Сауда қызметін реттеу туралы



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі380.6 Kb.
#133508
  1   2   3   4   5

Сауда қызметін реттеу туралы


Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы

  • МАЗМҰНЫ

МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Мәтінде сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер


      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:


      1) әкетудi және (немесе) әкелудi сан жағынан шектеулер – тауарлардың сыртқы саудасын сан жағынан шектеу жөнiндегi, квоталарды белгiлеу жолымен енгiзiлуi мүмкiн шаралар;
      2) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәнi – бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу, инфляцияны рұқсат етiлген шекте ұстау және елде макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында белгiленетiн бөлшек сауда бағаларының рұқсат етiлген деңгейi, сауда қызметiнің субъектiсi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын осы деңгейге дейін айқындауға құқылы;
      3) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары – әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерi артқан жағдайда сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілейтін бөлшек сауда бағаларының деңгейі;
      4) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      5) кедендiк баждардың квотадан тыс мөлшерлемесі – белгiленген тарифтiк квотадан тыс әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
      6) кедендiк баждардың квотаiшiлiк мөлшерлемесі – белгiленген тарифтiк квота шегiнде әкелiнетiн тауарларға белгiленетiн кедендiк әкелiм бажының мөлшерi (шамасы);
      7) көтерме сауда – кейiннен сатуға немесе жеке, отбасылық, үй iшiнде және осындай өзгедей пайдаланумен байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
      8) қоғамдық тамақтандыру – тамақ өнiмдерiн өндiрумен, қайта өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет;
      9) рұқсат – осы Заңға сәйкес сыртқы сауда шарты (келiсiмшарты) негiзiнде сыртқы сауда қызметiне қатысушыға берiлетiн рұқсат ету құжаты;
      10) сауда алаңы – тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға, сатып алушылардың өтуiне арналған, арнайы құрал-жабдық қойылған сауда объектiсiнiң алаңы;
      11) сауда желiсi – ортақ басқарудағы және (немесе) бiрыңғай коммерциялық белгiнi немесе дараландырудың өзге де құралы аясында пайдаланылатын, екi мың шаршы метрден кем емес жалпы сауда алаңы бар, екi және одан да көп сауда объектiлерiнiң жиынтығы;
      12) сауда қызметi – жеке және заңды тұлғалардың тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсiпкерлiк қызметi;
      13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – сауда саясатын қалыптастыратын және сауда қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      14) сауда қызметiнің субъектici – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      15) сауда объектiсi – арнайы құрал-жабдықпен жарақталған, тауарлар сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет етуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған және пайдаланылатын үй немесе үйдiң бiр бөлiгi, құрылыс немесе құрылыстың бiр бөлiгi, ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;
      16) сауда саясаты – осы Заңда белгiленген мақсаттар мен қағидаттарды iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, бақылау шараларының және өзге де шаралардың жиынтығы;
      17) сыртқы сауда (бұдан әрi – сыртқы сауда қызметi) – тауарларды Қазақстан Республикасынан әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына әкелумен байланысты сауда қызметi;
      18) тарифтiк квота – кедендiк әкелiм бажының қолданыстағы мөлшерлемесімен салыстырғанда тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құнымен алғанда) әкелу кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелiм бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесін қолдануды көздейтiн, үшiншi елдерден шығарылатын тауарлардың жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi реттеу шарасы;
      19) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған, айналымнан алынбаған кез келген еңбек өнiмi;
      20) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортын және (немесе) импортын қадағалау – тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспорты және (немесе) импорты серпiнiнің мониторингісі мақсатында белгiленетiн уақытша шара;
      21) тауарлардың жекелеген түрлерiнiң экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық – уәкiлеттi орган беретiн лицензияның негiзiнде ұсынылатын тауарлардың жекелеген түрлерiне қатысты сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру құқығы;
      21-1) халықаралық мамандандырылған көрме – бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін:
      ресми болып табылатын немесе халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық үкіметаралық ұйым ресми таныған;
      екі және одан көп мемлекет көрмеге қатысушылар болып табылатын;
      көрменің ұзақтығы кемінде алты аптаны құрайтын және алты айдан аспайтын;
      өнер туындыларының көрмесі және коммерциялық сипаттағы көрме болып табылмайтын;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға әзірлеген және халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу туралы халықаралық шарт ережелерінің орындалуын бақылау үшін құрылған халықаралық үкіметаралық ұйым бекіткен тіркеу дерекнамасында көрменің басталу және аяқталу күні көрсетілген көрме;
      21-2) халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысушы – заттарды (экспонаттарды) халықаралық мамандандырылған көрмеге қоятын және халықаралық мамандандырылған көрмеде ұлттық секцияларда тиісті елдің мүддесін білдіретін жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ халықаралық шарттың талаптарына сәйкес қабылданатын халықаралық мамандандырылған көрмені өткізудің ішкі қағидаларында айқындалған халықаралық ұйым не жеке немесе заңды тұлға;
      21-3) халықаралық мамандандырылған көрменің аумағы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаға бөлінген жер учаскелері;
      21-4) халықаралық мамандандырылған көрменің объектілері – бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:
      халықаралық мамандандырылған көрменің аумағында орналасқан;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, жалпымемлекеттік, мемлекетаралық немесе өңіраралық маңызы бар қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасында (оның ішінде бас жоспарда) көзделген объектілер тізбесіне енгізілген;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға бекіткен құжатта көзделген ғимараттар, сәулет объектілері, құрылыстар, инженерлік және көлік инфрақұрылымы;
      22) iрi сауда объектiсi – сауда алаңы екi мың шаршы метрден кем емес сауда объектiсi;
      23) iшкi сауда – Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу


              туралы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен


              принциптерi

      1. Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары:


      1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту;
      2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
      3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу;
      4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау;
      5) сыртқы нарықтарда отандық тауарлардың бәсекелестік қабілеттігін арттыру болып табылады.
      2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi:
      1) сауда қызметі субъектілері құқықтарының теңдiгi;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы;
      3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау;
      4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау;
      5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету;
      6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi;
      7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi;
      8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және сауда қызметiнiң барлық субъектiлерiне қолданылады.
      2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды.
      Осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының осындай заң актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осы Заңның нормаларымен реттеледi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет