Сауда қызметін реттеу туралы



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі380.6 Kb.
#133508
1   2   3   4   5

3-тарау. Iшкі сауда


      10-бап. Iшкi сауда объектiлерi және түрлерi

      1. Сауда объектiлерi мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады.


      2. Iшкi сауда объектiлерiне:
      1) автомат - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы;
      2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны;
      3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы;
      4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс;
      5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс;
      6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi;
      7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс;
      8) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен.
      Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн, олардың түрлерiн, санаттарын және оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлері мынадай санаттарға бөлiнедi:
      1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
      2) кафе - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, дайындалуы күрделi емес ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
      3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi;
      4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi.
      4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды.
      5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады.
      6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      11-бап. Көтерме сауда

      1. Көтерме сауда бөлшек сауда жүзеге асырылатын орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады.
      2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.

      12-бап. Бөлшек сауда

      1. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлерi, базарлар және автомат-нүктелер, дүңгiршектер, автодүкендер, шатырлар, жылжымалы сөрелер арқылы жүзеге асырылады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс.
      3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады.
      4. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен реттеледi.

      13-бап. Қоғамдық тамақтандыру

      1. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi өз өнiмдерiн, сондай-ақ басқа да азық-түлік тауарларын өндiрудi, өңдеудi, өткiзудi және тұтынуды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
      2. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде келушiлерге дастархан мәзiрiн ұсыну мәзiрде көрсетiлген қоғамдық тамақтандыру тауарларын бөлшек сатып алу-сату шартын жасауға ұсыныс (жария оферта) болып танылады.
      3. Осы Заңның 10-бабының 3-тармағында белгiленген санаттар бойынша қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-бап. Сауда қызметiндегi сатып алу-сату шарты

      1. Сатып алу-сату шартын жасау тәртiбi мен талаптары, сондай-ақ сатушылар мен сатып алушылардың құқықтары мен мiндеттерi осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және өзге де заң актiлерiне сәйкес айқындалады.
      2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қандай да бiр тауарды сату кезiнде тұтынушының жасына қарай шектеу белгiленсе, егер ол өзінің жасын растайтын құжатын көрсетпесе, онда сатушы тауар сатудан бас тартуға мiндеттi.
      3. Тауарларды көтерме сатып алу-сату шарты жеткiзiп беру шартының бiр түрi болып табылады, бұл жағдайда сауда қызметiнiң субъектiлерi тауарларды сауда объектiлерiнде сатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет