туралы қаулысымен танысты.
Құқықтың мәні түсінікті Мерекеев А.А қолы
Қорғаушы: Маратова А.К қолы
Процестік әрекеттердің алдында күдікті Мерекеев А.А сарапшының қорытындысымен қорғаушысымен бірге танысуға ниет білдірді.
Қорғаушы: Маратова А.К қолы
Күдікті Мерекеев А.А және күдіктінің қорғаушысы Маратова А.К сарапшының 2018 жылғы 10 қазандағы №848/13 қорытындысы танысу үшін ұсынылды.
Күдікті Мерекеев А.Ажәне күдіктінің қорғаушысы Маратова А.К жеке оқып шығу арқылы сараптаманың қорытындысымен танысты.
Сарапшының қорытындысымен танысу нәтижесіндекелесіні мәлімдеді:
«Сараптама тағайындау туралы қаулымен таныстым. Ескертулерім, қарсылықтарым, қолдаухаттарым жоқ»
Күдікті Мерекеев А.А қолы
Қорғаушы:Маратова А.К қолы
Сарапшының қорытындысымен танысу хаттамасымен жеке оқып шығу арқылы таныстым. Дұрыс жазылған. Хаттамаға енгізуге жататын өтініштерім, ескертулерім, толықтыруларым, түзетулерім жоқ»
Күдікті Мерекеев А.А қолы
Қорғаушы:Маратова А.К қолы А
Қорытындымен таныстырған, хаттаманы толтырған:
Достарыңызбен бөлісу: |