Сарыбаев Е. Е., Бортебаев С. А



бет17/18
Дата18.05.2022
өлшемі0.86 Mb.
#456891
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ПӨТжЖ әдістемелік құралы

7-зертханалық жұмыс
«РВF тұрақты түйіспелі машинасының құрылысы мен жұмысын зерделеу»
Жұмыстың мақсаты. Түйіспелі машинаның құрылысы және барлық түйіндерінің жұмысымен нақты танысу, техникалық құжаттар мен анықтамалық материалдарды пайдалануды игеру.
Жұмыс ұзақтығы – 2 с.
Тапсырма.
1. Техникалық құжаттар және сұлбалар мен танысып, машинаның құрылысы, оның технологиялық мүмкіншіліктерін нақтылау.
2. Машинаны бөлшектеп, барлық түйіндерімен танысу.
3. Машинаның электрлік сұлбасын сызу қажет.
4. Машинаны жинап, жұмысқа әзірлігін тексеру.
5. Дайындама үлгіні пісіріп байқау.
6. Реттелетін ереже көрсеткіштеріне көңіл бөлу.


Жабдықтар мен материалдар.
1. РВF түйіспелі машинасы.
2. Техникалық құжаттар, сызбалар, сұлбалар және анықтамалық материалдар.
3. Қажетті саймандар мен жабдықтар.
4. Пісіруге арналған үлгілер


Есептің мазмұны.
1. Жұмыс атауы мен мақсаты.
2. Машинаның түйіндері мен механизмдерін жазу.
3. Машинаның технологиялық мүмкіндіктері.
4. Түйіспелі машинасы, қысу механизмінің нобайы (сұлбасы).
5. Түйіспелі машинаның элементтерін салқындату сұлбасы.


Бақылау сұрақтары.
1. Машина және оның негізгі түйіндерінің жұмысы айтыңыз?
2. Пісіру ережесінің реттелетін көрсеткіштері қандай, реттелетін шегінің шамалары қандай?
3. Пісіру тоғын реттеу қандай әдіспен жүргізіледі?
4. Түйіспелі машинада пісіру тоғын қосу және ажырату мақсатында қандай қондырғы қолданылған?


8-лабораториялық жұмыс
«Түйіспелі пісіру қол машинасының құрылысы және жұмысын зерделеу»
Жұмыстың мақсаты. Түйіспелі қол машинасының және барлық түйіндерінің жұмысымен танысу, техникалық құжаттар және анықтамалық материалдарды пайдалануды игеру.
Жұмыс ұзақтығы – 2 с.


Тапсырма.
1. Техникалық құжаттар және сұлбалармен танысып, машинаның құрылысы, оның технологиялық мүмкіншіліктерін игеру.
2. Машинаны бөлшектеп, барлық түйіндерімен танысу.
3. Машинаның электрлік сұлбасын сызу.
4. Машинаны жинап, жұмысқа әзірлігін тексеру.
5. Үлгіні пісіру.
6. Реттелетін ереже көрсеткіштеріне көңіл бөлу.


Жабдықтар мен материалдар.
1. Түйіспелі қол машинасы.
2. Құжаттар, сызба, сұлбалар мен анықтамалық материалдар.
3. Қажетті саймандар мен жабдықтар.


Есеп мазмұны.
1. Жұмыстың атауы мен мақсаты.
2. Машинаның құрылысы мен жұмысын жазу.
3. Машинаның технологиялық мүмкіншіліктері.
4. Түйіспелі машинаның қысу механизмінің нобайы.
5. Пісіру тогының шамасын реттеу механизмін жазу.


Бақылау сұрақтары.
1. Түйіспелі қол машинасы мен оның түйіндерінің жұмысы?
2. Пісіру ережесінің реттелетін көрсеткіштері қандай?
3. Пісіру тогын реттеу қандай әдіспен жасалады?
4. Пісіру тогын қосу және ажырату қалай жүреді?
5. Түйіспелі қол машинасының мүмкіншіліктері қандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет