Сақтандыру нарығының түрлері
Сақтандырудың мынадай түрлері бар:
Салалық белгілері бойынша:
Мүлікті сақтандыру нарығы, оның обьектілері болып жер, әуе және су көлігі, жүктермен байланысты басқа да мүліктер, қаржылық тәуекелдік табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса алғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
Ипотекелық сақтандыру, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды толық өтемі мөлшерінде қайтару.
Сақтандыру индустриясының ұйымдастыру құқықтың түрлеріне байланысты:
Мемлекеттік сақтандыру сақтанудың мемлекеттік ұйым болып табылатын сақтандырудың түрі. Осы жағдайда мемлекет өзінің экономикалық операцияларын сақтандыру арқылы, өзінің қаржы ресурстарына кепілдік бере алады.
Акционерлік сақтандыру бұл сақтандыру ретінде акционерлік қоғамдар саналатын сақтандыру қызметінің түрі.
Өзара сақтандыру, өзара көмек беруді қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздікті сақтандыру түрі.
Жүзеге асырулық түрлері бойынша:
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, соның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары шенберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісім-шарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады.
Сақтандыру обьектілері бойынша:
Жеке басты сақтандыру – жеке тұлғаның мүддесін, оған қатысты оның өмірін, деңсаулығын және сақтанушының өзінің де және үшінші жеке адамдардың да басқа қасиеттерін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтарға олардың өмірінде белгілі бір оқиға болған кезде алдын ала келісілген ақша сомасын төлеу.
Мүлікті сақтандырудың арналымы дүлей апаттардың және басқа кездейсоқ оқиғалардың әр түрлі мүлікке келтірген зиянын өтеуінде. Демек, сақтандырудың обьектісі әр түрлі материалдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |