Сапа менеджмент жүйесі бөлімі сапаның ҚҰжатталған процедурасы: ішкі аудит



бет4/7
Дата08.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470517
1   2   3   4   5   6   7
№3-Ішкі-аудит-процедурасы

8. АУДИТ ПЕН БАҚЫЛАУ


8.1 ІА сапасының жылдық Жоспар-кестесінің орындалуын СБӨ бақылайды.
8.2 ІА өткізу мүмкін болмаған жағдайда Жоспар-кестеде белгіленген мерзімде СБӨ ректорға орын алған жағдай жөніндегі баяндап, аталған ІА уақытын ауыстыру жөніндегі Бұйрықты дайындауды іске асырады. Бұйрық бекітілгеннен кейін Жоспар-кестеге Бұйрыққа сілтеме жасай отырып, тиісті жазба жазылады.
8.3 ІА барысында анықталған сәйкессіздіктер/орын алуы ықтимал сәйкессіздіктерді түзету мен алдын алу әрекеттерін құрылымдық бөлімшелердің басшылары жүзеге асырады. Олар түзету/алдын алу әрекеттері аяқталғаннан кейін бұл жөнінде СБӨ-ге хабарлайды. СБӨ жұмыстың орындалуы мен әрекеттердің тиімділігін бағалау бойынша инспекциялық бақылау үшін аудиторды жібереді. Егер аудитор сәйкессіздіктің жойылғанын мойындаса, ол алғашқы Сәйкессіздік жөніндегі хаттама мен Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есепке тиісті жазбаны жазады. Орындалған түзету/алдын алу әрекеттері тиімді деп танылғаннан кейін инспекциялық аудит аяқталады.
8.4 Әрекеттердің басқа тәртібі де болуы мүмкін. СБӨ барлық Хаттамалар бойынша түзету жұмыстарының орындалуы мерзімінің бітуіне қарай тексеру үшін айына бір рет аудитор жіберіп отырады. Тексеріс оң нәтиже берген жағдайда Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамаларға тиісті жазбалар жазылады.
8.5 Түзету іс-шаралары белгіленген мерзімде өтпеген жағдайда уақытын ауыстыру туралы мәселені ҚазҰМУ Ректорының келісуімен СБӨ шешеді.
8.6 ІА нәтижелерін, түзету іс-шараларының нәтижелерін СБӨ ҚазҰМУ-дың Сапа жөніндегі кеңес мәжілісінде баяндайды.
8.7 ІА нәтижелері, түзету іс-шараларын өткізу нәтижелері СМЖ-ны талдауда, ҚазҰМУ жұмысын қорытындылауда пайдаланылады және ескеріледі.


9. АУДИТОРЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


9.1 ҚазҰМУ-да ІА өткізуге СМЖ ішкі аудиторларын дайындау бойынша арнайы курстарда оқытудан өткен және олардың біліктілігін растайтын тиісті құжатқа ие болған, басшылық ішкі аудитор етіп тағайындаған қызметкерлер тартылады.
9.2 Аудиторлар біліктілігін растау мақсатында кем дегенде 3 жылда бір рет оқытудан өтеді.
9.3 Мүддесіздік пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында аудиторлар өз жұмыстарын тексермеуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет