Сақтандыру қорларын ұймдастыру және олардың мүделерін қорғау


Елімізде сақтандыру ісінің қалыптасуы



бет2/10
Дата19.05.2022
өлшемі66.41 Kb.
#457410
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
сактандыру

Елімізде сақтандыру ісінің қалыптасуы
Қазіргі таңда сақтандыру ісінің алатын орны ерекше зор болып отыр. Сақтандыру - ісі кең мағынада бір нəрсенің жағымсыз салдарынан қорғау дегенді білдіреді. Бұл мағынада сақтандыру қоғаммен, яғни мемлекетпен бірге пайда болып, оның табиғаттың ажырамас бір элементі болып табылады.
Уақыт өте сақтандыру қоғамдық өндіріске қызмет көрсететін арнайы салаға айналды. Осы орайда, сақтандырумен кəсіби айналысатын адамдар мен ұйымдар пайда болды. Қазіргі таңда сақтандыру ісінің алатын орны ерекше зор болып отыр. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының «Сақтандыру ісі жəне сақтандыру қызметі» деп аталатын 4-бабының 1-тармағында: «Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені» деген түсіндірме берілген. Осы заңның 2-тармағында: «Сақтандыру қызметі дегеніміз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сəйкес уəкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сəйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі». Демек, сақтандыру белгілі бір тəуекелдерге орай орын алуы ықтимал сақтандыру жағдайы оқиғалары басталған кезде заңды немесе жеке тұлғаның мүліктік мүделлерін сақтандыру мүдделерін арнайы қалыптастырылған мақсатты ақшалай сақтандыру қор есебінен сақтандыру қорғауымен қамтуды қамтамасыз етуге байланысты сақтандырушы мен сақтанушы, пайда алушы арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды білдіреді [1].
Сақтандыру тарихы өз тамырын тереңнен алады. Сақтандыру жүйесі өте ерте кезеңде пайда болған. Сақтандырудың заңды негіздерін бір жүйеге келтіріп, осыдан 3,5 мың жыл бұрын тасқа қашап жазған Вавилон патшасы Хаммурапи еді. Хаммурапи заңы 282-баптан тұрды. Соның 55-бабы сақтандыру жүйесіне арналған. Яғни, сақтандырудың негізгі мақсаты – адам баласының басына түскен бақытсыз жағдайлардан туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.
Б.з.д. 916 жылы Ежелгі Грецияда Родос аралында кеме аударылуы салдарынан келетін шығынды бөлісу туралы сақтандыру актісі қабылданған. Сақтандыру ісі ежелгі Римда азаматтардың материалды, кəсіптік жəне жеке қызығушылықтарын (еңбек қабілеттілігін жоғалту, қайтыс болған адамды жерлеу шаралары) қарастыратын қоғамдар негізінде құрылды. Ортағасырларда сақтандыру көпестердің жолда жүру жəне жеке қауіпсіздігі үшін біріккен гельдия одақтары арқылы іске асты. Кейінгі ортағасырларда қалалардың өсуіне байланысты ағаш құрылыстарының көбеюімен мүлік пен құрылысты өрттен қорғау, су басу жəне де басқа стихиялы апаттардан қорғану қажеттілігі туындады. ХVІ ғасырда Германияда Брюгге қаласында көпестер мен қолөнершілердің қызығушылықтарын қорғау мақсатында Сақтандыру палатасы құрылса, Ресейде 1827 жылы Бірінші Ресейлік өрттен сақтандыру қоғамы, 1835 жылы Екінші Ресейлік өрттен сақтандыру қоғамы құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет