Сақтандыру қорларын ұймдастыру және олардың мүделерін қорғау



бет8/10
Дата19.05.2022
өлшемі66.41 Kb.
#457410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сактандыру






Пайдаланылған әдебиеттер
«Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы» Заңы // Егемен Қазақстан 2000 ж. 22 желтоқсан.
Скамай Л.Т., Мазурина Т.Ю. Страховое дело. – М., 2004. - 256 с.
Жуйриков К. Страховой рынок Казахстана: история становления и сегодняшний день // Время. – 2001 ж. – 12қазан.
Сманов Б.Ө. Сақтандыру: экономикалық маңызы жəне Қазақстанда қалыптасып, даму кезеңдері. – А., 2000. – 46 с.
Найманбаев С.М. Сақтандыру құқығы. – Алматы, 2007. - 256 бет.
Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев., Г.К. Султанбекова. Экономика: оқулық. – Алматы: 2003. 
5. Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева., М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика. «Экономика», 2000. 

Сақтандыру


Жоспар
1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
2. Сақтандырудың жіктелуі
3. ҚР-дың сақтандыру ісін ұйымдастыру

Лекцияның мақсаты: сақтандырудың негізімен, жіктелуімен, ҚР-дағы сақтандыру ісінің ұйымдастырылуы мен дамуы
Лекцияның мәні
1. Сақтандырудың экономикалық мәні және қызметі
Сақтандыру экономикалық категория ретінде қаржының белгілі бір бөлігін құрайды. Бірақ қаржы табыстарды бөлістірумен байланысты болса, сақтандыру -қайта бөлістіру қатынастарынан бөлек барлық қатынасты қамтиды.
Қоғамдық экономикалық қатынастар жүйесіндегі сақтандырудың жағдайын сипаттайтын белгілерге келесілер жатады:
• Адамдардың жағдайы және табиғи ерекшеліктері (ауру, қартаю, өлім, баланың дүниеге келуі)
• Адамдардың тәуекелділік сипаттағы еңбек қатынасына қатысуы: (жарақаттану, мүгедектік)
• Өндірістің қолайсыз жағдайлары (күннің қатты сууы немесе күрт ысуы);
• Стихиялық жағдайлар (катастрофа, өрт);
• Халық шаруашылығының дамуындағы теңсіздік
Сақтандырудың экономикалық категория (санаты) ретіндегі негізгі нысандарын атап өтуге болады:
1. Сақтық қатынастардың ақшалай сипаты
2. Сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатынасуы.
3. Сақтандырудың іс қимылы ақша қорларын жасап пайдаланумен қосарланып жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы.
Сақтандыру барысындағы қалыптасатын ерекшеліктер оған келесі анықтаманы береді:
Сақтандыру – бұл қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың ерекше аясы.
Қоғамдық өндірістің үзіліссіздігі шығындарды жабуды қажет етеді. Осыған байланысты қоғамда бөлістіруге қажетті қаражаттар болуы тиіс. Мұндай ақшалай қаражаттар сақтандыру ұйымында резервті және сақтандыру қорлары түрінде қалыптасады.
Қолайсыз табиғи жағдайлармен байланысты шығындардың ақшалай қаражаттармен жабылуы сақтандырудың жеке санатын – сақтандыру категория (санатын ) береді.
Сақтандыру мақсаты – қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс үрдістерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады
Сақтандырудың негізгі ерекшеліктерін келесілер жатады:
1) Қатынастардың ықтималдылық сипаты
2) Қатынастардың төтенше сипаты
Сақтандырудың мәні оның қызметтері арқылы анықталады. Сақтандырудың келесідей қызметтері бар:
1. Тәуекелділік функциясы қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтыру белгілі бір тәуекелділікке келумен байланысты.
2. Сақтандырудың ескерту функциясы да бар ол сақтану салдарының деңгейін, салдарын анықтайды
3. Сақтандырудың жинақтау функциясы ақшалай қаражаттардың жеткілікті болаған жағдайында жүзеге асырылады.
4. Бақылаушылық функциясы сақтық төлемдерін жмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Бұл функция сақтандыру қатынастарындағы 3-арнайы функцияның қалыптасуын сипаттайды.
Сақтандыруда сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі әдісі қолданылады:
1) Бюджеттік
2) Сақтандыру
Бюджеттік әдіс бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.
Сақтандыру әдісі қорларды шаруашылық жүргізуші субъектлер мен халықтың жарналары есебінен жасаудыалдын-ала қарастырады. Жарналардың мөлшері және және оларды төлеудің тәртібі сақтандырудың түріне, келісімнің шартына қарай беліленеді.
Қоғамдық қорғауда бюджеттік әдіс, әлеуметтік сақтандыруда – бюджеттік және сақтандыру әдісі, мүліктік және жеке сақтандыруда – сақтандыру әдісі қолданылады.
Сақтандыру қорлары сақтанушылардың жарналары, мемлекеттік бюджет қаражаттары, немесе материалдық қаражаттардың резервтері болып табылады. Нарықтық экономикада сақтық қатынастардың едәуір бөлігі коммерциялық қатынастар болып табылады. Ең алдымен жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру категориясына қатысты, бұлардың қызметтер көрсетуі өзгеше сақтық қызметтерін көрсетуді талап етеді.
Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру, коммерциялық аядағы инвестициялық қаржыларды табыс алу үшін сақтандыру сақтандыру ісін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет