«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мм 2012 жылғы жұмысы туралы есеп «Саран қ. ЖҚжӘББ»



Дата23.02.2016
өлшемі211.46 Kb.
#6849
«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2012 жылғы жұмысы туралы есеп

«Саран қ. ЖҚжӘББ» ММ Саран қаласында 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Бөлімде қала халқына 17 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ұсынылған қызмет мәселесі бойынша шағымдар келіп түскен жоқ.

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту» Заңды басшылыққа ала отырып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясаттың негізгі шаралары мен негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік және экономикалық аспектілерді ескере отырып қаланың еңбек нарығының бүкіл жақты талдауын жүргізеді.

2012 жыл ағымында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 895 адам жүгінді.




2008 жыл


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жүгінген адамдардың саны

1576

2993

1233

825

895

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келетін жұмыссыздар ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда қарастырылған әлеуметтік көмектің кепілді көлемін алады.

Жылдық жоспар 660 болған кезде, 746 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жылдық жоспардан 113 құрайды.




2008 жыл


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жұмысқа орналастырылғандар саны

1573

2941

1213

742

746

Өтініш білдірген жұмыссыздардың санынан жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың үлесі 97,4 % құрады.







2008 жыл


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Өтініш білдірген жұмыссыздардың санынан жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың үлесі

99,2

97,8

94,5

72,9

97,4

2013 жылғы 1 қаңтарға белгіленген жұмыссыздық деңгейі - 0,3%.







2008 жыл


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жұмыссыздық деңгейі

0,1

0,2

0,2

0,3

0,3

2013 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша жұмыспен қамту секторында тіркелген жұмыссыздардың саны – 73 адам.







2008 жыл


2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жұмыссыздар саны, адам

15

50

67

75

73

«Кәсіпкерлік бөлімі» ММ мәліметтері бойынша 2012 жыл ағымында жаңа жұмыс орындары – 139, соның ішінде кішігірім бизнесте – 58 құрылды, жұмыспен қамту бөлімінің көмегімен жаңадан құрылған жұмыс орындарына 70 адам, соның ішінде кішігірім бизнесте – 28 адам орналасты.

Жұмыс іздеу Клубының жұмысы шеңберінде 31 топта семинарлық сабақтар өткізілді, 268 адам қамтылды,жұмысқа 83 адам орналастырылды, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 130 адам қатысты, кәсіби даярлыққа 47 адам жіберілді.

2012 жылы кәсіби оқуға 2683,0 м.т. қаражат бөлінді. 2012 жыл ағымында кәсіби оқуға 90 адам, жылдық жоспар 90 адам, жоспар орындалуы 100%. 2682,3 мың теңге соммасында бөлінген құралдар өз уақытында және толық көлемде игерілді.

2013 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша қоғамдық жұмыстар 23 нысанда ұйымдастырылды. Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға жоспарда 315 адам болғанда, 300 адам жолданды, орындалу пайызы 105%. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 18421,0 мың теңге сомасында қаржы бөлінген, қаржыландыру - 100% орындалған.

Өз ісін дамытуға және өзін-өзі жұмыспен қамтуға 517,8 м.т. сомасына қаражат жұмсалды, 8 адамға материалдық көмек көрсетілді.

2012 жылы 12 мамырда Саран қаласының Мәдениет үйінде қала кәсіпорындарымен, облыс оқу орындарында жәрмеңке тұсау кесер өтті. Осы жұмыста 8 жұмыс беруші, 8 оқу орындары, қала мектептерінің 9,11 сыныптарының, №4 кәсіптік лицейдің және Саран гуманитарлы- техникалық колледжінің 420 түлегі қатысты. 120 бос жұмыс орындары ұсынылған.

2012 жылы 1 шілдеде Жастар практикасы ұйымдастырылды. 2012 жыл ағымында Жастар практикасына жоспарда 10 адам болғанда, 13 адам жолданды. Жергілікті бюджеттен 1670,0 мың теңге қаржыландыру бөлінді, бөлінген қаржыландыру 100 % орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 1404,0 мың теңге бөлінді., бөлінген қаржыландыру өз уақытында және толық көлемде игерілді.

Еңбек туралы заңдар жинағы және халықты жұмыспен қамту, еңбек нарығындағы жағдайлар, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, уақытша жұмыспен қамтылу (қоғамдық жұмыстар), кәсіптік даярлық алу, қайта даярлау мен біліктілігін жоғарылату мәселелері бойынша қатынасқан азаматтардың кеңестері тұрақты жүргізіледі. Ғимараттың вестибюлінде, қаланың хабарландырулар тақталарында бос жұмыс орындар мен лауазымсдық қызметтердің болуы туралы ақпараттар орналастырылған. Жыл ағымында қалалық «Саран газеті» газетінің беттерінде апта сайын жұмыспен қамту бөлімінің материалдары жариялануда.

2012 жыл ағымында жұмыс жоспарларына сәйкес кеңестер мен комиссиялар қызметтерін жүзеге асырды:

- Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбектік қатынастарды реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссия. ҚҮК жұмыстары туралы материалдар «Саран газеті» газетінің беттерінде жариялануда.

Комиссияның отырыстарына ұйымдардың, мекемелердің өкілдері, қаланың жұмыс берушілері шақырылады, жұмыс істейтін азаматтардың мүддесін қорғауға және құқтарына қатысты Бағдарламалардың орындалу мәселелері, Қазақстан Республикасы заңдарының орындалу мәселелері қарастырылады.

Бұрын қабылданған шешімдердің тоқсан сайынғы мониторингі жүргізіледі.

Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-экономикалық және еңбектік қатынастарды реттеу бойынша қалалық үш жақты комиссияның құрамы жыл сайын мәслихат сессиясында бекітіледі.

- Өз ісін ашуға және өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етуге материалдық көмек алуға ықылас білдірген, жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарастыру бойынша кеңесті-мәжілістік комиссия.

- Қылмыстық жазаны және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай – ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Саран қаласы әкімдігі жанындағы Кеңес.

Кеңестің отырыстарына ұйымдардың, мекемелердің өкілдері, қаланың жұмыс берушілері шақырылады, қалада тұратын қылмыстық жазасын өтеген тұлғалардың мүддесін қорғауға және құқтарына қатысты мәселелер қарастырылады. Бұрын қабылданған шешімдердің тоқсан сайынғы мониторингі жүргізіледі.

Қылмыстық жазаны және қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай – ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Саран қаласы әкімдігі жанындағы Кеңестің құрамы жыл сайын мәслихат сессиясында бекітіледі.

2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс- шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы» 2011 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 316 қаулысын жүзеге асыру мақсатында Саран қаласынада екі бағыт бойынша жұмыс жүргізілдеі.

2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қалалық комиссия құрылды, 3 отырыс өткізілді. «Саран қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ жанында жұмысшы топ құрылды, 13 отырыс өткізілді.

2012 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламысының 1 бағытын жүзеге асыруға 12300 мың теңге сомасында қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыландырулар 100 % игерілді.

«Белсендендіру» бөлімі бойынша іс- шаралар жоспарына сәйкес оқуға барлығы 44 адам жолданды. Олардың ішінде 3- айлық дайындық курсы бойынша 15 адам аяқтады: «Қазандық орнату машинисті» мамандығы бойынша. Бағдарламаның барлық қатысушыларына олардың әрі қарайғы жұмысқа орналасуы үшін жолдама мен біліктілігін иеленгені туралы куәлік берілді.

Басым мамандықтары бойынша 2 жыл 10 ай кәсіби дайындыққа 29 адам жолданды, олардың ішінде: 1 адам- «Жалпы практиканың медицина бикесі», 7 адам- «Техник- монтажник», 4 адам- «Техник электрик», 17 адам- «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі».

Жастар практикасына 10 түлек жолданды, 1670 мың теңге соммасында қаржыландыру бөлінді, 1670 мың теңге орындалды, 100 %.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру және басым мамандықтарды анықтау, бос жұмыс орындарын құру бойынша, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларды тарту бойынша әр түрлі меншік түріндегі ұйымдар мен кәсіпорындар басшыларымен жиі-жиі жұмыс жүргізіледі. Әріптестік болашағы бойынша кәсіпорындар және ұйымдармен 43 ықтияр хаттама бекітілді.

«Еңбек ресурстарының мобилділігін арттыру» бөлімі бойынша 2012 жылы 2-қабатты көп пәтерлі үйдің 85 пәтеріне қоныстандырылды. 2011 жылы 30 желтоқсанда Саран қаласы, 1 а, 20 үй мекен жайы бойынша 60- пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге берліді.

2012 жылы Саран қаласы, «Горняк» ықшам ауданы, 86 үйді және инженерлік коммуникацияны қайта қалпына келтіруге республикалық бюджеттен 41784 мың теңге бөлінді, қаржы 100 % игерілді. Үй 2012 жылы желтоқсанда «Саран қаласының жұмыспен қамту орталығы» КММ балансқа берілді.

2012 жыл ағымында 85 отбасы қоныстандырылды, соның ішінде 11 отбасы әлуеті төмен дамыған елді мекеннен. Осы отбасы мүшелеріне 3627,7 мың теңге соммасында көшуге субсидия төленді.

Жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша материалдар жүйелі түрде жергілікті «Саран газеті» газетінің беттеріне жарияланып тұрады.
Әрекет ететін заңға сәйкес қалада тұрып жатқан азаматтардың әр түрлі санаттарына әлеуметтік қорғау шараларын көрсету бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 1 қаңтардан енгізілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңы бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтарға МАӘК тағайындалады. Барлығы 2012 жылға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 1587,0 м.т. қарастырылды. Жыл басынан 929 отбасы мүшелеріне 1587,0 м.т. сомасына 205 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.


Саран қаласы бойынша МАӘК тағайындауды талдау





2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл


2011 жыл

2012 жыл

Тағайындалған жәрдемақылар саны

532

471

453

390

205

Тағайындалған жәрдемақылар сомасы

3300

2968

3004,0

3064,0

1587,0

Құрылған 2 участкелік комиссия (1 – Саранда, 1- Ақтас к.) Заңға сәйкес МАӘК тағайындауға өтініш берген отбасылардың тұру жағдайларын 100% зерттеу жүргізеді.

2006 жылғы 1 қаңтардан ҚР «Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу туралы» Заңы күшіне енді. 2012 жылға 2832,0 м.т. мөлшерінде қаржыландыру қарастырылды. Жыл ағымында 2832,0 м.т. сомасына 1420 балаға 807 жәрдемақы тағайындалды, бөлінген қаражат толық көлемде игерілді.

Саран қаласы бойынша балалары бар отбасыларына жәрдемақы тағайындауды талдау







2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Алушылардың саны

934

1094

1067

1001

807

Тағайындалған жәрдемақылардың сомасы

2104,0

2842,0

3093,8

3236,0

2832,0

Осы жәрдемақыларды алушылар қосымша тағам өнімдерінің қымбаттауына байланысты әрбіреуі 1 АЕК бойынша жергілікті бюджет есебінен жәрдемақыны алу құқығын қолданады. Жыл ағымында 2113,1 мың теңге соммасында 642 жәрдемақы тағайындалды.

Осы жәрдемақыларды тағайындау кезінде бөлім қарамағындағы көңілдің өзгерту қажеттілігі айқындалған Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын басшылыққа алады. Артықшылық әр кезде жұмысқа орналастыру болып қала береді.

Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау кезінде жеклеп әр отбасы зерттеледі, тұрақты еңбек кірісін алатын жұмыс істеуге тырыспайтын жұмысқа қабілетті отбасы мүшелеріне жәрдемақы тағайындау жағдайлары жіберілмейді.

“Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстап тұруға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы” Ережесіне сәйкес Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлмінде коммуналдық қызметтерді ұсынғанда есептелген сома жиынтық кірістен 10% асатын болса азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жүргізіледі (тұрғын үй жәрдемақысын есептеу әлеуметтік нормаларды ескере отырып жүргізіледі). Қалалық бюджет қаражаты есебінен 16400,0 м.т. сомасында қаражат бөлінді. 16400,0 м.т. сомасына 5665 жәрдемақы тағайындалды, жәрдемақының орташа мөлшері – 2895 теңге. 2012 жыл ағымында 16400,0 м.т. сомасында қаражаттар төленді, бөлінген қаржыландыру толық көлемде игерілді.




2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Жәрдемақы саны

11096

13341

8010

7628

5665

Тағайындалған жәрдемақылар сомасы

31695

42049

20564,8

19399,8

16400

Орташа мөлшері

2856

3025

2567

2543

2895

Бұл шара ерекше мәнге ие болып келеді, өйткені біздің қалада жылыту бойынша жоғары тарифтер. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың санының ұлғаюын ескере отырып, бөлінген қаражатты уақытылы игеру бойынша қажетті шаралар қабылданады, әлеуметтік қорғаудың көрсетілетін шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Жәрдемақыларды тағайындау кезінде Заң талаптары қатаң сақталады, алушылар арасындағы асыранушылық қатынастарды жоюдамыз.

Бөліммен басқа адамның көмегіне мұқтаж 1,2 топтағы жалғыз басты мүгедектердің зейнетақыларына қосымша үстеме тағайындау және төлеу жүргізіледі. Жыл басынан бері 105 жәрдемақы 169,9 мың теңге сомасына тағайындалды. 2005 жылғы 1 қаңтардан қаржыландыру облыс бюджетінің қаражаттар есебінен жүргізіледі.






2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Алушылар саны

150

163

143

117

105

Тағайындалған жәрдемақылар сомасы

178,7

210,7

202,1

176,9

176,9

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларға көмек көрсету Ережелеріне сәйкес жыл басынан бері 267 жәрдемақыны 1231,5 м.т. сомасына тағайындау жүргізілді. 2012 жылға 1232,0 м.т. сомасына қаржыландыру қарастырылды, бөлінген қаржыландыру толық көлемде игерілді.




2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Балалар саны

35

34

51

51

48

Тағайындалған жәрдемақылар сомасы

865

764

1040,0

985,0

1231,5

2012 жылы “Қалалық бюджеттің қаражаттар есебінен қаржыландырылатын жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер” бойынша 19802,0 м.т. сомасына қаражаттар бөлу қарастырылды. 2012 жыл ағымында 19802,0 м.т. сомасына 6519 жәрдемақы тағайындалды. Бөлінген қаржыландыру толық көлемде игерілді.





2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Төлемдер саны

10346

7439

7291

8588

6519

Тағайындалған жәрдемақылар сомасы

14205,0

20755

24721

21551,0

19802

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ қалада тұратын аз қамтылған отбасылар есебі жүргізіледі. 2013 жылдың 1 қаңтарына қалада 37 аз қамтылған отбасылар - 144 отбасы мүшесі тұрады. 2012 жылы мемлекеттік емес көздерден 3670,4 м.т. сомасына әр түрлі көмек көрсетілді. Мемлекеттік емес көздерден аз қамтылған отбасыларды көмекпен 100% қамту қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік емес көздерден аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету бойынша мәліметтер




2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Кедейлік шегінен төмен тұрып жатқан аз қамтылған азаматтардың саны:
















отбасы

118

110

74

54

37

адам

430

358

267

201

144

Мемлекеттік емес көздерден көмек көрсетілді

30513,7

32427,6

18860,5

5977,7

3670,4

2013 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша 27 соғыс қатысушылары мен мүгедектері есепте тұр. 2012 жылы соғыс қатысушыларына, мүгедектеріне 3543,3 м.т. сомасына, соның ішінде бюджеттік көздерден 2129,8 м.т. сомасына көмек көрсетілді.

2013 жылғы 1 қаңтар ахуалы бойынша қалада 145 ардақты аналар және 18 жасқа дейінгі 4 және одан да көп балаларды тәрбиелеп отырған 108 көп балалы аналар тұрады. 2012 жылы көп балалы отбасыларға 8155,6 мың теңге сомасына көмек көрсетілді.

Әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен қала ішінде тұратын және жақын туған-туысқандары жоқ жалғыз басты қарт азаматтарға қызмет ету бойынша қызметтер көрсетіледі. Бөлім жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі: жалғыз басты қарт азаматтарға қызмет көрсету, жеңілдіктері бар тұлғалармен жұмыс, қоғамдық ұйымдармен, қала мекемелері және кәсіпорындарымен бірлескен жұмыс. 2013 жылғы 1 қаңтарға 30 әлеуметтік қызметкер 3 бөлімшеде 267 адамға қызмет көрсетеді.

«ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізіледі. 2006 жылы қалада мүгедектер істері бойынша Кеңес құрылды. 2012 жыл ағымында мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің 4 отырысы өткізілді. Комиссия отырысына ұймдар, мекемелер өкілдері, қаланың жұмыс берушілері шақырылады, қалада тұратын мүгедектердің мүдделері мен құқықтарын қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңын жүзеге асыру, 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді Оңалту Бағдарламасын орындау мәселелері қарастырылады.

Бұрын қабылданған шешімдердің орындаудың тоқсан сайынғы мониторингі жүргізіледі.

МЗТО мәліметтері бойынша Саран қ. бойынша 1,2 топ мүгедектері – 1281 адам, 3 топ мүгедектері – 527 адам, бала кезінен мүгедектер – 108 адам, барлығы 1916 адам есепте тұр. Үйде қызмет көрсету әлеуметтік көмек бөлімшесінде 25 мүгедек тұр.

Мүгедектерді оңалту Бағдарламасының әрекет ету кезінде әр түрлі оңалту құралдарын алуға 697 жеке оңалту бағдарламалары дайындалды.

Гигиеналық құралдар сатып алуға 3827 м.т және 1 топ мүгедектеріне жеке көмекші қызметін төлеуге 9416,6 м.т. сомасында қаражат бөлінген, мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін 1634,4 м. теңге, барлығы 14878 м.т. сомасында. 2012 жылы 14878,0 мың теңге сомасында игерілді. 100 % игерілді.

ҚР “Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы” Заңын жүзеге асыру мақсатында қалада кемтар балаларға қызмет көрсету бойынша аймақтық белгі бойынша 11 учаскені (Саран қ. – 9, Ақтас к. - 2) қосатын бөлімше ұйымдастырылып, жұмыс істейді. 13 әлеуметтік қызметкерлер 80 мүгедек балаға қызмет көрсетеді, соның ішінде 14 мүгедек 18 жастан асқан.

Бөлімше өзінің жұмыс формалары мен әдістерін үнемі жетілдіреді, аптасына 2 рет балалармен топтық сабақтар өткізіледі.

2002 жылдан бастап бөлімде кәмелетке толмаған балалары бар «БИБІ –АНА» мүгедек әйелдердің қоғамының филиалы жұмыс істеуде. Барлық мүгедек әйелдеріне зерттеу жүргізілді, әлеуметтік карта құрылды. Клуб белсенділерінің құрамында 25 адам бар. Қоғамның белсенді мүшелері қалалық және мерекелік іс-шараларға үнемі шақырылады.

Аз қамтылған мүгедек әйелдерге қайырымдылық акцияларын өткізу кезінде киім, материалдық көмек, ауыл шаруашылық өнімдері бөлінеді, коммуналдық қызметтер төлемі бойынша жеңілдіктер ұсынылады. Клубтағы жұмыс жыл сайын құрылатын және белсенділер клубының отырысында бекітілетін жоспарға сәйкес жүргізіледі.

Қазіргі кезде қалада мүгедектердің 4 қоғамдық бірлестіктері ұйымдастырылды: ҚЗҚ зағиптар қоғамы – хатшысы О.И. Закс, «СЕНІМ» мүгедектердің қоғамын қорғау қоғамы – төрайымы О.И. Ситарчук, ерікті мүгедектер қоғамы – төрайымы – Н. Мигай, «БІРЛІК» қоғамы және саңыраулар қоғамы филиалы – А.О. Качмашева.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлмі үнемі қалалық мүгедектер бірлестіктеріне көмек көрсетеді, қажет болған жағдайларда құжаттармен жұмыс істеуде және әр түрлі құжаттарды рәсімдеу кезінде көмек көрсетіледі. Мүгедектердің ҮЕО жұмыс жоспарлары ЖҚжӘББ келісіледі. Барлық акциялар мен іс-шаралар «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бірлесіп өткізіледі.

Бөлімде «Қазақстан-2030» Стратегиясын, Президенттің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша және мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларына қатысты нормативті-құқықтық актілерді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

«Нәсихат» дәріскерлік тобының мүшелері Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын, халықты әлеуметтік қорғау шараларын түсіндіру бойынша дәрістерімен ай сайын қаланың ұйымдарына, мекемелеріне барады.

«Саран қаласының ЖқжӘББ» ММ 9 ақпараттық стенд рәсімделген.

«Саран газеті» газетінде халықты әлеуметтік қорғау шаралары бойынша, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кейбір заң шығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізілгендігі туралы, сондай-ақ, қалада бар апта сайын бос жұмыс орындар туралы мәліметтер туралы, қаладағы жұмыссыз азаматтарды оқыту үшін тегін курстарды ұйымдастыру туралы мақалалар жарияланған.

«Саран қаласының ЖҚжӘББ» ММ жұмысы туралы барлық ақпараттар бөлімнің сайтында орналастырылған.



2013 жылға міндеттер:

670 адамды – жұмысқа орналастыру,соның ішінде жастар – 200 адам;

қайта оқытуға жолдау – 90 адам, бөлінген қаражат 2696,0 мың теңге;

қоғамдық жұмыстарға жолдау – 300 адам, бөлінген қаражат 20299,0 мың теңге;

өз ісін ашуға материалдық көмек көрсету – 8 жұмыссыз азаматтарға, бөлінген қаражат 554,0 мың теңге

жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру:

10 әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, бөлінген қаражат 1169 мың теңге,

10 түлекті Жастар практикасына жолдау, бөлінген қаражат 1780,0 мың теңге.

Республикалық бюджет трансферттері есебінен, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында:

кәсіпорындарда Жастар практикасын ұйымдастыру, бөлінген қаражат 1786,0 мың теңге;

кәсіпорындарда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға, 2050,0 мың теңге қаржыландыру бөлінді;

Бөлінген қаржыландыруға сәйкес, әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауды жүргізу:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 1698,0 мың теңге

тұрғын үй көмегі – 17548,0 мың теңге

азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер – 21188,0 мың теңге,

үйде оқытылатын мүгедек-балалар – 1335,0 мың теңге

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы – 3300,0 мың теңге

«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңды іске асыру мақсатында:

Санитарлы-гигиеналық құралдарды 5439,0 мың теңге сомасына сатып алу

Жеке көмекшінің және қимылдық тіл маманының қызметтерін 10059,0 мың теңге сомасына көрсету.

«Насихат» дәріскерлік тобының мүшелері әлеуметтік қорғау шараларын түсіндіру бойынша жұмыстарын жалғастырады.

Бөлім жұмысының жоспары мен жұмыс регламентіне сәйкес, бөлім жанынан құрылған Кеңестердің, комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылған.

Жалғыз басты қарт азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет көрсету жөніндегі бөлімшелер жұмысын жалғастырады.

«Саран қ. ЖҚжӘББ» ММ бастығы К.О. Тұңғышбаева

Орынд. Карпова Л.И.

тел. 42928

sar_ozsp@kvg.gov.kz



«Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттау рәсімі

Құжаттама әзірлеуі



11 парақта

парақ

1 редакция

Шығарылу датасы 2013 жыл «5» қаңтар

Іске қосу датасы 2013 жыл «___» _________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет