Сақтандыру қорларын ұймдастыру және олардың мүделерін қорғау



бет9/10
Дата19.05.2022
өлшемі66.41 Kb.
#457410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сактандыру

2. Сақтандырудың жіктелуі 
Жіктелу негізгі бір талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл талаптар салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сонымен қатар сақтандырудың келесідей нысандарын атауға болады:
Міндеттілік дәрежесі бойынша – міндетті және ерікті
Сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік
Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес
Сақтандыру объектісінің әртүрлілігіне сәйкес сақтандыру қатынастарының жиынтығын бес салаға бөлуге болады:
1. Мүліктік сақтандыру
1. Әлеуметтік сақтандыру
2. Жеке сақтандыру
3. Сақтандыру жауапкершілігі
4. Кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру
Міндетті сақтандыру- Заң негізінде жүзеге асырылатын сақтандыру түрі. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып табылады.
Ерікті сақтандыру- Тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру түрі.
Жеке сақтандыру – Сақтандыру объектісі ретінде адамның өмірі, денсаулық және еңбек қабілеті саналатын сақтандыру саласы.
Мүліктік сақтандыру- Мүлікті иелену, пайдалану және сатуға қатысты сақтандырушының сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру жиынтығы.
Жинақтаушы сақтандыру кез-келген бағыттар бойынша сақтандыру ісінің жүзеге асырылуы.Ол сақтандыру келісімі арқылы жүзеге асырылады.
Жинақтаушы емес сақтандыру қоры сақтандыру жағдайы туындағанда ғана жүзеге асырылатын сақтандыру түрі.
ҚР сақтандырудың салалар бойынша жіктелуі келесі түрде жүзеге асырылады.
§ Салалар бойынша
§ Түрлері бойынша
§ Сыныбы бойынша
Өмірді сақтандыру екі сыныптан тұрады.
• Өмірді сақтандыру
• Аннуитетті сақтандыру
Жалпы сақтандыру 16 сыныптан тұрады.
Ø Күтпеген жағдайдан сақтандыру
Ø Медициналық сақтандыру
Ø Автомобилді, темір жол, ауа және су транспортын сақтандыру
Ø Жүктерді сақтандыру
Ø Мүлікті сақтандыру
Ø Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
Ø Көлік иелерін азаматтық-құқықтық сақтандыру
Аннуитеттік сақтандыру – Сақтандырушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін(жасына, мүгедектігіне, науқастығына байланысты)жоғалтқан асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайда немесе сақтандырушының жеке табысының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларға байланысты зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Медициналық сақтандыру-сақтандырушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлернің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру – көлік құралын иеленуге, пайдалануға байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне көлікті пайдалану барысында келтірілген зиянды сақтандыру болып табылады.
Жүктерді сақтандыру- жүктерді иеленуге, пайдалануға байланысты адамдардың мүліктік мүддедеріне жүктерді жоғалту салдарынан қалыптасатын зиянды сақтандыру болып табылады.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру – кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасаушы агенттерінің өз міндетттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі.
Азаматтық –құқықтық жауапкершілікті сақтандыру – келісім-шарт бұзылған жағдайда сақтандырудың барлық түрі бойынша сақтандырудың жиынтығы. Сақтандыру органдарына жаңа тәуекелді сақтандыру түрлерін жасау құқығы берілген. Қазақстандағы сақтандыру ісінің құрамына ұзақ мерзімді жинақтаушы сақтандыру кіреді:
ü Аймақ өмірін сақтандыру
ü Жер сілкінісі уақытында сақтандыру
ü Әскер қатарына шақырушыларды сақтандыру
ü Туу жағдайында әйелдерді сақтандыру
ü Жеке меншікке тиіскен уақытта сақтандыру
ü Заңды тұлғалардың банктік депозитттерін сақтандыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет