Сауда қызметін реттеу туралы


-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі380.6 Kb.
#133508
1   2   3   4   5

3-1-тарау. Ішкі сауданы дамытуға жәрдемдесу


      Ескерту. Заң 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      14-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,


                 астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың
                 жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін
                 қолдауы

      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының сауда қызметін қолдауы мынадай іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады:


      1) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
      2) сауда қызметкерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамыту және жетілдіру, кәсіби негізде еңбек нарығын қалыптастыру;
      3) сауда қызметі субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асыратындарды экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
      4) электрондық сауданы дамыту;
      5) шекара маңындағы сауданы дамыту;
      6) отандық сауда желілерін дамыту.
      2. Ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шаралар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері ескеріле отырып әзірленеді.

      14-2-бап. Халықты сауда алаңдарымен қамтамасыз етуді


                 нормалау 

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері өңірлердің аумақтарының қала құрылысы жоспарларының (аудандық жоспарлау жобасы), елді мекендердің бас жоспарларының кешендік схемаларын әзірлеу кезінде ескерілуге тиіс.


      2. Уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлейді.
      3. Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін әзірлеу кезінде елді мекендердің санаттары, елді мекендегі халықтың құрылымы мен тығыздығы ескерілуге тиіс.

 4-тарау. Сыртқы сауда қызметі


      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-бап. Сыртқы сауда қызметiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк


               шаралар

      Ескерту. 15-бап алынып тасталды - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      15-1-бап. Экспортты дамыту және ілгерілету жөніндегі
                 ұлттық ұйымның мақсаттары мен міндеті

      Ескерту. 15-1-бап алынып тасталды - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу

      1. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу шараларына:


      1) кедендік баждарды;
      2) тарифтік жеңілдіктерді;
      3) тарифтік преференцияларды;
      4) тарифтік квоталарды қолдану жатады.
      2. Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеудің негізгі мақсаттары:
      1) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің тауарлық құрылымын ұтымды ету;
      2) тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің және оған әкелудің ұтымды арақатынасын ұстау;
      3) Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасының экономикасын импортталатын тауарлардың қолайсыз әсерінен қорғау;
      5) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      6) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      16-1-бап. Тарифтік квоталар

      1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және отандық және шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган:
      1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді;
      2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды.
      Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі.
      2. Әкелуіне және (немесе) әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
      3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.
      Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес белгіленеді.
      Ескерту. 16-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      17-бап. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу

      1. Сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларына:
      1) жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салу;
      2) жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулер;
      3) тауарлардың жекелеген түрлері экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беру;
      4) сыртқы сауда қызметi саласындағы лицензиялау;
      5) тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау;
      6) халықаралық экономикалық санкцияларды орындауға қатысу;
      7) техникалық, фармацевтикалық, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық, экологиялық стандарттар, нормалар мен талаптар, әкелiнетiн тауарлардың сапасын бақылау жатады.
      2. Алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      18-бап. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе)


               әкелуге тыйым салу және сан жағынан шектеулер

      1. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге тыйым салуды уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:


      1) құқықтық тәртiпті сақтау;
      2) адамның өмiрi мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау;
      3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын сақтау;
      4) мәдени құндылықтарды және ұлттық мәдени игіліктер объектілерін заңсыз әкетуден және (немесе) әкелуден қорғау;
      5) орны толмайтын табиғи ресурстардың iшкi өндiрілуін және тұтынылуын бір мезгілде шектей отырып, олардың сарқылуын болдырмау;
      6) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      7) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      8) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттiлiгiне қарай енгiзеді.
      2. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулерді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, тиісті орталық мемлекеттік органдар:
      1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
      2) халықаралық мiндеттемелердi орындау;
      3) ішкі нарықты қорғау қажеттілігіне қарай енгізеді.
      3. Жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге сан жағынан шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензиялау жолымен жүзеге асырылады.
      4. Тиісті орталық мемлекеттік органдар жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салуды және сан жағынан шектеулерді ішкі нарық үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын азық-түлік немесе өзге де тауарлардың ішкі нарықта өте көп жетіспеушілігін болдырмау немесе азайту үшін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде енгізеді.
      Елеулі маңызды тауарлар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
      5. Тиісті орталық мемлекеттік органдар сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында жекелеген тауарларды әкетуді және (немесе) әкелуді сан жағынан шектеулерді бөлуді уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
      Тиісті орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде, квоталар мөлшерін және квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.
      Уәкілетті орган квоталар мөлшерін, сондай-ақ квотаның қолданылу мерзімін айқындайды.
      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      18-1-бап. Рұқсаттарды беру шарттары мен тәртібі

      1. Рұқсаттар барлық өтінім берушілерге шектеусіз беріледі.
      2. Рұқсат алу үшін өтінім беруші уәкілетті органға бір данада қағаз жүзінде белгіленген үлгідегі рұқсаттың жобасын және оның электрондық көшірмесін ұсынады.
      3. Рұқсаттың жобасы берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсат беріледі.
      4. Рұқсаттың қолданыс мерзімі рұқсат берілген күнтізбелік жылмен шектеледі.
      5. Берілген рұқсатқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      6. Берілген рұқсат басқа өтінім берушілерге қайта ресімдеуге жатпайды.
      7. Рұқсат жоғалған жағдайда өтінім берушінің жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде рұқсаттың телнұсқасын береді.

      18-2-бап. Қарсы шаралар

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, егер шетел мемлекеті:
      1) Қазақстан Республикасына қатысты халықаралық шарттар бойынша өздері қабылдаған міндеттемелерді орындамаса;
      2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін бұзатын шаралар, оның ішінде қазақстандық тауарлардың шетел мемлекетінің нарығына шығуын негізсіз жабатын немесе өзгеше түрде оларды негізсіз кемсітетін шаралар қолданған жағдайда қарсы шаралар енгізуге құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының мүдделерін тиімді қорғау үшін қажетті, осы баптың 1-тармағында көзделген қарсы шараларды енгізуге құқығы бар.
      Ескерту. 4-тарау 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      19-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық


               санкцияларға қатысуы

      Бір немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық санкцияларға қатысуы, осы санкцияларды күшіне енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      20-бап. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және
               (немесе) импортына ерекше құқық

      1. Тауарлар жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық лицензиялау негiзiнде жүзеге асырылады.


      2. Экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық берілетін тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар бекiтедi.
      3. Уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тиісті орталық мемлекеттік органдар айқындаған сауда қызметі субъектілеріне жекелеген тауарлар түрлерінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық енгiзiлетiн жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыруға лицензиялар беріледі, олар жекелеген тауарлар түрлерінің экспорты және (немесе) импорты бойынша операцияларды кемсiтпеушiлiк және адал коммерциялық практика қағидаттары негiзiнде жасауға міндетті.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      21-бап. Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және


              (немесе) импортын қадағалау

      Жекелеген тауарлар түрлерінің экспортын және (немесе) импортын қадағалау рұқсаттар беру арқылы жүзеге асырылады.

      22-бап. Тауарларды импорттау кезінде қорғау, демпингке қарсы
              және өтемақы шараларын қолдану

      Тауарларды импорттау кезінде қорғаудемпингке қарсы және  өтемақы шараларын қолдану шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет